ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 19) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 10-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына 1-қосымша |
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-иновациялық қызмет субьектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын беру тәртібін айқындайды.
2. Еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын (бұдан әрі – ұлттық институт) тарта отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің ірі кәсіпкерлік субъектілері мен субъектілері мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайды.
4. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері үшін еңбек өнімділігін арттыру бәсекелестік артықшылық болып табылады және кадр әлеуетімен, өндірістің материалдық-техникалық базасымен, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралармен, өнім өндіру мен оны іске асырудың оңтайлы үйлесімімен байланысты факторларға негізделеді.
5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
2) алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндіріс элементі, процестердің әрқайсысының шығу сапасын жақсарту, операциялық қызметтегі ақаулар мен статистикалық ауытқуларды барынша азайту қажеттілігін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі – Six Sigma);
3) жабдықтың монтажы – жабдыққа бақылау және автоматика құралдарын, сондай-ақ шикізаттың, судың, будың, энергияның және т.с.с. берілуін және өндіріс қалдықтарын жоюды қамтамасыз ететін коммуникацияларды жалғай отырып, оны құрастыру, жобалық жағдайында орнату және тұрақты бекіту;
4) жабдықтың шеф-монтажы – осы жабдықты өндіруші кәсіпорын немесе орындаушы – жабдықты жеткізуші жүзеге асыратын жабдық монтажының техникалық басшылық;
5) жабдықты жаппай күтім (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндіріс элементі, техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік жабдық менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – TPM);
6) жабдықты іске қосу жұмыстары – жабдықты дербес сынаулар және кешенді сынап-көруді дайындау және жүргізу кезеңінде орындалатын жұмыстар кешені;
7) жабдыққа техникалық қызмет көрсету – мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және/немесе оларды жөндеуге шығармай тасымалдау кезінде жабдықтың жұмысқа қабілетті жай-күйін және/немесе ақаусыз жай-күйін ұстап тұру жөніндегі іс-шаралар кешені немесе іс-шара;
8) Индустрия 4.0 – нақты уақыт режимінде физикалық процестерге мониторинг жүргізілетін, жедел шешімдер қабылданатын, сондай-ақ ерекше және адамдар арасындағы технологиялардың өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын физикалық объектілердің, процестердің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын көздейтін өндірісті ұйымдастыру;
9) Индустрия 4.0 технологиялары (элементтері) – аддитивті технологиялар немесе 3D басып шығару, коллаборативті роботтар, өзін-өзі оңтайландыратын жабдық, сапаны қамтамасыз ету технологиялары (датчиктер мен сенсорлар), пилотсыз көлік құралдары, автоматтандырылған ішкі логистика, бұлтты технологиялар, өнеркәсіптік объектілерді цифрлық модельдеу, фабрикалардың цифрлық "қосарлануы", жабдықты пайдалануға виртуалды енгізу, цифрлық және виртуалды инжиниринг, өндірістік процестерді басқару жүйелерін (Manufacturing Execution System, MES) интеграциялау, толықтырылған шынайылық, виртуалды шынайылық, қойманы басқару жүйелері, киберқауіпсіздік, болжалды техникалық қызмет көрсету, өндірісті зияткерлік жоспарлау және бақылау, өнеркәсіптік интернет, жүйелердің жай-күйін бақылау;
10) кайдзен (Kaizen) – өндіріс, әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерді әзірлеу мен басқаруды, сондай-ақ өмірдің барлық аспектілерін үзіліссіз жетілдіруді көздейтін үнемді өндіріс элементі (бұдан әрі-Kaizen);
11) канбан (Kanban) – ұқыпты өндіріс элементі, "дәл мерзімінде" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі - Kanban);
12) қарсы міндеттемелер – "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және мемлекеттің өзара міндеттемелері;
13) орындаушы – осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызметтер көрсететін (жұмыстарды орындайтын) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға не тартылған шетелдік қызметкер;
14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
15) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау – кәсіпорынның бизнес-моделінде елеулі өзгерістерге әкеп соғатын кәсіпорындардың бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу.
17) өтініш беруші – еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінім берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;
18) тәжірибелік үлгі – өндіріске қою және/немесе мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында оның берілген техникалық талаптарға сәйкестігін сынау арқылы тексеру үшін қайта әзірленген жұмыс құжаттамасы бойынша дайындалған өнім үлгісі;
19) ұлттық институт – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ("QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы);
20) ұқыпты өндіріс – Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және өзге де элементтерді қамтитын ысыраптардың барлық түрлерін жоюға тұрақты ұмтылуға негізделген өндірістік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;
21) электрондық құжаттар топтамасы – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін, бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растайтын құжат болған кезде) немесе дара кәсіпкердің немесе олар уәкілеттік берген адамның (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттар;
22) электрондық өтінім – бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растайтын құжат болған кезде) немесе дара кәсіпкердің немесе олар уәкілеттік берген тұлғаның (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы өтінім;
23) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
24) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
25) энергия тиімді технологиялар – энергетикалық ресурстарды тиімді (ұтымды) пайдалануға бағытталған технологиялар. Өндірістегі ғимараттарды немесе технологиялық процестерді энергиямен қамтамасыз етудің бірдей деңгейін қамтамасыз ету үшін энергияның аз мөлшерін пайдалану;
26) 5S – ұқыпты өндіріс элементі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру және ұтымды ету жүйесі (бұдан әрі – 5S).
6. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітетін төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушілерге шығындардың кейбір түрлерін кейіннен өтеу үшін мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға көзделген қаражатты ұлттық институттың ағымдағы шотына аударады.
7. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субьектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
8. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге ақша қаражатын аударуды ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт өтініш берушіні Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.
9. Ұлттық институт ағымдағы шоттағы қаражатты пайдалану кезінде, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шаралары арасында соманы қайта бөледі.
Өтініш беруші ұлттық институттың ағымдағы шотына қайтарған мемлекеттік ынталандыру шарасының сомасы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын беруге жұмсалады.
10. Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк ағымдағы шот бойынша есептейтін барлық сыйақылар ағымдағы шоттағы мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.
11. Ұлттық институт:
1) жыл сайынғы негізде не сұрау салу бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп береді;
2) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтініш берушіден түсетін ақшалай қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді (Келісімде осындай шарттар болған кезде);
3) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
2-тарау. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыруды беру тәртібі
12. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру мынадай мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну болып табылады:
1) қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу:
инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша, оның ішінде шетелде кәсіби даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға. Топ-менеджерлерге қаржы (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімшелерді қоспағанда, заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндірілген өнімді/көрсетілетін қызметтерді өндіру және/немесе ілгерілету жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы жатады;
инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау кезіндегі ұзақтығы 3 (үш) айдан аспайды, инженерлік-техникалық персоналдың, өндірістік персоналдың, оның ішінде топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру кезінде, оның ішінде шетелде, ұзақтығы 3 (үш) айдан аспайды;
шетелдік қызметкерді тарту:
жаңа өндірістер құру және/немесе өтініш берушінің жұмыс істеп тұрған өндірісін жаңғырту мақсатында еңбек шарты бойынша;
еңбек шарты немесе өнімді (қызметтерді) жылжыту мақсатында өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша.
Өтініш берушіге кәсіпорын қызметінің бүкіл кезеңінде әрбір тартылған шетелдік қызметкер бойынша бір рет шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған шығындар өтеледі;
2) цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу:
басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және/немесе енгізу (оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу);
Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу.
Басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеуге және енгізуге (оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға) арналған шығындар осы Қағидалардың 30-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген цифрлық стратегияда көзделеді. Цифрлық стратегия іске асырылатын, сондай-ақ жоспарланатын жобалар туралы ақпаратты (жобалардың атауы, мақсаты мен мәні, іске асыру тәртібі мен мерзімдері, күтілетін экономикалық әсер) қамтиды.
3) технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу:
байланысты шығындарды қоса алғанда, кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыру:
технологиялық аудит, энергия аудитін жүргізу;
өндірілетін өнімнің және өнім қаптамасының өнеркәсіптік дизайнын әзірлеумен;
инженерлік ойды дайындау және шешу, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздестіру және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;
байланысты шығындарды қамтитын өнім өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға:
жабдықпен жұмыс бойынша нұсқаманы (оқытуды) қоса алғанда, жабдықты монтаждаумен және/немесе жабдықты шеф-монтаждаумен;
жабдықты іске қосу-жөндеу жұмыстары;
инженерлік, конструкторлық әзірлемелер;
тәжірибелік үлгілерді дайындау;
жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
өнімге өнеркәсіптік сынақтар жүргізу арқылы;
4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін құжаттаманы әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыратын технологиялар), энергия тиімді және жасыл технологияларды, үнемді өндіріс элементтерін (Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және басқалар) әзірлеу және/немесе енгізу арқылы жүзеге асырылатын өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу.
13. Ұлттық институттың қарауы үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері жіберіледі:
1) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 28) тармақшасына (бұдан әрі – Басым тауарлар тізбесі) сәйкес уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіретін;
2) әділет органдарында кемінде күнтізбелік бір жыл тіркелген және/немесе хабарланған күннен бастап ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын болып бөлінеді;
4) өтінім берілген күнге салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (төлеу мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда).
14. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне, қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды қоспағанда, өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес шеккен, негізделген және құжатпен расталған шығындар келтірілген шығындар сомасының 40% мөлшерінде өтеледі (егер бағдарламалық қамтылымды әзірлеуге, енгізуге және сатып алуға арналған шығындар бойынша көрсетілетін қызметтерді, жұмыстар мен тауарларды беруші қызметтер мен жұмыстардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, 50%), сатып алынған бағдарламалық қамтылым электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган бекіткен сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуға тиіс), бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы бойынша күнтізбелік жылда алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.
15. Жұмыскерлердің құзыретін арттыру шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес (шетелдік қызметкерді тартуға – он екі айдан ерте емес) шеккен шығындар сомасының 40% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік ынталандырудың осы шарасы бойынша күнтізбелік жылы отыз миллион теңгеден аспауға тиіс. Осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек шарты бойынша шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде еңбекке ақы төлеу бойынша төлемдерге жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы негізгі жалақы (лауазымдық жалақы) бойынша шығындарды өтеу сомасынан аспауға тиіс.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдау (мемлекеттік ынталандырудың) өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын және/немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтініш берушінің өтеуіне жатпайды.
17. Шетелдік қызметкерді тартуға арналған шығындарды өтеуді қоспағанда, ұлттық институт өтеуге қабылдайтын өтініш беруші шығындарының сомасы мынадай негіздемелер бойынша айқындалады:
1) төлем құжаттары;
2) ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес қол қойылған көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған акт (актілер).
18. Шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде ұлттық институт өтеуге қабылдайтын өтініш беруші шығындарының сомасы төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостерінің, төлем ведомостерінің (бар болса), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбекақы төленгенін растайтын негізінде айқындалады.
19. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы өтініш берушінің орындаушыға көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін ақы төлеу күніне немесе шетелдік қызметкерді тарту кезінде жалақы төлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамы негізге алына отырып есептеледі.
20. Өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе олардың біліктілігін арттыру кезіндегі шығындарды өтеуге мыналар кіреді:
1) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлауды және/немесе қайта даярлауды және / немесе олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырған орындаушының көрсеткен қызметтерінің құны;
2) іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына кері қарай бір рет жол жүру құны (шығындар болған кезде);
3) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктілігін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде жұмыскердің тұру құны (шығындар болған кезде), тәуліктік шығындардан басқа.
21. Өтініш берушінің шетелдік қызметкерді тарту кезінде шеккен шығындарын өтеу еңбек шартына немесе өтеулі қызмет көрсету шартына сәйкес жұмыстарға, сондай-ақ өтелетін кезең ішінде бір рет жұмыс көрсету орнына бару және тұратын жеріне кері қайту жолына ақы төлеуді көздейді (шығындар болған кезде) және тартылған шетелдік қызметкердің тұруына арналған шығындарды, тәуліктік ақы төлеуді қамтымайды.
22. Тартылған шетелдік қызметкердің өтелетін шығындарын есептеу кезінде өтелетін кезеңге кіретін толық күнтізбелік айлар қабылданады.
23. Кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезінде өтініш беруші шеккен жол жүру және тұру бойынша өтініш беруші ұсынатын шығындар "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен белгіленген шекті нормалардан аспайтын мөлшерде өтеледі.
24. Өтініш беруші мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы бойынша еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға жеке өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
25. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
26. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтініш беруші оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.
27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:
1) бір папкаға құрылады;
2) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растайтын құжат болған кезде) немесе дара кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалана отырып куәландыруға жол берілмейді;
3) араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлеу толассыз болып табылады;
4) өтініш берушінің мөр бедерімен (бар болған жағдайда) әр парақтап куәландырылады.
Осы тармақтың талаптары электрондық өтінімді және құжаттардың электрондық топтамасын ұсынуға қолданылмайды.
28. Қызметкерлердің құзыретін арттыруға және/немесе технологиялық процестерді жетілдіруге және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған өтінім оған қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.
1-параграф. "Цифрлық технологияларды енгізу" мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тәртібі
29. Цифрлық технологияларды енгізуге, шығындарды өтеуді алуға үміткер өтініш беруші ұсынады (қоса беріледі):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болған жағдайда) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері;
6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері;
7) Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын, өтелетін кезеңге қолданылатын құжаттардың көшірмелері (шығарылған тауар СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестігі туралы декларация т.б. индустриялық сертификаты).
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
8) автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу және/немесе енгізу шығындары бойынша өтініш беруші қосымша ұсынады:
әзірленген сандық стратегияның көшірмесі;
9) лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға жұмсалған шығындар бойынша өтініш беруші қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
әзірленген сандық стратегияның көшірмесі;
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу шартының көшірмесі;
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі);
Қағидалардың осы тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді.
30. Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеуге арналған өтінім оған қоса берілген құжаттармен бірге ұлттық институтқа беріледі.
Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда, өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсыну тоқтатыла тұратын кезеңге хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, ұлттық институт ұлттық институт басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы одан әрі қараудан бас тартуды өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
Ұлттық институт өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толықтығын тексергеннен кейін тоғыз жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Шығындарды өтеудің мүмкін еместігі туралы негіздер анықталған кезде ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеудің мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
31. Ұлттық институт шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы өтініш берушіге ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хабарлама жібереді. Хабарламада өтеуге қабылданатын шығындар сомасының түсіндірмесі келтіріледі;
шығындарды өтеудің мүмкін еместігі туралы өтініш берушіге тиісті негіздемесі бар хабарлама жібереді.
32. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес өтініш берушіге шығындарды өтеу жолымен мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсынады, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі.
33. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартқан жағдайда өтініш беруші ұлттық институттың атына себептерін көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингі
34. Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін айқындау мақсатында ұлттық институт олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
35. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін өтініш берушілер ұсынған ақпарат негізінде ұлттық институт жүргізеді.
36. Мониторинг мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудағы проблемаларды уақтылы анықтау;
2) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыруды алған өтініш берушілер туралы ақпарат жиынтығы;
4) ұлттық институт өкілінің ұсынылған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде шығындары өтелген өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуы.
37. Мониторинг шеңберінде ұлттық институт тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институтының мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебін ұсынады.
38. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингі өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан өтініш беруші туралы бастапқы статистикалық деректерді алу жолымен шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен кейін екі жыл ішінде жүргізіледі. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі.
39. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның алғашқы статистикалық деректерін алу және олардың негізінде мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін жүргізу мүмкін болмаған кезде өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұрау салуы бойынша мониторинг жүргізу үшін деректер береді.
4-тарау. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі, "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу", "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
1-параграф. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
40. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініші арқылы көрсетеді – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, отандық өңделген тауарларды, өңдеуші өнеркәсіптің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және / немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген) (бұдан әрі - осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы):
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) порталға.
41. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
42. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
43. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі қою болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.
44. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту болып табылады.
45. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы одан әрі қараудан бас тартуды өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін тоғыз жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды рәсімдейді.
2-параграф. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
46. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініші арқылы көрсетеді – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, отандық өңделген тауарларды, өңдеуші өнеркәсіптің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген) (бұдан әрі - осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы):
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) порталға.
47. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
48. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
49. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі қою болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiмен әдейi не пошта арқылы жүзеге асырылады.
50. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
51. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы одан әрі қараудан бас тартуды өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін тоғыз жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды ресімдейді.
3-параграф. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
52. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініші арқылы көрсетеді – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, отандық өңделген тауарларды, өңдеуші өнеркәсіптің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген) (бұдан әрі - осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы):
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) порталға.
53. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
54. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
55. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.
56. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
57. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы одан әрі қараудан бас тартуды өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін тоғыз жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды ресімдейді.
4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
58. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
59. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға және/немесе мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
60. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес қаралуға жатады:
уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
61. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім
(өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болған жағдайда))
1. Өтініш берушінің атауы
2. Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, қаласы/ауданы, елді мекені, көшесі, телефоны)
3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)
4. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)
5. Орындаушының БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) / ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда)
6. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні
7. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса)
8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)
9. Шығарылатын өнімнің атауы
10. Жылына ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам) *
11. Өтініш беруші мемлекеттік және / немесе салалық бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (егер бар болса, онда мемлекеттік қолдау шараларын алған жылын, қандай бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік қолдау шараларын алғанын көрсетіңіз).
12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік ынталандырудың қандай шарасын пайдалану жоспарлануда (қажеттісін белгілеңіз):
☐ кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру;
☐ цифрлық технологияларды енгізу;
☐ технологиялық процестерді жетілдіру;
☐ өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру.
13. Өтініш берушінің банктік деректемелерін көрсету
Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береді және ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығы үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Жалған ақпарат ұсынған жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Өтініш беруші сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және /немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы (Т. А. Ә., лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы): _________________.
Осы өтінімге мынадай құжаттарды және құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:
1) ____________________;
2) ____________________;
3) ____________________;
4) ____________________;
5) ____________________.
Өтінімді толтыру күні _______________
Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға
____________ ______________________________________
(қолы) (Аты-жөні) Мөр орны (болған жағдайда)
Ескертпе:
* Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 2-қосымша нысан |
Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі
(өтініш беруші бланкіде толтырады (болған жағдайда))
1. Өтініш беруші мен Орындаушының атауы, Орындаушының байланыс деректері (нақты мекенжайы, телефоны)
2. Өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы
3. Көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) шартының немесе еңбек шартының атауы, күні және сомасы
4. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің қажеттілігін сипаттау
5. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің нәтижелері (күтілетін нәтиже)
Өтініш берушінің басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға
____________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
"Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 4-қосымша |
"Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 5-қосымша |
"Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 6-қосымша |
Шығындарды өтеу туралы келісім
қаласы ______ "___" ___________ 20 ___жыл
Бұдан әрі "Ұлттық институт "деп аталатын "QazIndustry" Қазақстандық индустрия
және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы, атынан
_______________________________________________, негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________________,
бір жағынан, және_________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын _______________________________________,
(негізінде әрекет ететін басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________,
екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп
аталатындар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін
арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну
қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегілер туралы осы
Шығындарды өтеу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты:
1. Келісімнің мәні
1. Ұлттық институт Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын
ұсынуға міндеттенеді" "____________________________________________________"
(мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы)
шығындарды өтеу түрінде____________________________________________________
(шығындар түрі)
сомада ________________________________________________________теңге
(сомасы жазумен)
өтінімге сәйкес толық көлемде, ал өтініш беруші осы Келісімнің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларының нысаналы индикаторларына қол жеткізеді.
2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы өтініш берушінің орындаушыға көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін ақы төлеу күніне немесе шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде жалақы төлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамы негізге алына отырып есептеледі.
3. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, шығындарды өтеуді ұлттық институт бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен қаражат түскенге дейін тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт өтініш берушіні Қағидаларда белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
2. Тараптардың міндеттемелері
4. Ұлттық институт міндеттенеді:
1) Келісімді орындауға елеулі әсер етуі мүмкін Қағидаларды іске асыруға байланысты барлық өзгерістер туралы өтініш берушіні хабардар ету;
2) осы Келісімге қол қойылған күннен кейін екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шараларының іске асырылуына мониторинг жүргізу.
5. Өтініш беруші міндеттенеді:
1) ұлттық институтқа одан әрі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін бастапқы статистикалық деректерді уәкілетті органға және өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісіне (актілеріне) қол қойылған күннен кейін 2 (екі) жыл бұрын, 2 (екі) жыл және ұлттық институт мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін жүргізу мақсатында келісімге қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жыл бұрын деректерді қоса алғанда, ұлттық институтқа таратуға келісім берілсін. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойған ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі. Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімге қосымшада келтірілген;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде ұлттық институттың жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мониторинг жүргізу үшін қажетті деректерді ұсыну;
3) қол жеткізу нысаналы индикаторлар шығындарды өтеу туралы келісім жасалған кезден бастап екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шаралары, атап айтқанда, осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерінің көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
4) ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына сәйкес ұлттық институттан оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес ұсыну;
5) Келісім шарттары бұзылған жағдайда, шығындарды өтеу түрінде ұлттық институт берген ақшалай қаражатты ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қол жеткізілген нысаналы индикаторларға пропорционалды түрде қайтаруды қамтамасыз ету.
6) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын, уақтылығын және анықтығын қамтамасыз ету.
3. Тараптардың құқықтары
6. Ұлттық институт құқылы:
1) мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін өтініш берушіден ақпарат сұрату;
2) осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзу және шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыруға қарай берілген ақшалай қаражатты қайтаруды талап ету.
4. Тараптардың жауапкершілігі
7. Ұлттық институт жауапты:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде берілген ақпараттың толықтығы, уақтылығы және дұрыстығы;
2) мемлекеттік ынталандыру шараларын уақтылы бергені үшін.
8. Өтініш беруші жауапты:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы, уақтылығы және анықтығы;
2) осы Келісімнің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шараларының нысаналы индикаторына қол жеткізу;
3) осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша берілген ақшалай қаражатты уақтылы қайтару.
5. Құпиялылық
9. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ Тараптар осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Банк құпиясы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес ашылуы мүмкін.
Өтініш берушінің атауына және мемлекеттік ынталандыру шараларына, жүргізілген өтеу сомасына қатысты ақпарат құпия ақпаратқа жатпайды.
10. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.
11. Осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарап шеккен ықтимал залалдарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
12. Тараптар міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, сондай-ақ олардың орындалуын кідірткені үшін, егер бұлар еңсерілмейтін күштің (дүлей зілзаланың немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлардың), сондай-ақ келісім шарттарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғатын соғыс қимылдарының, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
13. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші тарапқа еңсерілмес күш мән-жайларының басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабарлауға міндетті.
14. Егер тараптардың бірі еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші тараптың бұл туралы бірінші тарапты келісім бұзылған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.
7. Даулы мәселелерді шешу
15. Ұлттық институт пен өтініш беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
16. Егер келіссөздер нәтижесінде ұлттық институт пен өтініш беруші дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының қарауына береді.
8. Қорытынды ережелер
17. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл бойы қолданылады.
18. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша түрде ресімдеген және кейіннен осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
19. Деректемелер (заңды мекенжайлар, шот нөмірі) өзгерген жағдайда Тараптар бір-біріне дереу хабарлайды.
20. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тараптар осы Келісімді басшылыққа алады.
21. Осы Келісім әрбір тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Ескертпе:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;
БСК - банктік сәйкестендіру коды.
Шығындарды өтеу туралы келісімге қосымша Нысан |
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім
(Өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)
__________________________________________________________________________
(Өтініш берушінің толық атауы)
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан
Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне) және ұлттық
институтқа ("QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы"
акционерлік қоғамына) мынадай нысандар бойынша алғашқы статистикалық
деректерді ашуға келісім береді:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
кезеңде: ________________________________
көрсеткіштер бойынша: ___________________________
Жетекшісі
Өтініш берушінің _______________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (болған жағдайда)
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 7-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынылады.
Интернет-ресурста орналастыру нысаны: www.miid.gov.kz
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру өнеркәсібін дамыту саласындағы ұлттық институттың есебі
Есептілік кезеңі: 20___ жылғы __ тоқсан
Индекс: 1 - ҚИЭО
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ақпарат ұсынатын тұлғалар: "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей.
мың теңге |
р/с № | Кәсіпорынның атауы | Мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы | Өтінімнің келіп түскен күні | Мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсыну туралы шешім қабылданған күн | Шығындар сомасы | Сомасы, есепті күнге қаржыландырылған | Ағымдағы жағдайы | |
өтініш берушінің жеке қатысуы | мемлекеттік ынталандыру | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы (респондент) ______________________________________________________
Мекенжай (респондент)_________________________________________________
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын тұлға:
____________________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Орындаушы:________________________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Орындаушының телефон нөмірі, электрондық адресі: ___________________
Күні: 20__ жылғы "____" ___________
Ескертпе: толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Еңбек
өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру
өнеркәсібін дамыту саласындағы ұлттық институттың есебі" осы нысанға қосымшада
келтірілген.
"Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институттың мемлекеттік шараларды іске асыру туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нысан Қағидаларда көзделген мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Толтырылған Нысанды "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде берілген мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында өтінімнің келіп түскен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну туралы шешім қабылданған күн көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің жеке қатысу сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік ынталандыру сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында есепті күнге қаржыландырылған сома көрсетіледі.
13. Нысанның 9-бағанында ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.
Бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген).
2. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15672 болып тіркелген).
3. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 727 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17698 болып тіркелген).
4. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18853 болып тіркелген).
5. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20876 болып тіркелген).
6. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 280 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22975 болып тіркелген).