Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32160 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13392 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 49 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      3) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе мультипәндік команданың құрамында көрсететін, денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын медициналық көмек;

      4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;

      5) профилактика – аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

      6) стационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылаумен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну нысаны;

      7) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

      8) жылжымалы медициналық кешендер (бұдан әрі – ЖМК) – ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильдік клиникалар (кабинеттер);

      9) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;

      10) үздік тәжірибелер орталықтары қызметі сапалы қызметтер көрсетудің жоғары деңгейімен, кешенділігімен, қауіпсіздігімен, қолжетімділігімен, нәтижелілігімен және экономикалық тиімділігімен, инновациялық технологияларды қолданумен, адам денсаулығына қамқорлығымен, денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруымен және халықтың қанағаттануымен сипатталатын кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау ұйымы немесе құрылымдық бөлімшесі.

      3. МСАК көрсететін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС), ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ақылы негізде МСАК "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес ұсынылады.

      4. МСАК мамандары алу-есептік құжаттаманы электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175 бұйрығы) және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.

      5. МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерімен жасақтау МСАК ұйымдарының мамандарына арналған штаттық нормативтерге сәйкес осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      6. МСАК-ты халыққа МСАК мамандары көрсетеді: жалпы практика дәрігері (отбасылық дәрігер, терапевт, педиатр), фельдшер, акушер, кеңейтілген практика мейіргері, учаскелік мейіргер, жалпы практика мейіргері, психолог, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер.

      7. МСАК мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы) айқындалған

      8. Балалар мен ересек халыққа арналған білікті МСАК-ты "Жалпы дәрігерлік практика", "Отбасылық медицина", "Терапия", "Педиатрия" мамандықтары бойынша дәрігерлер көрсетеді.

      9. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті орта медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, кеңейтілген практиканың мейіргері, учаскелік мейіргері, жалпы практиканың мейіргері) (бұдан әрі – ОМҚ), "Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-223 бұйрық) сәйкес МСАК деңгейінде немесе дәрігердің қатысуын талап етпейтін жағдайларда көрсетіледі.

      10. МСАК ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21560 астында) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 167/2020 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

      2 - тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдардың негізгі бағыттары, құрылымы

      11. МСАК негізгі бағыттары:

      1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

      2) профилактикалық қарап-тексерулер, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) қарап-тексеру;

      3) аурулардың мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингілеу, анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқыту;

      4) иммундау;

      5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

      6) психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау, оның ішінде отбасын жоспарлау бойынша қызметтер көрсету;

      7) босанғаннан кейінгі кезеңде жүкті және босанған әйелдерді бақылау;

      8) фертильді жастағы әйелдерді динамикалық байқау;

      9) репродуктивтік жастағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету;

      10) бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау және 5 жасқа дейінгі балаларды әмбебап-прогрессивті патронаждық бақылау;

      11) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

      12) халықтың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және өлімін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу;

      13) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасында динамикалық байқау;

      14) халыққа медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;

      15) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      16) медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттану бойынша қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс;

      17) МСАК үздік тәжірибелер орталықтарын дамыту және инновациялық технологияларды енгізу;

      18) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

      12. МСАК жұмысының қағидаттары отбасылық қызмет көрсетуді, аумақтық қолжетімділікті, аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдауды, пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануын, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан тең құқықты және адал бәсекелестікті қамтиды.

      13. Халыққа МСАК:

      1) елді мекендерде үй-жайы жоқ үйде;

      2) медициналық пунктте;

      3) фельдшерлік-акушерлік пунктте;

      4) дәрігерлік амбулаторияда;

      5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығында;

      6) аудандық емханада;

      7) нөмірлі аудандық емханада;

      8) қалалық емханада көрсетіледі.

      Қалалық МСАК деңгейінен төмен емханалар болмаған жағдайда халыққа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде көрсетіледі.

      Шақыруларды қабылдау МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын аяқталады.

      15. Аудандық деңгейде халық саны 50 (елу) адамнан кем елді мекенде МСАК медициналық объектісі (үй-жайы) болмаған кезде медициналық көмекті жалпы практикадағы орта медицина қызметкері (мейіргер, учаскелік мейіргер және (немесе) мейіргер көрсетеді, мейіргер болмаған кезде фельдшер және (немесе) акушер тағайындалады.

      Медициналық пункттің мейіргері лауазымына қойылатын біліктілік сипаттамалары № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес айқындалады.

      16. Объект (үй-жай) (ғимарат) болмаған жағдайда медициналық пункттің мейіргерінің медициналық көмегі үйде көрсетіледі және мыналарды қамтиды:

      1) пациентті мейірімділігімен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіру;

      3) пациенттен немесе оның заңды өкілінен медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімді хабардар ету және алу;

      4) алғашқы медициналық көмек, оның ішінде экстремалды жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсету;

      5) үйде мейіргерлік рәсімдерді орындау, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алу;

      6) дәрігер тағайындауды орындау қағидалары туралы пациентпен түсіндірме әңгіме жүргізу;

      7) жүкті әйелдерді патронаждық бақылау;

      8) созылмалы аурулары бар пациенттерді, оның ішінде 65 және одан жоғары жастағы адамдарды динамикалық байқау;

      9) пациентпен және оның отбасы мүшесімен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың дәрігерлік тағайындауларды орындауға бейілділігін арттыру және аурудың (аурулар болмаған кезде) және аурулардың асқынуларының (олар болған кезде) қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

      10) пациентті және оның отбасы мүшелерін инфекциялық емес аурулардың қаупін азайту үшін қауіп факторларын бақылауға, ауыр науқастарға күтім жасау әдістеріне, жауыржараның профилактикасына үйрету;

      11) санитариялық-ағарту жұмысы: салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттау, денсаулықты нығайту, мінез-құлық қауіп факторларын (темекі шегу, нашақорлық, уытқұмарлық, алкоголизм) төмендету мәселелерінде ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жолымен аурулардың профилактикасы;

      12) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      13) медициналық құжаттаманы жүргізу;

      14) отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша хабардар ету;

      15) диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда "Көк Код" сигналы бойынша базалық реанимациялық көмек (BLS), шұғыл акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету.

      балаларға қызмет көрсету кезінде:

      1) антропометриялық зерттеу жүргізу және баланың физикалық дамуын бағалау;

      2) дене температурасын өлшеу, тыныс алу қозғалысының жиілігін, пациенттің жүрек соғу жиілігін анықтау және көрсетілімдер бойынша дәрігерді үйге шақыру;

      3) жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалардың патронажы;

      4) ата-аналарды баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында оны күту дағдыларына үйрету;

      5) отбасы мүшелерін, оның ішінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын жалпы күтімнің практикалық дағдыларына оқыту;

      6) пациенттердің сүт бездерін қарап-тексеру, бала емізетін әйелдердің лактациясын бағалау, бала емізу бойынша түсіндіру сұхбатын жүргізу;

      7) балада проблеманы анықтау - қауіптілік белгілері, негізгі белгілері, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің болуы;

      8) ауру балаларды үйде және дамуында ауытқулары бар балаларды күту мәселелері бойынша ата-аналарға консультация беру;

      9) ата-аналарға диагностикалық рәсімдер мен профилактикалық екпелерді жүргізуге дайындық жөніндегі қағидалар мен талаптарды түсіндіру;

      10) үйде мейіргерлік рәсімдерді орындау, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды жүргізу;

      11) дәрігердің тағайындауларын орындау қағидалары туралы баланың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізу;

      12) медициналық құжаттаманы жүргізу.

      17. Үй-жайсыз медицина қызметкері үшін практикалық дағдылардың ең төмен тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) қолтық астындағы, тік ішектегі, сублингвальды дене температурасын өлшеу;

      2) сәулелі артериядағы пульсті өлшеу;

      3) тыныс алу қозғалыстарының санын есептеу;

      4) қан қысымын өлшеу;

      5) тамырдан қан алу;

      6) саусақтан қан алу;

      7) мұрыннан, жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сору;

      8) асқазанды шаю;

      9) инъекция (тері ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне) қою;

      10) сұйықтықтарды көктамыр ішіне ағынмен, тамшылатып енгізу;

      11) тазарту клизмасын қою;

      12) ауа шығару түтігін қою;

      13) назогастральды зондты қою;

      14) қан тоқтатқыш бұрауды салу;

      15) Дезо таңғышын қолдану;

      16) Крамер шинасын қолдану;

      17) жүрекке тікелей емес массаж жасау;

      18) өкпе реанимациясын жүргізу (ауызды ауызға, ауызды мұрынға жасанды желдету);

      19) анафилактикалық шок, жіті тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, жіті тамыр функциясының жеткіліксіздігі (естен тану, коллапс), жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету (алгоритм бойынша).

      1 - параграф. Медициналық пункт

      18. Медициналық пункт № ҚР ДСМ-223 бұйрығына сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін қалалық немесе аудандық (нөмірлік) емханалардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      19. Медициналық пункт:

      1) халық саны 50 (елу) адамнан 500 (бес жүз) адамға дейінгі әрбір елді мекенде (ауылдық округте);

      2) халық саны кемінде 50 (елу) адамнан тұратын елді мекенде, 5 километр радиуста медициналық ұйым болмаған кезде құрылады.

      20. Медициналық пункттің құрамында:

      1) орта медицина персоналының кабинеті;

      2) емшара кабинеті;

      3) физиотерапия кабинеті;

      4) дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай;

      5) дәріхана пункті және анықтамасы бар вестибюль

      6) шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар бар.

      21. Медициналық пункттің медициналық бұйымдармен жарақтандыру № ҚР ДСМ 167/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Медициналық пунктте орта медицина қызметкері лауазымына жалпы практикадағы мейіргер (учаскелік) және (немесе) мейіргер, мейіргер болмаған кезде фельдшер және (немесе) акушер тағайындалады.

      Медициналық пункттің мейіргері лауазымына қойылатын біліктілік сипаттамалары № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес айқындалады.

      23. Медициналық пункттің медицина қызметкерінің жұмыс тәртібі сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін белгіленеді.

      Қызмет көрсету аумағы бойынша бекітілген жақын маңдағы дәрігерлік амбулаторияда қызметін жүзеге асыратын МСАК дәрігеріне шақыруды бере отырып, шақыруларды қабылдау жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Шақыруларға қызмет көрсетуді МСАК дәрігерінің қашықтықтан консультациясы арқылы медициналық пункттің ОМҚ жүзеге асырады.

      Қажет болған жағдайда шақыруға жақын елді мекеннен мобильді бригада жіберіледі.

      24. Медициналық пункттің мейіргері дәрігерге дейінгі медициналық көмек, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек көрсетеді.

      25. Медициналық пункттің мейіргері амбулаториялық жағдайда (қабылдауда) мыналарды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіруді жүргізу;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;

      4) пациентке сауалнама және жалпы қарап-тексеру жүргізу;

      5) өтініштің себебін анықтау;

      6) бой мен салмақты өлшеуді жүргізу;

      7) екі қолдағы қан қысымын өлшеу (2 рет);

      8) № ҚР ДСМ-223 бұйрығына сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;

      9) "Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21674 болып тіркелген) сәйкес мейіргерлік күтім көрсету;

      Амбулаториялық жағдайда мейіргерлік күтім медициналық пункттің жұмысы кезінде жұмыс күндері үйде жүзеге асырылады.

      Мейіргерлік күтімге мұқтаж пациенттердің тізімін МСАК ұйымдары медициналық ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады;

      10) дәрігерлердің ұсынымдарына сәйкес паллиативтік медициналық көмек, оның ішінде есірткі және күшті әсер ететін дәрілік заттарға мұқтаж онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға көрсету.

      Паллиативтік медициналық көмек "Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;

      11) денсаулыққа елеулі зиянның алдын алу және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету;

      12) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық қарап-тексеру және скринингтік зерттеулер жүргізу, оның ішінде скринингтік және профилактикалық қарап-тексерулер жүргізу үшін халықтың нысаналы топтарының тізімдерін қалыптастыру;

      13) пациенттерді Ұлттық күнтізбеге сәйкес және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша иммундауды ұйымдастыру немесе жіберу

      14) мейіргерлік емшараларды, қажет болған жағдайда дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды орындау;

      15) дәрігер тағайындауы бойынша физиотерапиялық емшараларды орындау;

      16) фертильді жастағы әйелдерді бақылауды, отбасын жоспарлау, контрацепция мәселелері бойынша хабардар етуді, жүктілікті жоспарлау кезінде гравидаралды дайындықты, әйелдердің сүт бездерін қарауды, бала емізетін әйелдердің лактациясын бағалауды жүргізеді, көрсетілімдер бойынша акушер-гинекологқа жіберу;

      17) физиологиялық ағындағы жүкті әйелдерге антенатальды бақылау және МСАК дәрігері мен акушермен бірлесіп босанғаннан кейінгі кеш кезеңде босанған әйелдерге бақылау жүргізу;

      18) денсаулық мектептерін ұйымдастыру және өткізу;

      19) диагностикалық зерттеп-қарауларға, МСАК дәрігерінің қабылдауына жолдамалар жазып беру, МСАК дәрігерінің қабылдауын ұйымдастырады, қажет болған жағдайда дәрігердің қабылдауы жүзеге асырылатын ең жақын медициналық ұйымға дейін пациентті жеткізуді және (немесе) сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      20) МАЖ арқылы дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды жазып беру;

      21) 65 жастан асқан, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасына қатысатын адамдарды қоса алғанда, созылмалы аурулары бар пациенттерге динамикалық байқау жүргізу;

      22) дәрігер тағайындауды орындау қағидалары туралы пациентпен түсіндірме әңгіме жүргізу;

      23) ақпараттық жүйелер арқылы дәрігердің тағайындауы бойынша пациенттерге дәрілік заттарға тегін рецепттер жазып беру;

      24) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21660) (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу

      25) санитариялық-ағарту, профилактикалық жұмысты, оның ішінде: инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасын, репродуктивтік, психикалық денсаулықты сақтауды, салауатты өмір салтын, салауатты және дұрыс тамақтануды насихаттауды, ақпараттық қамтамасыз ету жолымен аурулардың профилактикасын, денсаулықты нығайту, мінез-құлық қауіп факторларын төмендету (темекі шегу, нашақорлық уытқұмарлық, алкоголизм), контрацепция мәселелері бойынша және басқалар мәселелерінде білім алушыларды гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді жүргізу;

      26) медициналық ақпараттық жүйеде пациенттердің медициналық құжаттамасын толтыру.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 № 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Балаларға қызмет көрсету кезінде медициналық пункттің мейіргері мыналарды жүзеге асырады:

      1) антропометриялық зерттеу жүргізу және баланың физикалық дамуын бағалау;

      2) дене температурасын өлшеу, тыныс алу қозғалысының жиілігін, пациенттің жүрек соғу жиілігін анықтау және көрсетілімдер бойынша жалпы практика (учаскелік) дәрігерді үйге шақыру;

      3) балада проблеманы анықтау - қауіптілік белгілері, негізгі белгілері, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің болуы;

      4) мейіргерлік емшараларды орындау, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды жүргізу;

      5) дәрігердің тағайындауы бойынша физиотерапиялық ем жүргізу;

      6) ауру балаларды үйде және дамуында ауытқулары бар балаларды күту мәселелері бойынша ата-аналарға консультация беру;

      7) балалардың шұғыл жағдайы, жарақаттану мен жазатайым профилактикалық алу шаралары туралы ата-аналармен кері байланысты қолдау;

      8) диагностикалық зерттеп-қарауларға, бейінді мамандарға консультацияларға жолдама беру (МСАК дәрігерімен келісу бойынша немесе МСАК дәрігерінің тағайындауы бойынша);

      9) ата-аналарға диагностикалық емшаралар мен профилактикалық екпелерді жүргізуге дайындық жөніндегі қағидалар мен талаптарды түсіндіру;

      10) ата-аналарға балаларға арналған профилактикалық екпелер жүргізуге ақпараттандырылған келісімді толтыруға көмектесу;

      11) ата-аналарды баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында оны күту дағдыларына үйрету;

      12) баланың ата-анасымен дәрігердің тағайындауларын орындау қағидалары туралы түсіндіру жұмысы, емшек сүтімен тамақтандыру бойынша әңгіме жүргізу;

      13) медициналық ақпараттық жүйеде пациенттердің медициналық құжаттамасын толтыру;

      14) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру және оны № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бастапқы медициналық құжаттамада тіркей отырып, дәрігерге кезекті бару күнін белгілеу.

      27. Медициналық пункттің мейіргері үйде мыналарды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіру;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін рәсімдеу;

      4) алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек осы Стандарттың 15-тармағына, 21-тармағының 8-10-тармақшаларына сәйкес мейіргерлік күтім көрсету.

      Үйде мейіргерлік күтім ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін, бірақ денсаулық жағдайы мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттерге көрсетіледі;

      5) үйде мейіргерлік емшаралар, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды жүргізу;

      6) дәрігер тағайындауды орындау қағидалары туралы пациентпен түсіндірме әңгіме;

      7) стационардан шығарылғаннан кейін үйде белсенді барып тұру;

      8) созылмалы аурулары бар пациенттерді, оның ішінде 65 жастан асқан адамдарды динамикалық байқау;

      9) пациентпен және оның отбасы мүшесімен кері байланысты қолдау, олардың дәрігерлік тағайындауларды орындауға бейілділігін арттыру аурулардың (аурулар болмаған кезде) және аурулардың асқынуларының (олар болған кезде)қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

      10) пациентті және оның отбасы мүшелерін инфекциялық емес аурулардың қаупін азайту үшін қауіп факторларын бақылауға ауыр науқастарға, жауыржарасының алдын алуға, күтім әдістеріне үйрету;

      11) жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, гинекологиялық науқастарға және әлеуметтік тәуекел фертильді жастағы әйелдер тобына үйде медициналық қызмет көрсету, жүкті әйелді жүктіліктің 12 аптасы мен 32 аптасына дейінгі мерзімдерде, олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдерді патронаждық байқау жүкті әйелдерді күтудің әмбебап прогрессивті моделінің схемасы бойынша әмбебап патронаждық байқау;

      Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарлы сапарлармен қатар (әмбебап тәсіл), баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік қауіптердің болуына байланысты жүкті, жаңа туған және ерекше қолдауға мұқтаж балаларға арналған жеке жоспар бойынша (прогрессивті тәсіл) қосымша патронаждар жүргізіледі;

      12) санитариялық-ағарту жұмысы: ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жолымен аурулардың профилактикасы салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, денсаулықты нығайту, мінез-құлық қауіп факторларын азайту (темекі шегу, нашақорлық, алкоголизм, уытқұмарлық), отбасын жоспарлау мәселелері бойынша және т. б;

      13) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      14) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру және оны № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес алғашқы медициналық құжаттамада тіркей отырып, дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді;

      15) медициналық құжаттаманы жүргізу; орта медициналық қызметкерге арналған мобильді қосымша болған кезде үйде жүзеге асыру немесе МАЖ-ға жазу медициналық ұйымға оралғаннан кейін орта медициналық жұмыс орнында жүргізу.

      28. Балаларға үйде қызмет көрсету кезінде медициналық пункттің мейіргері мыналарды жүзеге асырады:

      1) антропометриялық зерттеу жүргізу және баланың физикалық дамуын бағалау;

      2) дене температурасын өлшеу, тыныс алу қозғалысының жиілігін, пациенттің жүрек соғу жиілігін анықтау және көрсетілімдер бойынша дәрігерді үйге шақыру;

      3) патронажды жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалардың;

      4) ата-аналарды баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында оны күту дағдыларына үйрету;

      5) отбасы мүшелерін, оның ішінде мүгедек балалардың ата-аналарын жалпы күтімнің практикалық дағдыларына оқыту;

      6) пациенттердің сүт бездерін қарап-тексеру, бала емізетін әйелдердің лактациясын бағалау, бала емізу бойынша түсіндіру сұхбатын жүргізу;

      7) "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) және "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) сәйкес балада проблемаларды және тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің болуын анықтау;

      8) ауру балаларды үйде және дамуында ауытқулары бар балаларды күту мәселелері бойынша ата-аналарға консультация беру;

      9) ата-аналарға диагностикалық емшараларды мен профилактикалық екпелерді жүргізуге дайындық жөніндегі қағидалар мен талаптарды түсіндіру;

      10) үйде мейіргерлік емшараларды орындау, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды жүргізу;

      11) дәрігердің тағайындауларын орындау қағидалары туралы баланың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізу;

      12) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру және оны № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бастапқы медициналық құжаттамада тіркей отырып, дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді;

      13) мобильді қосымша болған кезде үйде медициналық құжаттаманы жүргізу немесе МАЖ-ға жазу медициналық ұйымға оралғаннан кейін орта медицина қызметкерінің жұмыс орнында жүргізіледі.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 № 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Медициналық пункттің мейіргері үшін практикалық дағдылардың ең төмен тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) қолтық астындағы, тік ішектегі, сублингвальды дене температурасын өлшеу;

      2) сәулелі артериядағы пульсті өлшеу;

      3) тыныс алу қозғалыстарының санын есептеу;

      4) қан қысымын өлшеу;

      5) тамырдан қан алу;

      6) саусақтан қан алу;

      7) мұрыннан, жоғарғы тыныс жолдарынан сілемейді сору;

      8) асқазанды шаю;

      9) инъекция (тері ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне) қою;

      10) сұйықтықтарды көктамыр ішіне ағынмен, тамшылатып енгізу;

      11) тазарту клизмасын қою;

      12) ауа шығару түтігін қою;

      13) назогастральды зондты қою;

      14) қуықтың катетеризациялау;

      15) қан тоқтатқыш бұрауды салу;

      16) Дезо таңғышын қолдану;

      17) Крамер шинасын қолдану;

      18) жүрекке тікелей емес массаж жасау;

      19) өкпе реанимациясын жүргізу (ауызды ауызға, ауызды мұрынға жасанды желдету);

      20) анафилактикалық шок, жіті тыныс алу жеткіліксіздігі, жіті тамыр жеткіліксіздігі (естен тану, коллапс), жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету (алгоритм бойынша);

      21) Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу ;

      22) байланыссыз пневмотонометрия ;

      23) таңу;

      24) электрокардиографиялық зерттеуді алу (12 жалғамда);

      25) автоматтандырылған аппараттарда жазу кезінде спирографияны алу;

      26) аудиометрия жүргізу;

      27) жауыржараларды өңдеу;

      28) тыныс алу гимнастикасын өткізу және оқыту;

      29) ЕДШ-ны топта немесе жеке-дара өткізу;

      30) физиотерапиялық рәсімдерді жүргізу.

      2 - параграф. Фельдшерлік-акушерлік пункт

      30. Фельдшерлік-акушерлік пункт № ҚР ДСМ-223 бұйрыққа сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін қалалық немесе аудандық (нөмірлік) емханалардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      31. Фельдшерлік-акушерлік пункт халық саны 500-ден (бес жүз) 1500 (бір мың бес жүз) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте), халық саны кемінде 500 (бес жүз) адамнан және дәрігерлік амбулаториялардан, аудандық ауруханалардан, облыс орталықтарынан қашық орналасқан кезінде жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес құрылады;

      32. Фельдшерлік-акушерлік пункт өз құрамында:

      1) фельдшер кабинеті;

      2) акушер кабинеті;

      3) қарау кабинеті;

      4) емшара кабинеті;

      5) егу кабинеті;

      6) зарарсыздандыру;

      7) дәріхана пункті

      8) физиотерапия кабинеті;

      9) қақырықты алу кабинеті;

      10) ақпараттандыру кабинеті;

      11) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар бар.

      33. Фельдшерлік-акушерлік пунктті медициналық бұйымдармен жарақтандыру № ҚР ДСМ 167/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Фельдшерлік-акушерлік пунктте орта медицина қызметкері лауазымына фельдшер және (немесе) аға акушер тағайындалады, бекітілген халыққа байланысты 1-2 мейіргер лауазымы тағайындалады.

      Фельдшерлік-акушерлік пункттің мейіргері, фельдшерінің, акушердің лауазымына біліктілік сипаттамалары № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес айқындалады.

      35. Фельдшерлік-акушерлік пункттің медицина қызметкерлерінің жұмыс режимі сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін белгіленеді.

      Шақыруларға қызмет көрсетуді фельдшер шақыруды қызмет көрсету аумағы бойынша бекітілген жақын жердегі дәрігерлік амбулаторияда қызметін жүзеге асыратын МСАК дәрігеріне жұмыс күні ішінде бере отырып жүзеге асырады.

      Шақыруларға қызмет көрсетуді фельдшерлік-акушерлік пункттің МСАК дәрігерінің қашықтықтан консультациясы арқылы жүзеге асырады.

      Қажет болған жағдайда шақыруға жақын елді мекеннен мобильді бригада жіберіледі.

      36. Фельдшерлік-акушерлік пункттің медицина қызметкерлері дәрігерге дейінгі медициналық көмек, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек көрсетеді.

      37. Осы стандарттың 25-28-тармақтарына сәйкес фельдшерлік-акушерлік пункттің мейіргері қызметтерді жүзеге асырады.

      38. Фельдшерлік-акушерлік пункттің фельдшері қабылдауда мыналарды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіруді жүргізу;

      3) пациенттен немесе оның заңды өкілінен медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісім алу;

      4) сауалнама жүргізу, анамнез және шағымдар жинау;

      5) пациентті объективті қарап-тексеруді жүргізу;

      6) алдын ала диагнозды белгілеу;

      7) зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінен өту үшін тізбені айқындау және жолдама беру (клиникалық хаттамаларға сәйкес);

      8) пациентті жалпы практика дәрігеріне/учаскелік дәрігерге консультацияға жіберу;

      9) емдеу жоспарын жасау (дәрігердің келісуі бойынша) (клиникалық хаттамаларға сәйкес);

      10) пациентті басқару тактикасын айқындау;

      11) шұғыл /кезек күттірмейтін жағдайда, медициналық алғашқы көмек көрсету және пациенттерді стационарға тасымалдауды қамтамасыз ету (жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру, ол келгенге дейін бақылау және шұғыл көмек көрсету), дәрігерді, дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) бөлім меңгерушісін хабардар ету;

      12) пациентті психолог пен әлеуметтік қызметкерге консультацияға жіберуі (көрсетілімдер бойынша);

      13) бейінді мамандардың консультациясына жіберу (көрсетілімдер бойынша);

      14) пациенттерге, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасына тартылған пациенттерге патронаж қызметінің әмбебап-прогрессивті моделіне динамикалық байқау жүргізу;

      15) фертильді жастағы әйелдерге динамикалық байқау жүргізеді;

      16) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық қарап-тексеру жүргізу, оның ішінде:

      скринингтік және профилактикалық қарап-тексерулер жүргізу үшін халықтың нысаналы топтарының тізімін қалыптастыру;

      скринингтік және профилактикалық қарап-тексерулердің 1 кезеңін жүргізу;

      мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау және бақылау;

      Ұлттық күнтізбеге сәйкес және эпидемиологиялық бойынша иммундауға жолдау;

      салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

      репродуктивтік денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шаралар (фертильді жастағы әйелдерді қарау кабинетіне, контрацепцияға акушер-гинекологқа, жүктілікті жоспарлау кезінде гравидаралды алдын ала даярлауға жіберу);

      жүктіліктің антенатальды бақылауы және босанғаннан кейінгі босануды бақылау;

      17) бала мен жүкті әйелдердің проблемаларын, қауіп белгілерін анықтау;

      18) дені сау балаларға антропометриялық зерттеулер жүргізу;

      19) ата-аналарға баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында оған күтім жасау дағдыларын үйрету;

      20) дәрігердің тағайындауларын орындау қағидалары туралы ата-аналармен түсіндірме әңгіме жүргізу;

      21) емшек сүтімен тамақтандыру бойынша түсіндірме әңгіме жүргізу;

      22) профилактикалық сипаттағы әңгімелесу (салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режимін сақтау, жарақаттанудың, суицидтің алдын алу, психикалық және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша, отбасын жоспарлау, темекі шегудің және алкоголизмді тұтынудың профилактикасы, контрацепция, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, туберкулездің профилактикасы және т. б. мәселелері бойынша әңгімелесу) жүргізу;

      23) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бастапқы медициналық құжаттамада тіркей отырып, дәрігерге кезекті бару күнін белгілеу;

      24) МАЖ арқылы дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды жазып беру;

      25) клиникалық хаттамаларға сәйкес жүкті әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар кезінде "Көк код" сигналы бойынша базалық реанимациялық көмек (BLS), шұғыл акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету.

      39. Фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшерінің үйде пациенттерге қызмет көрсетуі осы Стандарттың 27-28 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Фельдшерлік-акушерлік пункттің акушері қабылдауда мыналарды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіруді жүргізу;

      3) пациенттен немесе оның заңды өкілінен медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісім алу;

      4) сауалнама жүргізу, анамнез және шағымдар жинау;

      5) пациенттің денсаулық жағдайын анықтау, жүктіліктің аурулары мен асқынуларын анықтау мақсатында объективті зерттеп-қарау дербес қабылдау мен медициналық қарап-тексеруді жүргізу;

      6) пациентті қарап-тексеру жәнезерттеп-қарау;

      7) жүкті әйелдерді анықтау, жүктілік мерзімін белгілеу, акушерлік анамнезіне, соматикалық және әлеуметтік мәртебесі бойынша сәйкес қауіп тобын анықтау;

      8) патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі қағидаттарын сақтай отырып патронаж жүргізу;

      9) жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама ресімдеу;

      10) жүкті әйелдер мен гинекологиялық пациенттерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;

      11) "Көк код" сигналы бойынша базалық реанимациялық көмек (BLS), клиникалық хаттамаларға сәйкес әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар кезінде шұғыл акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету;

      12) учаскелік дәрігерлермен және бейінді мамандармен бірлесіп созылмалы аурулары бар тәуекел факторлары бар жүкті әйелдерге динамикалық бақылау жүргізеді;

      13) физиологиялық жүктілікті бақылауды дербес жүргізеді;

      14) көзге көрінетін ісік алды және ісік ауруларының орналасуын (сүт безі, тері, жатыр мойны және т. б.) ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық қарап-тексеруді жүргізу;

      15) жатыр мойны ауруларын (биоматериал алу) бұрын анықтауға скринингтік тексерулер жүргізуге қатысу;

      16) құзыреті шегінде дәрігердің тағайындауы бойынша медициналық манипуляцияларды орындау;

      17) босанғаннан кейінгі кезеңде жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің жағдайын бақылауы;

      18) фертильді жастағы әйелдерді, оның ішінде контрацептивтермен (жатырішілік, гормоналды оралды контрацептивтермен) динамикалық байқауды қамтамасыз ету;

      19) әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, емшек сүтімен қоректендіру профилактикасы, отбасын жоспарлау және т. б. бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

      20) "Бекітілген халық тіркелімі" электрондық порталының "Жүкті және фертильді жастағы әйелдер тіркелімі" кіші жүйесіне және медициналық ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу.

      41. Фельдшерлік-акушерлік пункт акушерінің үйде пациенттерге қызмет көрсетуі мыналарды қамтиды:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіруді жүргізу;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған ерікті келісімін ресімдеу;

      4) (12 апта жүктілігі мерзіміне дейін) әмбебап-прогрессивті модельге сәйкес бірінші және екінші (32 аптаған жүктілік мерзімінде)босанғанға дейінгі патронажды жүргізу;

      5) алғашқы босанғанда дейінгі патронажда:

      Әлеуметтік мәртебесін, отбасы жағдайын, тұрмыстық жағдайын (тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы, отбасы мүшелерінің саны және т.б);

      Жүкті әйелдің жағдайын бағалау жүзеге асырылады;

      6) алғашқы босанғанға дейінгі патронажда, оның ішінде:

      жүкті әйелдің денсаулығы туралы сауалнама және консультация беру, шағымдарды анықтау, анамнезді, оның ішінде кәсіби еңбек жағдайлары мен жаман әдеттерді анықтау;

      жүкті әйелді және отбасы мүшелерін "Қауіпті белгілерін" анықтауға үйрету, жүктілік пен босанудың қалыпты ағымында да, кезек күттірмейтін акушерлік жағдайларда да немесе босанудың басталуында да мінез-құлық алгоритмімен танысу жүзеге асырылады;

      ұсынымдар бойынша:

      күннің, демалудың, ұйқының, физикалық белсенділіктің оңтайлы режимін сақтау;

      оңтайлы тамақтануды сақтау;

      препараттарды профилактикалық қабылдау (құрамында йод бар, құрамында темір бар/фолий қышқылы);

      жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ-инфекциясының профилактикасы;

      жеке гигиенаны сақтау және тұрғын үйді абаттандыру;

      темекі шегудің, алкогольді ішудің және нашақорлықтың әсері

      және шараның дамуына арналған препараттар;

      босануға дайындық мектептеріне шақыру;

      көрсетілген тұрғылықты жері бойынша әйел болмай қалғанкезде патронаж кезінде учаскелік мейіргерге, учаскелік дәрігерге әйелдің нақты тұрғылықты жерін анықтау үшін ақпарат беру;

      әйел МСАК ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс жерде тұрған кезде тұрғылықты жері бойынша ақпаратты учаскелік дәрігерге, дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығының) меңгерушісіне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісіне беріледі.

      7) босанғанға дейінгі екінші патронажда:

      жүкті әйелдің жағдайын бағалау жүзеге асырылады;

      8) босанғанға дейінгі екінші патронаж, оның ішінде:

      жүкті әйелдің денсаулығы туралы сауалнама және консультация беру, шағымдарды анықтау;

      сүт бездерін қарап-тексеру;

      жүкті әйелді және отбасы мүшелерін "қауіпті белгілерін" анықтауға үйрету, жүктілік пен босанудың қалыпты ағымында да, шұғыл акушерлік жағдайлар туындаған кезде де немесе босану басталғанда да Мінез-құлық алгоритмімен танысу жүзеге асырылады;

      ұсынымдар бойынша:

      күннің, демалудың, ұйқының, физикалық белсенділіктің оңтайлы режимін сақтау;

      оңтайлы тамақтануды сақтау;

      препараттарды профилактикалық қабылдау (құрамында йод бар, құрамында темір бар/фолий қышқылы);

      жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу;

      жеке гигиенаны сақтау және тұрғын үйді абаттандыру;

      темекі шегудің, алкогольді ішудің және нашақорлықтың әсері

      және ұрықтың дамуына арналған препараттар;

      босануға дайындық мектептеріне шақыру;

      патронаж кезінде көрсетілген тұрғылықты жері бойынша әйел болмай қалған жағдайда, әйелдің нақты тұрғылықты жерін анықтау үшін учаскелік мейіргерге, учаскелік дәрігерге ақпарат береді;

      әйел МСАК ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс жерде тұрған кезде тұрғылықты жері бойынша ақпаратты учаскелік дәрігерге, дәрігерлік амбулаторияның/отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісіне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісіне ақпарат беріледі.

      9) босанғаннан кейінгі патронаж, оның ішінде:

      сауалнама жүргізу, шағымдарды анықтау;

      перзентхананың жалпы жағдайын бағалау;

      тері жамылғысын қарап-тексеру, қан қысымын, импульсті, дене температурасын өлшеу;

      босанғаннан кейінгі кезеңнің шағымдары мен асқыну белгілері болған кезде стационарға тасымалдауды (емдеуге жатқызуды) қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек шақырады, акушер-гинеколог және дәрігерлік амбулаторияға/отбасы денсаулық орталығы меңгерушісін хабардар етеді;

      емшек сүтімен тамақтандыруға байланысты проблемаларды анықтау;

      контрацепция және контрацепция әдісін таңдау бойынша консультация беру;

      акушер гинекологтың қабылдауына шақыру;

      10) емшек сүтімен тамақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесін жүргізу;

      11) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бастапқы медициналық құжаттамада тіркей отырып, дәрігерге кезекті бару күнін белгілеу;

      12) клиникалық хаттамаларға сәйкес әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда "Көк код" сигналы бойынша базалық реанимациялық көмек (BLS), шұғыл акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету.

      42. Дәрігер жоқ шағын елді мекендерде үйде өз бетінше қабылдауды немесе қызмет көрсетуді дәрігердің жекелеген функциялары жүзеге асыратын фельдшерге, мейіргерге немесе акушерге жүктеледі.

      43. Фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшерінің тәжірибелік дағдыларының ең төмен тізімі 29-тармаққа сәйкес келеді.

      44. Фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшері үшін практикалық дағдылардың ең аз тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) қолтық астындағы, тік ішектегі, сублингвальды дене температурасын өлшеу;

      2) сәулелі артериядағы пульсті өлшеу;

      3) тыныс алу қозғалыстарының санын есептеу;

      4) қан қысымын өлшеу;

      5) тамырдан қан алу;

      6) саусақтан қан алу;

      7) микробиологиялық зерттеулерге материал алу;

      8) мұрыннан, жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сору;

      9) асқазанды шаю;

      10) инъекциялар қою (тері ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне);

      11) сұйықтықтарды көктамыр ішіне ағынмен, тамшылатып енгізу;

      12) тазарту клизмасын қою;

      13) газ бұру түтігін қою;

      14) назогастральды зондты қою;

      15) қуықтың катетеризациясы;

      16) қан тоқтатқыш бұрауды салу;

      17) Дезо таңғышын қолдану;

      18) Крамер шинасын қолдану;

      19) жүрекке жанама массаж жасау;

      20) өкпе реанимациясын жүргізу (ауызды ауызға, ауызды мұрынға жасанды желдету);

      21) анафилактикалық шок, жіті тыныс алу жеткіліксіздігі, жіті тамыр жеткіліксіздігі (естен тану, коллапс), жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету (алгоритм бойынша);

      22) Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу;

      23) байланыссыз пневмотонометрия;

      24) жараларды өңдеу;

      25) таңу;

      26) электрокардиографиялық зерттеуді алу (12 жалғамда);

      27) автоматтандырылған аппараттарда жазу кезінде спирографияны алу;

      28) аудиометрия жүргізу;

      29) жауыржараларды өңдеу;

      30) тыныс алу гимнастикасын өткізу және оқыту;

      31) ЕДШ-ны топта немесе жеке-дара өткізу;

      32) физиотерапиялық рәсімдерді жүргізу;

      33)трахеостома, Гастростома, колостомия және басқа да стомалар кезінде күтім жасау.

      45. Фельдшерлік-акушерлік пункттің акушері үшін практикалық дағдылардың ең аз тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) қолтық астындағы, тік ішектегі, сублингвальды дене температурасын өлшеу;

      2) сәулелі артериядағы пульсті өлшеу;

      3) тыныс алу қозғалыстарының санын есептеу;

      4) қан қысымын өлшеу;

      5) тамырдан қан алу;

      6) саусақтан қан алу;

      7) микробиологиялық зерттеулерге материал алу;

      8) қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу;

      9) онкоцитологияға жағынды алу;

      10) мұрыннан, жоғарғы тыныс жолдарынан сілемейді сору;

      11) асқазанды шаю;

      12) инъекция (тері ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне) қою;

      13) сұйықтықтарды көктамыр ішіне ағынмен, тамшылатып енгізу;

      14) тазарту клизмасын қою;

      15) газ бұру түтігін қою;

      16) назогастральды зондты қою;

      17) қуықтың катетеризациясы;

      18) қан тоқтатқыш бұрауды салу;

      19) Дезо таңғышын қолдану;

      20) Крамер шинасын қолдану;

      21) жүрекке жанама массаж жасау;

      22) өкпе реанимациясын жүргізу (ауызды ауызға, ауызды мұрынға жасанды желдету);

      23) анафилактикалық шок, жіті тыныс алу жеткіліксіздігі, жіті тамыр жеткіліксіздігі (естен тану, коллапс), жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету (алгоритм бойынша);

      24) жараларды өңдеу;

      26) жауыржараларды жараларды өңдеу;

      27) таңу;

      28) электрокардиографиялық зерттеуді алу (12 жалғамда);

      29) қынаптық тірек сақинасын енгізу, алу (пессария);

      30) асқынбаған босануды өз бетінше қабылдау;

      31) патологиялық босану кезінде дәрігерге көмек көрсету;

      32) жаңа туған нәрестені бастапқы өңдеу, қажет болған жағдайда жаңа туған нәрестелерді алғашқы реанимациялау;

      33) аспаптарды, таңу материалын сақтау, өңдеу, зарарсыздандыру.

      3 - параграф. Дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы)

      46. Дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) дербес заңды тұлға немесе емхананың, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      47. Дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) бекітілген халық саны 1500 (бір мың бес жүз) - ден 5000 (бес мың) адамға дейін, халық саны кемінде 1500 (бір мың бес жүз) адамнан және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандық ауруханалардан, облыс орталықтарынан қашықтығы бар елді мекенде (ауылдық округте) құрылады.

      48. Дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) құрамында:

      1) меңгерушінің кабинеті;

      2) дәрігерлік және дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеттері;

      3) акушерлік қабылдау кабинеті;

      4) дәріхана пункті;

      5) жеке кіре берісі бар сүзгі кабинеті;

      6) изолятор;

      7) емшара кабинеті;

      8) екпе кабинеті;

      9) физиотерапиялық емдеу кабинеті;

      10) күндізгі стационар;

      11) қақырықты алуға арналған бөлме;

      12)тікелей бақыланатын емдеуге арналған кабинет (химизатор);

      13) ақпараттандыру кабинеті;

      14) зертхана пункті;

      15) жастар денсаулығы кабинеті;

      16) дені сау баланың кабинеті немесе патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделінің кабинеті (бұдан әрі – ЖМКҚ);

      17) отбасын жоспарлау және жүктілікке дайындау кабинеті;

      18) қарау кабинеті (ерлер, әйелдер);

      19) топтық қабылдау кабинеттері (ауруларды басқару бағдарламаларына (бұдан әрі – АББ) қатысатын пациенттер үшін);

      20) медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған бөлме;

      21) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар.

      49. Дәрігерлік амбулаторияны (отбасылық денсаулық орталығы) медициналық бұйымдармен жарақтандыру № ҚР ДСМ 167/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      50. МСАК дәрігерлік амбулаториясында (отбасылық денсаулық орталығы) жалпы практика дәрігері, отбасылық дәрігер, терапевт, педиатр, ОМҚ (фельдшер, акушер, кеңейтілген практика мейіргер, учаскелік мейіргер немесе мейіргер, жалпы практика мейіргері), психолог, амбулаториялық жағдайда, үйде әлеуметтік қызметкер медициналық қызмет көрсетеді.

      51. Фельдшерлік-акушерлік пункттің мейіргері, фельдшері, акушері лауазымына біліктілік сипаттамалары № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрыққа сәйкес айқындалады.

      52. МСАК көрсететін медициналық ұйымның жұмыс режимі демалыс және мереке күндері МСАК кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ете отырып, барлық мамандар мен құрылымдық бөлімшелер үшін жылжымалы кесте бойынша сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін белгіленеді.

      Шақыруларды қабылдау МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын аяқталады.

      Шақыруларға қызмет көрсетуді МСАК дәрігері, қызмет көрсету аумағындағы фельдшер жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілімдер болған кезде жоспарлы және шұғыл тәртіппен қызмет көрсетілетін аумақтағы (ФАП, МП) ауылдық елді мекенде халықтың шақыртуларына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      53. Дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) медицина қызметкерлері дәрігерге дейінгі медициналық көмек, мейіргерлік күтім, МСАК, медициналық оңалту және паллиативтік көмек көрсетеді.

      54. Осы Стандарттың 25-28-тармақтарына сәйкес дәрігерлік амбулаторияның мейіргері (отбасылық денсаулық орталығы) медициналық қызметтерді жүзеге асырады.

      55. Осы Стандарттың 38-41-тармақтарына сәйкес дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) фельдшері мен акушері медициналық қызметтерді жүзеге асырады.

      56. МСАК дәрігерлері қабылдауда мыналарды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіру;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;

      4) анамнезді және шағымдарды жинау;

      5) пациентті қарап-тексеру;

      6) алдын ала диагноз қою;

      7) клиникалық хаттамаларға сәйкес зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерінен өту үшін диагностикалық зерттеулерге жолдама беру;

      8) пациентті бейінді маманға консультацияға жіберу (көрсетілімдер болған кезде);

      9) емдеу жоспарын жасау (клиникалық хаттамаларға сәйкес);

      10) пациентті басқару тактикасын айқындау;

      11) шұғыл немесе шұғыл жағдайда, алғашқы медициналық көмек көрсету және пациенттерді стационарға тасымалдауды қамтамасыз ету (жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру, ол келгенге дейін байқау және шұғыл көмек көрсету);

      12) көрсетілімдерді айқындау және жоспарлы стационарға және стационарды алмастыратын медициналық көмекке жіберу;

      13) пациентті психологқа және әлеуметтік қызметкерге консультацияға жіберу (айғақтар болған кезде);

      14) медициналық құжаттаманы жүргізу, пациенттің деректерін медициналық ақпараттық жүйелерге енгізу;

      15) пациентті динамикалық байқауға анықтау (көрсетілімдер болған кезде);

      16) пациенттерді, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасына қатысқандарды динамикалық байқау;

      17) ҚР ДСМ 2021 жылы 21 тамыздағы № 92 бұйрыққа сәйкес фертильді жастағы әйелдерді динамиқалық байқау, экстрагениталды патологияны аңықтау, диспансеризациялау және сауықтыру,

      18) балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу қағидаттарын және патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін сақтай отырып, 5 жасқа дейінгі балаларды байқау;

      19) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру;

      20) "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы) және "Белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ–75 бұйрығыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген);(бұдан әрі – № ҚР ДСМ-75 бұйрығы) сәйкес жіті аурулары бар пациенттерге рецептілер жазып беру;

      21) зерттеп-қрау нәтижелерімен және денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысымен расталған дене функциясының тұрақты бұзылулары анықталған кезде пациентті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;

      22) медициналық оңалтуға, оның ішінде санаторийлік-курорттық емдеуге жолдамалар беру;

      23) аурулардың мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау мақсатында халықтың нысаналы топтарына скринингтік және профилактикалық қарап-тексерулер жүргізу;

      24) Ұлттық күнтізбеге сәйкес және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундауға жіберу;

      25) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

      26) репродуктивтік денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру (гинекологиялық патологияны анықтау және сауықтыру, акушер-гинекологқа жіберу, отбасын жоспарлау мәселелері және жүктілікті жоспарлау кезінде контрацепция сұрақтары бойынша консультация беру)

      27) жүктілікті жоспарлаған кезде отбасылық жұпты, әйелдерді жүктілік алды даярлықпен қамтамасыз ету;

      28) репродуктивтік денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шаралар (фертильді жастағы әйелдерді қарап-тексеру, денсаулық тобын айқындау, экстрагенитальды патологияны анықтау және сауықтыру, акушер-гинекологқа жіберу, отбасын жоспарлау мәселелері және жүктілікті жоспарлау кезінде контрацепция, гравидаралды дайындық әдістері туралы консультация беру);

      29) жүкті әйелдерді антенатальды бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;

      30) денсаулық мектептерін ұйымдастыру және өткізу;

      31) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      32) "Көк код" сигналы бойынша базалық реанимациялық көмек (BLS), клиникалық хаттамаларға сәйкес әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар кезінде шұғыл акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету.

      57. МСАК дәрігерлері үйде мыналарды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіру;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;

      4) науқастың шағымдары мен анамнезін жинау;

      5) пациентті объективті қарап-тексеру;

      6) алдын ала диагнозды анықтау;

      7) ауруды басқару тактикасын айқындау;

      8) диагностикалық қарап-зереттеулерге жолдама (зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінен өту үшін) беру;

      9) бейінді мамандарды консультацияға жіберу (медициналық көрсетілімдер бойынша);

      10) клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеу жоспарын жасау;

      11) шұғыл немесе кезек күттірмейтін жағдайда пациентті емдеуге жатқызу стационарға (жедел жәрдем бригадасын шақыру, медициналық көмек көрсету және келгенге дейінгі пациенттің жай-күйін мониторингілеу);

      12) пациенттің стационар алуға қажеттілігін айқындау, стационарды алмастыратын медициналық көмекті және ауруханаға жатқызуға жолдама беру;

      13) балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу қағидаттарын сақтай отырып, 5 жасқа дейінгі балаларды бақылау;

      14) патронаж жүргізу:

      -5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі қағидаттарын сақтай отырып, жаңа туған нәрестелерге;

      патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі қағидаттарын сақтай отырып, жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге;

      - 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, жүкті әйелдерге немесе босанған әйелдерге олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптер анықталған;

      паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге;

      профилактикалық сипаттағы әңгімелер өткізу (салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режимін сақтау, тасымалданбайтын науқастарда жауырарасының алдын алу), қажет болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау бойынша сұрақтар қою;

      15) қарап-тексеру нәтижелерін медициналық құжаттамаға және медициналық ақпараттық жүйелерге енгізу, үйде мобильді қосымша болған кезде, МАЖ-ға енгізу медициналық ұйымға оралғаннан кейін дәрігердің жұмыс орнында жүргізіледі;

      16) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      17) № ҚР ДСМ-198 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру;

      18) № ҚР ДСМ-112 және № ҚР ДСМ-75 бұйрықтарына сәйкес пациенттерге рецепт жазып беру;

      58. Отбасылық мейіргер, кеңейтілген практикалық мейіргер өз бетінше мынадай қабылдауды жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін рәсімдеу;

      3) өз құзыреті шегінде неғұрлым кең таралған инфекциялық емес аурулары және жіті респираторлық вирустық инфекциялары бар, оның ішінде динамикалық байқауда тұрған пациенттерді өз бетінше қабылдау;

      4) пациентті сәйкестендіру;

      5) құзыреті шегінде мейіргерлік зерттеп-қарау (субъективті зерттеп-қарау: пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат жинау, шағымдар, өмір анемнезі, ауру анамнезі);

      6) пациентті объективті қарап-тексеру;

      7) алдын ала диагноз қою;

      8) тәуелсіз немесе өзара тәуелді мейіргерлік араласулар жоспарын жасау;

      9) пациентті жалпы практика дәрігеріне немесе учаскелік дәрігерге консультацияға жіберу;

      10) балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу қағидаттарын сақтай отырып, 5 жасқа дейінгі балаларды бақылау;

      11) пациенттер мен отбасы мүшелерін жалпы күтім жасау және ауруларды басқару рәсімдеріне оқытуды ұйымдастыру және бақылау;

      12) денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы жөніндегі қызметті ұйымдастыру, медициналық бикелердің кеңейтілген практиканы дәрігерлік тағайындауларын тиісінше орындауы, профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуын бақылау, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

      13) пациенттерге алғашқы медициналық көмек, оның ішінде экстремалды жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсету;

      14) пациенттерді динамикалық байқаудың 1 кезеңін, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасын жүргізу;

      15) тексеру нәтижелерін медициналық құжаттамаға енгізу;

      16) пациент пен отбасы мүшелерін жалпы күтім рәсімдеріне және ауруды басқаруға оқытуды ұйымдастыру және бақылау;

      17) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру;

      18) № ҚР ДСМ-112/2020 және № ҚР ДСМ -75 бұйрықтарына сәйкес пациенттерге рецептер жазып беру;

      19) денсаулық мектептерін жүргізу;

      20) профилактикалық сипаттағы әңгімелер (салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режимін сақтау, жарақаттанудың, суицидтің алдын алу, психикалық және репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша, отбасын жоспарлау, темекі шегудің және алкоголизм тұтынудың профилактикасы, контрацепция, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, туберкулездің профилактикасы және т. б. мәселелері бойынша әңгімелер) жүргізу;

      21) қарап-тексеру нәтижелерін медициналық құжаттамаға және медициналық ақпараттық жүйелерге енгізу, үйде мобильді қосымша болған кезде, МАЖ-ға енгізу медициналық ұйымға оралғаннан кейін қызметкердің жұмыс орнында жүргізіледі);

      22) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      23) пациенттерге және пациенттер мен олардың туыстарына дәрілік заттарды қабылдау, режим, тамақтану, диспансерлік науқастарды оңалту іс-шаралары мәселелеріне консультация беру және оқыту;

      24) клиникалық хаттамаларға сәйкес әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда "Көк код" сигналы бойынша базалық реанимациялық көмек (BLS), шұғыл акушерлік және гинекологиялық көмек көрсету, стационарға тасымалдауды (жатқызуды) қамтамасыз ету үшін және акушер-гинекологқа және дәрігерлік амбулатория/отбасы денсаулығы орталығы меңгерушісіне ақпарат беру.

      59. Әлеуметтік қызметкер қабылдауда:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алуды;

      2) пациентті сәйкестендіруді;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеуді;

      4) маман тағайындаған медициналық және әлеуметтік рәсімдерді ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесуді (маманды үйде шақыру);

      5) медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін нысаналы топтың тізімдерін қалыптастыруды;

      6) жалпы әлеуметтік жағдайды бағалауды жүргізу (әлеуметтік диагностика, әлеуметтік араласу, әлеуметтік диагноз, әлеуметтік патронаж) және медициналық-әлеуметтік қызметтер пакетін айқындауды;

      7) халықты әлеуметтік қызмет түрлері туралы хабардар ету, пациенттерді әлеуметтік сауықтыру процесіне тартуды;

      8) қызмет алушылармен әлеуметтік-медициналық проблемаларды анықтау және шешу бойынша жеке жұмыс жүргізуді;

      9) науқастарды әлеуметтік қолдауды (сұрау салуларды, заң құжаттарын рәсімдеу, медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар үйіне және мүгедектер үйіне, мектеп-интернаттарға, бейімдеу және оңалту орталықтарына жолдаманы рәсімдеуге қатысу немесе көмек көрсету);

      10) әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды рәсімдеуде қызметтер көрсетуді;

      11) ведомстводан тыс аралас ұйымдармен (педагогтер, психологтар, заңгерлер және т. б.) медициналық-әлеуметтік қызмет қызметін үйлестіруді;

      12) халықтың осал топтары үшін әлеуметтік және қаржылық қолдауға байланысты мәселелерді шешу үшін жергілікті билік органдарымен медициналық-әлеуметтік қызметін үйлестіруді;

      13) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді;

      14) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді;

      15) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді;

      16) қызмет алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйретуді;

      17) әлеуметтік қызмет бойынша медициналық құжаттаманы рәсімдеу және медициналық ақпараттық жүйелерге енгізуді;

      18) мұқтаж адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайды еңсеру не оның туындауының алдын алу үшін қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтердің жеке көлемі мен түрлерін бағалау және айқындауды;

      19) пациенттік отбасы мүшелеріне қарттарға, үйде мүмкіндігі шектеулі, мүгедектігі бар адамдарға және адамдарға күтім жасау дағдыларын меңгеруде консультациы беруді және оқытуды;

      20) отбасы мүшелерін, оның ішінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын жалпы күтімнің практикалық дағдыларына үйретуді жүзеге асырады.

      60. Үйде әлеуметтік қызметкер:

      1) ауыр пациенттерге, жалғызбасты қарттарға, мүгедек адамдарға және өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға патронаж жүргізу және әлеуметтік сүйемелдеуді (бұл ретте жүкті әйелдер мен балалар); учаскелік қызметпен бірлесіп пациенттің жай-күйін әлеуметтік патронаждық бақылауды;

      2) дәрігерлердің қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал санаттарын дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді;

      3) пациенттің отбасы мүшелерін үйде жүргізілетін гигиена және медициналық күтім негіздеріне оқытуды;

      4) қызмет алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету;ді

      5) әлеуметтік қызмет бойынша медициналық құжаттаманы рәсімдеуді және МАЖ-ға үйде енгізу әлеуметтік қызметкерлер үшін мобильді қосымша болған кезде мүмкін болады немесе МАЖ-ға енгізу медициналық ұйымға оралғаннан кейін әлеуметтік қызметкердің жұмыс орнында жүргізіледі;

      6) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) үйде жиі баруды;

      7) мұқтаж адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайды еңсеру немесе оның туындауының алдын алу үшін қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтердің жеке көлемі мен түрлерін бағалау және айқындауды;

      8) пациенттің отбасы мүшелеріне қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, үйде мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім жасау дағдыларын меңгеруде консультация беруді және оқытуды;

      9) отбасы мүшелерін, оның ішінде мүгедек балалардың ата-аналарын үйде жалпы күтімнің практикалық дағдыларына үйретуді жүзеге асырады.

      61. Психолог қабылдауда мыналарды:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіру;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;

      4) пациенттерді әлеуметтік-психологиялық қарап-тексеру;

      5) әлеуметтік топтарға (пациенттерге және олардың отбасыларына бұл ретте жүкті әйелдер мен балалар) және өмірлік қиын жағдайға тап болған жеке тұлғаларға психологиялық және консультациялық көмек көрсету (өз бетінше және отбасылық дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің жолдамасы бойынша жүгінгендер);

      6) психологиялық көмекке мұқтаж пациенттерді психологиялық сүйемелдеу;

      7) "Сенім телефоны" бойынша консультациялық және ақпараттық көмек көрсету;

      8) мультипәндік топ құрамында ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде созылмалы аурулары бар пациенттерді өзін-өзі басқаруды оқыту;

      9) халықтың психикалық денсаулығын нығайту, өмір сүру сапасын, психикалық салауаттылық деңгейін арттыру жөніндегі зерттеулерге қатысу;

      10) халықтың психикалық денсаулық мәселелерінде хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      11) өмірлік қиын жағдайларға тап болған пациенттердің суицидтік әрекеттер жасаған адамдарға, 2В және 5 динамикалық байқау тобындағы фертильді жастағы әйелдерге, оңалтудың 3 кезеңінен өтетін пациенттерге жеке консультациялары;

      12) есептік құжаттаманы жүргізу және МАЖ-ға енгізу.

      62. Үйде психолог жүзеге асырады:

      1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;

      2) пациентті сәйкестендіру;

      3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;

      4) үйде пациенттерді әлеуметтік-психологиялық қарап-тексеру, "Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына сәйкес тәуекелдерді анықтау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21712 болып тіркелген);

      5) үйде әлеуметтік топтарға (пациенттерге және олардың отбасыларына) және өмірлік қиын жағдайға тап болған жеке тұлғаларға психологиялық және консультациялық көмек көрсету;

      6) халықтың психикалық денсаулық мәселелерінде хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      7) үйде болған пациенттердің өмірлік қиын жағдайларда, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін жасаған адамдармен, динамикалық бақылау тобының 2В және 5 тобындағы құнарлы жастағы әйелдермен, оңалтудың 3 кезеңінен өтетін пациенттермен жеке консультациялары;

      8) психологтарға арналған мобильді қосымша болған кезде есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу және МАЖ-ға үйде енгізу не МАЖ-ға енгізу медициналық ұйымға оралғаннан кейін жұмыс орнында жүргізіледі.

      63. Дәрігерлік амбулатория (отбасы денс аулығы орталығы) мейіргерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 29-тармаққа сәйкес келеді.

      64. Дәрігерлік амбулатория фельдшерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 44-тармаққа сәйкес келеді.

      65. Дәрігерлік амбулатория акушерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 45-тармаққа сәйкес келеді.

      66. Дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығының) МСАК дәрігері үшін практикалық дағдылардың ең төмен тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) AВО жүйесі бойынша қан тобын стандартты сарысулармен немесе моноклоналды реагенттермен анықтау;

      2) қанның резус-факторын анықтау;

      3) Тігістерді өңдеу, алу, лигатураларды алып тастау;

      4) асқазанды шаю;

      5) жараларды емдеу және таңу;

      6) гипс таңғышын салу және алу;

      7) дәрі-дәрмектер мен қан алмастырғыштарды тамшылатып және ағынмен құю;

      8) ЭКГ-ны алып тастау және транскрипциялау;

      9) сыртқы қан кетуді тоқтату;

      10) пневмотахометрия, спирометрия жүргізу;

      11) диагностикалық экспресс-әдістерді жүргізу (глюкометрия);

      12) қуықтың катетеризациясы;

      13) тік ішек пен қуық асты безін саусақ зерттеу

      14) сұйықтықтың аспирациясы кезінде жоғарғы тыныс жолдарын тазарту;

      15) Дезо таңғышын қолдану;

      16) Крамер шинасын қолдану;

      17) жүрекке жанама массаж жасау;

      18) жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу;

      19) анафилактикалық шок, жіті тыныс алу жеткіліксіздігі, жіті тамыр жеткіліксіздігі (естен тану, коллапс), жарақаттар, улану, жіті және созылмалы аурулар және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек (алгоритм бойынша) көрсету;

      20) асқынбаған босануды өз бетінше қабылдау;

      21) жаңа туған нәрестені бастапқы өңдеу, қажет болған жағдайда жаңа туған нәрестелерді алғашқы реанимациялау;

      22) дефибрилляторды пайдалану;

      23) трахео - немесе коникотомия, трахеостомия жүргізу.

      67. Осы Стандарттың 3-тарауына сәйкес МСАК мамандарының медициналық-ия алғашқы көмек көрсету тәртібі.

      4 - параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы

      68. МСАК орталығы дербес заңды тұлға немесе емхананың немесе стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      69. МСАК орталығы бекітілген халық саны 5 000 (бес мың) адамнан 30 000 (отыз мың) адамға дейінгі елді мекенде (ауылдық округте) құрылады.

      70. МСАК орталығы өз құрамында:

      1) отбасылық денсаулық орталығы:

      отбасылық денсаулық орталығы меңгерушісінің кабинеті;

      жалпы практика дәрігерлерінің, отбасылық дәрігердің, терапевтің, педиатрдың қабылдау кабинеттері;

      орта медицина қызметкерінің кабинеті (дербес қабылдау үшін);

      акушер-гинеколог кабинеті;

      ПӘПМ кабинеті;

      АББ кабинеті;

      баланы дамыту кабинеті;

      отбасын жоспарлау және босануға дайындық кабинеті;

      2) Ересектерді, жүкті әйелдер мен балаларды жеке тіркеу орны;

      3) пациенттерді қолдау қызметінің кабинеті;

      4) ана мен бала бөлмесі;

      5) дәрігерге дейінгі кабинет;

      6) жеке кірісі бар сүзгі;

      7) емшара кабинеті;

      8) қан жинау кабинеті;

      9) зертхана;

      10) екпе кабинеті;

      11) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;

      12) тікелей бақыланатын емдеуге арналған кабинет (химизатор);

      13) қақырықты жинау кабинеті;

      14) күндізгі стационар;

      15) қосалқы бөлімшелер: медициналық статистика, талдау және ақпараттандыру кабинеті, зарарсыздандыру кабинеті;

      16) қарау кабинеттері (ерлер мен әйелдер);

      17) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі:

      бөлім меңгерушісінің кабинеті;

      әйелдер қарап-тексеру кабинеті;

      ерлер қарап-тексеру кабинеті;

      салауатты өмір салты кабинеттері (денсаулық мектептері);

      отбасын жоспарлайтын кабинеті;

      босануға дайындық кабинеті;

      әлеуметтік қызметкер кабинеті;

      психолог кабинеті (қызметкерлер үшін эмоциялық күйінудің алдын алу, үнсіздік кабинеті, арт-терапия);

      скринингтік зерттеулер кабинеті;

      18) жастар денсаулық орталығы:

      тіркеу бөлімі;

      қарау кабинеті (ерлер, әйелдер);

      мамандардың қабылдау кабинеттері (акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог);

      психолог кабинеті;

      әлеуметтік қызметкер кабинеті;

      тренинг кабинеті;

      19) жедел медициналық жәрдем бөлімшесі;

      20) халықты және медицина қызметкерлерін кезек күттірмейтін көмек көрсетуге оқыту жөніндегі тренинг орталығы (кабинеті) бар.

      71. МСАК орталығын медициналық бұйымдармен жарақтандыру № ҚР ДСМ 167/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      72. МСАК орталығында халыққа МСАК амбулаториялық жағдайда, үйде жалпы практика дәрігері, отбасылық дәрігер, терапевт, педиатр, ОМҚ (фельдшер, акушер, кеңейтілген практика мейіргері, учаскелік мейіргер, жалпы практика мейіргері), психолог, әлеуметтік қызметкер көрсетеді.

      73. МСАК мамандарының лауазымдарына біліктілік сипаттамалары № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрыққа сәйкес айқындалады.

      74. МСАК көрсететін медициналық ұйымның жұмыс режимі демалыс және мереке күндері МСАК кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ете отырып, барлық мамандар мен құрылымдық бөлімшелер үшін жылжымалы кесте бойынша сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін белгіленеді.

      Шақыруларды қабылдау МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын аяқталады.

      Шақыруларға қызмет көрсетуді МСАК дәрігері жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      75. МСАК орталығының медицина қызметкерлері дәрігерге дейінгі медициналық көмек, мейіргерлік күтім, МСАК, медициналық оңалту және паллиативтік көмек көрсетеді.

      76. МСАК орталығының мейіргері осы Стандарттың 25-28-тармақтарына сәйкес медициналық қызметтерді жүзеге асырады.

      77. МСАК орталығының фельдшері мен акушері медициналық қызметтерді осы Стандарттың 38-41-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      78. Кеңейтілген практикадағы отбасылық мейіргер, мейіргер осы Стандарттың 58-тармағына сәйкес дербес қабылдауда жүзеге асырады.

      79. МСАК орталығының МСАК дәрігерлері медициналық қызметтерді осы Стандарттың 56-57-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      80. МСАК орталығының әлеуметтік қызметкері медициналық қызметтерді Осы Стандарттың 59-60-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      81. МСАК орталығының психологы медициналық қызметтерді осы Стандарттың 61-62-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      82. МСАК орталығы мейіргерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 29-тармаққа сәйкес келеді.

      83. МСАК орталығы фельдшерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 44-тармаққа сәйкес келеді.

      84. МСАК орталығы акушерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 45-тармаққа сәйкес келеді.

      85. МСАК орталығы дәрігерінң практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 66-тармаққа сәйкес келеді.

      86. Осы Стандарттың 3-тарауына сәйкес МСАК мамандарының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібі.

      5 - параграф. Емхана

      87. Емхана - өз қызметі ауданында тұратын халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған көпбейінді медициналық ұйым.

      Аудандық емхана аудандық орталықта аудандық немесе көпбейіндісалалы орталық аудандық аурухананың құрамында құрылады.

      Нөмірлі аудандық емхана халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары ауылдық елді мекендері бар ауданда аудандық аурухана жанынан құрылады.

      Қалалық емхана екітілген халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын, бірақ кемінде бір қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылады.

      88. Емханаға мынадай құрылымдық және ұйымдық-құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Ересектерді, жүкті әйелдер мен балаларды жеке тіркеу орны;

      2) жеке кірісі бар сүзгі;

      3) отбасылық денсаулық орталығы (жалпы дәрігерлік, отбасылық медицина бөлімшесі);

      4) пациенттерді қолдау қызметінің кабинеті;

      5) ана мен бала бөлмесі;

      6) дәрігерге дейінгі кабинет;

      7) емшара кабинеті;

      8) қан жинау кабинеті;

      9) зертхана;

      10) екпе кабинеті;

      11) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;

      12) тікелей бақыланатын емдеуге арналған кабинет (химизатор);

      13) қақырықты жинау кабинеті;

      14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі;

      15) жастар денсаулық орталығы;

      16) отбасын жоспарлау кабинеті

      17) босануға дайындық кабинеті;

      18) жедел медициналық жәрдем бөлімшесі;

      19) дәріхана пункті;

      20) күндізгі стационар;

      21) мамандандырылған көмек бөлімшелері (бейінді мамандар кабинеттері);

      22) сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару бөлімі;

      23) МСАК орталығы;

      24) дәрігерлік амбулатория;

      25) фельдшерлік-акушерлік пункт;

      26) медициналық пункт.

      89. МСАК мейіргері осы Стандарттың 25-28-тармақтарына сәйкес медициналық қызметтерді жүзеге асырады.

      90. МСАК фельдшері мен акушері медициналық қызметтерді осы Стандарттың 38-41-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      91. Кеңейтілген практикадағы отбасы мейіргері, осы Стандарттың 58-тармағына сәйкес медициналық қызметтерді дербес қабылдауда жүзеге асырады.

      92. МСАК дәрігерлері медициналық қызметтерді осы Стандарттың 56-57-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      93. МСАК орталығының әлеуметтік қызметкері медициналық қызметтерді осы Стандарттың 59-60-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      94. МСАК орталығының психологы медициналық қызметтерді осы Стандарттың 61-62-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      95. МСАК мейіргерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 29-тармаққа сәйкес келеді.

      96. МСАК фельдшерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 44-тармаққа сәйкес келеді.

      97. МСАК акушерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 45-тармаққа сәйкес келеді.

      98. МСАК дәрігерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 66-тармаққа сәйкес келеді.

      99. Емхананың МСАК мамандары осы Стандарттың 3-тарауына сәйкес амбулаториялық жағдайда, үйде медициналық көмек көрсетеді.

3-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібі

      100. Халыққа МСАК "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-90 бұйрық) сәйкес беріледі.

      101. МСАК тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға "Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      102. Егде жастағы топтардағы және ерте қартаю белгілері бар адамдарға медициналық көмекті гериатрия және геронтология мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен "Терапия", "Жалпы дәрігерлік практика", "Отбасылық медицина" мамандықтары бойынша МСАК дәрігерлері жүзеге асырады.

      Гериатриялық кабинет 65 және одан жоғары жастағы бекітілген халықтың 20 000 (жиырма мың) шаққанда 1 кабинет есебінен ұйымдастырылады.

      103. Жеке тұлғалар МСАК алу үшін "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген), сәйкес МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекітіледі.

      104. МСАК ұйымында бекітілген халыққа қызмет көрсету үшін МСАК мамандарын бекіте отырып, учаске қалыптастырылады.

      105. МСАК көрсететін ауылдық медициналық ұйымдарды қоспағанда, жалпы практиканың бір дәрігеріне тіркелген халықтың саны аралас халықтың 1 700 адамынан, учаскелік терапевтке 2 200 адамнан, учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 7-ден 18 жасқа дейінгі 900 баладан аспайды, акушер-гинекологта 120 жүкті әйелден аспайды, бұл ретте жүкті әйелдер тұрғылықты орны бойынша қызмет көрсетіледі.

      Әрбір учаскеде МСАК дәрігеріне № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрыққа сәйкес орта медицина қызметкерлері бекітіледі.

      1 жалпы практика дәрігеріне-3 жалпы практика мейіргері (отбасылық мейіргер);

      1 учаскелік терапевке – терапевтік учаскенің 2 мейіргері;

      1 учаскелік педиатрға-педиатриялық учаскенің 2 мейіргері.

      106. Медициналық көмек Кодекстің 134-бабының 3-тармағына сәйкес пациенттің не оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ұсынылады.

      107. МСАК дәрігерлерінің халықты қабылдауы алдын ала жазылу бойынша, өз бетінше жүгінген кезде, телефон байланысы арқылы, МАЖ-ң мобильдік қосымшалары арқылы немесе "Электрондық үкіметтің" веб – порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

      МСАК ұйымына пациенттің өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде колл-орталықтың немесе тіркеушінің мамандары МАЖ-да "Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігерді қабылдау кестесіне сәйкес дәрігерді қабылдаудың бос уақыты мен күнін көрсете отырып, ауызша нысанда жауап береді.

      Мобильді қосымша арқылы қабылдауға жазылу кезінде пациент қабылдау сағаттарын көреді және бос уақытын, қабылдау күнін таңдайды. Пациентке жазылу туралы хабарлама және қабылдау туралы ескерту қабылдаудан бір тәулік бұрын және қабылдау күні келіп түседі.

      ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке дәрігерді қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама келіп түседі.

      108. МСАК ұйымына алғашқы жүгінген кезде әр түрлі аурулардың ерте сатысында дамуының алдын алу, сондай-ақ олардың пайда болу қаупі факторлары анықтау мақсатында пациенттер тексеру кабинетінен (әйел, ер) қарап-тексеруден өтеді.

      109. МСАК ұйымдарында медициналық тіркеуші автоматтандырылған жүйе (МАЖ) арқылы: пациенттер ағынын реттеу мен сұрыптауды, пациенттерді дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылуды және тіркеуді, үйге шақыртуларды тіркеуді, активтерді қабылдауды, тіркеуді және беруді, МСАК ұйымына бекітуге сұрау салуды тіркеуді жүзеге асырады.

      110. Пациенттер жұқпалы инфекциялық аурудың белгілері немесе күдігі бар МСАК ұйымына жүгінген кезде медициналық көмекті алдын ала жазылусыз дәрігер, кеңейтілген практикадағы мейіргер немесе мейіргермен сүзгіде жүзеге асырады.

      111. Сүзгіге (кабинетке) кіру медициналық ұйымның орталық кіреберісінен бөлек, оған кіру тиісті нұсқағыштармен немесе бағыттамалармен белгіленеді.

      112. Пациентте инфекциялық патология анықталған кезде емделу кезінде ТМККК шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар мен айналасындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21537 болып тіркелген) және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

      113. МСАК ұйымы сүзгісінің медицина қызметкерлері пациенттің оқшаулануын қамтамасыз етеді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады және көрсетілімдер болған кезде оларды тасымалдау үшін жедел медициналық көмекті шақыру арқылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз етеді.

      114. Сүзгіде:

      1) пациентті қабылдау (пациентті сәйкестендіру, ақпараттандырылған келісімді алу, тексеру, диагностика, емдеуді тағайындау);

      2) байланыс тұлғаларын сұрау және анықтау;

      3) "Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-100/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21181 болып тіркелген) және "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы"" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес шұғыл хабарламаларды рәсімдеу және беру;

      4) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру;

      5) № ҚР ДСМ-112/2020 және № ҚР ДСМ-75 бұйрықтарға сәйкес пациенттерге рецепт жазып беру жүзеге асырылады.

      115. Пациент МСАК ұйымына шұғыл жағдайға немесе жіті ауруға (жай-күйге) байланысты жүгінген кезде медициналық көмекті медициналық мақсаттардағы бұйымдармен және шұғыл көмек көрсету үшін дәрілік заттармен жарақтандырылған кабинетте медицина қызметкерлері көрсетеді.

      Пациенттің емдеуге жатқызуға көрсетілімдері болған кезде пациентті тәулік бойы стационарға тасымалдау үшін шұғыл көмек немесе жедел медициналық көмек бригадасын шақырту қамтамасыз етіледі.

      116. Дәрігерге дейінгі кабинетте медициналық көмекті ОМҚ № ҚР ДСМ-223 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:

      1) пациентті сәйкестендіру;

      2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін рәсімдеу;

      3) пациентті сұрау және қарап тексеру;

      4) дене температурасын өлшеу;

      5) антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, бел көлемі), Кетле индексін есептеу;

      6) қан қысымын өлшеу;

      7) электрокардиограмманы алу (көрсетілімдер болған кезде);

      8) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      9) пациентті қарап-тексеру немесе скринингтік кабинетке жіберу;

      10) білікті көрсетуді және мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар кезінде орта медициналық қызметкер амбулаториялық жағдайда пациентті емдеуге жатқызу немесе емдеу туралы шешім қабылдау үшін МСАК дәрігерін немесе бейінді маманды шақырады;

      11) кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету (қажет болған жағдайда);

      12) МСАК дәрігерін және (немесе) жедел медициналық жәрдем бригадасын пациентті тәулік бойы стационарға тасымалдау үшін көрсетілімдер бойынша шақыру;

      13) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы толтыру.

      117. Кеңейтілген практикадағы мейіргер тәуелсіз мейіргерлік практиканы жүзеге асырады:

      1) өз құзыреті шегінде неғұрлым кең таралған инфекциялық емес аурулары және жіті респираторлық вирустық инфекциялары бар пациенттерді дербес қабылдауды жүргізу;

      2) мейіргерлік диагнозды белгілеу;

      3) мейіргерлік араласу жоспарын жасау;

      4) дәрігердің тағайындауы бойынша дәріханада алу үшін "Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі" бағдарламасы арқылы дәрілік заттарға тегін рецепт жазып беру;

      5) созылмалы аурулары бар, оның ішінде АББ-ға тартылған пациенттерге динамикалық байқау жүргізу;

      6) фертильді жастағы әйелдердің тізімін жасау және фертильді жастағы әйелдерге динамикалық байқау жүргізу;

      7) жүктілікті жоспарлаған кезде отбасы, әйелдерді жүктілік алды даярлықпен қамтамасыз ету

      8) пациент пен отбасы мүшелерін жалпы күтім және ауруды басқару рәсімдеріне оқытуды ұйымдастыру, тиімділігіне мониторинг жүргізу және бақылау;

      9) жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге, бір жасқа дейін балаларға, диспансерлік пациенттер мен қарттарға патронаж жасауды жүзеге асыру;

      10) денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы жөніндегі қызметті, медициналық мейіргердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастыру, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуын бақылау, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

      11) есепке алу және есептік мейіргерлік құжаттаманы жүргізу;

      12) азаматтарға алғашқы медициналық көмек, оның ішінде экстремалды жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсету.

      118. МСАК дәрігері амбулаториялық жағдайда пациенттерді қабылдауды, шақыртуларға, активтерге қызмет көрсетуді және үйде патронаждық бақылауды жүзеге асырады, балаларды тамақтандыру, денені шынықтыру, мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика, салауатты өмір салтын насихаттау, ұтымды тамақтану мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асырады, жүктілікті диагностикалауды, жүктіліктің барысын бақылауды жүргізеді, жүкті әйелдердегі экстрагенитальды патологияны анықтау және емдеу, босануға психопрофилактикалық дайындық, жүктілікке және босануға қарсы көрсетілімдерді анықтайды, жүктілікті тоқтатуға жібереді, босанғаннан кейінгі кезеңде және жүктілікті тоқтатқаннан кейін әйелдерді оңалтуды жүргізеді.

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде мамандандырылған медициналық көмек алу үшін пациентке диагностикалық қарап-зерттеулерге және бейінді мамандардың консультациясына жолдама рәсімдейді.

      Емделушіге емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ қолданылатын медициналық мақсаттағы құралдар мен бұйымдарды таңдау мүмкіндігі, скринингтік және профилактикалық қарап-тексерулерден өту қажеттілігі туралы хабарлайды.

      119. Ересек халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулер әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың туындау қаупі факторларын анықтау және алдын алу мақсатында "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 174 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.

      120. МСАК ұйымына скринингтік зерттеулер жүргізу үшін:

      1) ҚР ДСМ-№ 174 бұйрыққа сәйкес халықтың медициналық ұйымына тіркелген санынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;

      2) осы зерттеулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;

      3) скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді;

      4) жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайынғы талдау жүргізеді.

      121. Қатерлі ісіктер анықталған және (немесе) күдіктенген кезде пациенттерді тексеру "Жасыл дәліз" бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс амбулаториялық жағдайларда он сегіз жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрыққа сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) жүргізіледі.

      122. Зорлық-зомбылық және денсаулыққа зиян келтіру фактілері анықталған кезде медициналық көмек және медициналық оңалту "Медициналық оңалтуды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрықтың. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) талаптарына сәйкес, зардап шеккендердің келу және оларға сәйкес медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарын хабардар ету "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұргізіледі.

      123. Кәмелетке толмаған балада жүктілік анықталған кезде:

      1) кәмелетке толмаған баланың жүктілігі анықталғаннан кейін үш сағат ішінде ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне хабарлау;

      2) кәмелетке толмаған жүкті адамға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне психологиялық қолдау көрсету және консультация беру;

      3) кәмелетке толмаған баланың жүкті болу фактісі туралы анықталғаннан кейін үш сағат ішінде ішкі істер органдарына хабарлау;

      4) кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне психологиялық және заңгерлік көмек көрсету жүргізіледі.

      124. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      125. Халықтың медициналық ұйымына бекітілген санынан мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексеруге жататын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын қалыптастыруды ОМҚ жүзеге асырады.

      126. Халықты жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша орта медицина қызметкері немесе МСАК ұйымының жауапты тұлғасы МАЖ-ға тексерілетін адамды (немесе заңды өкілді) қосымша тексеруге және хабардар етуге жолдама қалыптастырады.

      Халықтың денсаулық жағдайын бағалау қорытындысы бойынша сауықтыру және динамикалық байқау жүзеге асырылады.

      127. Созылмалы аурулары бар және АББ-ға тартылған адамдарды динамикалық байқау ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      128. МСАК мамандары кәмелетке толмағандардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық көмек "Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 31762) сәйкес он жастан он сегіз жасқа дейін және жастар жастар денсаулық орталығында (Жастар денсаулығы кабинетінде) көрсетіледі

      129. МСАК мамандары, СӨС маманы, бейінді маман және басқа да мүдделі мамандардан тұратын мультипәндік топ АББ енгізуді жүзеге асырады.

      130. Жекелеген жағдайларда тіркелген халық "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      131. МСАК мамандарының профилактикалық екпелерді жүргізуі "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      132. Зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері болған кезде МСАК маманының көрсетілімдері мен жолдамасы бойынша пациенттерге, бейінді мамандардың консультациялары (ұсынымдары) "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) (бұдан әрі–106 бұйрық) сәйкес ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайларында медициналық көмек көрсетіледі.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 № 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      133. Пациенттер күндізгі стационар жағдайында созылмалы аурудың жіті немесе шиеленісуі болған кезде, емдеу және диагностикалық іс-шараларды жүргізу қажет болған кезде бірнеше сағат ішінде, оның ішінде хирургиялық араласудан кейін және тәулік бойы стационарда бір тәулікке дейін 2 реттен артық емес емдеуге жіберіледі.

      134. МСАК мамандары үйде медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде шақыртулар мен активтерге қызмет көрсетеді, патронаждық бақылау жүргізеді, үйде стационар ұйымдастырады.

      Үйге шақыртуларды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеушісі телефон байланысы, колл-орталық операторы немесе "Дәрігерді үйге шақыру" ЭҮП арқылы жүзеге асырады.

      135. Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлердің үйге шақыруларын есепке алу нысаны" № 056/е нысанына ақпарат енгізеді және ауызша нысанда дәрігерге барған күні мен уақытын көрсете отырып жауап береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      136. Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама келіп түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

      137. МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      138. Үйге шақыруларға қызмет көрсетуді МСАК және (немесе) ОМҚ дәрігерлері (дәрігер болмаған кезде) жүзеге асырады.

      139. МСАК маманы үйдегі шақыруларға қызмет көрсету үшін мынадай көрсетілімдер (ең жиі) болып табылады:

      1) пациентке МСАК ұйымына өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауыр жағдайлар:

      дене температурасының 38 градустан жоғары көтерілуі;

      әл-ауқаттың айқын бұзылулары бар қан қысымының жоғарылауы;

      бірнеше сұйық нәжіс;

      қозғалғыштығы шектеулі омыртқа мен төменгі аяқтың буындарындағы қатты ауырсыну;

      бас айналу, қатты жүрек айну, құсу;

      2) пациентке емханаға өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін созылмалы ауру жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, мүгедектік (I-II топ), сал ауруы, аяқ-қолдың парезі);

      3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;

      4) пациенттің тасымалданбауы;

      5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.

      140. Үйге шақыру нәтижелері туралы деректер МАЖ-ға енгізіледі.

      141. МСАК ұйымдарының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне баруы (активі), оның ішінде аула (пәтер) аралау жолымен:

      1) оның жай-күйін, аурудың барысын бақылау және қажетті зерттеп-қарауды және (немесе) емдеуді уақтылы тағайындау (түзету) мақсатында жіті аурулар, созылмалы аурулардың өршуі кезінде;

      2) инфекциялық ауру эпидемиясының туындау қаупі төнген немесе инфекциялық аурумен ауыратын науқастар, олармен байланыста болған адамдар және инфекциялық ауруға күдікті адамдар анықталған жағдайда халықтың жекелеген топтарын патронаждау кезінде жүзеге асырылады.

      142. Пациентке үйде белсенді баруды негізінен ОМҚ, әлеуметтік қызметкер жүзеге асырады.

      Белсенді бару нәтижелері туралы деректер МАЖ-ға енгізіледі.

      143. Тіркелген халық арасында инфекциялық ауруларды белсенді анықтау МСАК ұйымдарының медицина қызметкері пациенттің үйде белсенді болуы жолымен, оның ішінде аулаларды (пәтерлерді) аралау жолымен инфекциялық аурудың өршуі туралы ресми хабарлама алған кезде жүзеге асырылады.

      144. Үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыруды (5 жасқа дейінгі балалар мен жаңа туған нәрестелерді, жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді, динамикалық байқауға жататын адамдарды патронаждауды) МСАК мамандары жүзеге асырады.

      145. Жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және жас балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру олардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдерді анықтау мақсатында патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі негізінде, "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) жүргізіледі.

      146. Балаларда орташа қауіп жағдайлары (оның ішінде емшек сүтімен тамақтандыру проблемалары, гигиена дағдыларымен қиындықтар) анықталған кезде ОМҚ әлеуметтік қызметкермен, психологпен және жүкті әйелдің немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуымен өмірге қауіп-қатерді азайту немесе жою мақсатында баланың денсаулығы, дамуы және қауіпсіздігі патронаждық бақылаудың прогрессивті моделі шеңберінде, баланың қажеттіліктерін бағалауды, баланың отбасындағы жағдайын талдауды, аға мейіргерді, жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер, бөлімше меңгерушісі және әлеуметтік қызметкер хабардар етуді көздейтін жеке іс-шаралар жоспарын жасайды.

      147. Отбасы әлеуметтік сүйемелдеуді қажет ететін жоғары қауіп (қатыгездік, зорлық-зомбылық, әйелдің мүгедектігі) жағдайында мәліметтер әлеуметтік қызметкерге, психологқа (қажет болған жағдайда білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларына, жергілікті атқарушы органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға) беріледі.

      148. Патронаждық бару нәтижелері туралы деректерді МСАК мамандары МАЖ-ға енгізеді.

      149. Патронажды ұйымдастыру мониторингін МСАК ұйымының аға мейіргері немесе ол болмаған кезде отбасылық дәрігер (жалпы практика дәрігері) жүргізеді.

      150. Қажет болған жағдайда пациентке емханаға өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін жіті және созылмалы аурулары (жағдайлары) бар пациенттер үшін МСАК мамандары үйде стационар ұйымдастырады.

      151. Пациентті қабылдау сәтінен бастап емдеу ұзақтығы:

      1) гемодиализдегі, перитонеальді диализдегі, химиялық және сәулелік терапиядағы, бағдарламалық терапиядағы, медициналық оңалтудағы және қалпына келтіретін емдеудегі пациенттерді қоспағанда, күндізгі стационарда кемінде үш жұмыс күні және сегіз жұмыс күнінен артық емес;

      2) үйдегі стационарда кемінде үш жұмыс күні және жіті аурулар кезінде бес жұмыс күнінен аспайтын, созылмалы аурулар шиеленіскен кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын жағдайларды құрайды.

      152. МСАК дәрігері күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексеруді жүргізеді, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен емдеуді түзетеді, қажет болған жағдайда қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулерді тағайындайды және қажет болған жағдайда клиникалық хаттамалардың ұсынымдарына сәйкес бейінді мамандардың консультацияларын ұйымдастырады.

      153. Тәулік бойы медициналық бақылаумен медициналық көмек көрсетуге, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына мұқтаж пациенттер "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР - ДСМ-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес емдеуге жатқызуға порталы арқылы жоспарлы тәртіппен жіберіледі.

      154. Пациенттерді стационарға шұғыл жатқызу МСАК мамандарының жолдамасынсыз жүзеге асырылады.

      155. МСАК мамандары тіркелген тұрғындармен дені сау баланың қабылдауында, кабинетінде, денсаулық мектептерінде, жастар денсаулық орталығында (кабинетінде), пациенттерге үйде қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ ақпараттық байланыс арналары (радио, теледидар, әлеуметтік желілер) арқылы ақпараттық-түсіндіру профилактикалық жұмысын жүргізеді.

      156. Үздік практика МСАК орталықтары мамандарымен халықтың денсаулығын жақсартуға (ерлер денсаулығы, ерлердің ұзақ өмір сүруі, дұрыс тамақтану, ауыл денсаулығы/салауатты ауыл, денсаулықты нығайтатын мектептер, балаға мейірімділікпен қарау, менталдық денсаулық және т.б.) бағытталған инновациялық технологияларды енгізу және МСАК ұйымдарына трансферт жүзеге асырылады.

      157. МСАК мамандары "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151болып тіркелген) сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қашықтықтан медициналық қызметтерді ұсынады.

      158. МСАК мамандары "Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21712 болып тіркелген) сәйкес психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмекті жүзеге асырады.

      159. МСАК мамандары "Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29917 болып тіркелген)сәйкес туберкулездің алдын алу және емдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      160. МСАК ұйымының әлеуметтік қызметкері және психологы "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген) сәйкес медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді.

      161. Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмек "Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21745 болып тіркелген) сәйкес денсаулықты нығайту, профилактика, емдеу және оңалту мақсатында жылжымалы медициналық кешендер және (немесе) медициналық поездар арқылы көрсетіледі.

      162. Жұқпалы аурулардың көтерілуі мен өсуі кезеңінде инфекцияның таралуын азайту мақсатында МСАК бірінші басшысының шешімі бойынша бекітілген 5000 және одан да көп халыққа 1 бригада есебінен халыққа медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалар құрылады.

      Ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулатория немесе МСАК орталығы жанынан кемінде бір мобильді бригада құрылады.

      163. Мобильді бригада құрамына: жалпы практика дәрігері, отбасылық дәрігер, терапевт, педиатр, орта медицина қызметкері (акушер), денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер, жүргізуші кіреді. Медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандар тартылады.

      164. Мобильді бригада үйге барған кезде:

      1) пациенттің және оның бірге тұратын отбасы мүшелерінің үйінде қарап-тексеру және консультация беруді;

      2) аурудың орташа ауыр, ауыр түрін бастан өткерген және стационардан емделудің амбулаториялық кезеңіне шығарылған пациенттерге пациентті қарап-тексерумен, емдеуді тағайындаумен және оның жай-күйін бақылаумен үйге белсенді баруды;

      3) көрсетілімдер бойынша инфекциялық ауруға күдігі бар пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алуды жүргізуді;

      4) клиникалық хаттамаға сәйкес дәрілік заттарды тағайындауды;

      5) № ҚР ДСМ-75 бұйрыққа сәйкес пациенттерге дәрілік заттарды жеткізуді;

      6) пациентті медициналық көрсетілімдер бойынша КТ және рентген диагностикасына тасымалдауды;

      7) пациенттің жай-күйін негізге ала отырып, пациентті инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызуды;

      8) көрсетілімдер бойынша үйде стационар ұйымдастыруды;

      9) пациенттерді профилактика шараларының сақталуы және эпидемияға қарсы тәрітібі туралы хабардар етуді;

      10) пациентті немесе күтімді жүзеге асыратын адамды өзін-өзі бақылау чек-парағын толтыруға үйретуді жүзеге асырады.

      165. Мобильді бригада үйге барып шақыртуларға қызмет көрсетуді МСАК ұйымдарына бекітілуіне қарамастан пациенттерге олардың өтініш жасау фактісі бойынша бақылауды одан әрі МСАК ұйымына олардың нақты тіркелген жері бойынша бере отырып жүзеге асырады.

      166. МСАК ұйымдарында (емхана, МСАК орталығы) жедел медициналық көмекті шақырудың жеделдігінің 4 санатына (бұдан әрі – ЖМК) қызмет көрсету үшін ЖМК бөлімшелері құрылады.

      ЖМК бөлімшелерінде бригадалардың саны халықтың айналымы ескеріле отырып, бекітілген халықтың 35 (отыз бес) мыңына 1 (бір) бригада есебінен және одан аз қалыптастырылады.

      167. Шақырулардың жеделдігінің 4 санаты бойынша ЖМК көрсетуді "Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы№ ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес МСАК ұйымдары жүзеге асырады.

      168. Пациенттің жай-күйін қарап-тексеру, диагностикалау және динамикасы деректерінің нәтижелері бойынша МСАК ұйымы жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      пациентті стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдау;

      пациентті шақырту орнында қалдыру;

      пациентті үйде қалдыру (тұрғылықты жері бойынша).

      169. Пациентті шақырту орнында немесе үйде қалдырған кезде МСАК ұйымының фельдшері немесе кезек күттірмейтін жәрдем бөлімшесінің дәрігері тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына одан әрі жүгіну үшін медициналық ұсынымдар береді немесе көрсетілімдер болған кезде пациентті санитариялық автокөлікпен стационарға тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      170. Жеделдіктің 4-санатындағы шақыруға қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымы жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері ақпаратты МСАК дәрігеріне береді.

      МСАК дәрігері пациенттің үйіне белсенді түрде барады, емдеуді тағайындайды, көрсетілімдер болған кезде амбулаториялық жағдайда зертханалық және аспаптық зерттеулерге немесе күндізгі стационарда емдеуге жібереді немесе № 106 бұйрыққа сәйкес пациенттің жағдайы мен диагнозына байланысты үйдегі стационар жағдайын ұйымдастырады.

      Ескерту. 170-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 № 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      171. МСАК ұйымы жанындағы ЖМК бөлімшесінің бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазусыз, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ берусіз, алкогольдік және есірткілік мас болу мәніне куәландырусыз, қайтыс болу фактісін куәландырусыз және қайтыс болу туралы қорытынды берусіз шақыртуға қызмет көрсетеді.

  Қазақстан Республикасында
медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша

МСАК ұйымдарына арналған ұсынылатын штат нормативтері

Лауазымның атауы

Лауазымдар саны

Медициналық пункттің ең төмен штаттары

1

Орташа медицина қызметкері

кемінде 1 лауазым

Фельдшерлік-акушерлік пункттің ең төмен штаттары

1

Орташа медицина қызметкері

кемінде 1 лауазым

2

Акушер

тіркелген фертильді жастағы әйелдердің санына қарамастан кемінде 1 лауазым

Дәрігерлік амбулаторияның ең төмен штаттары

1

Дәрігерлік амбулаторияның басшысы (жекелеген елді мекендерде орналасқан қалалық, аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшелері жанындағы аға дәрігер)

Халқы 5000-ға дейін бекітілген 0,25 лауазым, халқы 5000-нан асатын дәрігерлік амбулаторияда босатылған бас (аға) дәрігер лауазымы белгіленеді

2

Жалпы тәжірибелік дәрігер, Отбасылық дәрігер

Халықтың 1700 адамына 1 лауазым (ересектер мен балалар

3

Дәрігер терапевт

Ересек халықтың 2200 адамына 1 лауазым

4

Учаскелік педиатр

0-ден 6 жасқа дейінгі 500 балаға 1 лауазым,
7 - ден 18 жасқа дейінгі 900 бала

5

Акушер-гинеколог

10 000 жалпы халыққа 1,4 ставка

6

Күндізгі стационардың дәрігері

Ауысымына 10 төсекке 1 лауазым (медициналық бақылаудың барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін)

7

Мейіргер немесе аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер)

8 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым

8

Аға мейіргер

8 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым

9

Орта медициналық қызметкер (фельдшер, кеңейтілген практика мейіргері, мейіргер)

Жалпы практика дәрігерінің 1 лауазымына 3 лауазым. 2 лауазымдар
1 дәрігер (учаскелік) терапевт немесе педиатр лауазымы

10

Емшара кабинетінің мейіргері*

Ауысымдағы 1 лауазым*

11

Акушер

тіркелген фертильді жастағы әйелдердің санына қарамастан кемінде 1 лауазым

12

Фельдшер-зертханашы

1 лауазым

13

Химизаторы мейіргері

1 лауазым

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының ең төмен штаттары

1

МСАК орталығының басшысы (жекелеген елді мекендерде орналасқан қалалық, аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшелері жанындағы аға дәрігер)

Халқы 5000 адамға дейін бекітілген 0,25 лауазым, халқы 10000-нан асатын МСАК орталығында босатылған бас (аға) дәрігер лауазымы белгіленеді

2

Жалпы тәжірибелік дәрігер, Отбасылық дәрігер

Бекітілген 1700 тұрғынға 1 лауазым (ересектер мен балалар)

3

Дәрігер терапевт

2200 ересек адамға 1 лауазым

4

Дәрігер педиатр

0 жастан 6 жасқа дейінгі 500 балаға 1 лауазым

5

Акушер-гинеколог

10000 жалпы халыққа 1,4 ставка

6

Күндізгі стационардың дәрігері

Ауысымда 15 төсекке 1 лауазым

7

Мейіргер немесе аға (аға) медициналық (аға фельдшер, аға акушер)

8 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым

8

Аға мейіргер

8 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым

9

Орта медицина қызметкері (фельдшер, кеңейтілген практика мейіргері, мейіргер)

Жалпы практика дәрігерінің 1 лауазымына 3 лауазым. 2 лауазымдар
1 учаскелік терапевт немесе педиатр дәрігері лауазымы

10

Баланы дамыту кабинетінің мейіргері

Ауысымға 1 лауазым

11

Отбасын жоспарлау кабинетінің акушері

Ауысымға 1 лауазым

12

Күндізгі стационардың мейіргері

Ауысымға 10 төсекке 1 лауазым

13

Емдеу кабинетінің мейіргері

Ауысымға 1 лауазым

14

Акушерка

тіркелген фертильді жастағы әйелдердің санына қарамастан кемінде 1 лауазым

15

Фельдшер-зертханашы

1 лауазым

16

химизатор мейіргері

1 лауазым

17

Тәуекел менеджері

20 000 тұрғынға шаққанда 1 лауазым

18

Сарапшы дәрігер (Ішкі аудит дәрігері)

10 000 тұрғынға шаққанда 1 лауазым

19

Пациенттерді қолдау үйлестірушісі

10 000 тұрғынға шаққанда 1 лауазым

20

Клиникалық фармаколог

1 лауазым

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі

21

Бөлімше меңгерушісі

1 лауазым

22

Аға мейіргер

1 лауазым

23

Профилактика және СӨС бойынша дәрігер

1 лауазым (25000 тұрғынға шаққанда)

24

Дәрігерге дейінгі кабинет

Ауысымға 1 лауазым

25

Скринингтік кабинеттің мейіргері

Ауысымға 1 лауазым

26

Қарап-тексеру кабинетінің акушері (әйелдер)

Ауысымға 1 лауазым

27

Қарап-тексеру кабинетінің мейіргері (ерлер)

Ауысымға 1 лауазым

28

Әлеуметтік қызметкер

5000 тұрғынға шаққанда 1 лауазым, бірақ дәрігерлік амбулаторияларда, МСАК орталықтарында және аудандық емханада кемінде 1 лауазым

29

Психолог

5000 тұрғынға шаққанда 1 лауазым, бірақ МСАК дербес орталықтарында және аудандық емханада кемінде 1 лауазым

Емхананың ең төмен штаттары


Лауазымның атауы

Лауазымдар саны

1

Бас дәрігер

1 лауазым

2

Бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары

1-3 лауазымдар;

3

Сарапшы дәрігер (Ішкі аудит)

10 000 тұрғынға шаққанда 1 лауазым;

4

Статистик дәрігер

Амбулаториялық қабылдау дәрігерлерінің 8 лауазымына 1 лауазым;

5

Медициналық статистик

1 дәрігер лауазымына 2 лауазым-статистика

6

Провизор

1 лауазым

7

Бағдарламашы

8 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым

8

Менеджер

1 лауазым

9

Кеңейтілген практиканың мейіргері

1 лауазым

10

Бас мейіргер

1 лауазым

11

Шаруашылық бикесі

Жеке тұрған ғимаратқа 1 лауазым

12.

МСАК мамандары**


      * Шалғайдағы адамдар үшін бір учаскесі бар отбасылық дәрігерлік амбулаториялық - емханалық және күндізгі стационардың мейіргері-бір лауазым.

      ** Лауазымдар бекітілген халық санынан және орналастырылған учаскелерден белгіленеді.

  Қазақстан Республикасында
  медициналық-санитариялық
  алғашқы көмек көрсетуді
  ұйымдастыру стандартына
  1-қосымша

МСАК мамандарының медициналық дағдыларының тізбесі

Орта медицина қызметкерінің дағдылары

МС

фельдшер

акушер

1

Термометрия

Термометрия

Термометрия

2

Қан қысымын өлшеу

Қан қысымын өлшеу

Қан қысымын өлшеу

3

Манту сынамасын жүргізу

Манту сынамасын жүргізу

Сыртқы жыныс мүшелерін визуалды тексеру

4

Мантудың оң сынамасы бар балаларға Диаскинтест өткізу

Мантудың оң сынамасы бар балаларға Диаскинтест өткізу

Сүт бездерін объективті қарап-тексеру

5

Ауыз қуысының профилактикалық қарап-тексерулері

Ауыз қуысының профилактикалық қарап-тексерулері

Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу

6

Балаларға тіс және ауыз қуысының шырышты қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларды үйрету

Балаларға тіс және ауыз қуысының шырышты қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларды үйрету

Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу

7

Антропометрия

Таннер бойынша антропометрия мен жыныстық дамуды бағалауды қоса алғанда, объективті тексеру

Онкоцитологияға жағынды алу

8

Жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету

Жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету

Жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету

9

Электрокардиографиялық зерттеу (12 қорғасынмен) (ЭКГ алу)

Электрокардиографиялық зерттеу (12 қорғасынмен) (ЭКГ алу)

Электрокардиографиялық зерттеу (12 қорғасынмен) (ЭКГ алу)

10

Автоматтандырылған аппараттарда жазу кезіндегі Спирография (алу):

Автоматтандырылған аппараттарда жазу кезіндегі Спирография (алу):

Пульсоксиметрия

11

Динамометрия

Динамометрия


12

Пульсоксиметрия

Пульсоксиметрия


13

Аудиометрия

Аудиометрия



Орта медицина қызметкерінің жалпы дағдылары

1

Аппликациялық Анестезия

2

Тамырдан қан алу

3

Саусақтан қан алу

4

Микробиологиялық зерттеулерге материал алу

5

Асқазанды шаю

6

Клизма

7

Егде жастағы пациентке мейірбикелік күтім жасау процедуралары

8

Пациенттің отбасы мүшелерін күтім мен гигиена элементтеріне үйрету

9

Үйде төсек жараларының алдын алу және емдеу

10

Инъекцияның барлық түрлері (тері астына, бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне)

11

Тері ішілік диагностикалық сынамаларды жүргізу (туберкулин және т. б.)

12

Ауыр науқастың ауыз қуысына күтім жасау

13

Орофаринстен шырышты сору

14

Оростомия, эзофагостомия бойынша нұсқаулық

15

Трахеостомияға арналған жәрдемақы

16

Назогастральды түтікке, мұрын канюлясына және катетерге күтім жасау

17

Жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сору

18

Мұрыннан шырышты сору

19

Фарингостомға арналған жәрдемақы

20

Дәрілік препараттарды мұрын ішіне енгізу

21

Гастростомияға арналған нұсқаулық

22

Назогастральды түтікке күтім жасау

23

Ауыр науқасты Гастростома арқылы тамақтандыру

24

Илеостомияға арналған жәрдемақы

25

Интестинальды зондқа күтім жасау

26

Ауыр науқасты интестинальды түтік арқылы тамақтандыру

27

Илеостомияға күтім жасауды үйрету

28

Тоқ ішек стомасына арналған жәрдемақы

29

Колостомияға күтім жасауды үйрету

30

Ауыр науқасты дәретке отырғызу кезіндегі жәрдемақы

31

Тазарту клизмасын қою

32

Газ шығару түтікшесін қою

33

Ккопролитті алып тастау

34

Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал

35

Сифонды клизма қою

36

Сыртқы есту өтісіне күтім жасау

37

Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау

38

Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау

39

Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал

40

Несеп катетеріне күтім жасау

41

Цистостомоға және уростомоға күтім жасау

42

Несеп ұстамау кезіндегі құрал

43

Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру

44

Ауыр халдегі пациентті мекеменің ішінде тасымалдау

45

Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру

46

Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау

47

Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал

48

Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау

49

Дренажға күтім жасау

50

Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал

51

Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау

52

Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау

53

Ауырсынудың қарқындылығын бағалау

54

Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету

55

Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету

56

Пациентті балдақпен жүруге үйрету

57

Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу (1 көз)

58

Байланыссыз пневмотонометрия (1 көз)

59

Таңу

60

Гипс таңғышын қолдану

61

Гипсті алып тастау

62

Тыныс алу жаттығулары

63

топтық емдік дене шынықтыру

64

жеке емдік дене шынықтыру

МСАК дәрігерінің дағдылары

1

ABO жүйесі бойынша қан тобын стандартты сарысулармен немесе моноклоналды реагенттермен анықтау

2

Қанның Rh факторын анықтау

3

Динамометрия

4

Пульсоксиметрия

5

Аудиометрия

6

Ультрадыбыстық диагностика Кешенді (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек)

7

Аппликациялық анестезия

8

Тігістерді алу, лигатурларды алып тастау

9

Асқазанды шаю

10

Таңу

11

Гипсті қолдану және алу

12

Дәрі-дәрмектер мен қан алмастырғыштарды тамшылатып және реактивті құю

14

ЭКГ-ны алып тастау және декодтау

15

Сыртқы қан кетуді тоқтату

16

Пневмотахометрия, спирометрия

17

Диагностикалық экспресс-әдістерді жүргізу (глюкометрия)

18

Қуықтың катетеризациясы

19

Тік ішек пен қуық асты безін сандық зерттеу

20

Сұйықтықты аспирациялау кезінде жоғарғы тыныс жолдарын тазарту әдістері )

21

Жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету

22

Ауызды ауызға, ауызды мұрынға жасанды желдету

23

Жанама жүрек массажы

24

Дефибрилляция

25

Трахео немесе коникотомия, трахеостомия