Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 маусымда № 32850 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтердің осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар ету;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 214 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органмен", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда" деген сөздер тиісінше "Еңбек мобильділігі орталығына", "Еңбек мобильділігі орталығы", "Еңбек мобильділігі орталығының", "Еңбек мобильділігі орталығымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Еңбек мобильділігі орталығында"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекомуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      2) ассистент – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын мансап орталығының қызметкері;

      3) әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      5) Электрондық еңбек биржасы – Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      6) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      7) жұмыс іздеп жүрген адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;

      8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      9) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын төлемдер;

      10) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      12) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      14) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      15) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

      16) жұмысқа орналастыру – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

      17) жұмысқа орналастырудың жеке жоспары – жұмыссыздың жеке деректері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде жоспарланатын және іске асырылатын іс-шаралар көрсетілетін құжат;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Процес сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) осы Қағидалардың "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-қосымшасына, "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшасына және "Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып келтірілген.

2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      4. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:

      1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы;

      2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      3) "Электрондық еңбек биржасы" (бұдан әрі- enbek.kz порталы) арқылы жүзеге асырылады.

1-параграф. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      5. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына немесе уақытша орналасқан жері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Жеке басын куәландырғаннан және "Еңбек биржасы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.

      6. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ заңды өкілдерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішін ұсынады.

      7. Мансап орталығының маманы ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.

      8. Ұсынылған дербес деректердің (мәліметтердің), құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мансап орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және ізденушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      9. Мансап орталығының қызметкері ізденушіге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және мансап орталығы көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынады.

      10. Мансап орталығының қызметкері ізденушінің жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде ол туралы дербес ақпарат алу үшін "Еңбек нарығы" ААЖ-да мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады, сондай-ақ "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы Жұмыспен қамтудың жеке картасына ізденушінің дербес деректерін енгізеді.

      11. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізген дербес деректердің негізінде, жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына қарай ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады.

      12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығы анықталғаннан кейін халықты мансап орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді және ізденушіге осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама береді.

      Ізденушіге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы хабарламаны беруді халықты мансап орталығыжеке куәлігін, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Адам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабар алады.

      13. Мансап орталығының қызметкері ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

      14. Ауылдық елді мекенде мансап орталығы болмаған жағдайда ізденуші ауылдық округ әкімдігінің аппаратына ассистентке жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жүгінеді. Ассистент ізденушінінің деректерін алдын ала толтыруды жүргізеді.

      15. Ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Талаптар тізбесінде көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ассистент ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.

      16. Ассистент ізденушінің деректерін толтыру кезінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына дербес деректерді енгізеді. "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда ассистент жұмыспен қамтудың жеке картасын электрондық нысанда немесе қағаз түрінде толтырады.

      17. "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып, ізденушіні санаттарға бөлуді жүргізіледі.

      18. Ассистент ізденушіні enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

      19. Ассистент ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректерің (мәліметтердің) дәйектілігін анықтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мансап орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

      20. Мансап орталығының қызметкері ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді, ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды және ізденушіге ассистент немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы тіркеу күні туралы хабарлайды.

      21. Ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қайта жүгінген кезде мансап орталығының қызметкері ізденушінің бұрын ұсынған дербес деректері мен мәліметтерінің дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады және (немесе) және жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді енгізеді.

      22. Мансап орталығы мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      23. Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.

2-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тіркеу тәртібі

      24. Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      25. Ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жеке деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы статус ізденушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      26. Ізденушінің деректері "Еңбек нарығы" ААЖ-не автоматты түрде тұрғылықты жері немесе уақытша орналасқан жері бойынша мансап орталығына жіберіледі.

      27. Мансап орталығынының қызметкері осы Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11 және 12 - тармақтарына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды тіркейді.

      Мансап орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

      28. "Электрондық үкімет" порталында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мансап орталығы директорының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі және сақталады.

3-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды enbek.kz порталы арқылы тіркеу тәртібі

      29. Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде enbek.kz порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      30. Ізденуші enbek.kz порталындағы "жеке кабинетінде" өзінің тұрғылықты жеріне сәйкес мансап орталығын таңдайды.

      31. Ізденуші енгізген жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде enbek.kz порталында ізденуші туралы дербес ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу қалыптастырылады

      32. Ізденуші enbek.kz порталындағы "жеке кабинетінде" дербес деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алуға өтінімді толтырады.

      33. Еnbek.kz порталында ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

      34. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адамның жұмыспен қамтылуының жеке картасы автоматты түрде қалыптастырылады.

      35. Еnbek.kz порталы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарламаны enbek.kz порталындағы "жеке кабинетіне", сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысына хабарлама беру арқылы жібереді.

      36. Еnbek.kz порталы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-бөлімінің 4-параграфына сәйкес бос жұмыс орындарын автоматты түрде таңдайды.

      37. Жұмыс іздеп жүрген адам enbek.kz порталы және мансап орталығыарқылы алынған бос жұмыс орындарына үн қатады.

      Жұмыс іздеп жүрген адам мансап орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісу немесе одан бас тарту туралы хабарлайды.

3-тарау. Жұмыссыз адамдарды тіркеу тәртібі

      38. Егер мансап орталығы осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таба алмаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда мансап орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығына мансап орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойған жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы электрондық түрде жібереді.

      39. Еңбек мобильділігі орталығы алынған ақпараттың "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады.

      Еңбек мобильділігі орталығының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам құжаттарды алған сәттен бастап осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы бір жұмыс күні ішінде қол қояды.

      40. Мансап орталығының маманы Еңбек мобильділігі орталығы шешім қабылдаған күннен бастап осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      41. Мынадай:

      1) он алты жасқа толмаған;

      2) жұмыспен қамтылған адамдар;

      3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

      4) жұмысы мен жалақысының (кірісінің) болмауы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да дәйексіз мәліметтер ұсынған адамдар;

      5) Әлеуметтік кодексе сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

      6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не мәжбүрлеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз ретінде тіркелмейді.

      42. Мансап орталығының қызметкері Еңбек мобильділігі орталығы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы хабардар етеді.

      43. Халықты мансап орталығымемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      44. Еңбек мобильділігі орталығында тіркелген жұмыссыздар Әлеуметтік кодекске және осы Қағидаларға сәйкес келу тәртібін, шарттарын және мерзімдерін немесе мансап орталығының хабарламаларын сақтайды.

      45. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беру электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе ақпараттандыру объектілері бойынша жүзеге асыралады.

      Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ақпараттың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      46. "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Талаптарының тізбесінде келтірілген.

      47. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат өтеусіз негізде беріледі.

      48. Жұмыссыз электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жеке деректері көрсетілген мемлекеттік қызметті алуға өтінішті осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабыданғаны туралы статус көрсетілетін қызметі алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      49. Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген сәттен бастап бір күнді құрайды.

      50. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті жұмыссыздың "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрінде жіберіледі және сақталады.

      51. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы халықты мансап орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды мынадай жағдайларда:

      1) жұмыссыз үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түскен кезде;

      2) Мансап орталығыұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;

      3) жұмыссыздың дәлелсiз себептермен:

      мансап орталығыхабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;

      шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты мансап орталығына келмегенде;

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

      4) жұмыссыз мансап орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

      5) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

      6) мансап орталығына:

      тұрғылықты жерiн ауыстыруды;

      тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

      кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;

      ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

      мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;

      зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынбағанда;

      7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

      52. Мансап орталығы жұмыссыз есептен шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жердің тұрғындарын кент, ауыл және ауылдық округтің әкімі арқылы хабардар етеді.

      53. Егер enbek.kz порталы немесе мансап орталығыосы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін лайықты жұмыс таңдамаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда жұмыс іздеп жүрген адам автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.

      54. Еnbek.kz порталы осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпараттың анықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      55. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі.

      56. Жұмыс іздеп жүрген адамға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгені немесе бас тартылғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      57. Егер жұмыссыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, enbek.kz порталындағы "жеке кабинетте" жұмыссыз жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алу үшін өтінім мен банк шотының нөмірін толтырады.

      58. Жұмыссызды есептен шығару осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Халықты ұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мансап орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      59. Еңбек мобильділігі орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мансап орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодекстің 91-бабына сәйкес беріледі.

      60. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

5-тарау. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеу

      61. Жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, ал жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу үшін еңбек делдалдығы жүзеге асырылады.

      Еңбек делдалдығын жүзеге асыру мақсатында мансап орталығының қызметкері Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидаларға 10-қосымшаға сай нысан бойынша жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды.

      62. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары толтырылғаннан кейін жұмыссыз және жоспарды әзірлеген мансап орталығының қызметкері оған қол қояды. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының бір данасы жұмыссызға беріледі.

      63. Еңбек мобильділігі орталығыда тіркелген жұмыссыз жұмысқа орналастырудың жеке жоспарында белгіленген іс-шараларды орындайды және мерзімдерді сақтайды.

      64. Еңбек мобильділігі орталығыда тіркелген жұмыссыз мыналарды:

      1) тұрғылықты жерін ауыстыруды;

      2) тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

      3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;

      4) ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

      5) мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;

      6) зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен одан арғы жұмыс тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы, бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына ұсынады.

      Мансап орталығының қызметкері жұмыссыздың жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізеді.

      65. Мансап орталығыадамды жұмыссыз ретінде тіркегеннен кейін осы тараудың 3-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді немесе оны жұмысқа орналастырудың жеке жоспарына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жібереді.

2-параграф. Жұмыс берушілер мансап орталығына ұсынған бос орындарды тіркеу тәртібі

      66. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, жұмыс беруші мансап орталығына enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары және ақы төлеуді көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      67. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Жұмыс берушілер бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді "Электрондық еңбек биржасы" порталы арқылы жолдаған кезде осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген бос орын туралы ақпаратты "жеке кабинеті" арқылы орналастырады.

      Жұмыс беруші enbek.kz порталында қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.

3-параграф. Бос орындарға кандидаттар таңдау және оларды жұмыс берушілерге жіберу

      69. Жұмыс берушілер мансап орталығына enbek.kz порталы арқылы жіберген бос орындарды тіркегеннен кейін мансап орталығы бір жұмыс күні ішінде осы тараудың 2-параграфына сәйкес бос орындарға кандидаттар таңдауды жүргізеді.

      Мансап орталығы бос орындарға кандидаттарды "Еңбек нарығы" ААЖ-да мансап орталығы тіркеген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар және enbek.kz порталында өз бетінше тіркелген адамдар арасынан таңдауды жүргізеді.

      Мансап орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және басқа да жүгінген адамдар үшін бос орындарды таңдауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Мансап орталығының қызметкері кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлық және біліктілік деңгейін, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытының режимін ескере отырып, сондай-ақ жұмыс беруші бос орындарды тіркеу кезінде кандидаттар үшін белгілеген басқа да талаптар мен шарттарға сәйкес бос орындарға кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      71. Мансап орталығының қызметкері бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лайықты жұмыстың бар екені туралы жұмыс іздеп жүрген адамға және (немесе) жұмыссызға және (немесе) өзге де жүгінген адамдарға:

      1) ол мансап орталығына өзі келген кезде;

      2) enbek.kz порталы арқылы "жеке кабинет" -тен;

      3) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлайды.

      Егер жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам ауылдық жерде тұрса, мансап орталығының қызметкері лайықты жұмыстың бар екені туралы оларға АӘК бойынша ассистент арқылы хабарлайды.

      72. Мансап орталығынан лайықты жұмыстың болуы туралы ұсыныстар алған кезде жұмыс іздеп жүрген адам бір жұмыс күні ішінде, жұмыссыз және өзге де жүгінген адам үш жұмыс күні ішінде жеке өзі немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мансап орталығын ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабардар етеді.

      73. Кандидаттар мәлімделген бос орынға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және кандидаттар үшін жұмыс шарттары сәйкес келген кезде Мансап орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы іріктелген кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) жұмыс берушіге жібереді. Кандидаттардың деректері (түйіндемелері) enbek.kz порталында жұмыс берушінің "Жеке кабинетінде" көрсетіледі. Мансап орталығының маманы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушіге оған жіберілген кандидаттардың деректері (түйіндемесі) туралы хабарлайды.

      Қажет болған жағдайда, мансап орталығының маманы жұмыс берушіге кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) қарауды және өзінің шешімі туралы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы хабарлауды ескертеді.

      Мансап орталығының маманы жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу уақыты мен орнын жұмыс берушімен келіседі.

      Мансап орталығының маманы ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы кандидаттарды жұмыс берушімен әңгімелесу өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

      Егер жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз немесе өзге де өтініш білдірген адам ауылдық жерде тұрса, мансап орталығының маманы оларды жұмыс берушімен әңгімелесу өткізілетін уақыт пен орын туралы ассистент арқылы хабардар етеді.

      74. Еңбек мобильділігі орталығында тіркелген жұмыссыз мансап орталығы әңгімелесуді өткізу уақыты мен орны туралы хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге тиіс.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастыру үшін жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мансап орталығын жазбаша немесе enbek.kz порталындағы "жеке кабинеті" арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруының бес жұмыс күні ішінде болмауы ұсынылған кандидатты жұмысқа орналастырудан бас тарту болып саналады.

      76. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастырғанын растаған жағдайда тиісті бос орын enbek.kz порталынан және "Еңбек нарығы" ААЖ-дан автоматты түрде жойылады.

      77. Мансап орталығы enbek.kz порталы арқылы ізденушілер үшін резюмесін өз бетінше орналастыру және бос орындарды іздеу және жұмыс берушілер үшін өз бетінше персонал іздеу мүмкіндігі берілетін, сондай-ақ enbek.kz порталын пайдалану мәселелері бойынша халыққа консультация жүзеге асырылатын өзі-өзіне қызмет көрсету аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

4-параграф. Еnbek.kz порталы арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі

      78. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат жұмыс іздеп жүрген адамның немесе жұмыссыздың enbek.kz порталындағы "жеке кабинетіне" түседі.

      79. Еnbek.kz порталы жұмыс іздеп жүрген адамға немесе жұмыссызға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушінің әңгімелесуді белгілегені туралы хабарлама жібереді.

      80. Жұмыс іздеп жүрген адамдар немесе жұмыссыздар enbek.kz порталында "жеке кабинет" арқылы әңгімелесуден бас тартуына болады.

      81. Жұмыс берушілер жұмыс іздеп жүрген адамды немесе жұмыссызды жұмысқа қабылдаған жағдайда enbek.kz порталындағы "жеке кабинет" арқылы жұмысқа қабылдау туралы белгі қояды.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – egov.kz порталы);
3) ақпараттандыру объектісі enbek.kz порталы (бұдан әрі - enbek.kz порталы).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) egov.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) enbek.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).
Жеке басты куәландырғаннан және "Еңбек нарығы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2. Egov.kz порталы немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелді) 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады.
Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Талаптар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.enbek.kz;
2) www.egov.kz;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.enbek.kz.
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414" .
"Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді".

  "Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбелеріне
1-қосымша
Нысан

      ________ мансап орталығы

      кімнен

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) : ____________________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________;

Өтініш

      Мені жұмыс іздеуші ретінде тіркеуді сұраймын, сонымен қатар:

"Электрондық еңбек биржасы" (www.enbek.kz) ақпараттық порталында түйіндеме орналастыру

Ия □
Жоқ □
(белгі қою)

Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтерді аутсорсинг арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді аутсорсинг шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне дербес деректерді беру

Ия □
Жоқ □
(белгі қою)

      "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон: ___________Ұялы телефон: __________E-mail: _________________;

      "___" ___________ 20____ жыл.

      (күні)

      Өтініш берушінің қолы: __________

      __________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Азаматтың(шаның) өтініші ________________________________ қабылданды

      "___" _________ 20___ жылы № _____тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      __________________ _______________ Күні қолы

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Нәтиже:
1) мансап орталығы;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – egov.kz портал);
3) ақпараттандыру объектісі enbek.kz порталы (бұдан әрі – enbek.kz порталы);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін электрондық үкіметтің веб-порталында немесе enbek.kz тіркеу кезінде) арқылы беріледі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) мансап орталығында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
3) egov.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
4) enbek.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Құжаттарды ұсыну талап етілмейді

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған адамдар;
2) жұмыспен қамтылған адамдар;
3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не мәжбүрлеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.enbek.kz порталы;
2) www.egov.kz порталы;
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414".
"Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді".

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына

      сәйкес _______________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы

      Сізге __________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      себебін көрсету

      Берілген күні: 20___ жылғы "___"___________.

      Мансап орталығының маманы _____________________

      _______________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені туралы хабарлама

      Сіз ____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабына сәйкес

      20___ жылғы "___" ____________ бастап_________________________________

      Мансап орталығының атауы

      жұмыс іздеуші ретінде тіркелдіңіз.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.

      Мансап орталығының маманы ____________________________________.

      _______________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сіз ______________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 99-бабына сәйкес 20___ жылғы

      "___" ____________ бастап _________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Еңбек мобильділігі орталығының атауы

      жұмыссыз ретінде тіркелдіңіз.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.

      Мансап орталығының маманы____________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына

      сәйкес _______________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы

      Сізге __________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      себебін көрсету

      себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.

      Мансап орталығының маманы _____________________________________

      _______________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мансап орталығы.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – egov.kz портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) egov.kz порталында - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес өтініш;
Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беруден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

      Мансап орталығы ________________________________________________

Өтініш

      Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беруді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы ақпарат:_____________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): __________________

      ____________________________________________________________________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________;

      ____ жылғы "___" ______________ ________ (қолы).

      "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Жұмыссыз ретінде тіркеу/не тіркелмегені туралы ақпарат

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабына сәйкес

      жұмыссыз ретінде тіркелгені/тіркелмегені туралы осы анықтама

      ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "___" ____________ бастап __________________________________

      _____________________________________________________________________

      Еңбек мобильділігі орталығының атауы берілді.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.

      Анықтаманың қолданылу мерзімі: 20__ жылғы "__" _____ қоса алғанға дейін жарамды.

      Мансап орталығының маманы ____________________________

      _____________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның

      мансап орталығының атауы

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

      1. ЖҰМЫССЫЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      Жұмыссыз___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық

      Жұмыссыз ретінде тіркеу күні__________________________________________

      Мақсаты ____________________________________________________________

      Білімі _______________________________________________________________

      Мамандығы (кәсібі)___________________________________________________

      2. ІС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Аяқталу күні

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
1) кәсіп таңдау және жұмыс орны бойынша консультация беру, кәсіптік бағдарлау тестісінен өту;
2) еңбек нарығының ахуалы, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу немесе оқудан өту мүмкіндігі туралы хабардар ету.
Еңбек делдалдығы жөніндегі іс-шаралар
1) мансап орталығының дерекқорда бос жұмыс орындарының (бос орындардың) болуы туралы хабардар етуі;
2) ізденушінің enbek.kz порталы арқылы жұмыс іздестіруі;
3) ізденушінің жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша интернет-алаңдар арқылы жұмыс іздестіруі;
4) жұмыс берушілермен әңгімелесуге бару.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1) кәсіптік оқытуға қатысу (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру);
2) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс;
3) жастар практикасынан өту;
4) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;
5) қоғамдық жұмыстарға қатысу.
Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету
1) жұмыссыздарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
2) атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Жұмыс іздестіру дағдыларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
1) белсенді жұмыс іздестіру, жұмыс берушімен әңгімелесуден өту және т.б. негіздеріне оқыту курстарына бару


      3. МАНСАП ОРТАЛЫҒЫМЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ ГРАФИГІ

1.

[Күні]

[Іс-әрекет]

2.

[Күні]

[Іс-әрекет]

[Күні]

[Іс-әрекет]

      Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары 20___жылғы "__"________ дейін қолданылады.

      Мансап орталығының маманы

_______________________________________________
(жұмыссыз адамның тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса)
______________________________________
(қолы)
Мобильді телефон:
Электрондық пошта (бар болса):
20..… жылғы "…."……………

_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса)
___________________________________________
(қолы)
Байланыс телефоны:
Электрондық пошта: 2
0..… жылғы "…."……………

  Қазақстан Республикасы
Премьер- Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 214 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17199 болып тіркелді).

      2. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 20748 болып тіркелді).

      3. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 22458 болып тіркелді).

      4. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 бұйрығының 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 26807 болып тіркелді).

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 және "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 172 бұйрығының 1 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28201 болып тіркелді).