1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрi - Даму Банкi) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкi ұлттық даму институты болып табылады. Z952444, P060979
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңда және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi ұлттық басқарушы холдинг бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 43, 2004.07.06 N 57, 2005.12.23 N 108, 2006.07.07 N 178, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Даму Банкінің міндеттері:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістерді құруға, бар өндірістерді кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобаларды) орта мерзімді (бес жыл және одан артық мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрі - аралық қаржыландыру);
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрі - экспорттық операциялар) қаржыландыру;
3) қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру (бұдан әрі - мезониндік қаржыландыру), жобалық қаржыландыру, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
4) басқа да кредит институттары беретін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және резидент емес банктеріне (бұдан әрі - банкаралық кредит беру), лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
1. Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және қаржыландыру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;
2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындау;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;
4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;
5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктер, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттiк кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкiнiң айрықша құзыретiне жатады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
Даму Банкі:
1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға;
2) банк сараптамасының және заемшының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны, экспорттық және лизингтік операцияларды қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қисындылығын анықтауға;
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
5) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобаларды іріктеп алуды және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;
8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға құқылы.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде банктерді, банк конгломераттарын және резервтік талаптарды пруденциялық реттеу, басшы қызметкерлердің келісуі, активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды: Z070214, K080099
1) қарыз операцияларын: резидент немесе резидент емес заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;
2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;
3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;
4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;
5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
6) Даму Банкі қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар және операциялар шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
7) шартты салымның арнаулы шоттарын, резервтік шоттарды және қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттік қызмет көрсету (тапсырма) шарттарына және облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттарға сәйкес мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа шоттарды ашуды және жүргізуді;
8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
9) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5)-9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;
14) лизингтік қызметті;
15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
16) өз мүлкін жалға беруді;
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;
19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi
1. Даму Банкi осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жобалардың банк сараптамасын жүзеге асырады.
2. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелерi жөнiндегi қорытындысы жобаның тиiмдiлiгi, заемшының кредит қабiлеттiлiгi мен төлем қабiлеттiлiгi, заемды қайтарудың қамтамасыз етiлуi туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың қисындылығы туралы қорытындыларды қамтуға тиiс.
3. Мемлекеттiк бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкiнiң оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаларға сараптама жүргiзуi Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен.
9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен.
10-бап. Даму Банкiнiң сенім білдірілген өкіл (агент)
функцияларын орындауы
1. Даму Банкi жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындайды.
2. Даму Банкi сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады.
4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын, мемлекеттік кепілдіктермен немесе мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындайды.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық
жобаларды iске асыру мониторингi
1. Даму Банкі сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты шарт негізінде:
1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң;
2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң;
3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асыра алады.
2. Даму Банкi жыл сайын шарт негізінде, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi
1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің орташа құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.
2. Даму Банкі қаржыландыратын инвестициялық жобалар мен операцияларды, сондай-ақ Даму Банкі беретін кредит құралдарын іске асыру бойынша тәуекелдер Меморандумның талаптарына сәйкес жабылуға, оның ішінде болашақта келіп түсетін мүліктік кепілді, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, Даму Банкінің директорлар кеңесі айқындайтын шарттарда және тәртіппен кепілмен, кепілдікпен және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тәсілдерімен, сақтандырумен және басқалармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну бөлігіндегі осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін ұйымдарға Даму Банкінің қарыз беруі, мезониндік қаржыландыру, банкаралық кредит беру жағдайларына қолданылмайды.
3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.
Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.
4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын ұйымдарға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.
1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.
3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкiнiң басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 178 Заңдарымен.
14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қатысуы
1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг ұстаушы ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;
4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.
2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 108, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
Даму Банкiнiң:
1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарылуын қамтамасыз етпей қарыздар беруіне;
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы және ішкі қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ
Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
1. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.
3. Даму Банкiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады.
4. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және Меморандумға сәйкес айқындалатын қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 178, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
17-бап. Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер)
қалыптастыруы
Ескерту. 17-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Дивидендтік саясат
Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
1. Даму Банкiнiң есеп саясатын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi.
2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.06 N 571, 2005.12.23 N 108, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Есептiлiк
Даму Банкi:
1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
3) ай сайын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептілікті табыс етеді.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Даму Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2006.05.05 N 139, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi
Ескерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.
23-бап. Даму Банкiнiң органдары
1. Даму Банкiнiң органдары мыналар:
1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
2) басқару органы - директорлар кеңесi;
3) атқарушы органы - басқарма;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкiнiң жарғысында белгiленедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.06 N 571, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
24-бап. Директорлар кеңесi
1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімінсіз сайланады.
2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Басқарма
1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму Банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма төрағасы мен мүшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімінсіз сайланады.
Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етеді.
Басқарма Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкінің жарғысында Даму Банкінің басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Даму Банкiн мемлекеттiк баж төлеуден босату
Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды
шешу тәртiбi
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi).
28-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Даму Банкіне мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолданады:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмдерде жою туралы орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқама береді;
2) мiндеттеме-хат талап етеді;
3) Даму Банкімен жазбаша келiсiм жасайды.
Даму Банкі жазбаша нұсқаманың, мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша келiсiмнiң оларда белгіленген мерзiмдерде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. 6-тарау 28-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті