Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы N 211-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 10, 121-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 15, 131-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 94-құжат):

      1) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді:
      "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (Заслуженный деятель Казахстана);
      "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана).
      "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.";

      2) 28-бапта:
      бірінші бөліктегі "он" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "оныншы" деген сөз "жетінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 29-баптың бірінші бөлігінде:
      "сегіз және тоғыз" деген сөздер "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сегізінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; N 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., N 17, 81-құжат; N 19, 88-құжат):

      1) 13-баптың 4-тармағындағы "жиырма сегіз" деген сөздер "отыз екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 14-баптың 3-тармағындағы "жиырма сегіз" деген сөздер "отыз екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 61-баптың 5-тармағындағы "жетпіс бес" деген сөздер "сексен алты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2004 ж., N 24, 157-құжат; 2005 ж., N 23, 98-құжат; 2006 ж., N 12, 69-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат):

      1) 4-баптың 4-1) тармақшасы "иегерлері" деген сөзден кейін ", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 7-бапта:
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-1) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға – 130 айлық есептік көрсеткіш;";
      мынадай мазмұндағы 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне – 70 айлық есептік көрсеткіш;
      7-3) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 9 айлық есептік көрсеткіш;";
      12) тармақшадағы "3,9" деген цифрлар "6" деген цифрмен ауыстырылсын.
      4. "Дене шынықтыру және спорт туралы” 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 15, 129-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2009 ж., N 15-16, 77-құжат; N 18, 84-құжат):

      30-1-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "8,0" деген цифрлар "24" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      5. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 12, 44-құжат; 2007 ж., N 24, 178-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) тармақшаның төртінші абзацындағы "жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;" деген сөздер "жәрдемақы);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;";
      2) тармақшадағы "және бала күтімі жөніндегі" деген сөздер ", бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "жәрдемақы алуға құқығы бар.” деген сөздер "жәрдемақы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.";

      3) 5-бапта:
      1-тармақтағы "беруді", "жүзеге асыруға болады" деген сөздер тиісінше "жасау", "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) не тууы туралы акт жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);";
      6) тармақшадағы "үшін) қоса тіркелген өтініш береді." деген сөздер "үшін);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін) қоса тіркелген өтініш береді.";

      4) 6-баптың 3-тармағында:
      "өтініш берушіден немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      "алу" деген сөз "тағайындалу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.";

      6) 9-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Азаматтар алғаш рет өтініш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгергенде, уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі туралы шешім қабылдайды.";

      7) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны
                тағайындау және төлеу

       1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
      2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.";

      8) 10-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
      бірінші, екінші, үшінші балаға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      төртінші және одан кейінгі балаларға – 50 айлық есептік көрсеткіш;";
      2) тармақшада:
      екінші абзацтағы "5" деген цифр "5,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "5,5" деген цифрлар "6,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "6" деген цифр "7,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "6,5" деген цифрлар "8,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді." деген сөздер "көрсеткіш;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.";
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы - жалақының ең төменгі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.";
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "және балалар жәрдемақысының" деген сөздер ", балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац "3)" деген цифрдан кейін ", 4)" деген цифрмен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "дұрыс емес мәліметтер беруі негіз болып табылады" деген сөздер "дәйексіз мәліметтер табыс етуі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.";
      3-тармақ "3)" деген цифрдан кейін ", 4)" деген цифрмен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев