Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi бекiтiлсiн және 2000 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 266
қаулысымен
,
2000 жылғы 16 мамырдағы N 216
қаулысымен
.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттейтін болсын.
4. Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесі күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 29 тамыздағы N 200 қаулысымен бекітілген Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының ірі төлем жүйелерінде есеп айырысу ережесінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 21 қарашадағы
N 242 қаулысымен бекітілген
1. Осы Ереже ақша аударымының банкаралық жүйесін (бұдан әрі - жүйе) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Жүйені пайдаланушыларға ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны аударым арқылы аудару бойынша (бұдан әрі - ақша аударымы) қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады. Жүйені пайдаланушылардың ақша аударымы электронды төлем құжаттарын (бұдан әрі - төлем құжаттары) жіберу жолымен жүзеге асырылады және Орталық осы төлем құжаттарының түсуіне қарай оларды біртіндеп өңдейтін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
2. Жүйе пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған шоттары көрсетілген электронды ақша аударымының, бір операциялық күн ішінде пайдаланушылардың ақшасының аударылған жиынтық сомасының орындалуына арналған.
1) жүйені пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - Орталықпен жүйе қызметін пайдалануға шарт (бұдан әрі - шарт) жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк);
2) пайдаланушы-алушы - ақша аударымы туралы төлем құжаты және соның пайдасына ақша аударылғаны жөнінде хабарлама жіберілетін пайдаланушы;
5) Ұлттық Банктегі жүйе шоты - пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде ашылған, жүйені пайдаланушы-банктер жүйеге ақша аудару үшін және жүйедегі аударым бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға пайдаланылатын ақшаның есебін жүргізуге арналған Ұлттық Банктің шоты;
6) Орталықтағы жүйенің позициясы - Орталық өңдейтін және жүйедегі пайдаланушылардың ақша аударымын бақылауға арналған позиция;
7) жүйедегі пайдаланушының позициясы (бұдан әрі - пайдаланушының позициясы) - пайдаланушының Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударылған ақша сомасының есебін жүргізуге, жүйе арқылы ақша аударымын жүзеге асыруға арналған позиция;
8) жүйедегі электронды ақша аударымы (бұдан әрі - ақша аударымы) - пайдаланушының электронды тәсілмен берілген ақша аударымы жөніндегі нұсқауын Орталықтың сөзсіз және қайтарусыз орындауы;
9) жүйедегі ақша аударымына қатысушылар - төлем құжатын орындауға қатысатын пайдаланушылар мен Орталық;
10) жүйедегі түпкілікті төлем - қатысушылардың жүйе арқылы ақша аудару жөніндегі міндеттемелері соның нәтижесінде орындалатын іс-қимыл;
11) электронды төлем құжаты (бұдан әрі - төлем құжаты) - пайдаланушы белгіленген электронды форматта жасаған және берген, аутентификациядан өткеннен кейін алғашқы құжат болып саналатын төлем құжаты;
13) дебеттік ақша аударымы - пайдаланушы-жіберуші пайдаланушы-төлемшіге ақша талап ету құқығы бар төлем құжатын жіберген кездегі ақша аударымы;
14) төлем құжатының акцепті - төлем құжатының шарттары негізінде ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесіне байланысты Орталықтың келісімі;
15) аутентификация - төлем құжаттарының түпнұсқа екендігі және дұрыс жасалғандығын растайтын, сондай-ақ төлем құжатын жіберуші- пайдаланушы ретінде көрсетілген пайдаланушының тікелей өзі бергендегі жөніндегі фактіні анықтайтын Орталық белгілеген және пайдаланушыларға жіберілген процедуралар мен шаралар кешені;
16) кредит тәуекелі - пайдаланушы-төлемшінің өз міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындамауы ықтимал екендігіне байланысты пайдаланушы-алушының тәуекелі;
17) өтімділік тәуекелі - пайдаланушы-төлемшінің ақша аударымы бойынша өз міндеттемелерін орындамауы ықтимал екендігіне байланысты тәуекелі;
18) жүйедегі қауіп - бір немесе бірнеше пайдаланушылардың міндеттемелерін орындамауынан туындаған бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушылардың өз міндеттемелерін орындамау қаупі;
19) алаяқтық қаупі - пайдаланушының және Орталықтың қызметкерлері өз міндеттемелерін орындаған кезде жүйені рұқсатсыз, заңсыз пайдалануы ықтимал екендігіне байланысты қауіп;
20) операциялық тәуекел - пайдаланушының және Орталықтың қызметкерлері өз міндеттемелерін орындаған кезде қате жіберуі ықтимал екендігіне байланысты тәуекел;
21) техникалық тәуекел - ақпараттық-бағдарлама құралдары мен телекоммуникациялардың бұзылуы және қате жіберуі ықтимал екендігіне байланысты тәуекел;
22) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі - операциялық күн) - төлем құжаттарын қабылдау, өңдеу және жіберу үшін және ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүйе ашық болатын уақыт кезеңі;
23) кезек - жүйеде пайдаланушы-төлемшінің ақша сомасы болмай не жеткілікті болмай, Орталықты оның төлем құжаттарының акцепті және одан әрі орындау кешіктірілгенде, операциялық күн ішінде ақша аударымы жүзеге асырылатын кезді күту тәуекелдерін басқару механизмі;
24) аудиторлық із - төлем құжаттарының жылжуын бақылау үшін Орталық пен пайдаланушылар сақтайтын ақпарат;
25) электронды тізбе - пайдаланушылардың Ұлттық Банк бөлімшелері арасындағы ақша туралы мәліметтермен алмасуды растауға арналған құжат, онда банктердің корреспонденттік шоттары және Орталық жүргізетін шоттары болады, сондай-ақ пайдаланушылар позициясы бойынша қалдықтар, дебет бойынша айналымдардың жалпы сомасы және жүйедегі пайдаланушылар позициясының сальдосы кіретін пайдаланушылардың банктік бірыңғай коды болады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
4. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің құқықтық негіздері пайдаланушылар мен Ұлттық Банк, Ұлттық Банк пен Орталық, пайдаланушылар мен Орталық арасында жасалған шарттар арқылы және осы Ережемен қамтамасыз етілетін болады.
5. Пайдаланушы мен Орталық арасында жасалатын шарттарда мынадай талаптар міндетті түрде болуы керек:
6) шарттың талаптарын өзгерту тәртібі.
Шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату негіздерінің бірі инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушының ақшасының болмауы немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы болып табылады.
Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
6. Орталық өзіне Ұлттық Банк берген өкілеттіктер және шартта белгіленген талаптар негізінде пайдаланушыларға ақша аудару бойынша қызмет көрсетеді. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуіне бақылау жасайды.
7. Пайдаланушы мен Орталық арасында жасалған шарт негізінде олардың жүйе арқылы ақша аударымы жөніндегі міндеттері мен құқықтары тек қана Орталық төлем құжатының акцептін жасаған кезден басталады.
Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
3) пайдаланушының позициясынан төлем құжатында көрсетілген соманы шығару мүмкіндігі жатады.
Мұнан басқа, дебет аударымы бойынша төлем құжатына акцепт жасау талаптарының біріне пайдаланушы-төлемшінің алдын ала берген келісімі жатады.
Осы тармақтың 1) немесе 2)-тармақшаларындағы талаптар орындалмаған жағдайда, төлем құжатын жіберушіге себебін көрсете отырып, оның төлем құжатын өңдеуден бас тартатыны туралы электронды хабарлама жіберіледі.
Осы тармақтың 3)-тармақшасының талаптары орындалмаса, бірақ 1) және 2)-тармақшасындағы талаптар сақталса, төлем құжаты пайдаланушы-төлемшінің кезегіне жіберілетін болады.
Ақша аударымы орталық төлем құжатына акцепт жасағаннан кейін жүзеге асырылады.
Төлем құжатына акцепт жасаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, Орталық пайдаланушы-төлемшіге төлем құжатын орындаудан бас тарту себебі көрсетілген электронды хабарлама жібереді.
Орталық пайдаланушы-төлемшіге оның позициясының дебеттелгені туралы хабарлама жіберсе, Орталық төлем құжатын акцепттеген деп саналады.
Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
9. Орталық төлем құжатына акцепт жасағаннан кейін оны қайтарып алуға болмайды және ақша аударымын оны жүзеге асырушы тараптардың (сонымен бірге Ұлттық Банктің) бастамасымен өзгертуге болмайды.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
10. Орталық пайдаланушы-алушының позициясы бойынша ақша сомасын да және оның позициясының кредиттелгені туралы растаудың түскенін де бір уақытта көрсетуді қамтамасыз ететін болады. Пайдаланушы-алушы төлем құжатын және өз позициясының кредиттелгені туралы растауды алған кезде ақша сомасын мақсат бойынша тиісті шотқа қабылдауға (есептеуге) міндетті.
