Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-100/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 21181 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 17)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) берілген қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 7 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-100/2020
бұйрықпен бекітілген

Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.10.2021 № ҚР ДСМ-104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) бұйрығымен 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің 10-шы қайта қараудағы халықаралық статистикалық жіктемесі (бұдан әрі - АХЖ-10) - сырқаттанушылық пен өлімді есепке алу жүйесін қалыптастыруға арналған бірыңғай құжат;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат беру тәртібі

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, денсаулық сақтау субъектісінің басшылары жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу жағдайлары (ана өлімі (бұдан әрі – АӨ)) тіркелген сәттен бастап:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның басшылығына телефон байланысы арқылы екі сағат ішінде хабарламаны;

      2) 24 сағат ішінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) ақпаратты және күн сайын "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген нысаны бойынша электрондық нұсқада (PDF форматында) қосымша зерттеу әдістерінің (зертханалық, аспаптық) қолда бар нәтижелерімен мынадай медициналық құжаттардың көшірмелерін:

      Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Хабарлама";

      "Жүкті және босанған әйелдің жеке картасы" № 077/е нысанын;

      "Жүкті және босанған әйелдің айырбастау картасы" № 048/е нысанын;

      "Босануды есепке алу нысаны" № 020/е нысанын;

      Стационарлық пациенттің "Жаңа туған нәрестенің даму тарихы" медициналық картасына 11-қосымша парақ;

      "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысанын, оның ішінде жүктілікті үзу тарихын және босану тарихын толтыру үшін;

      "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" № 052/е нысанын, оның ішінде жүктілікті үзу тарихын толтыру үшін;

      "АӨ есепке алу картасы" № 051/е нысанын;

      3) АӨ жағдайы тіркелген кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшелерге, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Патологиялық-анатомиялық зерттеудің, блоктардың және шыны препараттардың хаттамасы (картасы)" № 002/е нысанын, блоктарды және шыны препараттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.

      4. АӨ жағдайларын тіркеу және есепке алу жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жеріне қарамастан, денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген жері бойынша жүргізіледі.

      Қайтыс болған жердегі денсаулық сақтау субъектісі бекітілген жері бойынша денсаулық сақтау субъектісіне АӨ жағдайы туралы хабарлайды.

      Денсаулық сақтау субъектісіне бекіту болмаған жағдайда, АӨ тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша денсаулық сақтау субъектісі тіркейді.

      5. "АӨ есепке алу картасы" нысаны бойынша мәліметтерді меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкері (емдеуші немесе кезекші дәрігер), сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар толтырады.

      6. Денсаулық сақтау субъектісінің тыс жерде (үйде, көшеде жол-көлік оқиғалары, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан) АӨ анықталған жедел медициналық көмек ұйымының, фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің медицина қызметкерлері осы тұлғаның бекітілген жері бойынша денсаулық сақтау субъектісіне хабарлайды.

      Мұндай жағдайларда "АӨ есепке алу картасы" нысаны бойынша мәліметтерді тіркелген жері денсаулық сақтау субъектіне медицина қызметкері толтырады.

      Денсаулық сақтау субъектісіне бекіту болмаған жағдайда, АӨ есепке алу осы Ережелердің 4-тармағына ұқсас жүргізіледі.

      7. АӨ тіркеу мен есепке алуды бақылауды денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы басшысының босандыру жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

      8. "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны уәкілетті органға:

      1) күн сайын ағымдағы күні сағат 16.00-ге қарай "АӨ есепке алу картасы" нысаны бойынша жиынтық ақпаратты;

      2) өңірлер бөлінісінде есепті айдан кейінгі әрбір айдың сегізінші күніне қарай босандыру ұйымдарының кадрлармен және медициналық жабдықпен қамтамасыз етілуі туралы ай сайынғы жиынтық есептерді;

      3) қорытынды диагнозды және АХЖ-10 кодын көрсете отырып, есепті айдан кейінгі әрбір айдың сегізінші күніне қарай АӨ жағдайлары бойынша ай сайын жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.

3-тарау. Пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібі

      9. Пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары (R96 АХЖ-10 коды бойынша), сондай-ақ анафилактикалық шок, (Т78.0 АХЖ-10 коды бойынша), ятрогенді асқынулар (Т80-85 АХЖ-10 коды бойынша), жүректің тоқтауы (I46.1, I46.9 АХЖ-10 коды бойынша) диагноздарымен пациенттердің қайтыс болу жағдайлары тіркелген кезден бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, денсаулық сақтау субъектілерінің басшылары тиісті аумақтық бөлімшелерге:

      1) осы Қағидаларға қосымша сәйкес нысан бойынша 24 сағат ішінде хабарламаны;

      2) екі жұмыс күні ішінде қосымша зерттеу әдістерінің (зертханалық, аспаптық) нәтижелері бар № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша электрондық нұсқада (PDF форматында) медициналық құжаттардың көшірмелерін;

      "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысанын;

      "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" № 052/е нысанын;

      3) он төрт жұмыс күні ішінде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Патологиялық-анатомиялық зерттеудің, блоктардың және шыны препараттардың хаттамасы (картасы)" № 002/е нысанын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      10. Пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу (R96) жағдайларын, сондай-ақ анафилактикалық шок (Т78.0), ятрогенді асқынулар (Т80-85), жүректің тоқтауы (I46.1, I46.9) диагноздарымен пациенттердің қайтыс болу жағдайларын тіркеуді және есепке алуды бақылауды денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы басшысының емдеу-профилактикалық көмек мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

  Жүкті, босанатын әйелдердің
қайтыс болу жағдайлары,
сондай-ақ босанған әйелдер
босанғаннан кейін күнтізбелік
қырық екі күн ішінде қайтыс
болған жағдайда, пациенттерге
жоспарлы медициналық көмек
(медициналық-санитариялық
алғашқы көмек және
мамандандырылған көмек, оның
ішінде жоғары технологиялық
медициналық көрсетілетін
қызметтер) көрсету кезінде
олардың кенеттен қайтыс болу
жағдайлары туралы ақпарат
(шұғыл хабархат) беру
қағидаларына қосымша

      Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы шұғыл хабархат (жағдай тіркелген сәттен бастап 24 сағат ішінде ұсынылады)

      1. ЖСН

      2. Т.А.Ә. (бар болса)

      3. Туған күні

      4. Жынысы ер

; әйел


      5. Қала тұрғыны ____________ауыл тұрғыны__________________

      6. Тұрғылықты мекенжайы

      7. Байланыс телефоны

      8. Отбасы жағдайы

      9. Бекітілген денсаулық сақтау субъектісі

      10. Жұмыс/оқу/балалар мекемесінің орны_______________, бөлімше лауазымы __________ үй шаруасындағы әйел ________________

      11. Денсаулық сақтау субъектісің, бөлімшенің мекенжайы және атауы

      12. Емдеуге жатқызу күні (жоспарлы, шұғыл)

      13. Акушерлік паритет_______, жүктілік_______, босану_______

      14. Қайтыс болған күні

      15. Төсек күндері __________, оның ішінде анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесінде ______________

      16. Диагнозы (алдын ала, негізгі, қосарласқан, патологиялық-анатомиялық диагноз)

      17. Хабарламаны толтырған денсаулық сақтау субъектісінің (ДС) атауы, облыс (ДС тіркелімінен)

      18. Хабарламаны толтырған дәрігердің Т.А.Ә. (бар болса) және сәйкестендіргіші

      19. Хабарламаны толтырған денсаулық сақтау субъектісінің басшысының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      20. Толтырған күні мен уақыты