ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 1 қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.
Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталда авторизацияланады және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.
Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді.
Бос орын болған кезде қызметтерді алушы он бес жұмыс күні ішінде стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызметтер алушының белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік отыз күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының сырқаттануына, ауруханаға жатқызылуына байланысты белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілетсіздігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы стационарлық үлгідегі ұйымға жіберіледі.
Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді.
Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторизациялау жолымен өз бетінше кезекке тұрады.
Стационарлық үлгідегі ұйымда орын босаған кезде кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға стационарлық үлгідегі ұйымға он жұмыс күні ішінде келу қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.
Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.
Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны стационарлық үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызметтерді алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
8. Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.
9. Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж балаларды және (немесе) ТҚА бұзылған балаларды және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілі мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:
он сегіз жастан асқан адамдар үшін – ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
балалар үшін – ЖСН-і бар туу туралы куәлік және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша профилактикалық егу картасы.
10. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар мәртебесінің болуы туралы арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.
11. Жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелеріне (бұдан әрі – Бөлімше) өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешімді стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының бағалау кешені және мониторингі негізінде стационарлық үлгідегі ұйым қабылдайды.
Әлеуметтік кодекстің 12-бабының 5 тармақшасының жиырма жетінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған қызмет алушының өзіне-өзі қызмет көрсетуге және (немесе) өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелділігі Бөлімшеде тұруына қарсы көрсетілім болып табылады.
12. Стационарлық үлгідегі ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:
1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
3) қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
5) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтендіру, тұрмысты, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және демалыс уақтын, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау сақталады.
13. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару:
1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;
2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға) белгіленген, медициналық ұйым мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайын бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;
4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда;
5) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Қызметтерді алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша өтінішінің, ал балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін – заңды өкілдерінің, жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.
15. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерді алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен шығарылады және үлеске алынады.
16. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір өңірде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру тиісті өңірлердің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келісім бойынша жүзеге асырылады.
17. Қызметтерді алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі қабылдайды.
18. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар зерттеу жүргізу және стационарлық немесе амбулаториялық емдеу мәселесін шешу үшін мамандандырылған медициналық ұйымға жолданады.
19. Бала он алты жасқа толған кезде стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Он сегіз жасқа толған, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға қабылданады не үйіне шығарылады (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда).
20. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұратын қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда жұмыспен қамту бөліміне өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады. "Е-собес" ААЖ тіркелгеннен кейін қызметтер алушылар кезектілікті белгілемей, порталда стационарлық үлгідегі ұйымға ресімделеді.
21. Қарттар мен мүгедектер мынадай жағдайларда:
1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған;
2) мүгедектігі бар адамдар мен қарттар спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан соттың шешімі бойынша әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кезде шығарылуға жатады.
Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылданады;
3) қамқорлықтағылар стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кеткен және екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған кезде шығарылуға жатады.
Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал дәлелді себептер бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылдануға жатады.
22. Осы Стандарттың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі ұйымнан шығарып жіберілген қызметтерді алушылар осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарып жіберілгеннен кейін күнтізбелік бір жыл өткен соң ғана стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.
23. Қызметтерді алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.
Бұл ретте міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектігі бар адамдарға мен қарттардың қолына не қызметтерді алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.
24. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызметтерді алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.
3-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы мен көлемі
25. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетуге:
1) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) тұрғын жай беру, оның ішінде балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедектігі бар адамдарға, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
4) денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істеуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен құрылғылар ұсыну;
6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
7) отбасында тұратын және арнаулы әлеуметтік қызметтерді уақытша көрсетуге мұқтаж қызметтерді алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
8) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
9) диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
10) киім, аяқкиім, төсек жабдықтарын, жеке гигиена заттарын, қатты мүкәммал және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған киімнің, аяқкиімнің, төсек жабдықтарының, жеке гигиена заттарының, қатты мүкәммалдың және мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ оларды кию және тозу мерзімдерінің ең төменгі нормаларына сәйкес беру;
11) тұрмыстық қызметтерімен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
12) қалалық телефон байланысы қызметтерін ұсыну;
13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметтерін ұсыну;
14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
15) кәдімгі шаштараздарда қызметтер көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызметтерді алушыларға шаштараз қызметтерін көрсету;
16) жерлеу қызметтерін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
26. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін тұрғын жайлары көлемі мен көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және қызметтерді алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй-жайларға (бөлмелерге) қызметтерді алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық жағдайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;
Санитариялық нормалар мен қағидаларға, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін барлық тұрғын жайлар, қызметтік және өндірістік орынжайлар телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызметтерді алушыларға олардың талаптары бойынша ұсынылады. Орынжайлар персоналдың, қызметтерді алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әр түрлі факторлардың әсерінен және қолайсыз жағдайлардан қорғалады.
Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
2) стационарлық үлгідегі ұйымдар мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
Әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызметтерді алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, киім, аяқ-киім, төсек жабдықтары мен жеке гигиена заттары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
4) қызметтерді алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызметтерді алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;
5) қызметтерді алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі заттар киюге ыңғайлы, қызметтерді алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
6) ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тамақ сапалы тағамдардан әзірленеді, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді және қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
7) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым процедурасын орындай алмайтын қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметтерді көрсету кезінде қызметтерді көрсетуші персонал қызметтерді алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
8) шаштараз қызметтерін көрсету санитариялық-гигиеналық талаптар сақтала отырып, арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;
9) созылмалы үдемелі аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектерді, қарттарды үздіксіз бақылау мақсатында паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері) құрылады;
10) өзіне дене зақымын келтіретін және (немесе) айналасындағыларға қауіп тудыруы және осы себептермен қосымша күтімге, күшейтілген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін дағдарыс палаталары (бөлімшелері) құрылады;
11) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қызметтерді алушылардың ауруының және (немесе) мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп, тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
12) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені (орынжайды) күту және тыныс-тіршілігіне қажетті дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері құрылады;
13) қызметтерді алушыларды емдеу, оқыту, мәдени іс-шараларға қатысу үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
14) тұрмыстық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді;
15) діни ғұрыптарды орындау үшін жағдай жасау кезінде қызметтерді алушылардың діни наным-сенімі, жасы, жынысы, физикалық жай-күйі, әр түрлі концессияларда қабылданған діни салттардың ерекшелігі қатаң түрде ескеріледі;
16) жерлеу қызметтерін ұйымдастыру қайтыс болған қызметтерді алушының діни наным-сенімі ескеріліп жүзеге асырылады.
27. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетуге:
1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге уақытында жәрдемдесу;
4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) ОЖБ-ға сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) қызметтерді алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету;
8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
9) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер);
11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
12) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық тазалау жүргізу;
13) денсаулық жағдайына байланысты қызметтерді алушылардың күтімін қамтамасыз ету;
14) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету;
15) санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
16) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
17) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;
18) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес терапия қызметтерін жүргізу;
19) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру;
20) емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, міндетті гигиеналық құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
21) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай "денсаулық топтарын" қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
22) балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қартарға және мүгедектігі бар адамдарға паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
23) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерін көрсету жатады.
28. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушылардың әлеуметтік-медициналық қызметтер алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жағдайын ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық процедуралар мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді қамтамасыз ету қызметтерді алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және аурудың болу немесе болмауын анықтауға бағытталған рәсімдер), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, қызметтерді алушының қозғалуына (қажет болғанда) көмектесу сияқты қызметтерді қамтиды;
4) медициналық процедуралар (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, міндетті гигиеналық құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге процедураларды (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер) жүргізу қызметтерді алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
5) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы жүргізіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
6) психотерапевтік көмек қызметтерді алушылардың өмірлік қиындықтары мен жеке жанжалдардың негізінде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмірі мен тұрмысының өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әлеуметтік бейімделу сияқты тиімді шешуіне жәрдемдеседі;
7) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қызметтерді алушылардың соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;
8) қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе санаторий-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң түрде медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;
9) қызметтерді алушыларға денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) медицина қызметкері жүзеге асырады;
10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектігі бар адамдарды отбасын құруға және балалы болуға дайындау жөніндегі жеке жұмыс, зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
11) паллиативті көмек және мейірбике күтімі қызметтері қажет болған сәттен бастап өмірінің соңғы күніне дейін көрсетіледі.
Стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы медициналық персонал маманымен бірге ай сайын аурудың терминалды (соңғы) сатысында тұрған паллиативтік көмек қызметтері мен мейірбикенің күтімі қажет жазылмайтын ауруларды анықтау мониторингін жүргізеді.
Паллиативті көмек палаталарында (бөлімшелерінде) дәрігердің ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейірбике) тәулік бойы бақылауы белгіленеді, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер тағайындалады, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызметтерді алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттілік айқындалады.
Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі мәселелері жөніндегі өзара іс-әрекетті әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен жетекші дәрігер жүзеге асырады;
12) медициналық-әлеуметтік сараптаманы уақтылы жүргізуге жәрдемдесу, қызметтерді алушыларға организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
13) оңалту іс-шараларын жүргізу қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге асырылады, әлеуметтік-орта бағдарына және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге және т.б. бағытталған өзі үшін қолайлы медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
14) емдік-дене шынықтыру жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызметтерді алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене шынықтыру жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
15) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетіп және жан-жақты тексеру үшін қызметтерді алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрігерлерге баруын қамтамасыз етеді;
16) медициналық-әлеуметтік тексеруді, білікті консультация беруді ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексеруді және бастапқы санитариялық тазалауды жүргізу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
18) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызметтерді алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
19) санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы мен көңіл-күйінің жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
20) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай "денсаулық топтарын" қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктері мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;
21) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауға және жоюға ықпал етеді;
22) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызметтерді алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
29. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) мүгедектігі бар адамдармен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
6) қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызметтерді алушыларды психологиялық түзеу;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
30. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Психологиялық консультация беру қызметтерді алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға әрі осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) қызметтерді алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат беруге тиіс;
3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (оның ішінде жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтаруы мен мінез стереотипінің жайсыз формалары, жанжалдасқан қарым-қатынастарды) жеңуді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
4) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызметтерді алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтауды және нығайтуды, стреске төзімділігін, бірінші кезекте тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
7) шұғыл психологиялық көмек қызметтерді алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектігі бар адамдар мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзылушылықтарды уақтылы алдын алуға мүмкіндік туғызады;
9) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
31. Балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға ұсынылатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық және түзеу-дамыту диагностикасын және зерттеуді жүргізу;
7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
8) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;
10) ымдау тіліне аудару қызметтері жатады.
32. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет ұсынудың сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) тұлғаны педагогикалық диагностикалау және зерттеу заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды тұлғалық жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс немесе жанжалдық жағдайға ұшыраған қызметтерді алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділіктерін зерттеу үшін жай-күйінің объективті бағасын береді;
3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнаулы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ жеке қажеттіліктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызметтерді алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер жүзеге асырылады.
Авторлық бағдарламалар (модульдер) сол немесе өзге қызметтерді алушыны тәрбиелеу дағдыларын немесе оқу материалдарын қабылдау және игеру қабілетін ескере отырып жасалады;
4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін (үш жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажеттігіне қарай одан үлкен) әлеуметтік дағдылары мен когнитивтік дамуын ескеріп, толықтыра отырып топтарға бөлу жүргізіледі:
өзіне-өзі қызмет көрсетудің және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған кезде (өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж алты адамнан асырмай;
қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған кезде, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегіз адамнан асырмай;
қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған кезде он адамнан асырмай;
қалыптасқан қолымен жұмыс істей алу дағдылары болған кезде он екі адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді) бөлінеді.
Білім алуда жәрдемдесуге балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту нысандары мен оқыту бағдарламасының типін айқындау және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсету жатады.
5) тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту көрнекі және тиімді болып табылады, нәтижесінде қызметтерді алушылар ас әзірлеу, киімді ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде үйренеді;
6) ымдау тілін игеруге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер қызметтерді алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседі.
7) стационарлық үлгідегі ұйымдардың балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы Стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.
33. Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) қызметтерді алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
4) профиль бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
5) қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
6) қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер жатады.
34. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызметтерді алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда, жылыжайларда, қысқы бақтарда), үй жанындағы учаскелердежүзеге асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызметтерді алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
3) он сегіз жастан асқан адамдар мен мүгедектігі бар адамдарда шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
4) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
5) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;
6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
7) қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызметтерді алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
35. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
36. Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және әр түрлі мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
3) қызметтерді алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына жәрдемдеседі;
4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына тарту, оның ішінде қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың қатарынан мәдени-тұрмыстық комиссия құру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды жолға қоюға жәрдемдеседі.
37. Әлеуметтік-экономикалық қызметтерге Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14 – тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
38. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсету сапасына қойылатын талаптарға қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз ету жатады.
39. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиесілі жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
6) құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;
7) Кодекске сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері бойынша заңгерлік консультация беру жатады.
40. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
5) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдеседі.
41. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда мамандардың жұмыс сапасын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган:
1) отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;
2) тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызметтерді алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
42. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде мамандарды қосымша тартуға болады.
43. Стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол стационарлық үлгідегі ұйым басшысында сақталады және қызметтерді алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Облыстық және республикалық маңызы бар ауданның, қаланың (астананың) жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
________________________________________________ (облыстық және
республикалық маңызы бар ауданның, қаланың (астананың) жұмыспен қамту
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: ___________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың № ___ "___" ______20 __ жылы берілді
Тіркелген жері ____________________________
Тұратын жері _____________________________
Туған жері________________________________
Туған күні "___" _________ ____ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері __________________________________________
Мүгедектік санаты _______________________________________________________
Туыстары (заңды өкілдері)
_______________________________________________________________________
(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)
ӨТІНІШ
_______________________________________________________________________
(қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) стационарлық үлгідегі ұйымда тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің асты сызылсын) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін. Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.
Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру, шығару шарттарымен таныстым.
20 ___ жылғы "___" __________________________
(Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Құжаттарды қабылдаған ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
20 __ жылғы "___" _________.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Форма |
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________
Туған күні 20 ___ жылғы "____" _________
Үйінің мекенжайы _______________________________________________________
Қысқаша анамнез (ауру анамнезі, өмір анамнезі, тұқым қуалаушылық, инфекциялық
аурулармен ауыруы (ауыруының атауы, ауыру уақыты), аллергиялық реакцияға
(препараттардың төзімділігін қоса алғанда)):
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,
бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):
невропатолог ___________________________________________________________
психиатр _______________________________________________________________
дерматовенеролог _______________________________________________________
фтизиатр (флюрография мәліметтерінің болуы міндетті)
_______________________________________________________________________
терапевт/педиатр _______________________________________________________
_______________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды
_______________________________________________________________________
Көрсетілімдер бойынша (диспансерлік есепке алу кезінде):
эндокринолог __________________________________________________________
кардиолог _____________________________________________________________
ортопед _______________________________________________________________
нарколог _______________________________________________________________
онколог ________________________________________________________________
гинеколог (уролог) _______________________________________________________
хирург _________________________________________________________________
окулист ________________________________________________________________
отоларинголог __________________________________________________________
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы анализі
_______________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
АИТВ инфекциясына қанның анализі _______________________________________
" (мерзімі, нәтижесі)
сифилиске қанның анализі _______________________________________________
"(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ___________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу
______________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу
_______________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
менингококк инфекциясына зертқаналық зерттеу
_______________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:
әйелдердің қынап жағындысы ____________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
ерлердің уретральды жағындысы _________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы
_______________________________________________________________________
(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)
Мөрдің орыны.
Медициналық ұйымның басшысы: _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20___ жылғы "___" ___________
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 3-қосымша |
Стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған киімнің, аяқкиімнің, төсек жабдықтарының, жеке гигиена заттарының, қатты мүкәммалдың және мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ оларды кию және тозу мерзімдерінің ең төменгі нормалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға | Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға | ||
Норма | Мерзімі (жыл) | Норма | Мерзімі (жыл) | |||
Төсек-орын жабдықтары | ||||||
1 | Ақжайма | дана | 3 | 1 | 3 | 1 |
2 | Сейсеп | дана | 3 | 1 | 3 | 1 |
3 | Жастықтысы | дана | 4 | 1 | 4 | 1 |
4 | Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац) | дана | 1 | 2 | 1 | 3/2* |
5 | Жастық | дана | 1 | 2 | 1 | 3 |
6 | Көрпе | дана | 1 | 2 | 2 | 3 |
7 | Жамылғы | дана | 1 | 4 | 1 | 4 |
8 | Вафельдісүлгілер | дана | 4 | 1 | 4 | 1 |
9 | Түкті сүлгілер | дана | 2 | 1 | 2 | 1 |
Бөлмелерге арналған заттар (қажеттілік болса)** | ||||||
10 | Дастархан | дана | 1 | 1 | 1 | 1 |
11 | Үстелге арналған майлық орамалдар | дана | 4 | 1 | 4 | 1 |
Санитариялық-гигиеналықзаттар** | ||||||
12 | Резина клеенка | дана | Қажеттілігіне қарай | 1 | тоқсанда | |
13 | Әйелдерге арналған сіңіргіш төсемелер (етеккір циклі кезінде) | дана | 16 | айына | 16 | айына |
14 | Күнделікті төсемелер | дана | - | айына | 30 | айына |
15 | Урологиялық төсемелер (дәрігердің ұсынысы бойынша) | дана | - | айына | 60 | айына |
16 | Дәрігердің тағайындауы бойынша жаялықтар: мүгедекке ОЖБ сәйкес нормаларға қосымша; ОЖБ жоқ паллиативті көмек палаталарында (бөлімінде) жатқан қарттарға | дана дана | 2 | күніне | 2 4 | күніне күніне |
Мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары | ||||||
17 | Балдақтар, таяқтар, жүргіштер | дана | ||||
18 | Корсет | дана | ||||
19 | Таңғыштар, емдік белдіктер | дана | ||||
20 | Есту аппараттары | дана | ||||
21 | Бөлмелік кресло-арбалар | дана | ||||
22 | Серуендеуге арналған кресло-арбалар | дана | ||||
23 | Сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) | дана |
Ескертпе:
* 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлім үшін орындау мерзімін, ал екінші сан ауыр науқастар үшін орындау мерзімін көрсетеді;
** бөлмелерге арналған заттардың (қажеттілік болса) және санитариялық-гигиеналық заттардың нормативтері балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектерге және ОЖБ жоқ паллиативті көмек палаталарында (бөлімінде) жатқан қарттарға ғана қолданылады.
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға киім мен аяқкиім мынадай көлемде беріледі:
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Балаларға (психоневрологиялық ауытқулары бар) | Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға | |||
Норма | Мерзімі (жыл) | Норма | Мерзімі (жыл) | ||||
Киім | |||||||
1 | Пальто немесе куртка | дана | 1 | 2 | 1 | 3 | |
2 | Плащ немесе жел өткізбейтін күрте | дана | 1 | 2 | 1 | 2 | |
3 | Жүн матадан тігілген костюм | дана | 1 | 2 | 1 | 3 | |
4 | Мақта матадан тігілген костюм | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
5 | Спорттық костюм | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
6 | Шалбар немесе джинсы | дана | 3/4* | 1 | 4 | 1 | |
7 | Көйлек, сарафан немесе халат | дана | 3/4* | 1 | 4 | 1 | |
8 | Жүн матадан тігілген юбка | дана | 1 | 2 | 1 | 2 | |
9 | Мақта матадан тігілген юбка | дана | 3/4* | 1 | 2 | 1 | |
10 | Мақтаматадантігілген блузка | дана | 2 | 1 | 2 | 1 | |
11 | Свитер, жекет, жемпір, кофта немесе трикотаж жаймадан тігілген желет | дана | 1 | 2 | 4 | 2 | |
12 | Трико | дана | 2 | 1 | 2 | 1 | |
13 | Футболка | дана | 3 | 1 | 3 | 1 | |
14 | Мақта матадан тігілген кеудеге киетін жейде | дана | 3/4* | 1 | 3/4** | 1 | |
Ішкиім | |||||||
15 | Трусы немесе панталон | дана | 6/4* | 1 | 4/8** | 1 | |
16 | Түнде киетін жейде немесе пижама | дана | 2/3* | 1 | 2/3** | 1 | |
17 | Майка | дана | 2 | 1 | 3 | 1 | |
18 | Мақта матадан және иілімді трикотаж жаймадан тігілген киім-кешек бұйымы (бюстгальтер) | дана | 2 | 1 | 4 | 1 | |
19 | Кальсондар | дана | - | - | 2 | 1 | |
20 | Гамаштар | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Орамал-шарф бұйымдары мен бас киімдер | |||||||
21 | Шарф | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
22 | Бөрік немесе берет | дана | 1 | 2 | 2 | 2 | |
23 | Панама, фуражка немесе кепкалар | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
24 | Әйелдерді ң бас орамалы | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
25 | Тақия | дана | - | - | 1 | 2 | |
26 | Қолғап немесе биялай | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
27 | Жүн орамал (жартылайжүн) | дана | - | - | 1 | 1 | |
28 | Тоқыма шапка | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Носки-шұлық бұйымдары | |||||||
29 | Колготки | дана | 6 | 1 | 6 | 1 | |
30 | Шұлық | дана | - | - | 12 | 1 | |
31 | Носки | дана | 6/12* | 1 | 12/10** | 1 | |
32 | Гольфы | дана | 3 | 1 | - | - | |
Аяқкиім | |||||||
33 | Қысқы етік немесе киізден тігілген аяқкиім | дана | 1 | 1 | 2 | 3 | |
34 | Пима | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
35 | Маусымдықетік | дана | 1 | 1 | 1 | 2 | |
36 | Қысқаетік | дана | 1 | 1 | 1 | 2 | |
37 | Бәтеңке немесе туфли | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
38 | Қысқа бәтеңке | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
39 | Жалаңаяқкиетін аяқкиім немесе сандали | дана | 2 | 1 | 1 | 1 | |
40 | Спорттық аяқкиім | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | |
41 | Бөлмеде киетін тәпішке | дана | 3/4* | 1 | 4 | 1 | |
42 | Сланцы | дана | 1 | 1 | 2 | 1 |
Ескертпе:
1) * 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бірінші сан – он төрт жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын, екінші сан – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді;
2) ** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бірінші сан – еркектерге арналған кию нормасын, екінші сан – әйелдерге арналған кию нормасын көрсетеді
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға | Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға | |||
Норма | Мерзімі (жыл) | Норма | Мерзімі (жыл) | ||||
1 | Кереует | дана | 1 | 5 | 1 | 5 | |
2 | Көп функциялы кереует (дәрігердің ұсынысы бойынша) | дана | 1 | 5 | 1 | 5 | |
3 | Үстел | дана | 1 | 5 | 1 | 5 | |
4 | Орындық | дана | 1 | 5 | 1 | 5 | |
5 | Шкаф | дана | 1 | 5 | 1 | 5 | |
6 | Кереует жанындағы Тумбочка | дана | 1 | 5 | 1 | 5 |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 4-қосымша |
Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымдарда оқыту ұзақтығы
Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейі не, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейі н созылады;
2) әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейі н;
3) әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейі н;
4) әлеуметті к дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытуы ойындар өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 2 қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар деп аталады.
2-тарау. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жолдамалары бойынша қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
Қызметтерді алушыларға әзірленген мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша бір уақытта екі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға жол берілмейді.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы;
4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызмет түрлеріне мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және полустационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталында авторизацияланады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.
Қызметтер алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді.
Бос орын болған кезде Қызметтерді алушы үш жұмыс күні ішінде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызмет алушының белгіленген мерзімде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік он төрт күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ол болмаған уақытта кезекте тұрған келесі қызмет алушыны қабылдайды.
Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді.
Таңдалған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.
ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.
8. Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда – осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.
9. Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерге, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.
10. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:
1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
3) қызметтерді алушыларға осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету сақталады.
11. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан бір елді мекен шегіндегі басқасына ауыстыру облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келісімі бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін заңды өкілінің жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган қызметтерді алушыны ауыстыру жүзеге асырылатын ұйымда бос орындар болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі сұрау салу келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыстыруға келісім береді.
12. Қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда жұмыспен қамту бөліміне өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады.
13. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату:
1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;
2) қызметтерді алушылардың жеке жоспарындағы оңалту іс-шараларының мерзімі өткен жағдайда және әрі қарай оңалту іс-шараларын өткізуге көрсетілімдердің болмауы негізінде;
3) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
4) стационарлық жағдайда немесе үйде арнаулы қызметтер алған кезде;
5) қызметтерді алушы ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған кезде;
6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда;
7) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету осы Стандарттың 13-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бір жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
15. Қызметтерді алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатыла тұрады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру қызметтерді алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың болмауын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
16. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру немесе басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.
Бұл ретте шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар қызметтерді алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
3-тарау. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі
17. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) жиһазбен және тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
3) диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
4) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көзделген көлемнен кем емес төсек жабдықтарын ұсыну;
5) қызметтерді алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметтерін ұсыну;
6) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету жатады.
18. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін орынжайлар көлемі және көрсеткіштері (ғимарат пен орынжайдың жағдайы, олардың жайлылығы) бойынша санитариялық гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және қызметтерді алушылардың болуына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Қызметтерді алушыларды қабылдау және орналастыру олардың ауруларын, жағдайының ауырлығын, жасын, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу ескеріле отырып іске асырылады.
Барлық қызметтік және өндірістік орынжайлар санитариялық нормалар мен қағидаларға, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап береді, телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызметтерді алушыларға олардың талабы бойынша беріледі. Орынжайлар персоналдың, қызметтерді алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әр түрлі факторлардың әсерінен қолайсыз жағдайлардан қорғалады.
Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылған орынжайлар көлемі, орналасқан жері және конфигурациясы бойынша қызметтерді алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда ұйым мамандарының кабинеті қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
Әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызметтерді алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, төсек жабдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
4) қызметтерді алушыларға берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары қызметтерді алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, қазіргі заманғы дизайн талаптарына жауап береді;
5) 4 сағаттан асатын режимде жұмыс істейтін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда сапалы тағамдардан әзірленетін, теңгерімділік пен калориялық талаптарына жауап беретін, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, қызметтерді алушының денсаулық жағдайы ескеріліп ұсынылатын ыстық, оның ішінде диеталық тағамдар беріледі.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді бекітеді;
6) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым процедураларын орындай алмайтын қызметтерді алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету, олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметтерді көрсету кезінде қызметтер көрсетуші персонал қызметтерді алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
7) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі және қолынан келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін қызметтерді алушының сырқатының және (немесе) мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу әрі оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
8) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені (орынжайды) күту және тыныс-тіршілігі қажетті дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті техникамен және жиһазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері құрылады;
9) қызметтерді алушыларды емдеу, үйрету, мәдени іс-шараларға қатыстыру үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады.
19. Әлеуметтік-медициналық қызметкерлерге:
1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
5) емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) ОЖБ-ға сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) қызметтерді алушыларды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету;
8) әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;
9) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
10) денсаулыққа байланысты процедураларды (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімде) жүргізу;
11) емдік-дене жаттығулар жасауға көмек көрсету;
12) кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу және дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;
13) қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету;
14) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;
15) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;
16) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектігі бар адамдарға дене шынықтыру жаттығуларын орындауда көмек көрсету жатады.
20. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушылардың әлеуметтік-медициналық қызметтер алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және писхикалық жағдайын ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық процедуралар мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы көрсетіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектігі бар адамдарды отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
5) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қамқорлықтағы адамның соматикалық жай-күйін, олардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;
6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызметтерді алушыларға организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
7) оңалту іс-шараларын жүргізу қызметтерді алушының денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады, ол үшін оңтайлы әлеуметтік ортаға бағдарлауға және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
8) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек қызметтерді алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене шынықтыру жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
9) протездік-ортопедиялық көмекті және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды алуға жәрдемдесу қызметтерді алушының практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
10) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызметтерді алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
11) қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді қамтамасыз ету қызметтерді алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және аурудың болу немесе болмауын анықтауға бағытталған рәсімдер), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, қызметтерді алушының қозғалуына (қажет болғанда) көмектесу сияқты қызметтерді қамтиды;
12) денсаулыққа байланысты процедураларды (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер) жүргізу қызметтерді алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
13) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы алдын алуға және жоюға мүмкіндік береді;
14) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызметтерді алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
21. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) мүгедектігі бар адамдар мен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық көмек (оның ішінде телефон арқылы);
6) қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) психологиялық тренинг;
8) қызметтерді алушыларды психологиялық түзеу;
9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайлардың алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету жатады.
22. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін ішкі ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Психологиялық консультация беру қызметтерді алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, негізінде оған ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға әрі осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
3) қызметтерді алушыладың психологиялық диагностикасы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Психологиялық диагностика қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жағдайын және қызметтерді алушылардың жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
4) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың жүріс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (оның ішінде жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастарды) жеңуді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
5) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
6) шұғыл психологиялық көмек: қызметтерді алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
7) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
8) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектігі бар адамдар мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақтылы алдын алуға мүмкіндік туғызады;
9) қызметтерді алушылардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызметтерді алушының денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталған.
23. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан адамдарға ұсынылатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық және түзеу-дамыту диагностикасын және зерттеуді жүргізу;
7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
8) балаларды дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тілін үйретуіне жәрдемдесу;
10) ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер жатады.
24. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) тұлғаны педагогикалық диагностикалау және зерделеу заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды тұлғалық жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс немесе жанжалдық жағдайға ұшыраған қызметтерді алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділігін зерттеу үшін жай-күйінің объективті бағасын береді;
3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жеке қажеттіліктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызметтерді алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер жүзеге асырылады.
Авторлық бағдарламалар (модельдер) сол немесе өзге қызметтерді алушыны тәрбиелеу дағдыларын немесе оқу материалдарын қабылдау және игеру қабілетін ескере отырып жасалады;
4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін (бір жарым жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажетіне қарай одан үлкен), әлеуметтік дағдыларын, когнитивтік дағдыларын ескеріп, толықтыра отырып топтарға бөлу жүргізіледі:
өзіне-өзі қызмет көрсетудін және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған кезде (өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж – алты адамнан асырмай;
қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған кезде, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж –сегіз адамнан асырмай;
қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған кезде – он адамнан асырмай;
қалыптасқан қолмен жұмыс істей алу дағдылары болған кезде – он екі адамнан асырмай таратып бөлу (еңбек бағдарын беру бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді).
Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың оқыту нысанын айқындауды және оқу бағдарламасының типімен білім алуға жәрдемдесуды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсізденуін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп оқытуды ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетуді қамтиды;
5) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижелері бойынша қызметтерді алушылар тамақ пісіру, киімді усақ жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
6) педагогикалық түзеу ата-анаға жіберген педагогикалық қателерін немесе отбасында балаларды, ТҚА бұзылған балаларды жаралайтын жанжал жағдайын жоюға және түзетуге, сондай-ақ ата-аналардың барабар емес нұсқамаларын және балаларды тәрбиелеу кезіндегі мінез-құлқын түзетуде білікті және тиімді педагогикалық көмек көрсетуді (әңгімелесу, түсіндіру, ұсынымдар және т.б. түрінде) қамтамасыз етеді;
7) ымдау тілін үйретуге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару қызметтері қызметтерді алушылардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарымен өзара байланысын белгілеуге ықпал етеді.
8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы Стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.
25. Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) қызметтерді алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу;
2) емдеу-еңбек қызметтерін жүргізу;
3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау;
4) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту;
5) профиль бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
6) қарт адамдарда және он сегіз жастан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қайта қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;
7) жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу жатады.
26. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға жеке қажеттіліктерінің негізінде қызметтерді алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
2) емдеу-еңбек қызметтерін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
3) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп, оларды тіршілік-тынысының түрлі нысандарына қатыстыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді;
4) он сегіз жастан асқан адамдарда, мүгедектігі бар адамдарда шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру сондай-ақ қарт адамдарда және он сегіз жастан асқан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларды қайта қалпына келтіру үшін фронтальды және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
5) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
6) мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді игеруіне барынша мүмкіндік туғызады;
7) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен ілеседі;
8) кәсіп алуға жәрдемдесу кезінде қызметтерді алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу ықыласы ескеріледі;
9) қызметтерді алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, психикалық және физикалық жай-күйі ескеріліп жүргізіледі.
27. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
3) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
28. Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және әр түрлі мәдени, тынығу іс-шаралары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталған;
3) қызметтерді алушыларды концерттік бағдарламалар мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызады;
4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік туғызады.
29. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
1) Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14 – тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.
30. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
31. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек құқықтарымен байланысты мәселелер жөнінде заңгерлік консультация беру;
2) заңды маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге көмектесу;
3) қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету;
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиесілі жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
32. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіру береді;
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөнінде (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар) консультация беру, олар білгісі келетін заңнама актілері мен көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызметтерді алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
6) отбасында қызметтерді алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқығын қорғау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді.
33. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың жұмыс сапасын:
1) жеке даму деңгейі, мінез-құлық бейімделуінің дағдылары, әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтену деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың;
2) білім беру ұйымдарына ауыстырылған балалардың;
3) қозғалу функциялары толтықтырылған, қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалардың;
4) әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызметтерді алушылар санының, ағымдағы жылмен салыстырғанда, көбеюі бойынша жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган бағалайды.
34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін шарт негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
35. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысында сақталады және қызметтерді алушылар мен олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және (немесе) құрылтайшы – ай сайын қарайды.
ӨТІНІШ
_____ жылы "___" __________ туған, ____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға күндіз болу
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1) _______________________ 2) _______________________
3) _______________________ 4) _______________________
5) _______________________ 6) _______________________
7) _______________________ 8) _______________________
9) _______________________ 10) ______________________
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.
Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде
(ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда болу, одан шығарып тастау және шығарып тастау шарттарымен таныстым.
20 ___ жылғы "___" ___________________
____________________________________________________________________
(өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Құжаттарды қабылдаған ___________________ 20 __ жылғы "___" ___________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_____________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
Туған күні 20 ___ жылғы "____" _________
Үйінің мекенжайы _____________________________________________________
Қысқаша анамнез (ауру анамнезі, өмір анамнезі, тұқым қуалаушылық, инфекциялық
аурулармен ауыруы (ауыруының атауы, ауыру уақыты), аллергиялық реакцияға
(препараттардың төзімділігін қоса алғанда)):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,
бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):
невропатолог _________________________________________________________
психиатр _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
дерматовенеролог ____________________________________________________
фтизиатр (флюрография мәліметтерінің болуы міндетті)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
терапевт/педиатр _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды
_____________________________________________________________________
Көрсетілімдер бойынша (диспансерлік есепке алу кезінде):
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог (уролог) ____________________________________________________
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы анализі
____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
АИТВ инфекциясына қанның анализі _____________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
сифилиске қанның анализі _____________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі __________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
менингококк инфекциясына зертқаналық зерттеу
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін: әйелдердің қынап
жағындысы __________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
ерлердің уретральды жағындысы
_____________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы
_____________________________________________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)
Мөрдің орны.
Медициналық ұйымның басшысы:
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20___ жылғы "___" ___________.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 3-қосымша |
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған төсек жабдықтар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары
№ | Атауы | Өлшем бірлі гі | Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға | Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға | |||
Норма | Мерзімі (жыл) | Норма | Мерзі мі (жыл) | ||||
Төсек-орын жабдықтары | |||||||
1 | Ақ жайма | дана | 3 | 1 | 3 | 1 | |
2 | Сейсеп | дана | 3 | 1 | 3 | 1 | |
3 | Жастық тысы | дана | 4 | 1 | 4 | 1 | |
4 | Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац) | дана | 1 | 2 | 1 | 3/2* | |
5 | Жастық | дана | 1 | 2 | 1 | 3 | |
6 | Көрпе | дана | 1 | 2 | 2 | 3 | |
7 | Жамылғы | дана | 1 | 4 | 1 | 4 | |
8 | Вафельді сүлгі лер | дана | 4 | 1 | 4 | 1 | |
9 | Түкті сүлгі лер | дана | 2 | 1 | 2 | 1 |
Ескертпе:
* 4-тармақтағы бірінші цифр жалпы бөлім үшін, екінші сан – ауыр науқастар үшін пайдалану мерзімін көрсетеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 4-қосымша |
Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды жартылай стационарлық үлгі дегі ұйымдарда оқыту ұзақтығы
Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейіне, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін созылады;
2) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейін;
3) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейін;
4) әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзі рленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 3 қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға);
5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Үйде қызметтер көрсететін ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары
3. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызметтер көрсететін ұйым қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
Уәкілетті орган өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;
3) мүгедектікті белгілеу туралы;
4) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
8. Өтінішті және осы Стандарттың 5-тармағында көзделген құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамдардың және қарт адамның тұратын жеріне барады және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.
Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және үйде қызмет көрсету ұйымын таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда стационарлық үлгідегі ұйымды авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды таңдайды.
Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызмет алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.
ОЖБ мерзімі өтіп кеткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.
9. Қызмет алушы үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) жергілікті атқарушы органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
3) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
4) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3-абзацында көрсетілген құжаттар.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызметтер көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган үйде қызметтер көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.
10. Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерге, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына арнаулы әлеуметтік қызметтер үйде қызметтер көрсету ұйымдарымен бірінші кезекте беріледі.
11. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектігі бар адамдар мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.
12. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызметтерді алушының жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектің ОЖБ мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы ескеріледі.
13. Қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда уәкілетті органға өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады.
14. Үйде қызметтер көрсететін ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:
1) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
2) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
3) осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету сақталады.
15. Үйде қызметтер көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату:
1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;
2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген кезде;
4) қызметтерді алушы басқа елді мекенге көшкен кезде;
5) қызметтерді алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтылған және кінә тағылған, ол куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталған кезде;
6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарт бұзылған кезде;
7) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда;
8) білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер алған жағдайда жүзеге асырылады.
16. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету осы Стандарттың 15-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
17. Қызметтерді алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатыла тұрады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру қызметтерді алушы үйде қызметтер көрсету ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың болмауын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
18. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру үйде қызметтер көрсету ұйымы басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.
19. Бұл ретте, үйде қызметтер көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызметтерді алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
3-тарау. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі
20. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) денсаулық жағдайы байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) қызметтерді алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызметтер көрсетушінің және гигиеналық-санитариялық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:
үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;
хат жазу және оқуға көмек көрсету;
ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беруге жәрдемдесу;
ас әзірлеуге көмектесу;
пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;
киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келуге жәрдемдесу;
кір жууға көмектесу;
тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;
тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;
жерлеу қызметтерін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызметтерді алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.
21. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым процедураларын орындай алмайтын қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметтерді көрсету кезінде қызметтер көрсетуші персонал қызметтерді алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызметтерді алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі.
Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл, су шығарылады.
4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етеді;
5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектігі бар адамдардың туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетуге:
1) дәрігерге дейін көмек көрсету;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
4) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) ОЖБ-на сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
7) мүгедектердің ОЖБ-на сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
9) профильді маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер);
11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
12) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарына дейін қызметтерді алушыларға ілесіп жүру;
13) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;
14) мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
15) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу.
23. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушылардың әлеуметтік-медициналық қызметтер алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жағдайын ескеріп, қызметтердің уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық процедуралар мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы көрсетіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектігі бар адамдарды отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызметтерді алушыларға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 155-бабына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
6) дене шынықтыру жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене шынықтыру жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
7) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
8) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызметтерді алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
9) үйге дәрігер шақыру және қызметтері алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметтері уақтылы көрсетіледі, және де қызметтерді алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
10) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін медициналық күтім негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне қызметтерді алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;
11) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде қызметтерді алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;
12) мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы мен көңіл күйінің жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;
13) денсаулыққа байланысты процедураларды (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер) жүргізу қызметтерді алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
14) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызметтерді алушылардын ауруларын уақтылы алдын алуға және жоюға мүмкіндік береді;
15) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызметтерді алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
24. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
3) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайлардың алдын алу және жою үшін қызметтерді алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жатады.
25. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
3) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарға күтім көрсететін отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету отбасында қызметтерді алушылардың денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиіс.
26. Үйде қызметтер көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсетуге:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі машығына негіздеріне үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;
7) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу;
8) ата-аналарына және отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
9) отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.
27. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан адамдарда өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларды қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесі, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;
3) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижесінде қызметтерді алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
4) отбасы мүшелерін қызметтерді алушыларда қажетті өмірлік дағдыларды оңалту және қалыптастыру негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту іс-шараларын көрсетуге бағытталған білімдердің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.
Отбасы мүшелерін үйрету кезінде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке ерекшеліктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің осы рәсімдерге дайындық дәрежесі ескеріледі;
5) отбасы мүшелеріне балаларды ТҚА бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдайлар жасау мәселелері жөнінде консультация беру тәрбиелік жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелі жүргізілуіне мүмкіндік береді;
6) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабілетін, олардың таңдаған кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.
7) үйде қызметтер көрсету жағдайларында балаларға, ТҚО бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы Стандартқа 4-қосышада көрсетілген.
28. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызметтер көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетуге:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедекттігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау;
2) қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;
3) мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады
29. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;
2) қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезінде қызметтерді алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі ескеріледі.
30. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
31. Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және әр түрлі мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша өткізіледі;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталады;
3) қызметтерді алушыларды концерттік бағдарламалар мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді;
4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді.
32. Үйде қызмет көрсететін ұйым жағдайларынада әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
1) Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14 – тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және аботбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.
33. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
34. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
6) қызметтерді алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
7) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдесу;
8) қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;
10) қызметтерді алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
35. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді;
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызметтерді алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
6) отбасында қызметтерді алушыға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау сот процесіне қатысуға негізделеді;
7) жауапкершілікке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді шешу үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға балаларын, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ұсынымдар ресімдеу.
36. Үйде қызметтер көрсету ұйымында мамандардың жұмыс сапасы үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы немесе уәкілетті орган:
1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар;
2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;
3) өзін-өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының алдыңғы жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша бағаланады.
37. Үйде қызметтер көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде қосымша мамандарды тартуға болады.
38. Үйде қызметтер көрсету ұйымының мамандары қызметтерді алушыларға баруды үйде қызметтер көрсету ұйымның басшысы бекітетін қызметтерді алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметтерді алушыға барған күні үйде қызметтер көрсету ұйымының мамандары нысаны осы Стандартқа 5-қосымшада көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы қызметтерді алушыда (заңды өкілінде) болады және ай аяқталған соң күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
39. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы немесе үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасайды, оның ішінде:
1) қажетті техникамен және байланыспен, оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық, дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
2) персоналды қызметтерді алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
3) персоналды қажет болған кезде көлік құралымен, жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар) қамтамасыз ету.
40. Үйде қызметтер көрсету ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысында сақталады және қызметтерді алушылар немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және (немесе) құрылайшы ай сайын қарайды.
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсету керек)
үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке алуыңызды сұраймын.
Туған күні ______ жылғы "____" __________________
Тұратын жері ________________________________________________________
Телефон нөмірі (үйдің, ұялы)___________________________________________
Мүгедектік санаты (бар болса)__________________________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстығын көрсету керек)
____________________________________________________________________
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.
Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.
Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________________________
күні 20__ жылғы "___" ________________________________________________
___________________________________________________ өтінішті қабылдады.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымын көрсету)
Қолы _____________ Күні 20__ жылғы "___" _____________________________
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________
Туған күні _____ жылғы "___" _________
Үйінің мекенжайы _________________________________________________
Қысқаша анамнез (ауру анамнезі, өмір анамнезі, тұқым қуалаушылық, инфекциялық
аурулармен ауыруы (ауыруының атауы, ауыру уақыты), аллергиялық реакцияға
(препараттардың төзімділігін қоса алғанда)):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,
бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):
невропатолог _____________________________________________________
психиатр _________________________________________________________
_________________________________________________________________
дерматовенеролог ________________________________________________
_________________________________________________________________
фтизиатр (флюорография мәліметтерінің болуы міндетті)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
терапевт/педиатр__________________________________________________
_________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі
_________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі
_________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(үйде қызмет көрсету ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)
Мөрдің орны.
Медициналық ұйымның басшысы: ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20___ жылғы "___" ___________.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметер көрсету стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу актісі *
№ _____
1. Қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________________
2. Туған күні _____ жылғы "___" __________________________________________
3. Тұрғылықты мекенжайы
______________________________________________________________________
4. Телефон нөмірі
______________________________________________________________________
5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрі және мөлшері
______________________________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы
______________________________________________________________________
7. Соңғы жұмыс орны
______________________________________________________________________
8. Балалары және жақын туыстары туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), тұратын жері, жұмыс орны, байланыс телефондары)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
9. Тұрмыс жағдайы
_____________________________________________________________________
(жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй)
_____________________________________________________________________
(пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа)
_____________________________________________________________________
(нешінші қабат екенін, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан жылытыла
ма екендігін, лифтінің болуын және басқаны көрсету)
_____________________________________________________________________
(басқа да жағдайлар)
10. Аулалық учаскенің болуы ___________________________________________
Актіні жасаған адам ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Күні 20___ жылғы "___"_________
Ескертпе: Мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үшін толтырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 4-қосымша |
Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы
Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейі не, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктері не қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейі н созылады;
2) әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейі н;
3) әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейі н;
4) әлеуметті к дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткізіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
20__ жылғы _______ Ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы
Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы
_______________________________________________________________
Қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________
Тіркелген күні 20___ жылғы "____" ____________
Күні | Көрсетілген қызметтерді көрсету белгісі тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың лауазымы | Сапа белгісі (түсініктемелер мен ұсыныстар, қызметтерді алушы немесе заңды өкілдер толтырады) |
1 | 2 | 3 |
Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген. Әрбір қызмет алушы үшін әрбір күнтізбелік ай үшін толтырылатын жеке журнал жасалады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 4 қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (бұдан әрі – қызметтерді алушылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату және ауыстыру шарттарын айқындайды.
2-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары
3. Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Уақытша болу ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының уақытша болу ұйымындағы өтінішінен деректерді енгізеді.
4. Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.
5. Жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін қызметтерді алушылардың уақытша болу ұйымында тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.
6. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21.00-ден 9.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 18.00-ден 10.00-ге дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.
7. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің түнгі уақытында ұсынылады.
8. Қызметтерді алушылардың жеке қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызметтерді алушыға ресоциализация туралы шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді. Шарт осы Стандартқа 2-қосымшада көзделген нысан бойынша жасалады.
9. Шарт қызметтерді алушыны уақытша болу ұйымының мамандары ол түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бақылағаннан кейін әзірленеді және кейінгі екі жұмыс күні ішінде қызметтерді алушымен жасалады.
10. Шартта:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілетін көлемі мен түрлері;
2) уақытша болу ұйымы мен қызметтерді алушының құқықтары мен міндеттемелері көрсетіледі.
11. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.
12. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.
13. Уақытша болу ұйымынан қызметтерді алушыларды шығару:
1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші;
2) қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда;
3) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;
4) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;
5) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Қызметтерді алушыларды білім беру ұйымында оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.
Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызметтерді алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.
15. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызметтерді алушылар медициналық ұйымның және мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.
16. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге жатады.
17. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір өңірде орналасқан уақытша болу ұйымынан елдің өзге өңірінде орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті өңірлердің уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
18. Қызметтерді алушылар:
1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған;
2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;
3) қызметтерді алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.
Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау ұйымында болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;
4) өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;
5) қызметтерді алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.
Шығаруға осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер куәгерлердің жазбаша айғақтамаларымен расталады.
Осы тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша уақытша болу ұйымынан шығарылған қызметтерді алушылармен осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан соң ресоциализация туралы шарт жасалады.
19. Қызметтерді алушыларды шығару, шығарып жіберу немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша болу ұйымы басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.
20. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызметтерді алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқкиімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.
3-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі
21. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) қызметтерді алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) төсек орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және іш киіммен қамтамасыз ету осы Стандартқа 3-қосымшада көзделген нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызметтерді алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен қамтамасыз етіледі;
3) жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
4) жүріп-тұруы қиын және өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың болуы үшін жағдай жасау;
5) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
6) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
7) тұрмыстық өз-өзіне қызметтер көрсету үшін жағдай жасау (жеке іш киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу);
8) санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жеріне жөнелтуге жәрдемдесу.
Жүріп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жеріне дейін ілесіп баруды қамтамасыз етеді;
10) тұратын жері бойынша тіркелу үшін құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу;
11) тамақ ұсыну;
12) емдеу, оқу үшін қызметтерді алушыларды тасымалдауға көлік қызметтерін ұсыну;
13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде) көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) қызметтерді алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) койка-орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
3) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
4) санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
22. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызметтерді алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Санитариялық-эпидемиялық нормалар мен қағидаларға, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға сай келетін барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар персоналдың, қызметтерді алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әр түрлі факторлардың әсерінен және қолайсыз жағдайлардан қорғалған болады.
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызметтер көрсетілетін қызметтерді алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
2) уақытша болу ұйымы мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
Әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызметтерді алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, іш киім Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
4) қызметтерді алушыларға берілетін іш киім киюге ыңғайлы, қызметтерді алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
5) ыстық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділік және калориялық талаптарға жауап береді, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
Уақытша болу ұйымдарының басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
6) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызметтер көрсетуші персонал қызметтерді алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
7) қызметтерді алушыларды емдеу, оқыту үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
8) тұрмыстық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтлығына жауап береді.
23. Әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және ілесіп жүру;
3) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) ОЖБ-ға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге, санаторий-курорттық емделуді алуға жәрдемдесу;
7) профильді маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
8) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), сондай-ақ мобильді әлеуметтік патруль қызметтері мынадай әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетеді:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
24. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу қызметтерді алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
3) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
4) қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу жедел және уақтылы жүргізіледі;
5) медициналық ұйымдарда профилактикалық тексеруден, диспансерлеуден, иммундаудан өтуге жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес көрсетіледі;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жүргізіледі.
Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетілуге тиіс;
8) ОЖБ-ға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, санаторий-курорттық емделуді, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
9) санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
10) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызметтерді алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;
11) денсаулық сақтау ұйымдарының білікті мамандарынан консультация алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді.
25. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және тұлғалық зерттеу;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) қызмет алушылармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық көмек;
6) қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
26. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Психологиялық консультация беру қызметтерді алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға әрі проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) қызметтерді алушылардың психологиялық диагностикасы уақытша болу ұйымының психологы әзірлеген психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
3) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық түзету қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (оның ішінде жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар) жеңуді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
4) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызметтерді алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтауды және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
7) шұғыл психологиялық көмек қызметтерді алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
8) психологиялық алдын алу жұмысы қызметтерді алушыларда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзылушылықтарды уақтылы алдын алуға мүмкіндік тұғызады;
9) сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
27. Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) қызметтерді алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
3) кәсіби бағдарлау;
4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
5) қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу жатады.
28. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызметтерді алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызметтерді алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметтерінің түрлері тағайындалады;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және қызметтерді алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әр түрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
3) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
4) кәсіптік білімі жоқ қызметтерді алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
5) қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызметтерді алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
29. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), мобильді әлеуметтік патруль қызметі қызметтерді алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
30. Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мәдени-патриоттық және тынығу іс-шараларын өткізу уақытша болу ұйымының басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
3) қызметтерді алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына ықпал етеді;
4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру уақытша болу ұйымы ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
31. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14 – тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
32. Әлеуметтік-экономикалық қызметтерді көрсету сапасына қойылатын талаптар:
қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
33. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
3) қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарды қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационар үлгідегі ұйымдарға орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.
34. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
35. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және уәкілетті орган оңалтылған және қалыпты өмір сүру салтына қайтып оралған қызметтерді алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
36. Уақытша болу ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт негізінде қосымша мамандарды тартуға болады.
37. Уақытша болу ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу ұйымының басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабын уақытша болу ұйымының басшысы апта сайын, ал ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – ай сайын қарайды.
ӨТІНІШ
Мені әлеуметтік бейімдеу және оңалтудан өту үшін уақытша болу ұйымына қабылдауды сұраймын.
Өзім туралы мынадай ақпаратты хабарлаймын:
Туған күні "__" _________________ ____ жыл
Туған жері: __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат (болған кезде):_________________________
____________________________________________________________________
Білімі: ______________________________________________________________
____________ жылы тұрғын үйімнен айырылдым, айырылған тұрғын үйімнен
мекенжайы
____________________________________________________________________
Тұрғын үйімнен айырылу себебім _______________________________________
Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы:
____________________________________________________________________
Тіркелген мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша тұрудың мүмкін болмауының себебі
(егер баспанасынан айырылмаған болса) ________________________________
____________________________________________________________________
Жақын туыстары туралы деректер: ______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тұру және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.
Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін. Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.
Сондай-ақ, өзім туралы жалған ақпарат берген жағдайда, мен уақытша болу ұйымынан бірден шығарылатыным туралы ескертілдім.
________________ (қолы) "____" ___________ ______ жыл.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Ресоциализация туралы үлгілік шарт
_________________________________________________________ атынан
(уақытша болу ұйымының атауы)
_____________________________________________, (бұдан әрі – Орталық)
бір (басшының тегі аты-жөні (бар болса) тараптан және _________________
(бұдан әрі – қызметтерді (қызметтерді алушының тегі аты әкесінің аты
(бар болса) алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар,
төмендегі туралы осы Шартты жасасты:
1. Шарттың нысаны
Қызметтерді алушыға Орталық ресоциализацияға (жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
2. Орталықтың құқықтары:
1) қызметтерді алушының оқуға және жұмыс орнына баруын бақылауды жүзеге асыру;
2) мүдделі адамдардан қызметтерді алушылардың оқу процесі, жұмыс орнына баруы және үлгерімі туралы қажетті ақпаратты сұрату;
3) қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан жалтару жағдайында біржақты тәртіппен шартты бұзу;
4) одан әрі тұру мақсатында ұсынылған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйде тұрудан бас тартқан жағдайда біржақты тәртіппен шартты бұзу.
3. Орталықтың міндеттері:
1) қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды (даярлау, қайта даярлау) ұйымдастыру
______________________________;
4) тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
5) келешекте тұру мақсатында қол жетімді жалдамалы тұрғын үй іздестіруді жүзеге асыру;
6) қызметтерді алушыға сыйластықпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттемелеріне атүсті қарауға жол бермеу.
4. Қызметтерді алушының құқықтары:
1) ресоциализация процесі туралы ақпарат алу;
2) кәсіп және жұмыс орнын таңдауға қатысу.
5. Қызметтерді алушының міндеттемелері:
1) ресоциализация процесіне белсенді түрде қатысу;
2) _________________ мамандығы бойынша оқу курсынан табысты өту;
3) ұсынылатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
4) Орталық персоналына сыйластықпен қарау;
5) осы шарттың талаптарын сақтау.
6. Шартты бұзу талаптары
Осы шарт мынадай негіздемелер:
1) қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелерді (оқу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй іздестіру) орындамау немесе орындаудан бас тарту;
2) қызметтерді алушының Орталық персоналына негізсіз дөрекілік таныту және айып тағу бойынша бұзуға жатады.
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету денсаулық сақтау ұйымында қызметтерді алушы болған кезеңінде тоқтатылады.
8. Қорытынды ережелер
Шарт бірдей заң күшімен тараптардың әрқайсысы үшін екі данада жасалды және қол қойылды.
Орталық директоры _________________________ ______________
(Тегі аты-жөні (бар болса) (қолы)
Қызметтерді алушы _________________________ _______________
(Тегі аты-жөні (бар болса) (қолы)
Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 3-қосымша |
Уақытша болу ұйымдарына арналған төсек-орын және ішкиім, жеке гигиеналық құралдар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | 1 төсек-орынға | |
Норма |
Мерзімі | |||
1 | Ақжайма | дана | 3 | 1 |
2 | Сейсеп | дана | 3 | 1 |
3 | Жастық тысы | дана | 3 | 1 |
4 | Сүлгі | дана | 1 | 1 |
5 | Матрац | дана | 1 | 1 |
6 | Жастық | дана | 2 | 3 |
7 | Көрпе | дана | 2 | 3 |
8 | Жамылғы | дана | 1 | 2 |
9 | Трусы | дана | 3 – бір қызметтерді алушыға | 1 |
10 | Майка | дана | 2 – бір ер адамға | 1 |
11 | Бюстгальтер | дана | 2 – бір әйелге | 1 |
12 | Шұлық | дана | 6 – бір қызметтерді алушыға | 1 |
13 | Тіс щеткасы | дана | 1 – бір қызметтерді алушыға | 3 ай |
14 | Тіс пастасы | миллилитр | 900 | 1 |
15 | Иіс сабын | грамм | 1200 | 1 |
16 | Резина клеенка | дана | қажеттілігіне қарай, бірақ бір төсек-орынға 1 данадан артық емес | 1 |
17 | Әйелдерге арналған сіңіргіш төсемелер | дана | қажеттілігіне қарай, бірақ бір әйелге айына 16 данадан артық емес | |
18 | Жаялықтар | дана | уақытша болу ұйымы дәрігерінің қорытындысы бойынша, бірақ күніне ресоциализация туралы шарт жасаған бір қызметтерді алушыға 1 данадан артық емес |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 5 қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушылар) күндіз болуға (күніне бір сағаттан төрт сағатқа дейін), уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе ұзақ тұруға (шарт ұзартылған жағдайда) арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну көлемін және оның шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, ұйымның қызмет тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
3. Осы стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) адам саудасының құрбаны – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықтан тікелей зардап шеккені жөнінде пайымдауға негіз бар жеке тұлға;
2) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру –Әлеуметтік кодекстің 133 бабының 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарның бірлескен бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне (бұдан әрі – Критерийлер) сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге жатқызу;
3) қайта әлеуметтендіру – индивидтің үзілген әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге немесе жағдаяттармен нашарлаған әлеуметтік байланыстарын нығайтуға бағытталған психологиялық, педагогикалық, кәсіби және заңды шаралар кешені, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын отбасы мен қоғамға қайта интеграциялауға бағытталған өзге де іс-шаралар.
2-тарау. Адам саудасының құрбандарын ұйымға қабылдау және оларды сәйкестендіру шарттары
4. Ұйымдар көрсетілетін қызметтерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін оларды ұйымға қабылдауды көрсетілетін қызметтерді алушының нақты тұратын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініші немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі істер жөніндегі уәкілетті органдардың (бұдан әрі – уәкілетті орган) жазбаша жолдамасы бойынша (адам саудасының құрбаны деп танылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде) ұйымдар жүзеге асырады.
5. Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушының өтініші негізінде жүгінген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен бірлесіп Критерийлерге сәйкес адам саудасының құрбанын сәйкестендіруді жүргізеді.
6. Ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықты анықтаған (айқындаған) кезде, адам саудасының құрбанын сәйкестендіруді ішкі істер органдары уәкілетті органмен, ұйыммен бірлесіп жүргізеді.
7. Сәйкестендіру жеке контакті кезінде әңгімелесу түрінде (бұдан әрі – әңгімелесу) жүргізіледі. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады.
8. Әңгімелесу жүргізуге мынадай талаптар қойылады:
1) анықталған адам тұрған ұйым, адамды сәйкестендіруге уәкілетті адамның жұмыс орны, өзге де үй-жай әңгімелесу жүргізу орны болып табылады;
2) әңгімелесу жүргізуге арналған үй-жай қауіпсіз, оқшауланған, жарық әрі жылы;
3) әңгімелесу жүргізу кезінде уәкілетті маман басқа жұмысты орындауға, телефон қоңырауларына жауап беруге, басқа адамдармен сөйлесуге алаңдамайды.
9. Егер адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес оны сәйкестендіру талап етілмейді.
10. Егер ұйымға жүгінген адам, адам саудасының құрбаны деп сәйкестендірілген жағдайда, ұйым бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға рұқсат алу үшін оның өтінішімен бірге бағалау парағын уәкілетті органға жолдайды.
Егер жүгінген адам, адам саудасының құрбаны деп сәйкестендірілмеген жағдайда, оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.
11. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу қорытындылары бойынша осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес есеп жасалады.
12. Уәкілетті орган бағалау парағын және өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға рұқсатты береді және келісілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұйымға жібереді.
Ұйым рұқсатты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушымен қайта әлеуметтендіру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) қайта әлеуметтендіру туралы үлгілік шарт негізінде жасасады.
13. Шарттың қолданылу мерзімі 6 айды құрайды. Шартты ұзарту мынадай:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты қылмыстық істің іс жүргізумен аяқталмауы;
2) көрсетілетін қызметтерді алушы медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдау негіздері бойынша, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
14. Егер жүгіну сәтінде оларға қатысты заңды өкілі болып табылатын адамның қасында кәмелетке толмаған балалар болса, онда ұйымға балалармен бірге қабылдау жүзеге асырылады.
15. Ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен бірге түсетін балалар көрсетілетін қызметтерді жеке алушылар ретінде есептеледі.
16. Баланың заңды өкілдері болмаған жағдайда, ұйым қамқоршылық және қорғаншылық органдарын хабардар етеді және баланы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына береді.
17. Ұйымға түскен адам тіркелуге тиіс.
Ұйым мамандары осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушының ұйымға тіркелу карточкасын толтырады.
Көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасын толтырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уақытша болу және тұру ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасынан деректерді енгізеді.
18. Көрсетілетін қызметтерді алушы ішкі істер органдарына өтініш беруден бас тартқан жағдайда, ұйым өз бетінше үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушының дербес деректерінің құпиялылығын ескере отырып, адам саудасымен байланысты жүгіну фактісі туралы ішкі істер органдарына ақпарат жібереді.
3-тарау. Ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тәртібі
19. Адам саудасының құрбандары деп танылған адамдарға қайта әлеуметтендіру туралы шарт жасалғанға дейін төмендегідей көлемде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыларға тамақ ұсына отырып, оларды уақытша орналастыру;
2) алғашқы медициналық тексеру жүргізу және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
3) өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
4) төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну.
20. Қайта әлеуметтендіру туралы шарт жасаған көрсетілетін қызметтерді алушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеке жоспарға сәйкес мынадай көлемде және түрлерде алады:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру;
төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну;
оңалту, емдік, білім беру, мәдени іс-шаралар, еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағдар беру үшін жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайлар беру;
өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
жол жүру құжаттарын сатып алу немесе жол жүру уақытында тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы бұрын тұрған жеріне жіберуге жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді алушының тұрғылықты жеріне әлеуметтік қызметкер ілесіп барған жағдайларда, іссапар шығыстарын төлеу;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағының негізінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ өнімдерін ұсыну;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды емдеу, оңалту, оқыту, мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына қатысу үшін көлікпен тасымалдау қызметтерін ұсыну;
хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету (қажеттілігіне қарай);
ұйым жүріп-тұруында қиындығы бар адамдарға және шетелдіктерге межелі жеріне дейін ілесіп жүруді (қажеттілігіне қарай) қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
берілетін тұрғын үй-жайлар осы Стандарттың 24-тармағының көлемдері мен басқа да көрсеткіштеріне қарай (ғимараттар мен үй-жайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұру қолайлылығын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушыларды тұрғын үй-жайларға (бөлмелерге) орналастыру кезінде, олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психологиялық жай-күйі, бейімділіктері, психологиялық үйлесімділігі, тұлғалық даму, әлеуметтендірілу деңгейі және туыстық дәрежесі ескеріледі.
Әлеуметтік-еңбек қызметін ұйымдастыру, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету үшін ұсынылатын үй-жайлар көлемдеріне, орналасуына және конфигурациясына қарай көрсетілетін қызметтерді алушылардың ерекшелігін ескере отырып, осы үй-жайларда жоғарыда аталған барлық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
ұйым мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және жабдықпен жарақтандырылады;
әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға пайдалануға берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға берілетін киім, аяқкиім, ішкиім және басқа да ең қажетті заттар кигенде ыңғайлы, көрсетілетін қызметтерді алушылардың жынысына, бойына және өлшемдеріне, санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
тамақ сапалы өнімдерден дайындалады, теңгерімділік пен калорий талаптарына жауап береді, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді және көрсетілетін қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы ескеріле отырып ұсынылады;
емдеу, оқыту үшін көрсетілетін қызметтерді алушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
2) әлеуметтік-медициналық қызметтер:
алғашқы медициналық тексеру мен бастапқы санитариялық өңдеу жүргізу;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, ем алуға мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және оларға ілесіп жүруге жәрдемдесу;
сот-медициналық, медициналық-әлеуметтік, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультациялар беруіне жәрдемдесу;
емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу.
Әлеуметтік-медициналық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
емдік манипуляциялар жүргізу көрсетілетін қызметтерді алушыларға қандай да бір зақым келтірмей, аса мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызу немесе емдеуге жатқызуға жәрдемдесу оперативті түрде және уақтылы жүргізіледі;
салауатты өмір салтын насихаттау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу бойынша жеке жұмыс жүргізу зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі тұтыну, шылым шегу) келеңсіз салдарын, олар әкеп соқтыратын теріс нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайларға байланысты осы әдеттердің алдын алу немесе еңсеру бойынша қажетті ұсынымдармен сүйемелденеді;
медициналық-әлеуметтік, сот-медициналық, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетіледі;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар ауруларының, жарақаттануларының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;
денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарының консультациясын алуға жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емделуін қамтамасыз етеді;
3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
жеке адамды психологиялық диагностикалау және тексеру;
әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде қадағалау);
көрсетілетін қызметтерді алушылармен психологиялық- профилактикалық жұмыс;
психологиялық консультация беру;
шұғыл психологиялық көмек;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қатынаста болу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру;
психологиялық тренингтер;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;
өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізу.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
психологиялық консультация беру көрсетілетін қызметтерді алушыларға даулардың алдын алу және еңсеру үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жөнге салу бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушыдан алынған ақпараттың негізінде психологиялық консультация беру және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға, осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық диагностикалау ұйымның психологы әзірлеген психологиялық-диагностикалық топтаманың негізінде жүзеге асырылады. Тұлғаны көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлықтарындағы ауытқулар мен айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынастарына ықпал ететін олардың психикалық жай-күйі мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындау және талдау нәтижелері бойынша психологиялық диагностикалау және тексеру түзету іс-шараларын жүргізу жөнінде болжам жасауға және ұсынымдар әзірлеуге қажетті ақпаратты береді;
психологиялық түзету белсенді психологиялық әсер ету ретінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоциялық жай-күйіндегі ауытқуларды (жекелеген адамдардың эмоциялық ден қоюы мен мінез-құлық стереотиптерінің қолайсыз түрлерін, даулы қарым-қатынастар мен мінез-құлқындағы басқа да ауытқуларды) еңсеруді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл осы көрсеткіштерді жас нормаларына және әлеуметтік ортаның талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
психологиялық тренингтер белсенді психологиялық әсер ету ретінде психологиялық-жарақаттаушы ахуалдардың салдарын, жүйке-психикалық шиеленісті жоюда, тыныс-тіршіліктің әлеуметтік емес түрлерін еңсеретін адамдар бойында әлеуметтік құнды мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда, оларды өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастыруда тиімділігімен бағаланады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды жүйелі түрде қадағалау негізіндегі әлеуметтік-психологиялық патронаж психикалық жайсыздық, тұлғалық (ішкі тұлғалық) немесе тұлғааралық даулы жағдайларды және көрсетілетін қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайының күрделенуіне ықпал ететін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға сол сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушыларға жайсыз күйден шығуға, олардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, стреске төзімділікті, психологиялық мәдениет деңгейін арттыруда, бірінші кезекте, тұлғааралық қарым-қатынастар, дауларды шешу және қарым-қатынас саласында көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
шұғыл психологиялық көмек көрсетілетін қызметтерді алушыларға кідіртпестен психологиялық консультация беруді, олардың дағдарыстық күйден шығуы үшін физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өз бетінше шешу және қиындықтарды еңсеру үшін олардағы қолайлы құралдар диапазонын кеңейтуге, өзіне деген сенімділікті нығайтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
психологиялық-профилактикалық жұмыс көрсетілетін қызметтерді алушылардың психологиялық білім алу қажеттілігін және оны өзімен және өз проблемаларымен жұмыс жасау үшін пайдалану ниетін қалыптастыруға ықпал етеді, әрбір оңалту кезеңінде тұлғаның толыққанды психикалық дамуы, тұлғаның дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алу үшін жағдай жасайды;
әңгімелесулер, қарым-қатынас жасау, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусты психологиялық қолдау көрсетілетін қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын арттыруды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
кәмелетке толмаған балалардың ұйым орналасқан жерде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өтуіне жәрдемдесу;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар әзірлеу;
құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
ұйымда уақытша тәулік бойы немесе ұзақ уақыт болған жағдайда, үй жағдайларында кәмелетке толмаған балаларды білім беру процесіне қосуға жәрдемдесу;
дамуы тежелген және бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде немесе оңалту орталықтарында, ұйымдарында немесе ұйым орналасқан жерде түзету-дамыту көмегінің кепілдік берілген көлемін алуына жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, білім алуларына жәрдемдесу.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді ұсынуға қойылатын талаптар:
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру үшін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау ұйым жағдайларында баламен тәрбие және педагогикалық жұмыс жүргізу бағыттары мен мазмұнын айқындауға мүмкіндік береді;
құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар өткізу зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайларының алдын алуды қамтамасыз етеді;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар әзірлеу білікті мамандардың ұсынымдарын ескеру арқылы баламен және баланың өзінің қажеттіліктерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау құрылымын қамтамасыз етеді;
балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды ұйым орналасқан жердегі жалпы білім беретін мектеп жүзеге асырады және ол баланың қауіпсіздігін ескере отырып, үйде оқыту нысанында ұсынылады;
балаларды оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді білім беру ұйымы жүзеге асырады;
5) әлеуметтік-еңбек қызметтері:
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөнінде іс-шаралар өткізу;
кәсіптік бағдарлауға және консультация беруге жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптер мен практикалық дағдыларға, оның ішінде еңбекпен емдеу қызметі, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық пайдалы жұмыстар арқылы үйрету жөнінде іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу.
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
көрсетілетін қызметтерін алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, көрсетілетін қызметтерді алушылардың физикалық және психикалық жай-күйі ескеріле отырып жүргізіледі;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып, олардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбекпен емдеу қызметінің түрлері тағайындалады;
қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу ұйым аумағында, күндіз жұмыспен қамту ұйым кабинеттерінде жүзеге асырылады және көрсетілетін қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды тіршіліктің түрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шаралар көрсетілетін қызметтерді алушының тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал етеді;
кәсіптік білімі жоқ көрсетілетін қызметтерді алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесетін іс-шаралармен сүйемелденеді;
6) әлеуметтік-мәдени қызметтер:
мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру;
үйірме жұмысын ұйымдастыру;
қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтерді алушыларды мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына тарту;
мамандардың қатысуымен телефон байланысы және (немесе) Интернет желісі арқылы телефонмен немесе скайппен туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндігін ұсыну.
Әлеуметтік-мәдени қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларын өткізу ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады;
үйірмелер мен бос уақытты өткізу қызметін ұйымдастыру көрсетілетін қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды концерттер мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлері бағдарламасының жобаларын әзірлеуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ойлау қабілетін кеңейтуге, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді;
мамандардың қатысуымен телефон байланысы және (немесе) Интернет желісі арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндіктерін ұсыну агрессия рецидивін болдырмау, көрсетілетін қызметтерді алушының мүліктік, азаматтық және өзге де құқықтарын қорғау мәселелерін шешуді жеделдетуді және неғұрлым тиімді шешуді қамтамасыз етеді;
7) әлеуметтік-экономикалық қызметтерге Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14 – тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
Әлеуметтік-экономикалық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
көрсетілетін қызметтерді алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті әрі тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтарға, құжаттарды қалпына келтіруге, тұрақты тұратын жеріне қайта оралуға, алименттерді, келтірілген залал үшін өтемақы өндіріп алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;
адам саудасының фактілерін тергеу, сот өндірісі және оны атқару шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдесу;
мемлекеттің дипломатиялық және консулдық өкілдіктеріне азаматтық тиесілілік бойынша қол жеткізуге жәрдемдесу;
заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
келген жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру;
Елшіліктерге, сыртқы істер, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне арыздар (өтініштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсету;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсету;
заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушының мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеу;
іс құжаттарын, нысандары мен материалдарын көрсетілетін қызметтерді алушының ана тіліне аудару;
медициналық тексерулер кезінде сотта, мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар мен мекемелерде аудармашымен (мүмкіндігінше, көрсетілетін қызметтерді алушымен бір жынысты) қамтамасыз ету.
сот-тергеу органдары мен мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді алушының мүдделерін білдіру.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:
көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғану тәсілдері туралы толық мағлұмат береді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама мәселелері бойынша және басқа да мәселелер бойынша консультация беру оларға өздерін қызықтыратын заңнамалық актілер мен қозғалатын мәселелердегі құқықтар туралы мағлұмат береді;
құжаттарды (өтініштер, шағымдар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауға және оларды тиісті адресаттарға жіберуге көмектесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтірумен (қорғаумен) байланысты мәселелердің практикалық шешілуін қамтамасыз етеді;
медициналық тексерулер кезінде, сотта, мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар мен мекемелерде аудармашының қатысуы алушыны проблемаларды шешу процесіне қосуды қамтамасыз етеді, қайталанатын агрессияның алдын алуға оның қабілетін арттырады.
4-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату және көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару шарттары
21. Ұйым мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметтерді алушылардың еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша;
2) шарт бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
3) шарттың талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;
4) жеке жоспардың іс-шаралары көзделген мерзімнен бұрын орындалған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтауды жүзеге асырады.
22. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйым осы стандарттың 6-тармағында айқындалған медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда тоқтатады.
Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметтерді алушы заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті медициналық ұйымдарға, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына жіберілуге немесе ауыстырылуға тиіс.
23. Көрсетілетін қызметтерді алушылар мынадай жағдайларда:
1) Ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік сусындарды ішке алып кірген және тұтынған, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы іс-қимылдар жасаған кезде;
2) көрсетілетін қызметтерді алушы ұйым аумағынан өз еркімен кеткен және ұйым әкімшілігіне ескертпей, үш тәуліктен көп уақыт болмаған жағдайда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.
Ұйым аумағынан кетіп қалған адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негіздерде қайта қабылданады, ал дәлелді себептермен (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесінде болу, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты қылмыс жасалған және басқа да жағдайларда) бұл туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған адам – дереу қайта қабылдануға тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерді алушылар тарапынан негізсіз жәбірлеп, айыптаған, шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушы денсаулық сақтау мекемесінде болған кезеңге тоқтатылады.
24. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату, көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару, басқа ұйымға жіберу немесе ауыстыру ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
25. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аяқталған, тоқтатылған, көрсетілетін қызметтерді алушылар ұйымнан шығарылған, басқа ұйымға жіберілген немесе ауыстырылған кезде оларға жеке және маусымға байланысты бекітілген киім мен аяқкиім, ұйымда сақталатын олардың құнды заттары (құжаттары) беріледі.
26. Ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол ұйым басшысында сақталады және көрсетілетін қызметтерді алушылар мен келушілердің алғашқы талап етуі бойынша ұсынылады.
27. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ай сайын ұйым басшысы қарайды
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Ұйымның басшысына
_______________________________________________________________
(Ұйымның атауы)
_______________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________________________
Өтініш
Мені (және баланы (балаларды)* адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсететін ұйымға қайта әлеуметтендіруге қабылдауыңызды сұраймын.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ұйымға қабылдау, орналастыру, шығару көрсетілетін қызметтерді тоқтату шарттарымен, ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.
Сондай-ақ өзім туралы көрінеу жалған ақпарат беру фактілері жөнінде ескертілді.
20____ жылғы "____" __________ ______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
* қажет болған жағдайда туыстық немесе өзге де байланыстарды, тегі, аты, әкесінің аты
бар болса және туған күнін көрсету керек
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау парағы ____________________________________
(бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/c № | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған көрсеткіштер (балдар) |
1 | Адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты | |
2 | Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану | |
3 | Мәжбүрлі еңбек мақсатында адамды саудаға салу/мәжбүрлі еңбек | |
4 | Баланы заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу | |
5 | Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу | |
6 | Адамның органдарын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу | |
Блок бойынша жиыны | ||
7 | Адамға қатысты жасалған әрекеттер | |
8 | Сатып алу-сату, өзге де мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар) | |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы | |
10 | Кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі | |
11 | Адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу | |
12 | Кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер | |
13 | Азғырып-көндіру – зардап шегушіні жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, оның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу | |
14 | Тасымалдау – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, оның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет | |
15 | Беру – зардап шегушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру | |
16 | Жасыру – зардап шегушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету) | |
17 | Алу - адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін тікелей алу | |
18 | Пайдалану мақсатында ұрлау | |
19 | Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру | |
Блок бойынша барлығы | ||
20 | Адамға қатысты пайдаланылған құралдар | |
21 | Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту | |
22 | Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану | |
23 | Алдау немесе сенімге қиянат жасау | |
24 | Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану | |
25 | Материалдық немесе басқа тәуелділікті пайдалану | |
26 | Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану | |
27 | Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою | |
Блок бойынша барлығы | ||
28 | Адамға келтірілген зиян | |
29 | Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау | |
30 | Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу | |
31 | Адамның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру | |
32 | Адамның өміріне қауіпті, көруден, тілден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтіру | |
Блок бойынша барлығы | ||
Жалпы нәтиже |
______________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды
ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылады .
______________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды
ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп
танылмайды.
______________________________________________________________
(қолы) (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Ұйым маманы ______ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті
органының өкілі ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Ішкі істер органының өкілі _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп
1. Тегі _______________________________________________
2. Аты ____________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болса) ___________________________
4. Күні мен уақыты _____________________________________
5. Өткізу орны (мекеменің атауы және мекен-жайы)
_____________________________________________________
6. Мән-жайлар (сәйкестендіру сәтіндегі бар (мысалы, ұйым қызметкерлерінің болуы,
алып жүрушілер) және фактіге қатысты ақпарат ________________________________
_________________________________________________________
7. Сұрау негізінде зардап шегушімен не болғандығы туралы ақпарат (болжалды қатыгез
қарым-қатынас әдістерін, болжалды қатыгез қарым-қатынасты қолдану уақытын және
физикалық немесе психологиялық жай-күйіне түскен шағымдарды қоса алғанда)
_______________________________
8. Сәйкестендіруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
___________________________________________________________
Ескертпе:
Есеп құпия сипатта болады.
Құқық қорғау органдарына тек жазбаша сұрау салу болған кезде және зардап шегушінің жазбаша келісімімен ғана беріледі.
Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін орындау кезінде иелігінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.
Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін орындау кезінде иелігінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.
Сәйкестендіруге уәкілетті тұлғаға мәліметтерді жария етуге және үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Қайта әлеуметтендіру туралы үлгілік шарт
________________________________________________________атынан
(ұйым субъектісінің атауы)
_____________________________________ (бұдан әрі – ұйым), бір тараптан
және _____________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметтерді алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар
төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың нысанасы
Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушыға қайта әлеуметтендіруге (жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіруге) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Ұйымның міндеттері:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыға құрметпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттеріне салғырттықпен қарауға жол бермеу.
2.2. Ұйымның құқықтары:
1) көрсетілетін қызметтерді алушының Ұйымда болуын бақылауды жүзеге асыру;
2) үшін қажетті ақпаратты сұрату;
3) көрсетілетін қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе тарап оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу;
2.3. Көрсетілетін қызметтерді алушының міндеттері:
1) қайта әлеуметтендіру процесіне белсенді түрде қатысу;
2) Ұйым персоналына құрметпен қарау;
3) осы шарттың талаптарын сақтау.
2.4. Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары:
1) қайта әлеуметтендіру процесі туралы ақпарат алу;
2) Ұйым тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе ұйым оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.
3. Шартты бұзу талаптары
3.1. Осы шарт Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірлеген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 23-тармағында көзделген негіздер бойынша бұзуға жатады.
4. Қорытынды ережелер
Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
Ұйым басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Көрсетілетін қызметтерді алушы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
Ұйымда көрсетілетін қызметтерді алушыны тіркеу карточкасы
1. Тегі _____________________________________________________
2. Аты ____________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
4. Жынысы ________________________________________________
5. Туған күні _______________________________________________
6. Ұлты (көрсетпеуге болады)_________________________________
7. Туған жері _______________________________________________
8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы
__________________________________________________________
9. Қолда бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін сызу)
Құжат түрі | Нөмірі/сериясы | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Кім берді |
Жеке куәлік | ||||
Паспорт | ||||
ЖСН |
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________
11. Білімі ___________________________________________________
12. Кәсібі ___________________________________________________
13. Жақын туыстары туралы деректер __________________________
Р/с | Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған жылы | Тұрғылықты жері |
14. Сотталуы
Р/с | Қылмыстық кодекстің бабы | Өтеу мерзімі | Қашан өтеді | Қайда өтеді |
15. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.) ______________
____________________________________________________________
16. Денсаулық жағдайы _______________________________________
17. Азаматты жіберген ұйым ___________________________________
18. Факт бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабар берiлді ме
19. Азаматтың жеке қолы ______________________________________
20. Күні _____________________________________________________
21. Карточканы толтырған ұйым маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
____________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 6 қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе күндіз болуға (күніне екі сағаттан алты сағатқа дейін) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу және тұру ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу және тұру ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын белгілейді.
3. Осы стандартта пайдаланылатын термин:
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны – Әлеуметтік кодексінің 133 бабының 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарның бірлескен бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) негізінде айқындалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты тікелей құқық бұзушылықтан моральдық, дене және (немесе) мүліктік зиян келтірілген деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға.
2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну сапасына қойылатын талаптар
4. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету үшін:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
уақытша болу және тұру ұйымдарының тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайлары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді;
уақытша болу және тұру ұйымының ғимараты онда болуды қолайлы ету, оған кедергісіз кіруді, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес үй-жайдың ішінде және ғимарат маңындағы аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында техникалық жарақтандырумен және арнайы құрылғылармен қамтамасыз етіледі;
берілетін тұрғын үй-жайлардың көлемдері мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен үй-жайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұру қолайлылығын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушыларды тұрғын үй-жайларға (бөлмелерге) орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас және жыныстық ерекшеліктері, физикалық және психикалық жай-күйі, бейімділіктері, психологиялық үйлесімділігі, тұлғалық даму, әлеуметтендірілу деңгейі және туыстық дәрежесі ескеріледі;
әлеуметтік-еңбек қызметін ұйымдастыру, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету үшін ұсынылатын үй-жайлар көлемдеріне, орналасуына және конфигурациясына қарай көрсетілетін қызметтерді алушыларға қызмет көрсету ерекшелігін ескере отырып, оларда жоғарыда аталған барлық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
ұйым мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және жабдықпен жарақтандырылады;
әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға пайдалануға берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға берілетін киім, аяқкиім, ішкиім және басқа да ең қажетті заттар кигенде ыңғайлы болуға, көрсетілетін қызметтерді алушылардың жынысына, бойына және өлшемдеріне сәйкес келуге, санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келуге тиіс;
тамақ сапалы өнімдерден дайындалады, теңгерімділік пен калорий талаптарына сай болады, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді және қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы ескеріле отырып ұсынылады;
емдеу, оқыту үшін көрсетілетін қызметтерді алушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
2) әлеуметтік-медициналық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
емдік манипуляцияларды жүргізу көрсетілетін қызметтерді алушыларға қандай да бір зақым келтірмей, аса мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызу немесе емдеуге жатқызуға жәрдемдесу оперативті түрде және уақтылы жүргізіледі;
саламатты өмір салтын насихаттау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу бойынша жеке жұмыс жүргізу зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі тұтыну, шылым шегу) келеңсіз салдарын, олар әкеп соқтыратын теріс нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайларға байланысты осы әдеттердің алдын алу немесе еңсеру бойынша қажетті ұсынымдармен сүйемелденеді;
медициналық-әлеуметтік, сот-медициналық, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетіледі;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар ауруларының, жарақаттануларының уақтылы профилактикасына және оларды емдеуге ықпал етеді;
денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарының консультациясын алуға жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді;
3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдардың алдын алу және еңсеру үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жөнге салу бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушылардан алынған ақпараттың және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды олармен талқылаудың негізінде психологиялық консультация беру ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға, осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
Көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық диагностикалау ұйымның психологы әзірлеген психологиялық-диагностикалық топтаманың негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлықтарындағы ауытқулар мен айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынасына ықпал ететін олардың психикалық жай-күйі мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындау және талдау нәтижелері бойынша тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру түзету іс-шараларын жүргізу жөнінде болжам жасауға және ұсынымдар әзірлеуге қажетті ақпаратты береді;
психологиялық түзету белсенді психологиялық әсер ету ретінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоциялық жай-күйіндегі ауытқуларды (жекелеген адамдардың эмоциялық ден қоюы мен мінез-құлық стереотиптерінің қолайсыз түрлерін, жанжалды қарым-қатынастар мен мінез-құлқындағы басқа да ауытқуларды) еңсеруді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл осы көрсеткіштерді жас нормаларына және әлеуметтік ортаның талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
психологиялық тренингтер белсенді психологиялық әсер ету ретінде психологиялық-жарақаттаушы ахуалдардың салдарын, жүйке-психикалық шиеленісті жоюда, тыныс-тіршіліктің әлеуметтік емес түрлерін еңсеретін адамдар бойында әлеуметтік құнды мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда, оларды өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастыруда тиімділігімен бағаланады;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды жүйелі түрде қадағалау негізіндегі әлеуметтік-психологиялық патронаж психикалық жайсыздық, тұлғалық (ішкі тұлғалық) немесе тұлғааралық жанжалды жағдайларды және көрсетілетін қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайының күрделенуіне ықпал ететін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға сол сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушыларға жайсыз күйден шығуға, олардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, стреске төзімділікті, психологиялық мәдениет деңгейін арттыруда, бірінші кезекте, тұлғааралық қарым-қатынастар, жанжалдарды шешу және қарым-қатынас саласында көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
шұғыл психологиялық көмек көрсетілетін қызметтерді алушыларға кідіртпестен психологиялық консультация беруді, олардың дағдарыстық күйден шығуы үшін физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өз бетінше шешу және қиындықтарды еңсеру үшін олардағы қолайлы құралдар диапазонын кеңейтуге, өзіне деген сенімділікті нығайтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
психологиялық-профилактикалық жұмыс көрсетілетін қызметтерді алушылардың психологиялық білім алу қажеттілігін және оны өзімен және өз проблемаларымен жұмыс жасау үшін пайдалану ниетін қалыптастыруға ықпал етеді, әрбір оңалту кезеңінде тұлғаның толыққанды психикалық дамуы, тұлғаның дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алу үшін жағдай жасайды;
әңгімелесулер, қарым-қатынас жасау, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусты психологиялық қолдау көрсетілетін қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын арттыруды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар өткізу зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайларының алдын алуды қамтамасыз етеді;
қажет болған жағдайда оқулықтар мен оқу керек-жарақтарын алуға жәрдемдесу;
5) әлеуметтік-еңбек қызметтері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, көрсетілетін қызметтерді алушылардың дене бітімінің және психикалық жай-күйі ескеріле отырып жүргізіледі;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын, білімдері мен біліктерін қалыптастыру мақсатында көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып, олардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбекпен емдеу қызметінің түрлері тағайындалады;
қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу және тұру ұйымының аумағында, күндіз жұмыспен қамту уақытша болу және тұру ұйымының кабинеттерінде жүзеге асырылады және көрсетілетін қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды тіршіліктің түрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шаралар көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал етеді;
кәсіптік білімі жоқ көрсетілетін қызметтерді алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесетін іс-шаралармен сүйемелденеді;
6) әлеуметтік-мәдени қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларын жүргізу уақытша болу және тұру ұйымының басшысы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады;
үйірмелер мен бос уақытты өткізу қызметін ұйымдастыру көрсетілетін қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды концерттер мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлері бағдарламасының жобаларын әзірлеуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ойлау қабілетін кеңейтуге, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді;
телефон байланысы арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндігін ұсыну агрессия рецидивін болдырмау, көрсетілетін қызметтерді алушының мүліктік, азаматтық және өзге де құқықтарын қорғау мәселелерін шешуді жеделдетуді және неғұрлым тиімді шешуді қамтамасыз етеді;
7) әлеуметтік-экономикалық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
көрсетілетін қызметтерді алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті әрі тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғану тәсілдері туралы толық мағлұмат береді;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама мәселелері бойынша және басқа да мәселелер бойынша консультация беру оларға өздерін қызықтыратын заңнамалық актілер мен қозғалатын мәселелердегі құқықтар туралы мағлұмат береді;
құжаттарды (өтініштер, шағымдар, анықтамалар және хаттар) дайындауға және оларды тиісті адресаттарға жіберуге көмектесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтірумен (қорғаумен) байланысты мәселелердің практикалық шешілуін қамтамасыз етеді.
5. Уақытша болу және тұру ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу және тұру ұйымының басшысында сақталады және көрсетілетін қызметтерді алушылар мен келушілердің алғашқы талап етуі бойынша ұсынылады.
6. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ай сайын уақытша болу және тұру ұйымының басшысы қарайды.
7. Ұйым мамандарының жұмыс сапасын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) қолданылу мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша қайта әлеуметтендірілген көрсетілетін қызметтерді алушылардың санына қарай уақытша болу және тұру ұйымының басшысы немесе уәкілетті орган бағалайды.
3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарына қойылатын талаптар
8. Көрсетілетін қызметтерді алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер жеке жұмыс жоспарына (бұдан әрі – ЖЖЖ) сәйкес мынадай көлемде және түрлерде көрсетіледі:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру;
төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып төсек-орын ұсыну;
оңалту, емдік, білім беру, мәдени іс-шаралар, еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағдар беру үшін жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайлар беру;
өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағының негізінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдарға заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ өнімдерін беру;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды емдеу, оңалту, оқыту үшін, мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушыларды көлікпен тасымалдау қызметтерін ұсыну;
хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету (қажеттілігіне қарай);
уақытша болу және тұру ұйымы жүріп-тұруында қиындығы бар адамдарға межелі жеріне дейін ілесіп жүру (қажеттілігіне қарай) қамтамасыз етіледі;
2) әлеуметтік-медициналық қызметтер:
алғашқы медициналық қарап-тексеру мен алғашқы санитариялық өңдеу жүргізу;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, ем алуға мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызуға және оларға ілесіп жүруге жәрдемдесу;
сот-медициналық, медициналық-әлеуметтік, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультациялар беруіне жәрдемдесу;
емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу;
3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;
әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде қадағалау);
көрсетілетін қызметтерді алушылармен психологиялық-профилактикалық жұмыс;
психологиялық консультация беру;
шұғыл психологиялық көмек;
көрсетілетін қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қатынаста болу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру;
психологиялық тренингтер;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;
өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізу;
4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың дене бітімінің мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып білім алуларына жәрдемдесу;
5) әлеуметтік-еңбек қызметтері:
көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөнінде іс-шаралар өткізу;
кәсіптік бағдарлауға және консультация беруге жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптер мен практикалық дағдыларға, оның ішінде еңбекпен емдеу қызметі, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық пайдалы жұмыстар арқылы үйрету жөнінде іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-мәдени қызметтер:
мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру;
үйірме жұмысын ұйымдастыру;
қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып көрсетілетін қызметтерді алушыларды мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына тарту;
телефон арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндігін ұсыну;
7) Әлеуметтік-экономикалық қызметтерге Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14 – тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтармен, құжаттарды қалпына келтірумен, алименттерді, келтірілген залал үшін өтемақы өндіріп алумен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырумен байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;
тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тергеп-тексеру, сот өндірісі және оны атқару шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдесу;
заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
келген жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру;
ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне арыздар (өтініштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсету;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсету;
заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;
көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеу;
сот-тергеу органдары мен мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүдделерін білдіру.
4-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарына қойылатын талаптар
9. Уақытша болу және тұру ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін оларды ұйымға қабылдау:
көрсетілетін қызметтерді алушының нақты орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті орган), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша;
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша болу және тұру ұйымдарына тікелей жүгінген көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке өтініші бойынша жүзеге асырылады.
10. Егер жүгіну сәтінде оларға қатысты заңды өкілі болып табылатын адамның қасында кәмелетке толмаған балалар болса, онда уақытша болу және тұру ұйымына балалармен бірге қабылдау жүзеге асырылады.
11. Ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен бірге түсетін балалар көрсетілетін қызметтерді жеке алушылар ретінде есептеледі.
12. Уақытша болу және тұру ұйымдары көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініші негізінде жүгінген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен бірлесіп Критерийлерге сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанын сәйкестендіруді жүргізеді.
13. Сәйкестендіру жеке контакті кезінде әңгімелесу түрінде ішкі істер органдары өкілдерінің, әлеуметтік қызметкер мен психологтің қатысуымен жүргізіледі. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады.
14. Егер жүгінген адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылса, уақытша болу және тұру ұйымы бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығару үшін оның өтінішімен бірге бағалау парағын уәкілетті органға жолдайды.
Егер жүгінген адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылмаса, оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.
15. Уәкілетті орган бағалау парағын және өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға шешім шығарады және шешім шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны уақытша болу және тұру ұйымына жібереді.
16. Уақытша болу және тұру ұйымдары көрсетілетін қызметтерді алушыларды шарттық негізде қабылдауды жүзеге асырады.
Уақытша болу және тұру ұйымы шешімді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгі шарттың негізінде көрсетілетін қызмет алушылармен шарт жасасады.
17. Шарттың қолданылу мерзімі алты айды құрайды. Шартты ұзарту көрсетілетін қызметтерді алушы медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
18. Уақытша болу және тұру ұйымының мамандары осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың тіркелу карточкасын толтырады.
Көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасын толтырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уақытша болу және тұру ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасынан деректерді енгізеді.
19. Көрсетілетін қызметтерді алушылар ішкі істер органдарына өтініш беруден бас тартқан жағдайда уақытша болу және тұру ұйымдары өз бетінше үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректерінің құпиялылығын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заңға қайшы әрекет фактісі бойынша келіп түскен өтініш туралы ішкі істер органдарына ақпарат жібереді.
20. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді уақытша болу және тұру ұйымы осы стандарттың 13-тармағында айқындалған медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда тоқтатады.
21. Көрсетілетін қызметтерді алушылар мынадай жағдайларда:
1) ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік сусындарды ішке алып кірген және тұтынған, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы іс-қимылдар жасаған кезде;
2) көрсетілетін қызметтерді алушы уақытша болу және тұру ұйымының аумағынан өз еркімен кеткен және ұйым әкімшілігіне ескертпей, үш тәуліктен көп уақыт болмаған жағдайда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.
Уақытша болу және тұру ұйымының аумағынан кетіп қалған адам осы стандарттың 4-тарауына сәйкес жалпы негіздерде қайта қабылданады, ал дәлелді себептермен (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесінде болу, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты қылмыс жасалған) бұл туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған адам – дереу қайта қабылдануға тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерді алушылар тарапынан негізсіз қорлап, айыптаған, шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушы денсаулық сақтау мекемесінде болған кезеңге тоқтатыла тұрады.
22. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату, көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, уақытша болу және тұру ұйымдарына жіберу немесе ауыстыру уақытша болу және тұру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
23. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аяқталған, тоқтатылған, көрсетілетін қызметтерді алушылар ұйымнан шығарылған, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, уақытша болу және тұру ұйымдарына жіберілген немесе ауыстырылған кезде оларға жеке және маусымға байланысты бекітілген киім мен аяқкиім, уақытша болу және тұру ұйымында сақталатын олардың құнды заттары (құжаттары) беріледі.
24. Уақытша болу және тұру ұйымынан мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметтерді алушылардың еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша;
2) шарт бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
3) шарттың талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;
4) ЖЖЖ іс-шаралары көзделген мерзімнен бұрын орындалған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтауды жүзеге асырады.
ӨТІНІШ
Мені (және баланы (балаларды) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша болу және тұру ұйымына қайта әлеуметтендіруге қабылдауыңызды сұраймын.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Уақытша болу және тұру ұйымына қабылдау, орналастыру, шығару, көрсетілетін қызметтерді тоқтату шарттарымен және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.
Сондай-ақ өзім туралы көрінеу жалған ақпарат беру фактілері жөнінде ескертілді.
20____ жылғы "____" _______________________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
Бағалау парағы ______________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с № | Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі | Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау көрсеткіштері |
1. | Күш көрсету зорлық-зомбылығы | |
1) | Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау | |
2) | Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер | |
3) | Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу | |
4) | Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру | |
5) | Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру | |
2. | Психологиялық зорлық-зомбылық | |
1) | Дөрекілік, қорлау, қорқыту, бопсалау, қудалау және адамның теріс эмоционалды реакциясын және психикалық ауырсынуды тудыратын басқа әрекет (әрекетсіздік) | |
2) | Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе зардап шегушіні қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу | |
3) | Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде | |
4) | Жалғасып келе жатқан қудалау, мәжбүрлі көші-қон | |
3. | Экономикалық зорлық-зомбылық | |
1) | Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру | |
2) | Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру | |
3) | Тұрғын үйден айыру | |
4) | Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру | |
5) | Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру | |
4. | Сексуалдық зорлық-зомбылық | |
1) | Зорлау, яғни зардап шегушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не зардап шегушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау | |
2) | Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау | |
3) | Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету | |
4) | Жалаңаштануға мәжбүрлеу, денені сипап қарау, әдепсіз немесе қорлайтын қарым-қатынас, сондай-ақ жыныс мүшелеріне соққы беру және оларға заттармен әсер ету, жыныстық қол сұғушылық |
__________________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде
қатыгездікпен қараудан зардап шеккен деп танылады.
__________________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде
қатыгездікпен қараудан зардап шеккен деп танылмайды.
Ұйым мамандары _______________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті
органының өкілі
__________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Ішкі істер органының өкілі
__________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 3-қосымша |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы үлгілік шарт
___________________________________________________________ атынан
(ұйым субъектісінің атауы)
____________________________________________ (бұдан әрі – Ұйым), бір
тараптан және _____________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметтерді алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар
төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың нысанасы
Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушыға қайта әлеуметтендіруге (жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіруге) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Ұйымның міндеттері:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыға құрметпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттеріне салғырттықпен қарауға жол бермеу.
2.2. Ұйымның құқықтары:
1) көрсетілетін қызметтерді алушының Ұйымда болуын бақылауды жүзеге асыру;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты сұрату;
3) көрсетілетін қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе тарап оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.
2.3. Көрсетілетін қызметтерді алушының міндеттері:
1) қайта әлеуметтендіру процесіне белсенді түрде қатысу;
2) Ұйым персоналына құрметпен қарау;
3) осы шарттың талаптарын сақтау.
2.4. Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары:
1) қайта әлеуметтендіру процесі туралы ақпарат алу;
2) Ұйым тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе ұйым оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.
3. Шартты бұзу талаптары
3.1. Осы шарт Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірлеген Тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 21-тармағында көзделген негіздер бойынша бұзуға жатады.
4. Қорытынды ережелер
Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
Ұйым басшысы ________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Көрсетілетін
қызметтерді алушы _____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 4-қосымша |
Уақытша болу және тұру ұйымында көрсетілетін қызметтерді алушыны тіркеу карточкасы
1. Тегі __________________________________________________________________
2. Аты __________________________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________
4. Жынысы _____________________________________________________________
5. Туған күні ____________________________________________________________
6. Ұлты (көрсетпеуге болады)______________________________________________
7. Туған жері ____________________________________________________________
8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы
_______________________________________________________________________
9. Қолда бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін сызу)
Құжат түрі | Нөмірі/сериясы | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Кім берді |
Жеке куәлік | ||||
ЖСН |
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
11. Білімі _______________________________________________________________
12. Кәсібі _______________________________________________________________
13. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.)
_______________________________________________________________________
14. Денсаулық жағдайы __________________________________________________
15. Азаматты жіберген ұйым ______________________________________________
18. Факт бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабар берiлді ме ___________
19. Азаматтың жеке қолы ________________________________________________
20. Күні _______________________________________________________________
21. Карточканы толтырған ұйым маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
______________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 7 қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
1. "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген).
2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 13 мамырда № 11038 тіркелді);
3. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 206 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13609 болып тіркелген).
4. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14701 болып тіркелген).
5. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18661 болып тіркелген).
6. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 547 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21993 болып тіркелген).
7. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23082 болып тіркелген).
8. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 463 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25937 болып тіркелген).
9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26092 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу тізіліміндегі 1 және 4 тармақшалары алынып тасталсын.
10. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 9 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26517 болып тіркелген).
11. "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26772 болып тіркелген).
12. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 307 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29097 болып тіркелген).
13. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 325 бұйрығы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29285 болып тіркелген).
14. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітіліген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу тізіліміндегі 2 және 4 тармақтары күшін жойсын.