Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13543 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 263 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.

      2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 26 ақпан


      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 25 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен бекітілген

Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы стандарт адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушылар) күндіз болуға (күніне бір сағаттан төрт сағатқа дейін), уақытша тәулік бойы (6 ай мерзімге дейін) немесе ұзақ тұруға (шарт ұзартылған жағдайда) арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну көлемін және оның шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, ұйымның қызмет тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.

      3. Осы стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) адам саудасының құрбаны – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықтан тікелей зардап шеккені жөнінде пайымдауға негіз бар жеке тұлға;

      2) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне (бұдан әрі – Критерийлер) сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге жатқызу;

      3) қайта әлеуметтендіру – индивидтің үзілген әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге немесе жағдаяттармен нашарлаған әлеуметтік байланыстарын нығайтуға бағытталған психологиялық, педагогикалық, кәсіби және заңды шаралар кешені, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын отбасы мен қоғамға қайта интеграциялауға бағытталған өзге де іс-шаралар.

      4. Ұйымдар:

      1) адам саудасының құрбандарын оңалту орталығы;

      2) адам саудасының құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы;

      3) адам саудасының құрбандарына арналған баспана;

      4) адам саудасының құрбандарына қызметтер көрсететін өзге де ұйымдар түрінде құрылады.

      5. Ұйымдар Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан жеке тұлғаларды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, түрлі себептерге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мынадай:

      1) науқастың өзі үшін және айналасындағылар үшін қауіпті мінез-құлықтың ауытқуларымен сүйемелденетін психикалық аурулардың;

      2) белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың, шаш және тері жұқпалы ауруларының;

      3) алкогольдік, есірткілік масаю жағдайының;

      4) паллиативтік көмек көрсету және мейіргерлік күтім қызметтерін қажет ететін аурудың терминалдық (түпкілікті) сатысының;

      5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық ем алуды қажет ететін басқа да аурулардың және (немесе) жарақаттанулардың болуы көрсетілетін қызметтерді алушылардың ұйымдарда болуына медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

      Жоғарыда аталған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілуге тиіс.

2-тарау. Ұйымның міндеттері мен функциялары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мыналар:

      1) адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру;

      2) жеке жоспарға сәйкес қызметтер көрсету арқылы қорғауды және көмекті қамтамасыз ету;

      3) көрсетілетін қызметтерді алушыны социумға қайта әлеуметтендіру процесіне жәрдемдесу;

      4) көрсетілетін қызметтерді алушының ұйымда болу және тұру кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;

      5) көрсетілетін қызметтерді алушының жеке басының және оның жеке өмірінің құпиялылығын сақтау ұйымның негізгі міндеттері болып табылады.

      8. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру, қайта әлеуметтендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      2) көрсетілетін қызметтерді алушыны орналастырған кезде койка-орын беру, төсек керек-жарақтарымен, жеке гигиена заттарымен, қажет болған жағдайда ішкиіммен, киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз ету;

      3) ұйымда қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыру;

      4) осы стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      5) көрсетілетін қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемдері мен түрлері, ұйымның ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;

      6) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;

      7) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

      8) көрсетілетін қызметтерді алушыларды қайта әлеуметтендіру, олардың азаматтық, мүліктік және өзге де құқықтарын қайта қалпына келтіру мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет, сыртқы істер органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, көрсетілетін қызметтерді алушы шығатын елдердің Елшіліктерімен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      9) ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар ұйымның негізгі функциялары болып табылады.

3-тарау. Адам саудасының құрбандарын ұйымға қабылдау және оларды сәйкестендіру шарттары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ұйымдар көрсетілетін қызметтерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін оларды ұйымға қабылдауды көрсетілетін қызметтерді алушының нақты тұратын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініші немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі істер жөніндегі уәкілетті органдардың (бұдан әрі – уәкілетті орган) жазбаша жолдамасы бойынша (адам саудасының құрбаны деп танылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде) ұйымдар жүзеге асырады.

      10. Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушының өтініші негізінде жүгінген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен бірлесіп Критерийлерге сәйкес адам саудасының құрбанын сәйкестендіруді жүргізеді.

      11. Ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықты анықтаған (айқындаған) кезде, адам саудасының құрбанын сәйкестендіруді ішкі істер органдары уәкілетті органмен, ұйыммен бірлесіп жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.08.2022 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сәйкестендіру жеке контакті кезінде әңгімелесу түрінде (бұдан әрі – әңгімелесу) жүргізіледі. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады.

      13. Әңгімелесу жүргізуге мынадай талаптар қойылады:

      1) анықталған адам тұрған ұйым, адамды сәйкестендіруге уәкілетті адамның жұмыс орны, өзге де үй-жай әңгімелесу жүргізу орны болып табылады;

      2) әңгімелесу жүргізуге арналған үй-жай қауіпсіз, оқшауланған, жарық әрі жылы;

      3) әңгімелесу жүргізу кезінде уәкілетті маман басқа жұмысты орындауға, телефон қоңырауларына жауап беруге, басқа адамдармен сөйлесуге алаңдамайды.

      13-1. Егер адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес оны сәйкестендіру талап етілмейді.

      Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.08.2022 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Егер ұйымға жүгінген адам, адам саудасының құрбаны деп сәйкестендірілген жағдайда, ұйым бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға рұқсат алу үшін оның өтінішімен бірге бағалау парағын уәкілетті органға жолдайды.

      Егер жүгінген адам, адам саудасының құрбаны деп сәйкестендірілмеген жағдайда, оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.

      14-1. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу қорытындылары бойынша осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес есеп жасалады.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.08.2022 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Уәкілетті орган бағалау парағын және өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға рұқсатты береді және келісілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұйымға жібереді.

      Ұйым рұқсатты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушымен қайта әлеуметтендіру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) қайта әлеуметтендіру туралы үлгілік шарт негізінде жасасады.

      16. Шарттың қолданылу мерзімі 6 айды құрайды. Шартты ұзарту мынадай:

      1) көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты қылмыстық істің іс жүргізумен аяқталмауы;

      2) көрсетілетін қызметтерді алушы медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдау негіздері бойынша, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      17. Егер жүгіну сәтінде оларға қатысты заңды өкілі болып табылатын адамның қасында кәмелетке толмаған балалар болса, онда ұйымға балалармен бірге қабылдау жүзеге асырылады.

      18. Ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен бірге түсетін балалар көрсетілетін қызметтерді жеке алушылар ретінде есептеледі.

      19. Баланың заңды өкілдері болмаған жағдайда, ұйым қамқоршылық және қорғаншылық органдарын хабардар етеді және баланы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына береді.

      20. Ұйымға түскен адам тіркелуге тиіс.

      Ұйым мамандары осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушының ұйымға тіркелу карточкасын толтырады.

      Көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасын толтырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уақытша болу және тұру ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасынан деректерді енгізеді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Көрсетілетін қызметтерді алушы ішкі істер органдарына өтініш беруден бас тартқан жағдайда, ұйым өз бетінше үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушының дербес деректерінің құпиялылығын ескере отырып, адам саудасымен байланысты жүгіну фактісі туралы ішкі істер органдарына ақпарат жібереді.

4-тарау. Ұйымда болу және тұру шарттары

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ұйымның барлық тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайлары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысына сәйкес ғимараттардың қауіпсіздігіне, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

      23. Құрылтайшы ұйымның техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етеді.

      24. Ұйым ғимараты онда тұруды қолайлы ету, оған кедергісіз кіруді құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес үй-жайдың ішінде және ғимарат маңындағы аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.

      25. Ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол ұйым басшысында сақталады және көрсетілетін қызметтерді алушылар мен келушілердің алғашқы талап етуі бойынша ұсынылады.

      26. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ай сайын ұйым басшысы қарайды.

5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау және қайта әлеуметтендіру туралы шартты әзірлеу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемдері) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, психолог және ұйымның басқа да мамандары (бұдан әрі – ұйым мамандары) айқындайды.

      Ұйым персоналының штаттық нормативтері осы стандартқа

      5-қосымшада белгіленген ұйымдардағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтерін сақтау арқылы бюджеттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып қалыптастырылады.

      Қажеттілікті бағалауды және айқындауды ұйым мамандары шарт жасалғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметтерді алушыларды бақылағаннан соң жүргізеді.

      28. Қажеттілікті бағалау және айқындау кезінде сәйкестендіру нәтижелері мен көрсетілетін қызметтерді алушының пікірі ескеріледі.

      29. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін бағалау қорытындысы бойынша ұйым мамандары үш жұмыс күні ішінде шарт жасалған мерзімге немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір көрсетілетін қызметтерді алушыға жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді және оны ұйым басшысы бекітеді.

      30. Жеке жоспардың орындалу мониторингін әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман немесе мониторинг жүргізуге ұйым басшылығы уәкілеттік берген адам жүзеге асырады.

      31. Өткізілген іс-шаралар мен тоқсан сайынғы мониторингтің қорытындысын ұйым мамандары осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда (электрондық картотекада) жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда (бұдан әрі – журнал (электрондық картотека) көрсетеді. Журнал (электрондық картотека) әрбір көрсетілетін қызметтерді алушыға жеке-жеке жүргізіледі.

      32. Көрсетілетін қызметтерді алушының жағдайы өзгерген немесе жеке жоспардың іс-шарасын көзделген мерзімнен бұрын (не кешірек) орындауға ықпал ететін ахуал туындаған жағдайда, жеке жоспар түзетілуге тиіс.

      33. Ұйым мамандарының жұмыс сапасын шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша ұйым басшысы немесе қайта әлеуметтендірілген көрсетілетін қызметтерді алушылардың саны жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.

      34. Ұйымда осы стандартқа 5-қосымшада белгіленген персоналдың штаттық нормативтерінде көзделген қажетті мамандар болмаған жағдайда, шарттық негізде мамандар тартуға рұқсат етіледі.

      35. Ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысады. Атқарылған іс-шаралардың нәтижелері тоқсан сайын журналға (электрондық картотекаға) тіркеледі.

      36. Ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттердің сапалы орындалуын тұрақты бақылауды ұйым әкімшілігі жүзеге асырады.

      37. Көрсетілетін қызметтерді алушылар бөлмелерге олардың денсаулық жағдайы, жынысы, психологиялық үйлесімділігі және туыстық дәрежесi ескеріле отырып орналастырылады.

      38. Ұйымда болу және тұру тәртібі ұйымның басшысы бекітетін ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.

6-тарау. Ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Адам саудасының құрбандары деп танылған адамдарға қайта әлеуметтендіру туралы шарт жасалғанға дейін төмендегідей көлемде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетіледі:

      1) көрсетілетін қызметтерді алушыларға тамақ ұсына отырып, оларды уақытша орналастыру;

      2) алғашқы медициналық тексеру жүргізу және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;

      3) өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

      4) төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну.

      40. Қайта әлеуметтендіру туралы шарт жасаған көрсетілетін қызметтерді алушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеке жоспарға сәйкес мынадай көлемде және түрлерде алады:

      1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру;

      төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, койка-орын ұсыну;

      оңалту, емдік, білім беру, мәдени іс-шаралар, еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағдар беру үшін жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайлар беру;

      өзіне-өзі қызмет көрсету (ішкиімді жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс жуу, ұйымдардағы үй-жайды тазалау) және санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

      жол жүру құжаттарын сатып алу немесе жол жүру уақытында тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы бұрын тұрған жеріне жіберуге жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді алушының тұрғылықты жеріне әлеуметтік қызметкер ілесіп барған жағдайларда, іссапар шығыстарын төлеу;

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағының негізінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ өнімдерін ұсыну;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды емдеу, оңалту, оқыту, мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына қатысу үшін көлікпен тасымалдау қызметтерін ұсыну;

      хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету (қажеттілігіне қарай);

      ұйым жүріп-тұруында қиындығы бар адамдарға және шетелдіктерге межелі жеріне дейін ілесіп жүруді (қажеттілігіне қарай) қамтамасыз етеді.

      Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      берілетін тұрғын үй-жайлар осы Стандарттың 22-тармағының көлемдері мен басқа да көрсеткіштеріне қарай (ғимараттар мен үй-жайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді және көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұру қолайлылығын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушыларды тұрғын үй-жайларға (бөлмелерге) орналастыру кезінде, олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психологиялық жай-күйі, бейімділіктері, психологиялық үйлесімділігі, тұлғалық даму, әлеуметтендірілу деңгейі және туыстық дәрежесі ескеріледі.

      Әлеуметтік-еңбек қызметін ұйымдастыру, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету үшін ұсынылатын үй-жайлар көлемдеріне, орналасуына және конфигурациясына қарай көрсетілетін қызметтерді алушылардың ерекшелігін ескере отырып, осы үй-жайларда жоғарыда аталған барлық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      ұйым мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және жабдықпен жарақтандырылады;

      әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларға пайдалануға берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларға берілетін киім, аяқкиім, ішкиім және басқа да ең қажетті заттар кигенде ыңғайлы, көрсетілетін қызметтерді алушылардың жынысына, бойына және өлшемдеріне, санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;

      тамақ сапалы өнімдерден дайындалады, теңгерімділік пен калорий талаптарына жауап береді, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді және көрсетілетін қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы ескеріле отырып ұсынылады;

      емдеу, оқыту үшін көрсетілетін қызметтерді алушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;

      2) әлеуметтік-медициналық қызметтер:

      алғашқы медициналық тексеру мен бастапқы санитариялық өңдеу жүргізу;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, ем алуға мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және оларға ілесіп жүруге жәрдемдесу;

      сот-медициналық, медициналық-әлеуметтік, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;

      дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультациялар беруіне жәрдемдесу;

      емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу.

      Әлеуметтік-медициналық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;

      емдік манипуляциялар жүргізу көрсетілетін қызметтерді алушыларға қандай да бір зақым келтірмей, аса мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызу немесе емдеуге жатқызуға жәрдемдесу оперативті түрде және уақтылы жүргізіледі;

      салауатты өмір салтын насихаттау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу бойынша жеке жұмыс жүргізу зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі тұтыну, шылым шегу) келеңсіз салдарын, олар әкеп соқтыратын теріс нәтижелерді түсіндіруге бағытталған және нақты жағдайларға байланысты осы әдеттердің алдын алу немесе еңсеру бойынша қажетті ұсынымдармен сүйемелденеді;

      медициналық-әлеуметтік, сот-медициналық, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетіледі;

      дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар ауруларының, жарақаттануларының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;

      денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарының консультациясын алуға жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емделуін қамтамасыз етеді;

      3) әлеуметтік-психологиялық қызметтер:

      жеке адамды психологиялық диагностикалау және тексеру;

      әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде қадағалау);

      көрсетілетін қызметтерді алушылармен психологиялық- профилактикалық жұмыс;

      психологиялық консультация беру;

      шұғыл психологиялық көмек;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қатынаста болу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру;

      психологиялық тренингтер;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;

      өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізу.

      Әлеуметтік-психологиялық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      психологиялық консультация беру көрсетілетін қызметтерді алушыларға даулардың алдын алу және еңсеру үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жөнге салу бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтерді алушыдан алынған ақпараттың негізінде психологиялық консультация беру және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға, осы проблемаларды шешуге көмектеседі;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық диагностикалау ұйымның психологы әзірлеген психологиялық-диагностикалық топтаманың негізінде жүзеге асырылады. Тұлғаны көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлықтарындағы ауытқулар мен айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынастарына ықпал ететін олардың психикалық жай-күйі мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындау және талдау нәтижелері бойынша психологиялық диагностикалау және тексеру түзету іс-шараларын жүргізу жөнінде болжам жасауға және ұсынымдар әзірлеуге қажетті ақпаратты береді;

      психологиялық түзету белсенді психологиялық әсер ету ретінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоциялық жай-күйіндегі ауытқуларды (жекелеген адамдардың эмоциялық ден қоюы мен мінез-құлық стереотиптерінің қолайсыз түрлерін, даулы қарым-қатынастар мен мінез-құлқындағы басқа да ауытқуларды) еңсеруді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл осы көрсеткіштерді жас нормаларына және әлеуметтік ортаның талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді;

      психологиялық тренингтер белсенді психологиялық әсер ету ретінде психологиялық-жарақаттаушы ахуалдардың салдарын, жүйке-психикалық шиеленісті жоюда, тыныс-тіршіліктің әлеуметтік емес түрлерін еңсеретін адамдар бойында әлеуметтік құнды мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда, оларды өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастыруда тиімділігімен бағаланады;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды жүйелі түрде қадағалау негізіндегі әлеуметтік-психологиялық патронаж психикалық жайсыздық, тұлғалық (ішкі тұлғалық) немесе тұлғааралық даулы жағдайларды және көрсетілетін қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайының күрделенуіне ықпал ететін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға сол сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушыларға жайсыз күйден шығуға, олардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуда, стреске төзімділікті, психологиялық мәдениет деңгейін арттыруда, бірінші кезекте, тұлғааралық қарым-қатынастар, дауларды шешу және қарым-қатынас саласында көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      шұғыл психологиялық көмек көрсетілетін қызметтерді алушыларға кідіртпестен психологиялық консультация беруді, олардың дағдарыстық күйден шығуы үшін физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өз бетінше шешу және қиындықтарды еңсеру үшін олардағы қолайлы құралдар диапазонын кеңейтуге, өзіне деген сенімділікті нығайтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;

      психологиялық-профилактикалық жұмыс көрсетілетін қызметтерді алушылардың психологиялық білім алу қажеттілігін және оны өзімен және өз проблемаларымен жұмыс жасау үшін пайдалану ниетін қалыптастыруға ықпал етеді, әрбір оңалту кезеңінде тұлғаның толыққанды психикалық дамуы, тұлғаның дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алу үшін жағдай жасайды;

      әңгімелесулер, қарым-қатынас жасау, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусты психологиялық қолдау көрсетілетін қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын арттыруды қамтамасыз етеді;

      4) әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:

      кәмелетке толмаған балалардың ұйым орналасқан жерде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өтуіне жәрдемдесу;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар әзірлеу;

      құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар ұйымдастыру және өткізу;

      ұйымда уақытша тәулік бойы немесе ұзақ уақыт болған жағдайда, үй жағдайларында кәмелетке толмаған балаларды білім беру процесіне қосуға жәрдемдесу;

      дамуы тежелген және бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде немесе оңалту орталықтарында, ұйымдарында немесе ұйым орналасқан жерде түзету-дамыту көмегінің кепілдік берілген көлемін алуына жәрдемдесу;

      көрсетілетін қызметтерді алушылардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, білім алуларына жәрдемдесу.

      Әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді ұсынуға қойылатын талаптар:

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру үшін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау ұйым жағдайларында баламен тәрбие және педагогикалық жұмыс жүргізу бағыттары мен мазмұнын айқындауға мүмкіндік береді;

      құндылық бағдарларын, бағыт берулер мен мінез-құлық дағдыларын трансформациялау бойынша сабақтар өткізу зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайларының алдын алуды қамтамасыз етеді;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар әзірлеу білікті мамандардың ұсынымдарын ескеру арқылы баламен және баланың өзінің қажеттіліктерімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау құрылымын қамтамасыз етеді;

      балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды ұйым орналасқан жердегі жалпы білім беретін мектеп жүзеге асырады және ол баланың қауіпсіздігін ескере отырып, үйде оқыту нысанында ұсынылады;

      балаларды оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді білім беру ұйымы жүзеге асырады;

      5) әлеуметтік-еңбек қызметтері:

      көрсетілетін қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөнінде іс-шаралар өткізу;

      кәсіптік бағдарлауға және консультация беруге жәрдемдесу;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптер мен практикалық дағдыларға, оның ішінде еңбекпен емдеу қызметі, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық пайдалы жұмыстар арқылы үйрету жөнінде іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу.

      Әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      көрсетілетін қызметтерін алушылардың еңбек дағдыларын тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесі, көрсетілетін қызметтерді алушылардың физикалық және психикалық жай-күйі ескеріле отырып жүргізіледі;

      көрсетілетін қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып, олардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбекпен емдеу қызметінің түрлері тағайындалады;

      қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу ұйым аумағында, күндіз жұмыспен қамту ұйым кабинеттерінде жүзеге асырылады және көрсетілетін қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып, оларды тіршіліктің түрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

      қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шаралар көрсетілетін қызметтерді алушының тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал етеді;

      кәсіптік білімі жоқ көрсетілетін қызметтерді алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесетін іс-шаралармен сүйемелденеді;

      6) әлеуметтік-мәдени қызметтер:

      мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру;

      үйірме жұмысын ұйымдастыру;

      қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтерді алушыларды мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына тарту;

      мамандардың қатысуымен телефон байланысы және (немесе) Интернет желісі арқылы телефонмен немесе скайппен туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндігін ұсыну.

      Әлеуметтік-мәдени қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларын өткізу ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады;

      үйірмелер мен бос уақытты өткізу қызметін ұйымдастыру көрсетілетін қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларды концерттер мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлері бағдарламасының жобаларын әзірлеуге тарту көрсетілетін қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ойлау қабілетін кеңейтуге, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді;

      мамандардың қатысуымен телефон байланысы және (немесе) Интернет желісі арқылы туыстарымен, достарымен, мамандармен сөйлесу мүмкіндіктерін ұсыну агрессия рецидивін болдырмау, көрсетілетін қызметтерді алушының мүліктік, азаматтық және өзге де құқықтарын қорғау мәселелерін шешуді жеделдетуді және неғұрлым тиімді шешуді қамтамасыз етеді;

      7) әлеуметтік-экономикалық қызметтер:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу.

      Әлеуметтік-экономикалық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      көрсетілетін қызметтерді алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, және басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті әрі тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      8) әлеуметтік-құқықтық қызметтер:

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтарға, құжаттарды қалпына келтіруге, тұрақты тұратын жеріне қайта оралуға, алименттерді, келтірілген залал үшін өтемақы өндіріп алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;

      адам саудасының фактілерін тергеу, сот өндірісі және оны атқару шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдесу;

      мемлекеттің дипломатиялық және консулдық өкілдіктеріне азаматтық тиесілілік бойынша қол жеткізуге жәрдемдесу;

      заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмектесу;

      келген жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру;

      Елшіліктерге, сыртқы істер, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне арыздар (өтініштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсету;

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсету;

      заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;

      көрсетілетін қызметтерді алушының мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеу;

      іс құжаттарын, нысандары мен материалдарын көрсетілетін қызметтерді алушының ана тіліне аудару;

      медициналық тексерулер кезінде сотта, мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар мен мекемелерде аудармашымен (мүмкіндігінше, көрсетілетін қызметтерді алушымен бір жынысты) қамтамасыз ету.

      сот-тергеу органдары мен мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді алушының мүдделерін білдіру.

      Әлеуметтік-құқықтық қызметтерді ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

      көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғану тәсілдері туралы толық мағлұмат береді;

      көрсетілетін қызметтерді алушыларға азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама мәселелері бойынша және басқа да мәселелер бойынша консультация беру оларға өздерін қызықтыратын заңнамалық актілер мен қозғалатын мәселелердегі құқықтар туралы мағлұмат береді;

      құжаттарды (өтініштер, шағымдар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауға және оларды тиісті адресаттарға жіберуге көмектесу көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтірумен (қорғаумен) байланысты мәселелердің практикалық шешілуін қамтамасыз етеді;

      медициналық тексерулер кезінде, сотта, мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар мен мекемелерде аудармашының қатысуы алушыны проблемаларды шешу процесіне қосуды қамтамасыз етеді, қайталанатын агрессияның алдын алуға оның қабілетін арттырады.

      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

7-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату және көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару шарттары

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Ұйым мынадай негіздер бойынша:

      1) көрсетілетін қызметтерді алушылардың еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша;

      2) шарт бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;

      3) шарттың талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;

      4) жеке жоспардың іс-шаралары көзделген мерзімнен бұрын орындалған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтауды жүзеге асырады.

      42. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйым осы стандарттың 6-тармағында айқындалған медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда тоқтатады.

      Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметтерді алушы заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті медициналық ұйымдарға, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына жіберілуге немесе ауыстырылуға тиіс.

      43. Көрсетілетін қызметтерді алушылар мынадай жағдайларда:

      1) Ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік сусындарды ішке алып кірген және тұтынған, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы іс-қимылдар жасаған кезде;

      2) көрсетілетін қызметтерді алушы ұйым аумағынан өз еркімен кеткен және ұйым әкімшілігіне ескертпей, үш тәуліктен көп уақыт болмаған жағдайда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.

      Ұйым аумағынан кетіп қалған адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негіздерде қайта қабылданады, ал дәлелді себептермен (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесінде болу, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты қылмыс жасалған және басқа да жағдайларда) бұл туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған адам – дереу қайта қабылдануға тиіс;

      3) көрсетілетін қызметтерді алушылар тарапынан негізсіз жәбірлеп, айыптаған, шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда шарт бұзыла отырып ұйымнан шығарылуға тиіс.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушы денсаулық сақтау мекемесінде болған кезеңге тоқтатылады.

      44. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату, көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару, басқа ұйымға жіберу немесе ауыстыру ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      45. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аяқталған, тоқтатылған, көрсетілетін қызметтерді алушылар ұйымнан шығарылған, басқа ұйымға жіберілген немесе ауыстырылған кезде оларға жеке және маусымға байланысты бекітілген киім мен аяқкиім, ұйымда сақталатын олардың құнды заттары (құжаттары) беріледі.

  Адам саудасының
құрбандарына арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
1-қосымша
  Нысан

      Ұйымның басшысына
_______________________________________________________________
(Ұйымның атауы)
_______________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________________________

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені (және баланы (балаларды)* адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсететін ұйымға қайта әлеуметтендіруге қабылдауыңызды сұраймын.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ұйымға қабылдау, орналастыру, шығару көрсетілетін қызметтерді тоқтату шарттарымен, ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.

      Сондай-ақ өзім туралы көрінеу жалған ақпарат беру фактілері жөнінде ескертілді.
20____ жылғы "____" __________ ______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      * қажет болған жағдайда туыстық немесе өзге де байланыстарды, тегі, аты, әкесінің аты бар болса және туған күнін көрсету керек


  Адам саудасының
құрбандарына арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
2-қосымша
        Нысан

      Бағалау парағы ____________________________________

      (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.08.2022 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/c №

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған көрсеткіштер (балдар)

1

Адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты

2

Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану


3

Мәжбүрлі еңбек мақсатында адамды саудаға салу/мәжбүрлі еңбек


4

Баланы заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу


5

Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу


6

Адамның органдарын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу



Блок бойынша жиыны


7

Адамға қатысты жасалған әрекеттер

8

Сатып алу-сату, өзге де мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар)


9

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы


10

Кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі


11

Адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу


12

Кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер


13

Азғырып-көндіру – зардап шегушіні жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, оның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу


14

Тасымалдау – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, оның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет


15

Беру – зардап шегушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру


16

Жасыру – зардап шегушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету)


17

Алу - адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін тікелей алу


18

Пайдалану мақсатында ұрлау


19

Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру



Блок бойынша барлығы


20

Адамға қатысты пайдаланылған құралдар

21

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту


22

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану


23

Алдау немесе сенімге қиянат жасау


24

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану


25

Материалдық немесе басқа тәуелділікті пайдалану


26

Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану


27

Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою



Блок бойынша барлығы


28

Адамға келтірілген зиян

29

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау


30

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу


31

Адамның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру


32

Адамның өміріне қауіпті, көруден, тілден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтіру



Блок бойынша барлығы



Жалпы нәтиже


      ______________________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылады .

      ______________________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылмайды.

      ______________________________________________________________

      (қолы) (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)

      Ұйым маманы ______ ___________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті

      органының өкілі ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      Ішкі істер органының өкілі _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

  Адам саудасының
құрбандарына арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
3-қосымша

      Нысан

Қайта әлеуметтендіру туралы үлгілік шарт

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________атынан
(ұйым субъектісінің атауы)

      _____________________________________ (бұдан әрі – ұйым), бір тараптан және _____________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

      1. Шарттың нысанасы

      Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушыға қайта әлеуметтендіруге (жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіруге) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Ұйымның міндеттері:

      1) көрсетілетін қызметтерді алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;

      2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      3) көрсетілетін қызметтерді алушыға құрметпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттеріне салғырттықпен қарауға жол бермеу.

      2.2. Ұйымның құқықтары:

      1) көрсетілетін қызметтерді алушының Ұйымда болуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) ……………… үшін қажетті ақпаратты сұрату;

      3) көрсетілетін қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе тарап оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу;

      2.3. Көрсетілетін қызметтерді алушының міндеттері:

      1) қайта әлеуметтендіру процесіне белсенді түрде қатысу;

      2) Ұйым персоналына құрметпен қарау;

      3) осы шарттың талаптарын сақтау.

      2.4. Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары:

      1) қайта әлеуметтендіру процесі туралы ақпарат алу;

      2) Ұйым тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе ұйым оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.

      3. Шартты бұзу талаптары

      3.1. Осы шарт "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 43-тармағында көзделген негіздер бойынша бұзуға жатады.

      4. Қорытынды ережелер

      Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      Ұйым басшысы ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Көрсетілетін қызметтерді алушы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.

  Адам саудасының
құрбандарына арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
4-қосымша

      Нысан

Ұйымда көрсетілетін қызметтерді алушыны тіркеу карточкасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 08.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тегі _____________________________________________________

      2. Аты ____________________________________________________

      3. Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      4. Жынысы ________________________________________________

      5. Туған күні _______________________________________________

      6. Ұлты (көрсетпеуге болады)_________________________________

      7. Туған жері _______________________________________________

      8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы

      __________________________________________________________

      9. Қолда бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін сызу)

Құжат түрі

Нөмірі/сериясы

Берілген күні

Қолданылу мерзімі

Кім берді

Жеке куәлік





Паспорт





ЖСН





      10. Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      11. Білімі ___________________________________________________

      12. Кәсібі ___________________________________________________

      13. Жақын туыстары туралы деректер __________________________

Р/с

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Тұрғылықты жері





















      14. Сотталуы

Р/с

Қылмыстық кодекстің бабы

Өтеу мерзімі

Қашан өтеді

Қайда өтеді





















      15. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.) ______________

      ____________________________________________________________

      16. Денсаулық жағдайы _______________________________________

      17. Азаматты жіберген ұйым ___________________________________

      18. Факт бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабар берiлді ме

      19. Азаматтың жеке қолы ______________________________________

      20. Күні _____________________________________________________

      21. Карточканы толтырған ұйым маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      ____________________________________________________________

  Адам саудасының құрбандарына
арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету
стандартына 5-қосымша

Ұйымдағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтері

Лауазым атауы

Көрсетілетін қызметтерді алушылардың саны

20-ға дейін

20-50

1

Директор

1

1

2

Бас бухгалтер

1

1

3

Іс жүргізуші (кадрлар жөнiндегi инспектор)

1

1

4

Заңгер

1

2

5

Психолог

1

2

6

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

1

1,5

7

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

1

1,5

8

Тәрбиешi (балалар болған жағдайда)

10 балаға 1 бірлік

9

Аға мейіргер

1

2

10

Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке баулу мұғалiмi)

оқу тобына 1 бірлік

11

Мәдени ұйымдастырушы

1

1

  Адам саудасының құрбандарына
арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету
стандартына 6-қосымша
  Бекітемін:

      _______________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса) және қолы)

      ______жылғы "___"_____________

      ________________________________________________________________

      (Ұйымның атауы)

      Жеке жұмыс жоспары

      Көрсетілетін қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса)______________________________________________

      Туған күні және жылы ________________________________________________

      Ұйымға түскен күні______________________________________ ____________

      Көрсетілетін қызметтерді алушыға __бастап ______қоса алғанға дейін

      бақылау жүзеге асырылды

      Жеке жұмыс жоспары _______ бастап _________ қоса алғанға дейінгі

      кезеңге әзірленді

      Көрсетілетін қызметтерді алушының жеке қажеттілігіне сәйкес

      тағайындалған іс-шаралар

      (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері

Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)

Тағайындауды жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Тағайындау күні

1

әлеуметтік-тұрмыстық






2

әлеуметтік-медициналық






3

әлеуметтік-психологиялық






4

әлеуметтік-педагогикалық






5

әлеуметтік-еңбек










6

әлеуметтік-мәдени






7

әлеуметтік-экономикалық






8

әлеуметтік-құқықтық







      Жеке жұмыс жоспарын қайта қарау күні 20 __жылғы "__" __________

      Ұйымның маманы _______ __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), күні)

  Адам саудасының құрбандарына
арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету
стандартына 7-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі)
жөніндегі журнал (электрондық картотека)

      Көрсетілетін қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________________________________

      Туған күні және жылы_________________________________________________ ______ бастап ___ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторинг

      Көрсетілетін қызметтерді алушыны қадағалау кезеңі: __ ____ бастап __ ____ қоса алғанда

Көрсетілетін қызметтерді алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде

Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызметтің қай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету)

Мониторинг жүргізу күні

Мониторингті жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

оң өзгерістер бар (сипаттап беру)*

өзгерістер жоқ немесе нашарлады

(себебін көрсету)

1

2

3

4

5

6

1






2






3






4






5






6






7






8







      Ұйымның маманы ______ _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)

      Ескертпе: * Көрсетілетін қызметтерді алушының:

      - соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;

      - қимыл, сенсорлық, танымдық, сөйлеу, коммуникативтік салаларында;

      - өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастыруда оң өзгерістер байқалады.

  Адам саудасының құрбандарына
арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
8-қосымша

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.08.2022 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тегі _______________________________________________

      2. Аты ____________________________________________

      3. Әкесінің аты (бар болса) ___________________________

      4. Күні мен уақыты _____________________________________

      5. Өткізу орны (мекеменің атауы және мекен-жайы)

      _____________________________________________________

      6. Мән-жайлар (сәйкестендіру сәтіндегі бар (мысалы, ұйым қызметкерлерінің болуы,

      алып жүрушілер) және фактіге қатысты ақпарат ________________________________

      _________________________________________________________

      7. Сұрау негізінде зардап шегушімен не болғандығы туралы ақпарат (болжалды қатыгез

      қарым-қатынас әдістерін, болжалды қатыгез қарым-қатынасты қолдану уақытын және

      физикалық немесе психологиялық жай-күйіне түскен шағымдарды қоса алғанда)

      _______________________________

      8. Сәйкестендіруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      ___________________________________________________________

      Ескертпе:

      Есеп құпия сипатта болады.

      Құқық қорғау органдарына тек жазбаша сұрау салу болған кезде және зардап шегушінің жазбаша келісімімен ғана беріледі.

      Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін орындау кезінде иелігінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.

      Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін орындау кезінде иелігінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.

      Сәйкестендіруге уәкілетті тұлғаға мәліметтерді жария етуге және үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.