Қазақстанның Даму Банкі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 25 сәуір N 178-II

Жаңартылған

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi

      Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрі - Даму Банкі) мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын акционерлік қоғам болып табылады.
      Ескерту. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы N 416 Заңымен.

      2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу

      1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына  негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
      2. Банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары Даму Банкiне осы Заңда реттелмеген бөлiгінде қолданылады.
      3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi. <*>
      Ескерту. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері

      1. Даму Банкi қызметінiң мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеушi өнеркәсiптi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.<*>
      2. Даму Банкiнiң мiндеттерi мыналар:
      1) инвестициялық жобаларға орта мерзiмдi (бес жылға және одан артық мерзiмге) және ұзақ мерзiмдi (он жылға және одан артық мерзiмге - жиырма жылға дейiн) кредит беру;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнiмдердiң экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң экспорттық операцияларына (бұдан әрi - экспорттық операциялар) кредит беру; <*>
      3) басқа да кредит институттары беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдiк мiндеттемелер беру, сондай-ақ бiрлесiп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндiрiстiк секторына кредит берудi ынталандыру;
      4) Қазақстан Республикасының Yкiметi iске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетiктерiн жетiлдiру;
      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттер.
      Ескерту. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      4-бап. Даму Банкiнiң функциялары <*>

      1. Даму Банкiнiң функциялары:
      1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;
      2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң функциясын орындау;
      3) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;
      4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;
      5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
      6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
      7) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi агенттiң функциясын орындау болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттiк кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкiнiң айрықша құзыретiне жатады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері

      Даму Банкі:
      1) Меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған өзінің кредит саясатын анықтауға;
      2) банк сараптамасының және заемшының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қисындылығын анықтауға;
      3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
      4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;<*>
      4-1) заем қаражатын қоса алғанда, өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға; <*>
      5) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобаларды іріктеп алуды және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
      6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
      7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы.
      Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
             Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен iс-қимыл жасау процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады және оған қатысады;
      2) Даму Банкiнiң Меморандумды сақтауын бақылайды. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
      1) пруденциялық реттеу мен резервтік талаптарды қоспағанда, ақшаны есепке алу, төлеу және аудару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Даму Банкiнiң орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      2) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген операцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкiнің операцияларын лицензиялауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк органдардың Даму Банкiмен қарым-қатынастардағы өзге де өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген түрде араласуына тыйым салынады.
      Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI

      7-бап. Даму Банкiнiң операциялары

      Даму Банкi өз функцияларын орындау үшiн мынадай операцияларды жүзеге асырады:
      1) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көрсетiлген ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларға кредиттер мен кепiлдiктер беру;
      2) шартты салымдардың арнаулы шоттарын, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар жөнiндегi шарттарға сәйкес резервтiк шоттарды ашу және жүргiзу;
      3) Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда көзделген төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында Даму Банкiнiң заемдарын, басқа да заемдар мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын есепке алу үшiн банк шоттарын ашу және жүргiзу. Бұл ретте банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалатын операциялардың сомасынан артық болмауға тиiс; <*>
      4) Даму Банкi заемшыларының ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау (аударым операциялары);
      5) Даму Банкi заемшыларының тапсырмалары бойынша, сондай-ақ корреспондент-банктердiң өз банк шоттары бойынша есеп айырысулары;
      6) заемшының пайдасына төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      7) борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясы;
      8) өз мүлкiн жалға беру;
      9) Қазақстан Республикасының банк заңдарымен және осы Заңмен белгiленген жағдайларда мемлекеттiк бағалы қағаздармен, сондай-ақ өзге де бағалы қағаздармен дилерлiк қызмет.
      Ескерту. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi <*>

      1. Даму Банкi осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жобалардың банк сараптамасын жүзеге асырады. <*>
      2. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелерi жөнiндегi қорытындысы жобаның тиiмдiлiгi, заемшының кредит қабiлеттiлiгi мен төлем қабiлеттiлiгi, заемды қайтарудың қамтамасыз етiлуi туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың қисындылығы туралы қорытындыларды қамтуға тиiс. <*>
      3. Мемлекеттiк бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкiнiң оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.<*>
      4. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаларға сараптама жүргiзуi Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi
             бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы

      1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
      2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      10-бап. Даму Банкiнiң агент функцияларын орындауы

      1. Даму Банкi агенттiк қызмет көрсетуге жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
      2. Даму Банкi агент болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Даму Банкiне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.
      3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады.
      4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес заемдар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық
              жобаларды iске асыру мониторингi

      1. Даму Банкi өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға қатысты агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес:
      1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң;
      2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң;
      3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асырады.
      2. Даму Банкi жыл сайын агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      12-бап. Даму Банкiнiң заемдар беруi

      1. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға кредит беруi Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкi қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады. <*>
      2. Даму Банкi беретiн заемдар Меморандумға сәйкес өтiмдiлiгi жоғары активтермен (мемлекеттiк бағалы қағаздар, эмитенттердiң бағалы қағаздары, екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерi және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң заңдарда көзделген басқа да әдiстерi) қамтамасыз етiлуге тиiс. <*>
      Ескерту. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы

      1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады. <*>
      1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады. <*>
      2. Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар алдындағы борыштары бойынша талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. <*>
      3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкiнiң басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.
      Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық
              капиталына қатысуы

      Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;
      2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
      3) лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу

      Даму Банкiнiң:
      1) жеке тұлғаларға және екiншi деңгейдегi банктерге, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына, лизинг берушi ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға кредиттер, сондай-ақ олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруiне;
      2) осы Заңның 7-бабының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттер тартуына, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
      3) қайтарылуын қамтамасыз етпей заемдар беруiне;
      4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына;
      5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзiмi өткен (бiр жылдан артық) мiндеттемелерi болған жағдайда қосымша сыртқы және iшкi қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ МЕН КIРIСI

      16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы

      1. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды және республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен құралады.
      2. Даму Банкi акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болады.
      3. Даму Банкiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады.
      4. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      17-бап. Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер)
              қалыптастыруы

      Даму Банкiнiң сыныпталған активтер және шартты мiндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.

      18-бап. Таза кiрiстi бөлу

      Даму Банкiнiң таза кiрiсi Даму Банкiнiң жылдық есебiн бекiту қорытындылары бойынша резервтiк капиталды қалыптастыруға ғана жұмсалады.

4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI
ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI

      19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты

      1. Даму Банкiнiң есеп саясатын жыл сайын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi.
      2. Даму Банкi есептi бухгалтерлiк есептiң ұлттық стандарттары бойынша жүзеге асырады.

      20-бап. Есептiлiк

      Даму Банкi:
      1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
      2) ай сайын жергiлiктi атқарушы органдарға - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
      3) ай сайын бюджеттi атқару және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептiлiктi; <*>
      4) аудит жүргiзiлiп, оны акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткеннен кейiн 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Yкiметiне - жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi.
      Ескерту. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      21-бап. Даму Банкiнiң аудитi

      1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым (аудитор) жыл сайын жүзеге асырады.
      2. Аудиторлық ұйыммен (аудитормен) қаржы жылының қорытындылары бойынша Даму Банкiнiң қызметiне аудит жүргiзу туралы келiсiм-шартты (шартты) Даму Банкiнiң атынан директорлар кеңесiнiң төрағасы жасайды және директорлар кеңесi бекiтедi. <*>
      3. Даму Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.
      Ескерту. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ

      22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi <*>

      Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Даму Банкiнiң акционерлерi болып табылады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434 Заңымен.

      23-бап. Даму Банкiнiң органдары

      1. Даму Банкiнiң органдары мыналар:
      1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
      2) басқару органы - директорлар кеңесi;
      3) атқарушы органы - Даму Банкiнiң президентi;
      4) бақылаушы органы - тексеру комиссиясы (тексерушi).
      2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi осы Заңда және Даму Банкiнiң жарғысында белгiленедi.

      24-бап. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi

      1. Даму Банкiнің директорлар кеңесi, директорлар кеңесiнiң төрағасын қоса алғанда, Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы сайлайтын жетi мүшеден тұрады.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Даму Банкi директорлар кеңесiнiң үш мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрт мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi;
      2) акционерлердiң жалпы жиналысына директорлар кеңесiнiң мүшелерi арасынан Даму Банкi президентiнiң кандидатурасын ұсынады.
      4. Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрағасын Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы екi жылдан аспайтын мерзiмге сайлайды.
      5. Жалпы жиналыста сайлау үшiн директорлар кеңесiнiң мүшелiгiне кандидатуралар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер бойынша анықталады.
      Мемлекеттiк қызметшi болып саналмайтын адамдар да директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
      6. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi Даму Банкiнiң әрбiр қаржы жылына арналған бюджетiн, Даму Банкiнiң қызметiн регламенттейтiн өзге де ережелердi бекiтедi, Даму Банкi президентiнiң ұсынуы бойынша Даму Банкiнiң вице-президенттерiн, iшкi аудит құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысын тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      25-бап. Даму Банкiнiң президентi

      1. Даму Банкiнiң президентi Даму Банкiнiң атқарушы органы және лауазымы бойынша директорлар кеңесiнiң мүшесi болып табылады.
      2. Даму Банкiнiң президентiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша акционерлердiң жалпы жиналысы тағайындайды және қызметтен босатады.
      3. Даму Банкiнiң президентiне жарғыға сәйкес Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша оралымды және атқарушылық-өкiмдiк шешiмдер қабылдау, Даму Банкi атынан шарттар (келiсiмдер) жасасу өкiлеттiгi берiлген.

6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР

      26-бап. Даму Банкiн мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Даму Банкi Қазақстан Республикасының соттарына:
      республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
      мүліктен өндіріп алу туралы;
      сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдар, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен берiлген заемдар бойынша борышкерлер өз мiндеттемелерiн орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

      27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды
              шешу тәртiбi

      1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
      2. Даму Банкiнің, жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
      3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті