1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрі - Даму Банкі) мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын акционерлік қоғам болып табылады.
Ескерту. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы N 416
Заңымен.
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңмен реттелмейтін бөлігінде қолданылады. <*>
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi. <*>
Ескерту. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571
Заңымен
.
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
1. Даму Банкi қызметінiң мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеушi өнеркәсiптi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.<*>
2. Даму Банкiнiң мiндеттерi мыналар:
1) инвестициялық жобаларға орта мерзiмдi (бес жылға және одан артық мерзiмге) және ұзақ мерзiмдi (он жылға және одан артық мерзiмге - жиырма жылға дейiн) кредит беру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнiмдердiң экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң экспорттық операцияларына (бұдан әрi - экспорттық операциялар) кредит беру; <*>
3) басқа да кредит институттары беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдiк мiндеттемелер беру, сондай-ақ бiрлесiп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндiрiстiк секторына кредит берудi ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасының Yкiметi iске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетiктерiн жетiлдiру;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттер.
Ескерту. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары <*>
1. Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;
2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң функциясын орындау;
3) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;
4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;
5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
7) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi агенттiң функциясын орындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттiк кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкiнiң айрықша құзыретiне жатады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
Даму Банкі:
1) Меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған өзінің кредит саясатын анықтауға;
2) банк сараптамасының және заемшының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қисындылығын анықтауға;
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;<*>
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға; <*>
5) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобаларды іріктеп алуды және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы.
Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен iс-қимыл жасау процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады және оған қатысады;
2) Даму Банкiнiң Меморандумды сақтауын бақылайды. <*>
2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалған өкілеттіктер шегінде, банктерді пруденциялық реттеу және резервтік талаптар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін заңдарын орындауын бақылауды жүзеге асырады. <*>
3. Мемлекеттiк органдардың Даму Банкiмен қарым-қатынастардағы өзге де өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген түрде араласуына тыйым салынады.
Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483
Заңымен.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571
Заңымен
.
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынсыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай операцияларды жүзеге асырады:
1) заемдық операциялар: осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулерді ескере отырып, заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен ақшалай нысанда кредиттер беру;
2) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында көзделген шектеулерді ескере отырып, заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
3) осы Заңның 15-бабының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспай, заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банк кепілгерлігі мен өзге де міндеттемелерді беру;
4) аккредитивті ашу (қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
5) Даму Банкінің өтімділігін басқару мақсатында банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
6) Даму Банкі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында Даму Банкінің заемдарын, басқа да заемдар мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке алу үшін банк шоттарын ашу және жүргізу. Бұл ретте банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалатын операциялардың сомасынан артық болмауға тиіс;
7) шартты салымдардың арнаулы шоттарын, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар жөніндегі шарттарға сәйкес резервтік шоттарды ашу және жүргізу;
8) заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында қаражаттарды есепке алу үшін банк шоттарын ашу және жүргізу;
9) Даму Банкі заемшыларының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын корреспондент-банктердің, ұйымдардың тапсырмалары бойынша олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
10) аударым операциялары: заңды тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
11) Даму Банкі заемшыларының пайдасына төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
12) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк депозиттерін қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының банк заңдарында, осы Заңда және Меморандумда белгіленген жағдайларда мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет;
14) лизинг қызметі;
15) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару;
16) өз мүлкін жалға беру.
Ескерту. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571
Заңымен
.
8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi <*>
1. Даму Банкi осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жобалардың банк сараптамасын жүзеге асырады. <*>
2. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелерi жөнiндегi қорытындысы жобаның тиiмдiлiгi, заемшының кредит қабiлеттiлiгi мен төлем қабiлеттiлiгi, заемды қайтарудың қамтамасыз етiлуi туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың қисындылығы туралы қорытындыларды қамтуға тиiс. <*>
3. Мемлекеттiк бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкiнiң оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.<*>
4. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаларға сараптама жүргiзуi Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
10-бап. Даму Банкiнiң агент функцияларын орындауы
1. Даму Банкi агенттiк қызмет көрсетуге жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
2. Даму Банкi агент болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Даму Банкiне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады.
4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес заемдар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық
жобаларды iске асыру мониторингi
1. Даму Банкi өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға қатысты агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес:
1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң;
2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң;
3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асырады.
2. Даму Банкi жыл сайын агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
12-бап. Даму Банкiнiң заемдар беруi
1. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға кредит беруi Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкi қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады. <*>
2. Даму Банкi беретiн заемдар Меморандумға сәйкес өтiмдiлiгi жоғары активтермен (мемлекеттiк бағалы қағаздар, эмитенттердiң бағалы қағаздары, екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерi және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң заңдарда көзделген басқа да әдiстерi) қамтамасыз етiлуге тиiс. <*>
Ескерту. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады. <*>
1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады. <*>
2. Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары алдындағы борыштары бойынша талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. <*>
3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкiнiң басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.
Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қатысуы
Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
3) лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
Даму Банкiнiң:
1) жеке тұлғаларға және екiншi деңгейдегi банктерге, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына, лизинг берушi ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға кредиттер, сондай-ақ олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруiне;
2) осы Заңның 7-бабының 5) - 8) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттер тартуына, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуына; <*>
3) қайтарылуын қамтамасыз етпей заемдар беруiне;
4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына;
5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзiмi өткен (бiр жылдан артық) мiндеттемелерi болған жағдайда қосымша сыртқы және iшкi қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571
Заңымен
.
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
1. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды және республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен құралады.
2. Даму Банкi акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болады.
3. Даму Банкiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады.
4. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
17-бап. Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер)
қалыптастыруы
Даму Банкiнiң сыныпталған активтер және шартты мiндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыруы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi. <*>
Ескерту. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483
Заңымен.
Даму Банкiнiң таза кiрiсi Даму Банкiнiң жылдық есебiн бекiту қорытындылары бойынша резервтiк капиталды қалыптастыруға ғана жұмсалады.
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
1. Даму Банкiнiң есеп саясатын жыл сайын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi.
2. Даму Банкі есеп жүргізуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571
Заңымен
.
Даму Банкi:
1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
3) ай сайын бюджеттi атқару және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептiлiктi; <*>
4) аудит жүргiзiлiп, оны акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткеннен кейiн 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне және Yкiметiне - жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi.
Ескерту. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым (аудитор) жыл сайын жүзеге асырады.
2. Аудиторлық ұйыммен (аудитормен) қаржы жылының қорытындылары бойынша Даму Банкiнiң қызметiне аудит жүргiзу туралы келiсiм-шартты (шартты) Даму Банкiнiң атынан директорлар кеңесiнiң төрағасы жасайды және директорлар кеңесi бекiтедi. <*>
3. Даму Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.
Ескерту. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен.
22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi <*>
Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Даму Банкiнiң акционерлерi болып табылады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434
Заңымен
, 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
23-бап. Даму Банкiнiң органдары
1. Даму Банкiнiң органдары мыналар:
1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
2) басқару органы - директорлар кеңесi;
3) атқарушы органы - Даму Банкiнiң президентi;
4) бақылаушы органы - ішкі аудит қызметі. <*>
2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi осы Заңда және Даму Банкiнiң жарғысында белгiленедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 571
Заңымен
.
24-бап. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi
1. Даму Банкiнің директорлар кеңесi, директорлар кеңесiнiң төрағасын қоса алғанда, Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы сайлайтын жетi мүшеден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Даму Банкi директорлар кеңесiнiң үш мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрт мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi;
2) акционерлердiң жалпы жиналысына директорлар кеңесiнiң мүшелерi арасынан Даму Банкi президентiнiң кандидатурасын ұсынады.
4. Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрағасын Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы екi жылдан аспайтын мерзiмге сайлайды.
5. Жалпы жиналыста сайлау үшiн директорлар кеңесiнiң мүшелiгiне кандидатуралар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер бойынша анықталады.
Мемлекеттiк қызметшi болып саналмайтын адамдар да директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
6. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi Даму Банкiнiң әрбiр қаржы жылына арналған бюджетiн, Даму Банкiнiң қызметiн регламенттейтiн өзге де ережелердi бекiтедi, Даму Банкi президентiнiң ұсынуы бойынша Даму Банкiнiң вице-президенттерiн, iшкi аудит құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысын тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
25-бап. Даму Банкiнiң президентi
1. Даму Банкiнiң президентi Даму Банкiнiң атқарушы органы және лауазымы бойынша директорлар кеңесiнiң мүшесi болып табылады.
2. Даму Банкiнiң президентiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша акционерлердiң жалпы жиналысы тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Даму Банкiнiң президентiне жарғыға сәйкес Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша оралымды және атқарушылық-өкiмдiк шешiмдер қабылдау, Даму Банкi атынан шарттар (келiсiмдер) жасасу өкiлеттiгi берiлген.
ЕСКЕРТУ. 26-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасы 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды
шешу тәртiбi
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының
Президенті