Ақша сомасын тиісті шотқа көрсетіп жазуға (есептеуге) мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы-алушы мұндай ақша сомасын пайдаланушы-төлемшіге келесі операциялық күннен кешіктірмей қайтаруға міндетті, ал пайдаланушы-төлемші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұл ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Ақша сомасын қайтару пайдаланушы-алушы пайдаланушы-төлемшінің пайдасына төлем құжатын жасау жолымен жүзеге асырылады, сонымен бірге төлем құжатында ақшаның қайтарылу себебі көрсетілетін болады.
Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
11. Банктер Орталықпен шарт жасасқаннан кейін пайдаланушы мәртебесіне ие болады. Пайдаланушы мен Орталықтың арасындағы шарттың бұзылуы банкті пайдаланушы мәртебесінен айырады. Осы Ереженің 5-тармағына сәйкес ақша жіберушінің активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы пайдаланушы мен Орталық арасындағы шарттың жекелеген ережелерінің қолданылуын тоқтатады, бірақ банкті пайдаланушы мәртебесінен айырмайды.
Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
2) пайдаланушының Жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi және банк операцияларын жасауға арналған лицензиялар.
Банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы мәселенi қарау үшiн банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттар беруi тиiс:
1) ақпаратты рұқсатсыз кiруден қорғаудың банкте қолданылатын ұйымдастыру және бағдарлама-технологиялық шаралардың сипаттамасы;
2) банк қолданатын бағдарлама-техникалық құралдардың және телекоммуникация желiлерiнiң сипаттамасы.
Банктiң жүйе арқылы ақша аударуға қатысуына рұқсат беру туралы Ұлттық Банктiң оң қорытындысы банкке мынадай жағдайларда берiледi:
2) клиенттер алдындағы ақша аударымы жөнiндегi шарттық мiндеттемелерiн уақтылы орындаса.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
13. Орталық пайдаланушыға қызмет көрсету туралы жасалған шарттың негізінде пайдаланушыға жүйе арқылы ақша аударымы бойынша операциялар есебін жүргізу үшін қажет деп саналатын позициясын хабарлайды.
14. <*>
Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
15. Ұлттық Банк жүйені пайдаланушыға қызмет көрсету туралы Орталықпен жасалған шарттың негізінде жүйені пайдаланушы мәртебесін алады.
17. Орталық жүйені пайдаланушылар арасындағы ақша аударымын жүзеге асырады және олардың жүйедегі ақшасының қалдығын ескере отырып, кезектегі пайдаланушылардың төлем құжаттарының өзара есебін орындайды.
Ескерту: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
18. Орталық дебеттік ақша аударымын пайдаланушы-төлемшінің алдын ала келісімімен ғана тиісті түрде ресімделген жазбаша келісім негізінде жүзеге асырады. Мұндай келісімнің көшірмесі пайдаланушының Орталықпен жасаған шартымен қоса берілуі тиіс.
19. Жүйедегі хабар беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асырылады. Сонымен бiрге пайдаланушылар жүйеде қолданатын форматтар бойынша электронды хабарлармен алмасады. Орталық бір ақша жіберуші және бір бенефициар көрсетілген төлем құжатын орындауға қабылдайды.
Электронды хабарлармен алмасу процедураларын Орталық белгілейді және Орталық пен пайдаланушы арасындағы шартта белгіленген мерзімде пайдаланушыларға хабарлайтын болады. Электронды хабарларды уақытылы алмаса немесе хабар болмаса, пайдаланушы Орталыққа тез арада хабарлауға тиіс.
Пайдаланушылар жүйе үшін, электронды хабарлардың берілгендігін куәландыру және олар берілген кезде қателерді табу үшін Орталық бекіткен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін сақтауға міндетті.
Ескерту: 19-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
,
2004 жылғы 15 мамырдағы N 74
қаулысымен
.
20. Орталық электронды хабарларды аутентификациялау тәртібін әзірлейді және оның бұлжытпай орындалуын бақылайды.
Электрондық төлем құжаттарын алмасқан кездегі Орталықтың және пайдаланушының жауапкершілігі бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы келісіммен белгіленеді.
Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
21. Орталық және пайдаланушылар ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді және жіберілетін, алынатын электронды хабарларды бақылауды жүзеге асырады. Орталық және пайдаланушылар өңдеуден өткізген барлық электронды хабарлар ішкі бағдарламалық жүйелерде аудиторлық із қалдырып отыруға тиіс.
Ұлттық Банктің сұратуы бойынша Орталық Ұлттық Банкке пайдаланушылар арасындағы ақша аударымы туралы және ақша аударымына байланысты қажетті ақпаратты, Қазақстан Республикасының банк құпиясын сақтау туралы заң актілерінің талаптарына сәйкес банктік электронды хабарларды береді.
22. Жүйедегі тәуекелді басқару үшін операциялық күн үшін басталар алдында кестемен бекітілген уақытта пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі пайдаланушының төлем тапсырмасы негізінде оның Ұлттық Банкте ашқан корреспонденттік шотынан сонда қалған соманың шегінде Ұлттық Банктің арнайы белгіленген шотына (бұдан әрі - Ұлттық Банктегі жүйенің шоты) ақша аударады.
Пайдаланушымен шарт бойынша пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі тұрақты жұмыс істейтін төлем тапсырмасы негізінде (N 1 қосымша) осындай ақша аударымын жүзеге асыра алады. Тұрақты қолданылып жүрген төлем тапсырмасында пайдаланушының корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығы сомасының проценттiк арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттiк есепшотынан пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйесiндегi есепшотқа ақша аударуға қажеттi белгiленген сома көрсетiледi. Мұндай тұрақты қолданылып жүрген төлем тапсырмасы пайдаланушының оны қайтарып алу жөнiнде нұсқау бергенге дейiн қолданылады.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
23. Ұлттық Банктегі жүйенің шоты пайдаланушылардың ақшасын жүйеде ақша аударымын орындау кезеңінде есепке алуға, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына жүйенің операциялық күні ішіндегі олардың арасындағы сальдо сомасында ақша аударуға қызмет етеді. Ұлттық Банктің операциялық күні жабылғаннан кейін ол шотта қалдық болмауға тиіс.
24. Банктердің орындалған төлем құжаттарының негізінде пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі электронды тізімді жасап, оны Орталыққа жібереді, ол тізімде пайдаланушылардың өздерінің корреспонденттік шоттарынан Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударылған ақшасының сомасы және олардың банктік сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат болады.
Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
25. Орталық операциялық күн ашылар алдында пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен алынған электронды тізім негізінде Орталықтағы жүйе позициясынан пайдаланушылардың позицияларына жазба жасалынады. Орталықтағы жүйе позициясын Пайдаланушылардың жүйеде пайдаланылып жүрген ақшасының жалпы сомасын салыстырып тексеру және бақылау үшін Орталықтағы жүйе позициясын Орталық жүргізіп отырады. Операциялық күн барысында Орталық жүйесінің позициясындағы ақша сомасы Ұлттық Банктегі жүйенің шотындағы ақша сомасына тең болуға тиіс.
Операциялық күннің басында жүйедегі пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасы төлем құжатында көрсетілген, пайдаланушы өзінің корреспонденттік шотынан жүйе арқылы ақша аударуды жүзеге асыру үшін аударылған сомаға тең болуға тиіс.
Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
26. Ұлттық Банк төлем құжаттарының барынша жоғары сомасы туралы электронды тізімді Орталыққа жеткізеді, олар пайдаланушының кезегінде тіркелуі мүмкін.
Кезекке тiркелген төлем құжатының ең жоғары сомасын Ұлттық Банк белгiлейдi.
Бұл тізім пайдаланушының сәйкестендіру кодын және оның кезегінде тіркелуі мүмкін төлем құжаттарының жалпы сомасы қамтиды.
Ұлттық Банк пайдаланушының төлем тапсырмаларының кезегінің барынша жоғары сомасын өзгертуге және осы өзгертуді электронды түрде Орталыққа оның операциялық күні басталғанға дейін жеткізуге құқылы.
Ескерту: 26-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
,
2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
27. Жүйеде ақша аудару пайдаланушының өзі Ұлттық Банк жүйесінің шотына аударған және басқа пайдаланушылардан қабылдаған ақша сомасының шегінде жүзеге асырылады. Жүйеде Ұлттық банктің ақшасын аударған кезде жүйені пайдаланушы ретінде жүйедегі оның позициясы бойынша дебеттік сальдоға рұқсат беріледі.
28. Орталық пен пайдаланушының арасындағы шарттың жекелеген ережелерін орындауды тоқтатқан кезде Орталық ақша сомасын пайдаланушының пайдасына қабылдау (есебіне жазу) операцияларын ғана жүзеге асырады.
29. Орталық операциялық күн ішінде Орталықтағы жүйенің позициялары бойынша қалдық сомасының жүйені пайдаланушылардың позициясы бойынша дебеттік және кредиттік қалдықтардың сомасына тең болуына тұрақты бақылау жасайды. Позициялар бойынша сомалар сәйкес келмеген жағдайда Орталық Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарымен жұмыс істейтін бөлімшесіне дереу хабарлауға, ақша аударымын тоқтатуға және сәйкеспеушіліктің себебін анықтауға тиіс. Жүйедегі операциялар Ұлттық Банктің жазбаша нұсқауы бойынша қайта басталады.
30. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдылық кодтарына сәйкес өңдеуден өтеді. Басымдылық кодтарының жүйесін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектілігін сақтауды ескере отырып Орталық әзірлейді және Ұлттық Банк бекітеді.
Кезектегі төлем құжаттары басымдылық кодтары шеңберінде олардың кезекке тұру тәртібі бойынша орындалады. Пайдаланушылар төлем құжаттарын орындаудың заңмен белгіленген кезектілігінен басқа кезекті белгілеуге құқылы.
Ескерту: 30-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
31. Кезекте тұрған төлем құжаттарын пайдаланушы-төлемшілер кез-келген күні қайтарып ала алады.
Қайтарып алынған төлем құжаттары электронды хабарда тіркеледі, пайдаланушы-төлемші электронды хабарды төлем құжатының мына деректерін келтіре отырып, төлем құжатының күшін жою үшін сұратқаннан кейін алады: төлем құжатының нөмірі, оның күні, төлемші шотының нөмірі, төлемші банктің деректемелері, төлемнің сомасы, сондай-ақ алушының және алушы банктің деректемелері.
Ескерту: 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
32. Пайдаланушы позициясы бойынша әрбір кредиттік жазбадан кейін Орталық өзінің кезегінде тұрған төлем құжаттарды акцепттеу мүмкіндігін тексереді.
Ескерту: 32-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
33. Операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушылардың талабы бойынша электрондық әдіспен пайдаланушының жүйедегі позициясының күйі туралы жазбаша үзінді береді:
3) пайдаланушының жүйедегі ақшасының қалдығы туралы.
Ақша алушы пайдаланушылар төлем құжаттарын алғаннан, тексергеннен және ақшаны өзінің корреспонденттік шотына қабылданғаннан (есебіне жазғаннан) кейін, бірақ келесі операциялық күннен кешіктірмей жүйенің операциялық күні ішінде өздерінің клиенттерінің шоттарына ақшаны қабылдайды (есебіне жазады).
Жүйені пайдаланушы төлемшінің талабы бойынша Орталық кезектің жай-күйі туралы хабар береді. Хабарда белгіленген кезектілік тәртібімен төлем құжаттарының деректемелері мен олардың сомасын көрсете отырып кейінге қалдырылған төлем құжаттары аталынады.
Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
34. Жүйеде ақшаны аудару Ұлттық Банк белгілейтін операциялық күн ішінде жүргізіледі.
Ескерту: 34-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
35. Операциялық күн жабылған уақыт болған кезде ақша аударымын жүзеге асыру үшін берілген төлем құжаттарын орындау тоқтатылады. Төлем құжаттарын өңдеу барысында операциялық күннің соңында Орталық кезекте тұрған төлем құжаттарының өзара есепке жатқызуын пайдаланушылардың жүйедегі ақшаларының қалдығын ескере отырып орындайды. Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және пайдаланушыға оның өзара есепке жатқызудан кейін кезекте қалған, орындалмаған барлық төлем құжаттары туралы хабар береді.
Ескерту: 35-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
,
2003 жылғы 27 мамырдағы N 158
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
36. Өзінің операциялық күнін жапқанға дейін Орталық пайдаланушылардың позициялары бойынша дебеттік және кредиттік қалдықтардың сомасының Орталықтағы жүйе позициясы бойынша қалдықтың сомасына тең болуын бақылайды және пайдаланушылардың позициясының сальдосын Орталықтағы жүйе позициясына аударады.
Орталық осы бақылауды орындап болғаннан кейін, Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарымен жұмыс істейтін бөлімшесіне барлық пайдаланушылардың позицияларының сальдосы туралы электронды тізімді береді.
Пайдаланушылардың позицияларының сальдосы туралы электронды тізімде және Орталықтағы жүйе позициясында пайдаланушының банктік сәйкестендіру коды, пайдаланушының позициясы бойынша кіретін қалдық, дебет және кредит бойынша айналымның жалпы сомасы және пайдаланушыдан шығатын позицияның сальдосы болады.
37. Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарымен жұмыс істейтін бөлімшесі электронды тізімді алғаннан кейін, оны Орталықтағы жүйенің позициясы Ұлттық Банктегі жүйенің шоты және пайдаланушылардың жүйедегі позициялары сальдосының жалпы сомасы арасындағы ақша сомаларының бір-біріне теңдігін, сондай-ақ пайдаланушылардың позицияларының дебеті мен кредиті бойынша айналым сомаларының тепе-теңдігін және бүкіл қажетті деректемелердің барлығын және дұрыстығын тексереді, содан кейін Орталыққа тексерудің орындалғаны туралы хабарлайды.
Ұлттық Банктің мәліметтерді тексеріп болғаннан кейін, пайдаланушының позициясындағы сальдо сомасының ақшасын Ұлттық Банктегі жүйе шотынан пайдаланушының пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінде ашылған корреспонденттік шотына аударады.
Электронды тізімдегі позиция сальдосының сомасы мен Ұлттық Банктегі жүйе шоты сальдосының сомасы сәйкеспеген жағдайда Орталық пен пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі айырмашылықты жою жөнінде бірлесіп шара қолданады.
Ескерту: 37-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
38. Жүйенің операциялық күні аяқталғаннан кейін пайдаланушы орындалған төлем құжаттарының нәтижесі бойынша Орталықтан жазбаша үзінді алады.
Ескерту: 38-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
38-1. Пайдаланушының төлем құжаттарын өңдеуі немесе оны оларды Орталықпен алмастыруы техникалық себептер бойынша мүмкін болмаған ерекше жағдайларда, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйені пайдаланушылардың өтініштері негізінде, бірақ бір сағаттан аспайтын уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзартуға құқылы.
Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды.
Жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы пайдаланушының өтініші еркін нысанда жасалады, жүйені пайдаланушының атауы, пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған ұзарту себептері және уақыты көрсетіле отырып (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банк бөлімшесіне жіберіледі.
Пайдаланушының өтініші негізінде жүйенің операциялық күнін ұзарту кезінде және жүйеде осы пайдаланушы жіберген хабарлама болмағанда пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.
Ескерту: 38-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
38-2. Операциялық күндi ұзарту туралы өтiнiш қағазда немесе факсимиль байланысы арқылы немесе электрондық-сандық қол қою электрондық әдiсiмен берiлуi мүмкiн.
Қағаз немесе факсимиль байланысы арқылы берiлген өтiнiшке пайдаланушының уәкiлеттi адамдары қол қоюға тиiс. Өтiнiшке қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдардың тiзiмiн пайдаланушы өзi белгiлейдi және уәкiлеттi адамдардың қол қою үлгiлерiмен бiрге пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне жiберiледi.
Жүйенi пайдаланушы өтiнiштi факсимиль байланысы арқылы жiберген кезде ол келесi операциялық күннен кешiктiрмей өтiнiштiң қағаздағы түпнұсқасын Ұлттық Банкке жiберуге тиiс.
Ескерту: 38-2-тармақпен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
39. Пайдаланушы күн сайын Орталық орындаған төлем құжаттарының нәтижесінің дұрыстығын Ұлттық Банктің жазбаша үзіндісі арқылы бақылайды. Орталықтан алған жазбаша үзіндінің сальдосы Ұлттық Банктің Орталық орындаған төлем құжаттарының нәтижесін көрсететін жазбаша үзіндісіндегі жазбамен сәйкес болмағанда, пайдаланушы дереу жазбаша түрде Орталыққа және оның корреспонденттік шоты жүргізілетін Ұлттық Банктің бөлімшесіне хабар беруге және келесі операциялық күн ішінде пайдаланушының барлық орындалған төлемдерін тексеруге тиіс.
Ескерту: 39-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
39-1. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүйенің жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады.
Ескерту: 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
40. Пайдаланушының Ұлттық Банктiң бөлiмшесiнде ашылған корреспонденттiк есепшотына бiр күн iшiнде қабылданған (есебiне жазылған) ақша сомасын пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі есепшот иесiнiң тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiлеген тәртiппен пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жүйесiндегi есепшотқа аударуға тиiс.
Ескерту: 40-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
,
2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
40-1. Жүйенi пайдаланушының корреспонденттiк есепшотынан ақшаны бiр операциялық күн iшiнде Ұлттық Банктегi жүйе есепшотына аудару қажет болған кезде, жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ақшаның аударылу уақытын көрсете отырып осы Ереженің 22-тармағында көзделген тұрақты қолданылып жүрген қағаздағы төлем тапсырмасын жіберуге құқылы.
Ескерту: 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106
қаулысымен
.
41. Пайдаланушының ақшасын Ұлттық Банктегі жүйенің шотына аударған күннен бастап оның корреспонденттік шотына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі Орталыққа электронды тізімді қалыптастырып жібереді, онда пайдаланушының ақша сомасы және оның банктік сәйкестендіру коды туралы ақпарат болады.
Ескерту: 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
42. Орталық пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен алған осы тізімнің негізінде Орталықтағы жүйенің және пайдаланушының жүйесінің позициялары бойынша жазба жасайды.
Ескерту: 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
43. Пайдаланушының корреспонденттік шотында оған беруге, инкассалық өкімдерді орындауға, сондай-ақ басқа мақсаттарға қажетті қолма-қол ақша сомасы жоқ болғанда немесе жетіспеген жағдайда, пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі жіберушінің нұсқауы негізінде пайдаланушының жүйедегі жіберушінің нұсқауын орындауға қажетті сомадағы ақшасын алып тастау туралы Орталыққа электронды тізімді қалыптастырып жібереді. Бұл тізімде пайдаланушының банктік сәйкестендіру коды да көрсетіледі.
Ескерту: 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
44. Орталық пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесінен алған осы тізімнің негізінде Орталықтағы жүйенің және пайдаланушының жүйесінің позициялары бойынша қажетті ақша сомасына жазба жасайды және пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесіне орындалған операция туралы электронды растау немесе пайдаланушының шотында ақшаның жоқтығы туралы электронды хабарлама жібереді.
Ескерту: 44-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
45. Пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банктің бөлімшесі Орталықтың растауы негізінде Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына жіберушінің нұсқауына сәйкес кейін ақша аудару үшін ақша аударады.
Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147
қаулысымен
.
8-тарау. Корреспонденттік шоттардың
мониторингін өткізу
Ескерту: 8-тарау (46-48-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .
49. Пайдаланушылар мен үшінші адамдардың атынан немесе солардың пайдасы үшін ақша аударылады, солардың арасындағы ақша аударымын қате орындағаны және уақытылы орындамағаны үшін жауапкершілік пайдаланушы мен оның клиентінің арасындағы келісімдердің шарттарының немесе/және заң актілері талаптарының негізінде белгіленеді.
50. Пайдаланушылардың электронды төлем құжаттарына өзгерту енгізуге Орталықтың құқы жоқ.
Ескерту: 50-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
51. Ұлттық Банк пен Орталықтың арасындағы шартқа сәйкес Ұлттық Банк Орталықтың электронды тізбеде келтірген шоттарының, пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарының сальдосының дұрыс көрсетілетіні үшін жауап береді.
52. Ұлттық Банк Орталықтың міндеттемелері, оның ішінде жүйедегі жүзеге асырылған аударымдар бойынша пайдаланушылардың алдында жауап бермейді.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Ескерту: Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен .
_________________________
(
банктің атауы
)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Корреспонденттік шоттан
Ұлттық Банктегі жүйе шотына ақша аудару
тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы
*
N ______
199__ жылғы "__"______
Осы бойынша N _____ корреспонденттік шоттан Ұлттық Банктегі жүйе шотына _____________________мөлшерде күн сайын ақша аударып отыруды тапсырамыз.
Басшы
Мөрдің орны
Бас бухгалтер
_________________
*
Тұрақты қолданылатын төлем тапсырма Ұлттық Банкке жаңа тапсырма берілген күннен кейінгі келесі бірінші жұмыс күні күшін жояды.