Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21572 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Нысаналы тобы

Скринингтік зерттеулердің түрі

1

Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін

2

Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* әйелдер

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін

3

Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы* әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін

4

Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдер

Колоректальды обырды ерте анықтау үшін

5

Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер

Жіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау үшін

6

Тәуекел топтары:
1) медицина жұмыскерлері:
- инвазивті емшараларды жүргізетін, қан өндіруге қатысатын, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;
- хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сонымен қатар диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;
- клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;
2) жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласуларға жатқызылған пациенттер;
3) гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-қан тамырлары және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып салатын пациенттер;
5) жүкті әйелдер;
6) өмір салтынының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар.

В және С вирусты гепатитін ерте анықтау үшін (2-кезең)

*Нысаналы топ жасына жеткен жыл болып күнтізбелік жылдың кезеңі есептеледі (қаңтардан желтоқсанға дейін), ол кезеңде нысаналы топ өкілі белгіленген жасқа жетеді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
2-қосымша

Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2024 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімділігін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      3) медициналық ақпараттық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ);

      4) скринингтік зерттеулер – әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

      3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.

      Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.

      4. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі

      5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық байқау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.

      6. Скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін АЕК ұйымдары:

      1) халықтың медициналық ұйымына бекітілген адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;

      2) осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес скринингтік зерттеулер шеңберінде қызметтерді дәйекті көрсету бағытын әзірлейді;

      3) халықты скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаттары, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар етеді;

      4) скринингтік зерттеулерден өтуге қоңырау шалу, SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар арқылы шақырады;

      5) МАЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;

      6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.

      7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:

      дайындық кезеңі;

      негізгі кезеңі:

      пациенттің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістердің болуын немесе болмауын анықтау үшін бірінші кезеңінен (бұдан әрі – бірінші кезең);

      түпкілікті диагноз қою арқылы қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін екінші кезеңінен (бұдан әрі – екінші кезең);

      қорытынды кезеңінен тұрады.

      8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина жұмыскері (бұдан әрі – ОМЖ) жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:

      күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін кейіннен ай сайынғы нысаналы топтарға түзету енгізе отырып, жыл сайын қалыптастыру және жасау;

      халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаты, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар ету;

      скринингтік зерттеулердің жедел және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, клиникалық-диагностикалық зертханалардың және аспаптық зерттеулердің жұмыс графигімен синхрондау арқылы халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру.

      9. Бірінші кезең пациенттің жағдайындағы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулардың болуын анықтау үшін жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді.

      Бірінші кезеңде ОМЖ дәрігерге дейінгі көмек кабинетінде мыналарды жүргізеді:

      1) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;

      2) антропометрия (салмақ, бой, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеу;

      3) қан қысымын өлшеу (бұдан әрі – ҚҚ);

      4) экспресс-тесттерді қолдануымен зертханалық зерттеулер;

      5) скринингтік зерттеуге сәйкес биологиялық материалды жинау;

      6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеуге жолдаманың үзінді көшірмесін беру.

      10. АЕК ұйымының мейіргері скринингтік зерттеудің бірінші кезеңі:

      зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулары болмаған кезде;

      саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізгеннен кейін денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын белгілеген кезде аяқтайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Скринингтік зерттеулердің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқу себептерін белгілеу үшін өткізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Пациентте зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулар болған кезде АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МАЖ-да жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.

      Скринингтік зертеулердің екінші кезеңінің көлеміне сәйкес келетін бұрын көрсетілген (соңғы үш ай ішінде) медициналық қызметтердің нәтижелері болған кезде АЕК ұйымының дәрігері клиникалық диагнозды белгілей отырып, скринингті аяқтайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қарап-тексеруге жататын медицина жұмыскерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

      14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

      15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.

      16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық байқауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.

      17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.

      Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.

      Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктілігі, ауруы, бекітілген орнының өзгеруі, елден тыс жерлерге уақытша шығуы себептері бойынша және азамат скринингтік зерттеулерден өтуден бас тартқан жағдайда) белгіленген мерзімділігін сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.

      Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің өтуі, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымына бекітілуі.

      Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша жүгінуіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МАЖ-да тіркеу.

      Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.

      Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МАЖ-ға бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің көлемі мен мерзімділігі

      18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулер көлемін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметке лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүзеге асырады.

      19. Халықты скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.

  Скринингтік зерттеулерді
жүргізудің қағидалары,
көлемі мен мерзімділігіне
1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нысаналы топ

Кезең

Скринингтік зерттеулер көлемі

Көрсетілетін қызметтер топтамасының атауы

1

Нысаналы топ жасына жеткен Z13.8 кодына сәйкес артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық бақылауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер

1

Қабылдау: мейіргер не фельдшер;
Қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді анализатор көмегімен анықтау;
Қан сарысуындағы триглицеридтерді талдауыш көмегімен анықтау;
Қан сарысуындағы глюкозирленген глюкозаны анықтау;
Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу не жанаспайтын пневмотонометрия
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруына күдік болған кезде электрокардиографиялық зерттеуді (12 жалғамы) толық жазу

ТМККК

Глаукомаға күдік туғанда офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Нысаналы топ жасына жеткен Z13.6 кодына сәйкес цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер

1

Қабылдау: Мейіргер

ТМККК

Брахиоцефалдық бағанның УДДГ-сы

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Консультация: Тамырлы хирург

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

3

Нысаналы топ жасына жеткен Z12.3 кодына сәйкес сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер, фельдшер
Маммография (4 сурет)
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

Консультация (рентгенограмманы екінші рет оқу);
Консультация: Рентгенолог

ТМККК

2

Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
Мақсатты маммография (1 проекция);
Көрсетілімдер бойынша стереотактикалық жетекшілікпен пункциялық/аспирациялық биопсия;
Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;
Көрсетілімдер бойынша трепанбиопсия;
Консультация: онколог не онколог-хирург не маммолог

ТМККК

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

4

Нысаналы топ жасына жеткен Z12.4 кодына сәйкес жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер не фельдшер не акушер;
Онкоцитологияға жағынды алу;
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тест

ТМККК

2

Консультация: акушер-гинеколог;
Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия;
Көрсетілімдер бойынша жатыр мойны биопсиясы;
Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;
Консультация: Онколог не онколог-хирург не онколог-гинеколог

ТМККК

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

5

Нысаналы топ жасына жеткен Z12.1 кодына сәйкес жуан ішектің
қатерлі және қатерсіз ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер, фельдшер

ТМККК

Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-сынама)

ТМККК

Қабылдау (1-кезеңді аяқтау не 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Көрсетілімдер бойынша ішкі тамыр арқылы анестезия
Жаппай скринингтік бейнеколоноскопия;
Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;
Консультация: Онколог

ТМККК

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

6

Нысаналы топ жасына жеткен Z11.5 кодына сәйкес В және С вирустық гепатитін ерте анықтау үшін қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезең)

1

Қабылдау: Мейіргер не фельдшер;
Венадан қан алу

ТМККК

2

ИФА әдісімен қан сарысуындағы HbsAg анықтау;
ИФА әдісі арқылы қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді анықтау;
Сапалы ПТР әдісін қолдану арқылы биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ-сын анықтау

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері

ТМККК

      Ескертпе:

ТМККК

-

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

МӘМС

-

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

РНҚ

-

Рибонуклеин қышқылы

ПТР

-

Полимеразды тізбекті реакция

УДДГ

-

Ультрадыбыстық доплерография

  Скринингтік зерттеулерді
жүргізудің қағидалары,
көлемі мен мерзімділігіне
2-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нысаналы топтың атауы

Мерзімділігі

Зерттеудің аяқтау мерзімі

1

Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

2

Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

3

Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер

4 жылда 1 рет

60 күн

4

Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер

2 жылда 1 рет

60 күн

5

Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

6

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2-кезеңдік)

6 айда 1 реттен жиі емес

3 ай

  Скринингтік зерттеулерді
жүргізудің қағидалары,
көлемі мен мерзімділігіне
3-қосымша

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері

Р/с № В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері Тәуекел тобы

1

Жұмысқа орналасу кезінде және кейіннен алты айда бір рет

Медицина жұмыскерлері:

гемодиализбен айналысатын, қанды қайта өндіруге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін қан қызметі ұйымдары;

хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеуді жүргізетін инвазивті әдістері;

клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар

2

Операциялық араласулардың алдында және операциялық араласудан кейінгі алты айдан кейін

Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3

Емдеуге жатқызуға түскеннен кейін және емдеуге жатқызылғаннан кейін алты айдан кейін

Гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4

Гемотрансфузия, трансплантация жүргізер және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып салу алдында және алты айдан кейін;

Гемотрансфузия алатын, трансплантаттау жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып салатын пациенттер;

5

Есепке қойған кезде және вирусты гепатитіне зерттеп-қарау болмаған жағдайда, босанар алдында

Жүкті әйелдер

6

АИТВ инфекциясына тесттен өту үшін жүгінген кезде және алты айда 1 реттен жиі емес

Өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар