"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22458 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.06.2023 № 214 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 тамызда жарияланған) 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші жұмыспен қамту орталығына және Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес келетін құжаттарды ұсынады.

      Жеке басын куәландырғаннан және "Еңбек биржасы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ассистент "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген кезең ішінде ізденушіге лайықты жұмыс таңдап бере алмаған жағдайда, немесе ізденуші ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда бір жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген оның құжаттарын электрондық түрде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жолдайды.

      Жұмыспен қамту орталығының директоры немесе ол уәкілеттік берген адам "Еңбек нарығы" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз адам (бұдан әрі - жұмыссыз) ретінде тіркеу туралы шешім жобасын бекітеді.

      32. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган алынған ақпараттың "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам құжаттарды алған сәттен бастап осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы бір жұмыс күні ішінде қол қояды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мынадай:

      1) он алты жасқа толмаған;

      2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетін жұмысы бар;

      3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

      4) жұмысы мен жалақысының (кірісінің) болмауы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да дәйексіз мәліметтер ұсынған адамдар;

      5) Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыссызды есептен шығарғаннан кейін "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы жұмыспен қамтудың жеке картасында белгі қояды.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам "Еңбек нарығы" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жұмыссызды есептен шығару туралы шешімге қол қояды.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыссызды есептен шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы оған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылды елді мекендердің тұрғындарына кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі немесе ассистент арқылы хабарлайды.

      Жұмыссызды осы Қағидалардың 44-тармағына сай тіркеуден шығарған жағдайда жұмыспен қамту орталығының қызметкері көрсетілген мәліметті "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы жұмыссыздың жұмыспен қамту жеке картасына енгізеді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, ал жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу үшін еңбек делдалдығы жүзеге асырылады.

      Еңбек делдалдығын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидаларға 9-қосымшаға сай нысан бойынша жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Жұмыспен қамту орталығы адамды жұмыссыз ретінде тіркегеннен кейін осы тараудың 3-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді немесе оны жұмысқа орналастырудың жеке жоспарына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жібереді.";

      53, 54, 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары мен ақы төлеу шарттарын көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      54. Жұмыс беруші бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді жазбаша түрде жіберген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері оны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркейді.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркеу кезінде жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос орын туралы мынадай ақпаратты: кәсіп (лауазым), еңбек жағдайлары, жұмысқа орналастыру өңірі, ізденушінің біліктілігіне қойылатын талаптар, бос орынды жұмыспен қамту орталығында тіркеу күні, талап етілетін білім деңгейі, кәсіптік деңгей, кәсіпті нақтылау, ізденушіден талап етілетін жұмыс өтілі, жалақы деңгейі, лауазымдық міндеттер, тағылымдаманың болуы және бос орын туралы басқа да қосымша мәліметтерді енгізеді.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері "Еңбек нарығы" ААЖ-да қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер еркін қол жеткізіле отырып, "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында орналастырылады.

      55. Жұмыс берушілер бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жолдаған кезде осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген бос орын туралы ақпаратты "жеке кабинеті" арқылы орналастырады.

      Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.

      56. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жіберген бос орындарды тіркегеннен кейін жұмыспен қамту орталығы бір жұмыс күні ішінде осы тараудың 2-параграфына сәйкес бос орындарға кандидаттар таңдауды жүргізеді.

      Жұмыспен қамту орталығы бос орындарға кандидаттарды "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар және "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында өз бетінше тіркелген адамдар арасынан таңдауды жүргізеді.

      Жұмыспен қамту орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және басқа да жүгінген адамдар үшін бос орындарды таңдауды қамтамасыз етеді.";

      58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лайықты жұмыстың бар екені туралы жұмыс іздеп жүрген адамға және (немесе) жұмыссызға және (немесе) өзге де жүгінген адамдарға:

      1) ол жұмыспен қамту орталығына өзі келген кезде;

      2) "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы "жеке кабинет" -тен;

      3) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлайды.

      Егер жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам ауылдық жерде тұрса, жұмыспен қамту орталығының қызметкері лайықты жұмыстың бар екені туралы оларға АӘК бойынша ассистент арқылы хабарлайды.

      59. Жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыстың болуы туралы ұсыныстар алған кезде жұмыс іздеп жүрген адам бір жұмыс күні ішінде, жұмыссыз және өзге де жүгінген адам үш жұмыс күні ішінде жеке өзі немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жұмыспен қамту орталығын ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабардар етеді.

      60. Кандидаттар мәлімделген бос орындарға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және жұмыс жағдайы кандидаттарға сәйкес келген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері бір жұмыс күні ішінде іріктелген кандидаттардың деректерін (резюмелерін) жұмыс берушіге:

      1) "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы жібереді. Кандидаттардың деректері (резюмелері) жұмыс берушінің "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" көрінеді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушіге өзіне жіберілген кандидаттардың деректері (резюмелері) туралы хабарлайды;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.

      Қажет болған жағдайда жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыс берушіге кандидаттардың деректерін (резюмелерін) қарауды және шешімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етуді ескертеді.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу өткізу күні мен орнын жұмыс берушімен келіседі.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы кандидаттарға жұмыс берушімен әңгімелесу өтетін уақыт және орын туралы хабарлайды.";

      62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастыру үшін жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын жазбаша немесе "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталындағы "жеке кабинеті" арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруының бес жұмыс күні ішінде болмауы ұсынылған кандидатты жұмысқа орналастырудан бас тарту болып саналады.

      63. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастырғанын растаған жағдайда тиісті бос орын "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталынан және "Еңбек нарығы" ААЖ-дан автоматты түрде жойылады.

      64. Жұмыспен қамту орталығы "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы ізденушілер үшін резюмесін өз бетінше орналастыру және бос орындарды іздеу және жұмыс берушілер үшін өз бетінше персонал іздеу мүмкіндігі берілетін, сондай-ақ "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мәселелері бойынша халыққа консультация жүзеге асырылатын өзі-өзіне қызмет көрсету аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      1-қосымшада:

      "Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында":

      1-қосымшаның 4 реттік нөмірінің жолына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 95 Бұйрыққа
қосымша
"Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Өтініш

      Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуді сұраймын. Өтініш беруші туралы ақпарат: Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _____________________; Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________;

      Осы арқылы, төменде қол қоя отырып, "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, "Электрондық еңбек биржасы" (www.enbek.kz) мемлекеттік ақпараттық порталында менің дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондардың байланыс нөмірлері, тұрғылықты өңірі, электрондық пошта және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге дербес деректер) жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында тіркелген жұмыс берушілердің, жұмысқа орналастыру мақсатында аутсорсинг шарттары жасалған жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қарауы үшін орналастыруға келісім беремін.

      Келісім осы өтінішке толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен қарсылықсыз қол қою арқылы беріледі.

      20___ жылғы "___" ___________ ___________ (қолы).

      Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      телефон ______________________;

      ұялы:_________________________;

      E-mail: _______________________;

      20___ жылғы "___" ____________.

      Өтініш берушінің қолы: ____________________

      -------------------------------------------------------------------------------------------------- (қию сызығы)

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ____________________________________________________________________, өтініш тіркелген күн: 20____жылғы "___" ___________ (көрсетілетін қызметті алу күні 20____жылғы "___" ___________)

      Осы арқылы, төменде қол қоя отырып, "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, "Электрондық еңбек биржасы" (www.enbek.kz) мемлекеттік ақпараттық порталында менің дербес деректерімді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қала және мобильді телефондардың байланыс нөмірлері, тұрғылықты өңірі, электрондық пошта және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге дербес деректер) жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында тіркелген жұмыс берушілердің, жұмысқа орналастыру мақсатында аутсорсинг шарттары жасалған жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қарауы үшін орналастыруға келісім беремін.

      Келісім осы өтінішке толық көлемде, қандай да бір ескертулер мен қарсылықсыз қол қою арқылы беріледі.

      20___ жылғы "___" ___________

      Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.