Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібін 13-баптан қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауыл, ауылдық", "ауылдың, ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көп балалы анаға берілетін жәрдемақы);
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;
2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге және көп балалы анаға берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).3-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
4) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
5) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).6) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін өтiнiш беретін адам;
8) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).9) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
11) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.
Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Уәкілетті мемлекеттік орган:
1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мен төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
3) жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) жәрдемақыларды төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;
7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.
Ескерту. Заң 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы
1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
РҚАО-ның ескертпесі!2) тармақша 2008.01.01 бастап қолданысқа енгізілді.
2) мынадай жағдайларда:
бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;
3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы;
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау
1. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш осы Заңның 4-бабында көзделген жәрдемақыға құқығы бар отбасының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.
Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш беруші белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
3. Алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде өтініш берушінің тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының тағайындалған күні болып есептеледі.
5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он екi айдан аспауға тиiс.
6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі
1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.
1-2. алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган өтініш берушіге жәрдемақылар тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім туралы жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу арқылы бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.
3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.
5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.
6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
РҚАО-ның ескертпесі!8-бап 2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді.
8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.
2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
2. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін және барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
3. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе анық емес деректер қамтылған құжаттарды табыс еткен адамдарға тағайындалмайды.
4. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш;
3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы – 6,40 айлық есептік көрсеткіш;
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – жалақының 1,05 ең төмен мөлшері.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы – ең төмен жалақы мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, жәрдемақылар мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қайта қаралады, бірақ олардың тағайындалу сәтінен ерте қайта қаралмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2017 № 76-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
1-1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатыла тұрады:
1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.
Жәрдемақылар төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткеннен кейін жәрдемақыларды төлеу қайта басталады.
2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |