ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 19) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 10-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына 1-қосымша |
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-иновациялық қызмет субьектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын беру тәртібін айқындайды.
2. Еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын (бұдан әрі – ұлттық институт) тарта отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Мыналар:
1) "қызметкерлердің құзыретін арттыру" мемлекеттік ынталандыруға байланысты шығындарды өтеуді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері;
2) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде және үлестес жеке/заңды тұлғалар тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
3) Шығындарды өтеу туралы келісімнің талаптарын бұзған және шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтармаған өтініш берушілер;
4) арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қатысушылары мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері үшін еңбек өнімділігін арттыру бәсекелестік артықшылық болып табылады және кадр әлеуетімен, өндірістің материалдық-техникалық базасымен, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралармен, өнім өндіру мен оны іске асырудың оңтайлы үйлесімімен байланысты факторларға негізделеді.
5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
3) алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндіріс элементі, процестердің әрқайсысының шығу сапасын жақсарту, операциялық қызметтегі ақаулар мен статистикалық ауытқуларды барынша азайту қажеттілігін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі – Six Sigma);
4) жабдықтың монтажы – жабдыққа бақылау және автоматика құралдарын, сондай-ақ шикізаттың, судың, будың, энергияның берілуін және өндіріс қалдықтарын жоюды қамтамасыз ететін коммуникацияларды жалғай отырып, оны құрастыру, жобалық жағдайында орнату және тұрақты бекіту;
5) жабдықтың шеф-монтажы – осы жабдықты өндіруші кәсіпорын немесе орындаушы – жабдықты жеткізуші жүзеге асыратын жабдық монтажының техникалық басшылық;
6) жабдықты жаппай күтім (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндіріс элементі, техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік жабдық менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – TPM);
7) алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8) технологиялық жабдық – негізгі технологиялық процестерді орындауға арналған және өнімді дайындаудың негізгі өндірістік функциясын (логистикалық, тоңазытқыш жабдықтарды, крандарды, көлік құралдарын, тиегіштерді қоспағанда) орындау үшін тікелей тартылатын жабдық;
9) алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10) алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11) кайдзен (Kaizen) – өндіріс, әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерді әзірлеу мен басқаруды, сондай-ақ өмірдің барлық аспектілерін үзіліссіз жетілдіруді көздейтін үнемді өндіріс элементі (бұдан әрі - Kaizen);
12) канбан (Kanban) – ұқыпты өндіріс элементі, "дәл мерзімінде" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі – Kanban);
13) қарсы міндеттемелер – "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және мемлекеттің өзара міндеттемелері;
14) орындаушы – осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызметтер көрсететін (жұмыстарды орындайтын) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға не тартылған шетелдік қызметкер;
15) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің қазақстандық шығарылған тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
16) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау – кәсіпорынның бизнес-моделінде елеулі өзгерістерге әкеп соғатын кәсіпорындардың бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу.
18) өтініш беруші – еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінім берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;
19) алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20) алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21) ұлттық институт – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ("QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы);
22) ұқыпты өндіріс – Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және өзге де элементтерді қамтитын ысыраптардың барлық түрлерін жоюға тұрақты ұмтылуға негізделген өндірістік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;
23) электрондық құжаттар топтамасы – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін, бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растайтын құжат болған кезде) немесе дара кәсіпкердің немесе олар уәкілеттік берген адамның (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттар;
24) электрондық өтінім – бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растайтын құжат болған кезде) немесе дара кәсіпкердің немесе олар уәкілеттік берген тұлғаның (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы өтінім;
25) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
26) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
27) энергия тиімді технологиялар – энергетикалық ресурстарды тиімді (ұтымды) пайдалануға бағытталған технологиялар. Өндірістегі ғимараттарды немесе технологиялық процестерді энергиямен қамтамасыз етудің бірдей деңгейін қамтамасыз ету үшін энергияның аз мөлшерін пайдалану;
28) 5S – ұқыпты өндіріс элементі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру және ұтымды ету жүйесі (бұдан әрі – 5S).
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.12.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітетін төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушілерге шығындардың кейбір түрлерін кейіннен өтеу үшін мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға көзделген қаражатты ұлттық институттың ағымдағы шотына аударады.
6-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұлттық институттына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарлайды.
Ескерту. Қағидалар 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.12.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субьектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
8. Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ағымдағы шотта ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтініш берушіге ақша қаражатын аударуды тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт хабарлама жіберу арқылы шығындарды өтеу туралы Келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат толық игерілген кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтінімдерді қабылдауды тоқтатады.
Ұлттық институт осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды немесе ағымдағы шотқа қаражат түсуін жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақша қаражаты толық игерілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама орналастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.02.2025 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Ұлттық институт ағымдағы шоттағы қаражатты пайдалану кезінде, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шаралары арасында соманы қайта бөледі.
Өтініш беруші ұлттық институттың ағымдағы шотына қайтарған мемлекеттік ынталандыру шарасының сомасы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын беруге жұмсалады.
10. Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк ағымдағы шот бойынша есептейтін барлық сыйақылар ағымдағы шоттағы мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.
11. Ұлттық институт:
1) жыл сайынғы негізде не сұрау салу бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп береді;
2) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтініш берушіден түсетін ақшалай қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді (Келісімде осындай шарттар болған кезде);
3) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
2-тарау. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыруды беру тәртібі
12. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру мынадай мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну болып табылады:
1) қызметкерлердің құзыретін арттыруға:
Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді еңбек өнімділігін арттыру бойынша кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру. Топ-менеджерлерге қаржылық (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімшені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысы немесе атқарушы органның мүшесі немесе өндірілген өнімді/көрсетілетін қызметтерді өндіру және/немесе жылжыту жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы жатады;
инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі ұзақтығы 3 (үш) айдан аспайды;
2) цифрлық технологияларды енгізуге:
цифрлық жабдықты сатып алуға арналған (пайдаланылмаған жабдықтар, 3D-сканер, 3D-принтер, сканер және көшіру функциялары бар кең форматты плоттер-принтер);
3) технологиялық процестерді жетілдіруге:
байланысты шығындарды қоса алғанда, кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыру:
энергия аудитін жүргізу;
технологиялық жабдықтарды сатып алу (пайдаланылмаған жабдықтар);
байланысты шығындарды қамтитын өнім өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға:
жабдықпен жұмыс бойынша нұсқаманы (оқытуды) қоса алғанда, жабдықты монтаждаумен және/немесе жабдықты шеф-монтаждаумен;
4) прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (энергия тиімді және жасыл технологияларды, Kaizen, TPM, Six Sigma, 5S және Kanban – үнемді өндіріс элементтерін) енгізу арқылы жүзеге асырылатын өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Ұлттық институттың қарауы үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдеріне жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 "Басым тауарлар тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28264 болып тіркелді) (бұдан әрі – Басым тауарлар тізбесі) басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіретін;
2) әділет органдарында кемінде күнтізбелік бір жыл тіркелген және/немесе хабарланған күннен бастап ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;
4) өтінім берілген күні салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтар ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
5) өтінім берілген күнге дейін алдыңғы 3 (үш) жыл үшін салық аударымдарының жыл сайынғы ұлғаюын қамтамасыз ететін. Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік жеті жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
Егер өтініш беруші жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда өтінімге өтінім берілген күнге дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде салық төлеуші төлеген барлық салықтар бойынша дербес шоттан үзінді көшірме қоса берілуі қажет.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-тармақты 6) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
14. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне технологиялық жабдықты сатып алуға және цифрлық жабдықты сатып алуға арналған шығындарды қоспағанда, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес жұмсалған (аяқталған) шығындар сомасының 40% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі:
қызметкерлердің құзыретін арттыру бойынша өтемақы сомасы күнтізбелік жылы отыз миллион теңгеден аспауға тиіс;
цифрлық технологияларды енгізу бойынша өтеу сомасы күнтізбелік жылы алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс;
технологиялық процестерді жетілдіру бойынша жабдықпен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаманы (оқытуды) қоса алғанда, жабдықты монтаждауға және/немесе жабдықты шеф-монтаждауға арналған шығындарды қоспағанда, өтеу сомасы күнтізбелік жылда алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс (ол бойынша өтеу сомасы күнтізбелік жылы он екі миллион теңгеден аспауға тиіс);
өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша өтеу сомасы күнтізбелік жылы жиырма миллион теңгеден аспауға тиіс.
Мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы немесе шығындардың түрі бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары күнтізбелік жылда шығындарды өтеуге бір келісімнен артық жасалмайды
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14-1. Технологиялық жабдықты сатып алуға және цифрлық жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне жұмсалған шығындардың жалпы сомасының 40% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бұл ретте соңғы төлем, егер төлем бірнеше төлем құжаттарымен жүзеге асырылған жағдайда, ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін жиырма төрт айдан ерте жүзеге асырылмауға тиіс, бұл ретте өтеу сомасы күнтізбелік жылы алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15-1. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15-2. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15-3. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдау (мемлекеттік ынталандырудың) өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын және/немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтініш берушінің өтеуіне жатпайды.
17. Өтініш берушінің ұлттық институт өтеуге қабылдайтын шығындарының сомасы мынадай негізде айқындалады:
1) төлем құжаттары;
2) сатып алынған жабдықтың жалпы сомасына жабдықтың (орындалған жұмыстардың) қабылдау-берілуін растайтын бастапқы есепке алу құжаттары (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа босатуға арналған жүкқұжат және басқалар) немесе көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына акт (актілер).
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы өтініш беруші көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамы негізге алына отырып есептеледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде өтініш берушінің топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі шығындарды өтеу мыналарды қамтиды:
1) инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде өтініш берушінің топ-менеджерлерін кәсіптік даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктілігін арттыруды жүзеге асырған орындаушының көрсетілетін қызметтерінің құны;
2) іссапарға жіберу орнына және тұрақты жұмыс орнына бір рет қайтуға жол жүру құны (шығындар болған кезде);
3) жұмыскердің кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде (бір айдан аспайтын) және/немесе инженерлік-техникалық персоналдың (үш айдан аспайтын), өндірістік персоналдың, оның ішінде өтініш берушінің топ-менеджерлерінің (шығындар болған кезде) тәуліктік шығындардан басқа өмір сүру құны.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Жұмыскерлердің құзыретін арттыру шеңберінде, іссапарға жіберу орнына және бір рет тұрақты жұмыс орнына қайтуға және шетелде тұруға арналған өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезінде өтініш беруші шеккен жол жүру және тұру бойынша өтініш беруші ұсынатын шығындар "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен белгіленген шекті нормалардан аспайтын мөлшерде өтеледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Өтініш беруші мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы бойынша еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шарасын алуға жеке өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
26. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтініш беруші оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.
27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:
1) бір папкаға құрылады;
2) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растайтын құжат болған кезде) немесе дара кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалана отырып куәландыруға жол берілмейді;
3) араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлеу толассыз болып табылады;
4) өтініш берушінің мөр бедерімен (бар болған жағдайда) әр парақтап куәландырылады.
Осы тармақтың талаптары электрондық өтінімді және құжаттардың электрондық топтамасын ұсынуға қолданылмайды.
28. Қызметкерлердің құзыретін арттыруға және/немесе технологиялық процестерді жетілдіруге және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға және/немесе цифрлық технологияларды енгізуге арналған өтінім оған қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне және осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28-1. Ұлттық институт шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы өтініш берушіге ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хабарлама жібереді. Хабарламада өтеуге қабылданатын шығындар сомасының түсіндірмесі келтіріледі;
шығындарды өтеудің мүмкін еместігі туралы өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің тиісті негіздемесі, уақыты мен орны (тәсілі) бар хабарлама жібереді. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
Ескерту. Қағидалар 28-1-тармақтармен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.02.2025 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.28-2. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес өтініш берушіге шығындарды өтеу жолымен мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсынады, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі.
Ескерту. Қағидалар 28-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28-3. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартқан кезде өтініш беруші ұлттық институттың атына себептерін көрсете отырып, екі жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді.
Ескерту. Қағидалар 28-3-тармақтармен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28-4. Ұлттық институт қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттар топтамасын, сатып алынған жабдықтың және/немесе өтінім шеңберінде орындалған жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің болуын салыстыру үшін өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуды жүзеге асырады.
Шығу қорытындысы ұлттық институттың есебінде көрсетіледі және растайтын фотоматериалдар қоса тіркеледі. Шығуды жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.
Ескерту. 2-тарау 28-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-параграф. "Цифрлық технологияларды енгізу" мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тәртібі
Ескерту. 1-параграф алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингі
34. Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін айқындау мақсатында ұлттық институт олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
35. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін өтініш берушілер ұсынған ақпарат негізінде ұлттық институт жүргізеді.
36. Мониторинг мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудағы проблемаларды уақтылы анықтау;
2) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыруды алған өтініш берушілер туралы ақпарат жиынтығы;
4) ұлттық институт өкілінің ұсынылған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде шығындары өтелген өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуы.
5) алынған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау тәуекелдері анықталған кезде уақтылы ден қою.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Мониторинг шеңберінде ұлттық институт тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институтының мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебін ұсынады.
38. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингі өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан өтініш беруші туралы бастапқы статистикалық деректерді алу жолымен шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен кейін екі жыл ішінде жүргізіледі. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі.
39. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның алғашқы статистикалық деректерін алу және олардың негізінде мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін жүргізу мүмкін болмаған кезде өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұрау салуы бойынша мониторинг жүргізу үшін деректер береді.
4-тарау. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу", "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу", "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу", "Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі
Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
40. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
43. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған кезде, өтінімді тіркеуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі қою болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың көшірмелері тек сканерленген нұсқада PDF (Portable Document Format) форматында ұсынылады.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған кезде, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту болып табылады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Орындаушы өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің жеке кабинетіне қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы одан әрі қарауға бас тартуды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін он екі жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды рәсімдейді.
Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.02.2025 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-параграф. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
46. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
49. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған кезде өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі қою болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiмен қолма-қол не пошта арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.12.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың көшірмелері тек сканерленген нұсқада PDF (Portable Document Format) форматында ұсынылады.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған кезде, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Орындаушы өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің жеке кабинетіне қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы одан әрі қарауға бас тартуды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін он екі жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды рәсімдейді.
Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.02.2025 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-параграф. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
52. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
55. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған кезде өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.12.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың көшірмелері тек сканерленген нұсқада PDF (Portable Document Format) форматында ұсынылады.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған кезде, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Орындаушы өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің жеке кабинетіне қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы одан әрі қарауға бас тартуды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін он екі жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды рәсімдейді.
Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.02.2025 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-1-параграф. "Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Ескерту. 4-тарау 3-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57-1. "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалардың-өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.
Ескерту. 57-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57-2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-1 қосымшада "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
57-3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.
57-4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған кезде, өтінімді тіркеуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17:30-дан кейін келіп түскен кезде, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелгені туралы белгі қою болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.
57-5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың көшірмелері тек сканерленген нұсқада PDF (Portable Document Format) форматында ұсынылады.
Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған кезде, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
57-6. Орындаушы өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің жеке кабинетіне қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы одан әрі қарауға бас тартуды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды толық тексергеннен кейін он екі жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тартуды рәсімдейді.
Шығындарды өтеу мүмкін еместігіне негіздер анықталған жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы алдын ала шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәртібі). Алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі. Істі қарау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Істі тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.
Ескерту. 57-6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.02.2025 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-2-Параграф. "Шетелде қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығыстарды аванстау" Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
Ескерту. 4-тараудың 3-2-параграфы алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Ескерту. 4-тараудың 4-параграфы алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Ескерту. 4-тарау 4-параграфпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
58. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
59. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар қаралуға жатады:
1) көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
60. Көрсетілетін қызметті берушінің, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру немесе жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға оны ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз тасығышта берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
61. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болған жағдайда)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Өтініш берушінің атауы.
2. Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, қаласы/ауданы, елді мекені,
көшесі, телефоны).
3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – ТАӘ), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы).
4. Өтініш берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН).
5. Орындаушының БСН/ЖСН (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда).
6. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні.
7. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса).
8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып).
9. Шығарылатын өнімнің атауы.
10. Жылына ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам)*.
11. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (егер бар болса, онда мемлекеттік қолдау шараларын алған жылын, қандай бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік қолдау шараларын алғанын көрсетіңіз).
12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік ынталандырудың қандай шарасын пайдалану жоспарлануда (қажеттісін белгілеңіз):
☐ қызметкерлердің құзыретін арттыру;
☐ цифрлық технологияларды енгізу;
☐ технологиялық процестерді жетілдіру;
☐ өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
13. Өтінім берілген күнге соңғы 3 (үш) жылдағы салық аударымдарын (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көрсету. Осы тармақтың талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік екі жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
1) 20 _ жыл – _______ теңге;
2) 20 _ жыл – _______ теңге;
3) 20 _ жыл – _______ теңге.
14. Өтініш берушінің банктік деректемелерін көрсету.
Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығына, ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығына кепілдік береді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етеді және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береді.
Өтініш беруші сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және /немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы
(Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы):
________________________________________________________.
Осы Өтінімге мынадай құжаттарды және құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) _____________________________________________________________;
4) _____________________________________________________________;
5) _____________________________________________________________.
Өтінімді толтыру күні _______________
Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының
міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе
олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға
__________ _________________
(қолы) (ТАӘ)
Мөр орны (болған жағдайда)
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 2-қосымша нысан |
Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі
(өтініш беруші бланкіде толтырады (болған жағдайда))
1. Өтініш беруші мен Орындаушының атауы, Орындаушының байланыс деректері (нақты мекенжайы, телефоны)
2. Өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы
3. Көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) шартының немесе еңбек шартының атауы, күні және сомасы
4. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің қажеттілігін сипаттау
5. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің нәтижелері (күтілетін нәтиже)
Өтініш берушінің басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға
____________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға, оның ішінде шетелде, еңбек өнімділігін арттыру және/немесе қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: 7) тармақша 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 бұйрығымен. 7) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 8) ЗҚАИ-ның ескертпесі! 8) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен. 9) инженерлік-техникалық, өндірістік персоналды, оның ішінде өтініш берушінің үздік менеджерлерін кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі; 10) кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру сертификатының көшірмесі); 11) іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына кері қарай бір рет жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген тиісті қозғалыс құралдарын ұсынатын жағдайлардан басқа), теміржолмен жүріп өту кезінде ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде – купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төмен орналасқан 2 жергілікті купе, оның жағдайын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолар (жатын вагон), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" сыныптары бар вагондарды қоспағанда); су жолдары бойынша, тас жолдар мен қара жолдар бойынша-осы жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растайтын құжаттары қосымшасымен экономикалық сынып тарифі бойынша; жол жүру билеттерін және қонақ үйдегі орынды броньдау құны, сондай-ақ іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдалану, осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде; 12) инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бірақ бір айдан аспайтын) және/немесе біліктілігін арттыру (бірақ үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындардан басқа, сыныптама бойынша нөмір құны бойынша жұмыскердің тұру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар, осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде. 13) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда). Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Энергетикалық аудит бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: 7) тармақша 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 бұйрығымен. 7) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 8) ЗҚАИ-ның ескертпесі! 8) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен. 9) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда). Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді. Жабдықтың шеф-монтажы бойынша шығындар бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі; 3) төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болған жағдайда) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер; 4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері; 6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері; 7) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 8) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді; 9) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда); 10) жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы – кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері; 11) Жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т.б.); 12) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (техникалық паспорт); 13) жабдықтың суреттері; Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді. Жабдықты монтаждау жөніндегі шығындар бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі; 3) төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болған жағдайда) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер; 4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері; 6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері; 7) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 8) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді; 9) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда); 10) жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т.б.); 11) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (бар болса, техникалық паспорт); 12) жабдықтың суреттері. Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді. Технологиялық жабдықты сатып алуға шығындар бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) өтініш берушінің технологиялық жабдықты сатып алу туралы есебі (өтініш берушінің қызметінің және технологиялық жабдықты сатып алу қажеттілігінің сипаттамасы бар); 3) төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген жабдықты сатып алу-сату шартының, сондай-ақ (бар болған жағдайда) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер; 4) сатып алынған технологиялық жабдықтың жалпы сомасына шот-фактуралардың көшірмелері; 5) өтелетін шығындар бойынша сатып алынған технологиялық жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе технологиялық жабдықты сатып алу кезіндегі тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде сатып алынған технологиялық жабдықтың төленгенін растайтын құжаттар ретінде сатып алынған технологиялық жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері; 6) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 7) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда); 8) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді; 9) технологиялық жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат немесе т.б.); 10) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқауды, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдықтың сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, технологиялық жабдық құрамының ерекшелігін (техникалық паспорт) қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі; 11) сатып алынған технологиялық жабдықтың суреттері. Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына технологиялық жабдықты сатып алу фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде мынадай құжаттарды ұсынады: 7) тармақша 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 бұйрығымен. 7) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 8) ЗҚАИ-ның ескертпесі! 8) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен. 9) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда). Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 5-1-қосымша |
Ескерту. Қағидалар 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 06.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Цифрлық жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар бойынша цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 5) тармақша 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 бұйрығымен. 5) өтелетін кезеңге қолданылатын басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, декларациялар); 6) ЗҚАИ-ның ескертпесі! 6) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен. 7) өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда). 8) цифрлық жабдықты сатып алу-сату шартының көшірмесі; 9) цифрлық жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат немесе т.б.); 10) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқауды, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдықтың сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, цифрлық жабдық құрамының ерекшелігін (техникалық паспорт) қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі; 11) сатып алынған цифрлық жабдықтың суреттері. Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына цифрлық жабдықты сатып алу фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады. Қағидалардың осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 6-қосымша |
Шығындарды өтеу туралы келісім ______ қаласы "___" ___________ 20 ___жыл
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы
бұдан әрі "Ұлттық институт" деп аталатын,
атынан_______________________________________________,
негізінде әрекет ететін __________________________________________________,
бір жағынан, және______________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы) бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын
________________________________
_________________________________________________________________,
(негізінде әрекет ететін басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке
алғанда "Тарап" деп аталатындар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің
еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегілер
туралы осы Шығындарды өтеу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты:
1. Келісімнің мәні
1. Ұлттық институт Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын
ұсынуға міндеттенеді "_____________________________________
________________________________________________________________"
(мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы) шығындарды өтеу түрінде
______________________________________________
(шығындар түрі) сомада
________________________________________________________теңге
(сомасы жазумен)
өтінімге сәйкес толық көлемде, ал өтініш беруші осы Келісімнің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларының нысаналы индикаторларына қол жеткізеді.
2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы өтініш берушінің орындаушыға көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін ақы төлеу күніне немесе шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде жалақы төлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамы негізге алына отырып есептеледі.
3. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, шығындарды өтеуді ұлттық институт бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен қаражат түскенге дейін тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт өтініш берушіні Қағидаларда белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
2. Тараптардың міндеттемелері
4. Ұлттық институт міндеттенеді:
1) Келісімді орындауға елеулі әсер етуі мүмкін Қағидаларды іске асыруға байланысты барлық өзгерістер туралы өтініш берушіні хабардар ету;
2) осы Келісімге қол қойылған күннен кейін екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шараларының іске асырылуына мониторинг жүргізу.
3) алынған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау тәуекелдері анықталған жағдайда, өтінім берушіге келісімге қол қойылған күннен бастап алты айда бір рет кезеңділікпен тәуекелдер туралы хабарлау.
5. Өтініш беруші міндеттенеді:
1) ұлттық институтқа одан әрі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін бастапқы статистикалық деректерді уәкілетті органға және өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісіне (актілеріне) қол қойылған күннен кейін 2 (екі) жыл бұрын, 2 (екі) жыл және ұлттық институт мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін жүргізу мақсатында келісімге қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жыл бұрын деректерді қоса алғанда, ұлттық институтқа таратуға келісім берілсін. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойған ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі. Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімге қосымшада келтірілген;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде ұлттық институттың жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мониторинг жүргізу үшін қажетті деректерді ұсыну;
3) қол жеткізу нысаналы индикаторлар шығындарды өтеу туралы келісім жасалған кезден бастап екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шаралары, атап айтқанда, осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерінің көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
4) ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына сәйкес ұлттық институттан оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес ұсыну;
5) Келісім шарттары бұзылған жағдайда, шығындарды өтеу түрінде ұлттық институт берген ақшалай қаражатты ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қол жеткізілген нысаналы индикаторларға пропорционалды түрде қайтаруды қамтамасыз ету.
6) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын, уақтылығын және анықтығын қамтамасыз ету.
3. Тараптардың құқықтары
6. Ұлттық институт құқылы:
1) мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін өтініш берушіден ақпарат сұрату;
2) осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзу және шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыруға қарай берілген ақшалай қаражатты қайтаруды талап ету.
4. Тараптардың жауапкершілігі
7. Ұлттық институт жауапты:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде берілген ақпараттың толықтығы, уақтылығы және дұрыстығы;
2) мемлекеттік ынталандыру шараларын уақтылы бергені үшін.
8. Өтініш беруші жауапты:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы, уақтылығы және анықтығы;
2) осы Келісімнің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шараларының нысаналы индикаторына қол жеткізу;
3) осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша берілген ақшалай қаражатты уақтылы қайтару.
5. Құпиялылық
9. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ Тараптар осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Банк құпиясы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 4-тармағына сәйкес ашылуы мүмкін.
Өтініш берушінің атауына және мемлекеттік ынталандыру шараларына, жүргізілген өтеу сомасына қатысты ақпарат құпия ақпаратқа жатпайды.
10. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.
11. Осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарап шеккен ықтимал залалдарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
12. Тараптар міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, сондай-ақ олардың орындалуын кідірткені үшін, егер бұлар еңсерілмейтін күштің (дүлей зілзаланың немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлардың), сондай-ақ келісім шарттарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғатын соғыс қимылдарының, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
13. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші тарапқа еңсерілмес күш мән-жайларының басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабарлауға міндетті.
14. Егер тараптардың бірі еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші тараптың бұл туралы бірінші тарапты келісім бұзылған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.
7. Даулы мәселелерді шешу
15. Ұлттық институт пен өтініш беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
16. Егер келіссөздер нәтижесінде ұлттық институт пен өтініш беруші дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының қарауына береді.
8. Қорытынды ережелер
17. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл бойы қолданылады.
18. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша түрде ресімдеген және кейіннен осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
19. Деректемелер (заңды мекенжайлар, шот нөмірі) өзгерген жағдайда Тараптар бір-біріне дереу хабарлайды.
20. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тараптар осы Келісімді басшылыққа алады.
21. Осы Келісім әрбір тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Ескертпе:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.12.2023 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.
Интернет-ресурста орналастыру нысаны: www.miid.gov.kz.
"Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру өнеркәсібін дамыту саласындағы ұлттық институттың есебі"
Есептілік кезеңі: 20___ жылғы __ тоқсан.
Индекс: 1 – ҚИЭО.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Ақпарат ұсынатын тұлғалар: "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей.
| мың теңге |
р/с № | Кәсіпорынның атауы | Мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы | Өтінімнің келіп түскен күні | Мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсыну туралы шешім қабылданған күн | Шығындар сомасы | Сомасы, есепті күнге қаржыландырылған | Ағымдағы жағдайы | |
өтініш берушінің жеке қатысуы | мемлекеттік ынталандыру | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы (респондент) ______________________________________________________
Мекенжай (респондент)_________________________________________________
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын тұлға:
____________________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Орындаушы:________________________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Орындаушының телефон нөмірі, электрондық адресі: ___________________
Күні: 20__ жылғы "____" ___________
Ескертпе: толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Еңбек
өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру
өнеркәсібін дамыту саласындағы ұлттық институттың есебі" осы нысанға қосымшада
келтірілген.
| "Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институттың мемлекеттік шараларды іске асыру туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нысан Қағидаларда көзделген мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Толтырылған Нысанды "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде берілген мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында өтінімнің келіп түскен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну туралы шешім қабылданған күн көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің жеке қатысу сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік ынталандыру сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында есепті күнге қаржыландырылған сома көрсетіледі.
13. Нысанның 9-бағанында ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 8-қосымша |
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына 9-қосымша |
Шетелде құзыретін арттыруға арналған шығыстарды аванстау туралы келісім
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.10.2025 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген).
2. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15672 болып тіркелген).
3. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 727 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17698 болып тіркелген).
4. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18853 болып тіркелген).
5. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20876 болып тіркелген).
6. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 280 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22975 болып тіркелген).