Электр энергетикасы туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;
      2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
      2-1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
      2-2) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) есептік тариф - инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) жеке тариф - инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
      5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;
      6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;
      7) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
      8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;
      8-1) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;
      9) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
      10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;
      11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      12) инвестициялық міндеттеме - жаңа активтерді құруды, қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      13) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      13) инвестициялық шарт - энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      14) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      14) келісім - уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы шарт;
      15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
      15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендердің шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желілік объектілер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгіленген жылу электр орталықтарынан және қазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
      17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
      18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
      18-1) мемлекеттік техникалық инспектор – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
      19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;
      20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;
      20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
      21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;
      22) өңірлік электр желілік компания - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым;
      22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы – тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры;
      23) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы;
      24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      24-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
      25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
      26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      27) ұлттық электр желісі - шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      28) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      28) шекті тариф - энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;
      29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;
      29-1) электр желілері – электр энергиясын беру мен таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;
      30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
      31) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;
      31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша жүйелік операторға көрсететін қызметі;
      31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тариф – электр қуатының нарығына қатысатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған энергия өндіруші ұйымдар топтары бойынша бекітілген, өтемділіктің жеті жылға тең нормативтік мерзімі шегінде қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға салынған инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы;
      31-3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсететін энергия өндiрушi ұйымдар тобы – мынадай өлшемдер: энергия өндiрушi ұйымдар типi, генерациялайтын жабдықтың бірлік қуаты бойынша қалыптасқан энергия өндiрушi ұйымдар жиынтығы;
      31-4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – белгіленген тәртіппен аттестатталған, генерациялайтын қондырғылар электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      31-5) электр қуатының нарығы – энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықтың электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
      31-6) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен жүйелік оператор арасында электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға бағытталған процесс;
      31-7) электр қуатының спот-сауда-саттығы – бір күн бұрын режімінде қысқа мерзімді негізде электрондық сауда жүйесінде электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің ұйымдастырылған саудасы;
      32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
      33) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;
      33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған инвестицияларын қаржыландыру көзі ретінде инвестициялық құрауышын ескермейтін, энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;
      34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
      35) электр энергиясын беру – энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететiн қызметi;
      35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;
      36) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат;
      37) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру бойынша жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты 37-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;
      39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      40) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
      41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      42) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
      43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;
      44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;
      45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
      46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;
      47) энергетикалық сараптама - жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
      48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
      49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
      50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      51) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу

      3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк
              реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;
      2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мыналар:
      1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi қауiпсiз, жұмыс iстеуi мен дамуы;
      2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;
      3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;
      4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;
      5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;
      6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;
      7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;
      8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезiндегi құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;
      9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
      10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу;
      11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) лицензиялауды;
      2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi;
      3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;
      4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалауды;
      5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеудi;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді;
      7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2006.12.29 № 209, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу
                ерекшеліктері

      1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
      2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
      Ескерту. 2-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бапты 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесiн бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекiту тәртiбiн бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi;
      5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
      6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
      7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      8) шекті тарифтерді бекітеді;
      9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
      15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
      17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
      21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
      23) ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
      24) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
      25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      26) электр желілік қағидаларын бекітеді;
      27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      33) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
      36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      37) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      43) жүйелік операторды айқындайды;
      44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
      45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
      47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
      49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      50) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      50) энергия өндiрушi ұйымдар топтарын қалыптастырады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      51) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      51) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      51) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) – 8) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      52) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
      53) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;
      54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
      55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
      56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;
      57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      58) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      58) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
      59) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      60) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      62) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      62) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      63) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      63) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
      64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
      65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
      66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
      67) жүйелік операторға тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын, көлемін және мерзімдерін айқындайды;
      68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
      69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;
      70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
      70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;
      70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
      70-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
      70-5) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
      70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      70-7) 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен.
      71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз) Заңдарымен.

      5-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті
                органның құзыреті

      Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      2) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
      3) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады;
      5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      5-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      5-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      5-3) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      2. Энергетикалық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң техникалық талаптарының орындалуын;
      2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желiлерiнiң, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
      3) алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 № 316 Заңымен.
      2-1. Жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
      1) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін;
      2) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.
      3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
      8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мемлекеттiк энергетикалық бақылау жөніндегі органға және жергілікті атқарушы органға табыс етiледi.
      9. Энергетикалық бақылау:
      1) электр және жылу энергиясының сапасы жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуына;
      2) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiнiң сақталуына;
      3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оны өндiру, беру, тұтыну режимдерiн оңтайландыруға;
      4) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргiзiледi.
      10. Энергетикалық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган:
      1) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөнiндегі комиссияларына қатысады;
      2) электр станцияларының, жылу және электр желiлерiнiң жұмысындағы Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикасы жүйесiн бiрнеше бөлiктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, iрi электр жабдығын бүлдiруге әкеп соққан iрi технологиялық бұзушылықтарды тексерудiң есебiн жүргiзедi.
      3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10-1. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
      2) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
      4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді.
      11. Энергетикалық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткiзуге;
      2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желiлерiнiң, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйiн кезең-кезеңмен тексерудi жүзеге асыруға;
      3) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асыруға;
      4) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн тексеруді жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асыруға;
      6) бақылауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексеру кезiнде және электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;
      7) энергияны үнемдеудің нормативтiк-әдiстемелiк актiлерiн, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеудi ұйымдастыруға;
      8) ұйымдардың меншiк иелерiне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кiнәлi тұлғаларды тәртiптiк жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге құқылы.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер  енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-1-баптың 21-тармағы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін
              нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын
              мемлекеттік органның құзыреті

      Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) жеке тарифті бекітеді;
      4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін  интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
      6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;
      8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;
      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV, 2011.07.05 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
 
      Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
      Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды,
                реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау

      1. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен жабдықтауды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
      2. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
      2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.
      Ескерту. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға
              жол берiлмеушiлiк

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр және жылу энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.

      9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен
              шағын станцияларды жобалау және салу

      1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын стансаларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.
      2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан кейін және электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң
жалпы талаптары

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен.

      9-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желiлерiн, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралары адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
      2. Электр жабдықтары, электр және жылу желiлерi, электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
      3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткiштерi белгiленген нормаларға сәйкес келуге тиiс.
      4. Мыналар:
      жұмыс кернеуiнiң атаулы мәннен барынша ауытқуы;
      электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
      5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлері белгіленген температура кестесіне сәйкес болуға тиіс.
      Ескерту. 9-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен
                электр қондырғыларын жобалау кезiндегi
                қауiпсiздiк талаптары

      1. Электр желiлерiн жобалау және пайдалану кезiнде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгiленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      2. Электр және жылу энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және
                тұтыну кезiнде пайдаланылатын электр-техникалық
                жабдықтар мен материалдарға қойылатын
                қауiпсiздiк талаптары

      1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн электр-техникалық жабдықтар мен материалдар техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткiзiлуге тиiс.
      2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      3. Техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестiгi расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестiктi растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
      4. Электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауiпсiз жағдайларды қамтамасыз ететiн, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиiс.

3-тарау. Электр энергиясы нарығындағы жүйелік оператор мен
энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар

      10-бап. Жүйелiк оператор

      1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
      1) шартқа сәйкес ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;
      2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
      3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша 2007.12.31 дейін қолданылады.
      4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
      5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
      6) электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
      8) нақты уақыт режимiндегi электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      9) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режимдерiн басқару мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;
      10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      11) ұлттық электр желiсiне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
      12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
      14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
      15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-бапты 17) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
      19) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-бапты 20), 21) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      22) көтерме сауда нарығының субъектісін көрсете отырып, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттардың тізбесін жасайды және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
      23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      2. Жүйелiк оператордың мынадай жағдайларда:
      1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждықтарға;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша 2007.12.31 дейін қолданылады.
      2) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен бiрге электр энергиясы ток ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз етуге;
      3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
      4) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 128-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
      1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
      2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
      3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
      4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
      5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
      6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
      7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
      5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк
               басқаруды жүзеге асыру кезiндегi электр
               энергиясын өндiру, беру және тұтыну
               режимi жөнiндегi өкiмдер

      1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөнiндегi өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
      2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.

      12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге
               қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
      1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
      2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
      2. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылар:
      1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде (өндiру, шиналардан жiберу, өзiндiк қажеттiлiктер, шиналардан электр энергиясын жiберуге жұмсалатын үлестiк шығыстар) нақты ақпарат беруге;
      2) коммерциялық есепке алу аспаптарына жүйелiк операторды жiберуге;
      3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
      4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеу мен ұстап тұруды жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
      5) техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
      6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және олардың пайдаланылып келе жатқандарын жетiлдiруге мiндеттi.
      3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықты және экспортқа өткізілетін жағдайларды қоспағанда, тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткізуді жүзеге асыруға;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға табыс етуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге міндетті;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4)-8) тармақшалар 2017.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
      5) келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      6) келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      7) жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей өткізуге;
      8) уәкілетті органның талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
      9) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты 10) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Электр энергиясын тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен асырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектілеріне асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.
      4-тармақтың екінші, үшінші бөліктерін алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға міндетті.
      Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті анықтау немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі. 
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ 2017.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      5. Энергия өндiрушi ұйым келiсiмде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, энергия өндiрушi ұйым көтерме сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық мiндеттемелердi орындау үшін келiсiмде көзделген және оларды iске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесi күнтiзбелiк жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға мiндеттi.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
      Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылда орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы міндеттемелерді қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға жатады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-бапты 6-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау
                 тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Шекті, есептік және жеке тарифтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
      Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.
      Шекті тарифтерді енгізу жылы алдындағы бір жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға қолданыстағы бірінші жылына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-1-бапты 2-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың 1-5 абзацтары 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.
      Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға  және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
      Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.
      Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.
      Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2017.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-1-тармақ 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады.
      Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді.
      Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді.
      Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі.
      Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.
      Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шегінде электр энергиясын өткізуден алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін, техникалық тапсырманы уәкілетті орган бекіткен және инвестициялық шарт жасасқан жағдайда есептік немесе жеке тарифті қолдануға құқылы.
      Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.
      Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Есептік тариф Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспауға тиіс.
      Энергия өндіруші ұйым есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолданады және есептік тариф инвестициялық шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау кезеңінің ішінде қолданыла алады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттардағы өзгерістерді келіскен жағдайда, есептік тариф инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан асуы мүмкін.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асырудың кез келген сатысында жеке тарифті қолдануға құқылы.
      Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама параметрлерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдаған шешімінің негізінде жүргізіледі.
      Жеке тариф энергия өндіруші ұйымның инвестициялық шартта көзделген қуаттылықты енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде есептік тарифтен төмен болмауға тиіс.
      Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны артқан жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын арттыру уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.
       Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге
               қатысушыларға қойылатын талаптар

      1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желiсi арасында жүйелiк оператормен келiсiлген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
      1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.
      2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шарт негiзiнде қамтамасыз етедi.
      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасуға міндетті.
      3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:
      1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға (электр энергиясының өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждарына нормативтік шығындарын жабу үшін) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде экспортқа;
      2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
      3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.
      3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
      1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
      2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
      3) 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4) мынадай жағдайларды:
      электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;
      жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсаттарында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
      3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган интернет-ресурста қалыптастырады, жүргізеді және жариялайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi ережелерiнде белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.
      5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
      6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан нақты уақыт режимiнде теңгерiмдеушi тетiкке (нарыққа) қатысуға мiндеттi.
      6-1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік операторымен жасасқан электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
      7. Энергия өндiрушi ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатуға мiндеттi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2009.07.10 № 178-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі
негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру

      14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы

      1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.
      2. Электр және жылу энергиясы нарықта тауар болып табылады.
      3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан тұрады.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен нарықтың барлық қатысушыларының электр энергиясы нарығына еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
      6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.
      7. Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы

      1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:
      1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келiсiмдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;
      2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;
      3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режимiндегi теңгерiмдеушi нарықтан;
      4) ұлттық стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан тұрады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты 5) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың 1 абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2) электр энергиясының орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
      3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
      4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;
      5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;
      6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөнiндегi ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.
      3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-1-бап. Электр қуаттарын орналастырудың перспективалық
                схемасын әзірлеу және жаңадан пайдалануға
                берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға
                тендер өткізу тәртібі

      1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
      2. Уәкілетті орган электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерінің негізінде жыл сайын электр қуатының болжамды тапшылығын белгілейді, сондай-ақ электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді, өзінің интернет-ресурсында орналастыра отырып, оған тендер өткізілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар басымдықпен енгізіледі.
      3. Уәкілетті орган электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
      4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:
      1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
      2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.
      6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:
      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
      2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;
      3) тендерлік өтінімдерді берген күнге, үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
      7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
      Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
      8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:
      1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;
      2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.
      9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
      10. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген бағамен, көлемде және мерзімге тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасады.
      11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
      Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын
                 аттестаттау

      1. 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
      3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
      1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
      2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
      4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
      5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
      1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;
      2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
      Ескерту. 4-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-3-бап. Электр қуатының нарығы

      1. Электр қуатының нарығы жаңа электр қуаттарын енгізу үшін инвестициялар тарту, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыруға және электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр қуатының шамасын ұстап тұруға жеткілікті көлемде жұмыс істеп тұрған электр қуаттарын қолдау мақсатында жұмыс істейді.
      2. Көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді айларға бөле отырып, алдағы жылға қалыптастырады және есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
      Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың он бесінші қазанынан кешіктірмей, көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің негізінде электр энергиясының және қуатының алдағы жылға арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.
      3. 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      01.01.2016 бастап 4-тармақта екінші және үшінші бөлік көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.
      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.
      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға  және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызметтер көрсетеді.
      6. 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 4-тарау 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді  - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы

      1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
      2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.
      4. Шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.
      5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда
               нарығындағы шарттар

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөнiнде қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:
      1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;
      2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртiбi болуға тиiс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу жөнiнде қызметтер көрсету шарттарында шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда энергиямен жабдықтауды немесе тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату жағдайлары мен тәртiбi болуға тиiс.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

      18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда
               нарығындағы шарттар

      1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік аймақтары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.
      2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын шарттарда электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең жағдайлар болуға мiндеттi.
      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келiсiмi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi.
      Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.
      4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың:
      1) жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға;
      2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;
      3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
      4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.
      2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:
      1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарын тиiсiнше техникалық жағдайда ұстап тұруға, электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiне сәйкес олардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды орындауға;
      2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетика жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
      4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
      5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың қызметкерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық бақылау жөнiндегi органның қызметкерлерiн электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
      6) алынып тасталды - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар тұтынған электр энергиясы үшін төлемақыны тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге міндетті.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.04.11 № 136, 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару

      20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және
               оны жою үшiн қолданылатын шаралар

      1. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Жүйелiк аварияларды жою үшiн жүйелiк оператор меншiк нысанына қарамастан кез келген энергия өндiрушi ұйымдардың резервтiк қуаттарын және тұтынушылардың автономиялық қоректену көздерiн тартады.
      3. Авариялық бұзылыстарды жою үшiн қуат жетiспеген кезде жүйелiк оператордың су электр станцияларының авариялық резервiн пайдалану үшiн гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекiтiлген кестелерiне жедел өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.
      4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау

      1. Жүйелiк авария туындаған кезде тұтынушыларды энергиямен жабдықтау электрмен үздiксiз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелерге авариялық бронь мемлекеттiк мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын
               және тұтастығын қамтамасыз ету

      1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.
      3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.
      4. Электр энергетикасының объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
               туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.

6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң:
      1) 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабының 2-тармағы мен 14-бабының 4-тармағын;
      2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген нормалар 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
      3. "Электр энергетикасы туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 729-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

      25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Энергия берушi ұйымдар электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөнiндегi қызметтi энергиямен жабдықтау жөнiндегi қызметтен бөлудi 2004 жылғы 1 қазанға дейiн жүзеге асырсын.
      2. Өңірлік электр желісі компаниялары электр энергиясын беру жөніндегі қызметті энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлуді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құру жолымен 2004 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырсын.
      3. Энергия өндіруші ұйымдар 2009 жылғы 1 мамырдан бастап осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімдер жасассын.
      4. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында көзделген тыйым салу электр энергиясын оны орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын көлемде беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатқан жағдайларға 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.
      5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.
      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.     

      Қазақстан Республикасының
      Президенті