"Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 727 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17698 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2022 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "_____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Ә. Смайылов

      2018 жылғы "_____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "_____" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
24 қазандағы № 727
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылы
9 желтоқсандағы
№ 1194 бұйрығымен
бекітілген

Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қауылысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институтты (бұдан әрі – ұлттық институт) тарта отырып жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік қолдау шараларын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар қолдана алмайды.

      4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін еңбек өнімділігін арттыру бәсекелестік басымдық болып табылады және кадрлық әлеуетпен, өндірістің материалдық-техникалық базасымен, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралармен, өнім өндіруді тиімді үйлестірумен және оны жүзеге асырумен байланысты факторларға негізделеді.

      5. Аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шығындарды өтеу және аумақтық кластерлік бастамаларды жасау мен іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндіріс элементі, процестердің әрқайсысының шығу сапасын жақсарту, операциялық қызметтегі ақаулар мен статистикалық ауытқуларды барынша азайту қажеттілігін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі – Six Sigma);

      3) жабдықтың монтажы – жабдыққа бақылау және автоматика құралдарын, сондай-ақ шикізаттың, судың, будың, энергияның және т.с.с. берілуін және өндіріс қалдықтарын жоюды қамтамасыз ететін коммуникацияларды жалғай отырып, оны құрастыру, жобалық жағдайында орнату және тұрақты бекіту;

      4) жабдықтың шеф-монтажы – осы жабдықты дайындаушы-кәсіпорын немесе орындаушы-жабдықты жеткізуші жүзеге асыратын жабдық монтажының техникалық басшылығы;

      5) жабдықты жаппай күтім (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндіріс элементі, техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік жабдық менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – TPM);

      6) жабдықты іске қосу жұмыстары – жабдықты дербес сынаулар және кешенді сынап-көруді дайындау және жүргізу кезеңінде орындалатын жұмыстар кешені;

      7) жабдыққа көрсетілетін техникалық қызмет – мақсатына сай пайдалану, сақтау және/немесе оларды жөндеуге шығармай тасымалдау кезінде жабдықты жұмысқа жарамдылық күйінде және/немесе ақаусыз күйінде сақтау жөніндегі іс-шаралар кешені немесе іс-шара;

      8) Индустрия 4.0 (цифрландыру) – нақты уақыт режимінде жеке процестер мониторингі жүзеге асырылатын, орталықтандырылмаған шешімдер қабылданатын, сондай-ақ машиналардың өзара және адамдармен іс-әрекеті жүретін кезде жеке объектілерді, процестер мен цифрлық технологияларды біріктіру есебінен қосымша құндылығы қамтамасыз етілетін өндірісті ұйымдастыру тұжырымдамасын білдіреді;

      9) Индустрия 4.0 технологияларына (элементтеріне) – аддитивті технологиялар немесе 3 D баспа, коллаборативті роботтар, өздігінен оңтайландырылатын жабдық, сапаны қамтамасыз ету технологиялары (датчиктер мен сенсорлар), пилотсыз көлік құралдары, автоматтандырылған ішкі логистика, бұлтты технологиялар, өнеркәсіптік объектілерді цифрлық үлгілеу, фабрикалардың цифрлық "ұқсастары", жабдықты пайдалануға виртуальдық енгізу, цифрлық және виртуальдық инжиниринг, өндірістік процестерді басқару жүйелерін (Manufacturing Execution System, MES) біріктіру, толықтырылған шынайылық, виртуальдық шынайылық, қойманы басқару жүйелері, киберқауіпсіздік, предиктивті техникалық қызмет көрсету, өндірісті зияткерлік жоспарлау және бақылау, өнеркәсіптік интернет, жүйелер жай-күйінің мониторингі;

      10) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзге де құжаттаманың пакеті;

      11) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңделген отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және/немесе заңды тұлғалар;

      13) кайдзен (Kaizen) – ұқыпты өндіріс элементі, өндіріс әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерді әзірлеу мен басқаруды, сондай-ақ өмірдің барлық аспектілерін үзіліссіз жетілдіруді көздейтін жапон пәлсапасы немесе тәжірибесі (бұдан әрі – Kaizen);

      14) канбан (Kanban) – ұқыпты өндіріс элементі, "дәл мерзімінде" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі - Kanban);

      15) Картаға енгізілген жоба – басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі іске асыратын және Индустрияландыру картасы мен өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген индустриялық-инновациялық жоба;

      16) құжаттардың электрондық пакеті - бірінші басшының немесе оның міндетін орындаушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты бар болатын кезде) немесе жеке кәсіпкердің немесе оның өкілетті тұлғасының (сенімхат бар болатын кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы түпнұсқалық құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толықтай өндіретін құжаттар;

      17) орындаушы – осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызметтер көрсететін (жұмыстарды орындайтын) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға не тартылған шетелдік жұмыскер;

      18) өнім – өтініш беруші өндіретін тауарлар және/немесе өтініш беруші орындайтын жұмыстар және/немесе өтініш беруші көрсететін қызметтер;

      19) өтініш беруші – осы Қағидалар шеңберінде шығындарды өтеуге өтініш берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

      20) ұқыпты өндіріс – Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және басқа да элементтерді қамтитын, ысыраптардың барлық түрлерін жоюға тұрақты түрде ұмтылуға негізделген өндірістік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;

      21) тәжірибелік үлгі – өндіріске қою және/немесе мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында, оның қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін сынау арқылы тексеру үшін қайта әзірленген жұмыс құжаттамасы бойынша дайындалған өнім үлгісі;

      22) топ-менеджер – қаржы (бухгалтерия), әкімшілік, құқық бөлімшелерін қоспағанда, заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндіру және/немесе өндірілген өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      23) энергия тиімді технологиялар – энергетикалық ресурстарды тиімді (ұтымды) пайдалануға бағытталған технологиялар. Өндірістегі ғимараттарды немесе технологиялық процестерді энергетикалық қамтамасыз ету деңгейін қамтамасыз ету үшін энергияның аз мөлшерін пайдалану;

      24) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында, энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      25) электрондық өтінім – бірінші басшының немесе оның міндетін орындаушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты бар болатын кезде) немесе жеке кәсіпкердің немесе оның өкілетті тұлғасының (сенімхат бар болатын кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы өтініш;

      26) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұны өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      27) 5S – ұқыпты өндіріс элементі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру және оңтайландыру жүйесі (бұдан әрі – 5S).

      6. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітетін Төлемдер кестесіне сәйкес, осы Қағидалар шеңберінде өтініш беруші шығындарының бірнеше түрін кезекті өтеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген қаражатты ұлттық инстиуттың ағымдағы шотына аударады.

      7. Ұлттық институт еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін, бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен ұлттық институт арасында жасалатын шарттың негізінде Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашады.

      8. Ағымдағы шотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге ақша қаражатын аударуды ағымдағы шотқа қаражат келіп түскенге дейін тоқтата тұрады.

      9. Ұлттық институт қажет болатын жағдайда, ағымдағы шоттағы қаражатты пайдалану кезінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары арасындағы соманы қайта бөледі.

      10. Ағымдағы шот бойынша Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк есептейтін барлық сыйақы ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.

      11. Ұлттық институт:

      жыл сайынғы негізде не сұрау салу бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ұсынады;

      шығындарды өтеу туралы келісім шарттары бұзылған жағдайда, өтініш берушіден келіп түсетін ақша қаражатын қайтаруды қамтамасыз етеді (Келісімде осындай шарттар болған жағдайда);

      осы Қағидалар шеңберінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетпен көзделген қаражат шегінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды жүзеге асырады.

2-тарау. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну тәртібі

      12. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мынадай мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды:

      1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға:

      инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша, оның ішінде шетелде кәсіби даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға;

      инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау, оның ішінде шетелде кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде ұзақтығы 1 (бір) айдан аспайды, инженерлік-техникалық персоналдың, өндірістік персоналдың, оның ішінде топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелде біліктілігін арттыру кезінде ұзақтығы 3 (үш) айдан аспайды.

      шетелдік жұмыскерді осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларымен тиісінше көзделген технологиялық процесті жетілдіру және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мақсатында еңбек шарты бойынша тартуға жұмсалатын шығындарын өтеуге.

      Шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағының екінші бөліміне сәйкес тартылады;

      2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптамасына жұмсалатын шығындарды өтеу:

      - ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;

      - Картаға енгізілген жоба үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және/немесе сараптау;

      3) мынадай технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу мыналарға байланысты шығындарды қамтитын кәсіпорынның жалпы жұмысын оңтайландыруға:

      технологиялық аудит, энергия аудитін жүргізуге;

      ақпараттық технологиялар саласындағы, оның ішінде автоматтандырылған жүйенің функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптарды қалыпастыру (бағдарламалық қамту) және/немесе оны енгізу бойынша консалтинг тарту;

      компанияны басқару жүйесін қалыптастыруға, қайта ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне байланысты проблемалар жиынтығын шешу бойынша консалтинг тарту;

      өндірілетін өнімнің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

      инженерлік пайымдауды дайындау және шешу, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздестіру және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;

      мыналарға байланысты шығындар қамтылатын өнім өндірісі процестерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару:

      жабдық монтажы және/немесе жабдықтың шеф-монтажы;

      жабдықты іске қосу жұмыстары;

      жабдықты пайдалануға виртуальдық енгізу;

      инженерлік, конструкторлық әзірлемелер;

      әзірлеменің цифрлық және виртуальдық инжинирингі;

      тәжірибелік үлгілерді дайындау және/немесе объектілерді цифрлық үлгілеу;

      жабдыққа көрсетілетін техникалық қызмет;

      өнімнің өнеркәсіптік сынауларын өткізу;

      өндірісте толықтырылған шынайылықты енгізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4) мыналарға арналған өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу:

      өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыратын технологиялар, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелері (бағдарламалық қамту), энергия тиімді және жасыл технологияларды, жобаларды басқару стандарттарын, Ұқыпты өндіріс элементтерін (Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және басқалары) енгізу, Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      13. Ұлттық институттың қарауы үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшасына Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын;

      2) әділет органдарында тіркелген және/немесе хабардар етілген күннен бастап өтініш ұлттық институтқа келіп түскен күнге дейін кемінде күнтізбелік бір жыл өткен өтінімдеріне рұқсат етіледі.

      14. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне, келтірілген шығындар сомасының 40 %-ы мөлшерінде кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалатын шығындарды қоспағанда, негізделген және құжатпен расталған, өтініш беретін күнге дейін жиырма төрт ай бұрын келтірілген шығындар өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасы бойынша күнтізбелік жылы алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.

      15. Кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне, келтірілген шығындардың сомасының 40 %-ы, негізделген және құжатпен расталған, өтініш беретін күнге дейін жиырма төрт ай бұрын келтірілген шығындар өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік қолдаудың осы шарасы бойынша күнтізбелік жылы отыз миллион теңгеден аспауға тиіс.

      16. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржы берілетін және/немесе қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындар өтініш берушіге өтелуге жатпайды.

      17. Ұлттық институт өтеуге қабылдаған өтініш беруші шығындарының сомасы, шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеуді қоспағанда:

      1) төлем құжаттары;

      2) ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін жиырма төрт айдан аспай қол қойылған көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған актінің (актілердің) негізінде айқындалады.

      18. Ұлттық институт өтеуге қабылдаған өтініш беруші шығындарының сомасы шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде төлем құжаттары, есептік ведомостері, төлем ведомостері (болған кезде), еңбек шарты бойынша тартылған шетелдік жұмыскерге еңбекақы төлеуді растайтын, заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімделген өзге құжаттар негізінде (болған кезде) айқындалады.

      19. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетелдік валютадағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынатын жағдайларда, шығындарды өтеу сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюта бағамына байланысты өтініш берушінің көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күніне немесе шетелдік жұмыскерді тарту кезінде жалақыны төлеу күніне есептеледі.

      20. Өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктіліктерін арттыру кезінде шығындарды өтеумен қамтылады:

      1) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктіліктерін арттыруды жүзеге асырған орындаушының көрсеткен қызметтерінің құны;

      2) іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына кері қарай бір рет бару-келу құны (шығындар болған кезде);

      3) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда, жұмыскердің тұру құны (шығындар болған кезде).

      21. Өтініш берушінің шетелдік жұмыскерді тарту кезінде келтірген шығындарды өтеумен еңбек шартына сәйкес жұмыстарға, сонымен қоса өтелетін кезең ішінде бір рет көрсетілетін жұмыстар орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолына ақы төлеу көзделген және тарытлған шетелдік жұмыскердің тұруына жұмсалған шығындар (шығындар болған кезде), тәуліктік шығындар қамтылмаған.

      22. Тартылған шетелдік жұмыскердің өтелетін шығындарын есептеу кезінде өтелетін кезеңге кіретін толық күнтізбелік айлар қабылданады.

      23. Өтініш беруші ұсынатын кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктіліктерін арттыру кезінде өтініш берушіге келтірілген жүретін жолы мен тұратын орны бойынша шығындар "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен белгіленген шекті нормалардан аспайтын мөлшерлерде өтеледі.

      24. Өтініш беруші мемлекеттік қолдаудың әр бір шарасы бойынша жеке еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      25. Ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіленген күннен күнтізбелік он күн өткен соң өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тек веб-портал арқылы ғана (өтініш берушімен электрондық өтініш және шығындар түрлеріне байланысты осы Қағидалардың 29, 30 және 31-тармақтарымен қарастырылған құжаттардың электрондық пакеті) беріледі.

      26. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтініш беруші оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.

      28. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:

      1) бірыңғай папкаға салынады;

      2) бірінші басшы немесе оның міндетін орындаушы (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болған кезде) немесе жеке кәсіпкер немесе олардың өкілетті тұлғасы (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қойылған қолдың факсимильді көшірме құралдарын пайдалана отырып, куәландыруға жол берілмейді;

      3) араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлеу алмаспайтын болып табылады;

      4) әрбір парақ өтініш беруші мөрінің бедерімен куәландырылады (болған кезде).

      Осы тармақтың талаптары электрондық өтінім және құжаттар электрондық пакетін беруге қолданылмайды.

      29. Шетелдік жұмыскерді тарту бойынша шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, шығындарды өтеуді алуға үміткер өтініш беруші:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін;

      3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;

      4) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін;

      5) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;

      6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем-құжаттарының көшірмелерін.

      Жекелеген шығындар бойынша өтініш беруші осы Қағидалардың 30-тармағымен көзделген құжаттарды ұсынады (қоса беріледі).

      Егер орындаушы ретінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті шығатын болса, ондай жағдайда осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызметтердің көрсетілу және осындай заңды тұлғаның тіркелу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

      30. Осы Қағидалардың 29-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың түріне байланысты мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:

      1) еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктіліктерін арттыру жөніндегі шығындар бойынша:

      өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктіліктерін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      сертификаттың немесе басқа құжаттамалық растаудың көшірмесі (Кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартында тиісті сілтеме болған кезде)

      темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың "Турист" және "Бизнес" кластық купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, эконом класс тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір рет іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген адамға тиісті жүріп-тұру көлігін ұсынатын жағдайлардан басқа), жол жүру билеттері мен қонақүйден орын брондап қою, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде төсек-орын жабдығын пайдалану құны, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде;

      инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындарды қоспағанда, жіктелімі бойынша нөмір құны – нақты шығындары бойынша стандарт, оның ішінде броньдау шығыстары бойынша жұмыскердің тұрған орнының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде;

      2) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалатын шығындар бойынша:

      Лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын Қазақстанның Даму Банкінің еншілес компаниясының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру туралы оң шешімінің көшірмесі;

      3) Картаға енгізілген жобалар үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалатын шығындар бойынша:

      өтініш берушінің жобаның Картасына енгізілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе тиісті аттестатты бар сарапшы немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым өткізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (егер аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болатын жағдайда)

      4) жабдықтың шеф-монтажы жөніндегі шығындар бойынша:

      жабдықты жеткізу шарттарының және дайындаушы-кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері.

      31. Шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалатын шығындардың өтеуін алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;

      3) өтініш беруші мен тартылған шетелдік жұмыскердің арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі;

      4) төлем құжаттары, есептік ведомостері, төлем ведомостері (болған кезде), еңбек шарты бойынша тартылған шетелдік жұмыскерге еңбекақы төлеуді растайтын, заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімделген өзге құжаттар (болған кезде) көшірмелері;

      5) осы тармақтың екінші бөліміне сәйкес талап етілетін тартылатын шетелдік жұмыскердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      6) эконом класс тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызметтер көрсету орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттары бар болатын кезде; жол жүру билеттерін брондау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезіндегі жол жүрулерде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығындарды растайтын құжаттар бар болатын кезде.

      Шетелдік жұмыскерде еңбек шартын жасасу сәтінде:

      техникалық және кәсіби білімі немесе жоғары білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұсынылатын қызметтер (орындалатын жұмыстар) саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл болуы керек.

      32. Осы Қағидалардың 29, 30 және 31-тармақтарында өтініш беруші ұсынатын құжаттардың барынша толық тізбесі айқындалады.

      33. Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды және/немесе технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеуге және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуге берілетін өтінім оған қоса берілетін құжаттармен қоса, өтініш берушінің қалауы бойынша Ұлттық институт немесе Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі.

      34. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалатын шығындарды өтеуге берілетін өтінім Ұлттық институт немесе Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушінің қалауы бойынша беріледі.

      35. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Мемлекеттік корпорациясы өтінім мен оған қоса берілетін құжаттарды ұлттық институтқа екі күндік мерзімде жібереді.

      36. Ұлттық институт өтінім мен оған қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұлттық институтта олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.

      37. Ұлттық институт шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

      ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қоса бере отырып, өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарламаны жолдайды. Қажет болған жағдайда, хабарламада өтеуге қабылданған шығындардың сомасына түсіндірме беріледі;

      өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы хабарламаны тиісті негіздемесімен жолдайды.

      38. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасаған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге шығындарды өтеу шарттары мен көлеміне сәйкес шығындарды өтеу арқылы мемлекеттік қолдау шарасын ұсынады, бұл ретте ұлттық институтқа ақша қаражатын аударғаны үшін сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің ұлттық институқа келіп түскен күні Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып саналады.

      39. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартатын жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа себептерін көрсете отырып, тиісті хабарлама жолдайды.

      40. Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін айқындау мақсатында ұлттық институт оларды іске асырудың мониторингін жүргізеді.

      41. Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мониторингін ұлттық институт өтініш берушілер ұсынатын ақпараттың негізінде жүргізеді.

      42. Мониторингке:

      1) мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудағы проблемаларды уақтылы анықтау;

      2) мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтініш берушілер туралы ақпарат жиынтығы қамтылған.

      43. Ұлттық институт мониторинг шеңберінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың есебін ұсынады.

      44. Мониторингті жүзеге асыру мақсатында ұлттық институт мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуы туралы есепті жасау үшін өтініш берушілерден деректер сұратады.

      45. Мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру мониторингі өтініш берушінің жазбаша келісімінің негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан өтініш беруші туралы бастапқы статистикалық деректер алу арқылы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен кейін 2 (екі) жыл бойы жүргізіледі. Шығындарды өтеу келісімінің күні болып өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің ұлттық институтқа түскен күні саналады.

      46. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру мониторингін алу және/немесе жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұрау салуы бойынша мониторинг өткізу үшін деректер ұсынады.

3-бөлім. Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну тәртібі

      47. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша шығындарды өтеу түрінде осы Қағидалар шеңберінде аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.

      48. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша шығындары аумақтық кластерлерді іріктеу конкурсының жеңімпазы болып табылатын өтініш берушіге өтеледі.

      49. Шығындарды өтеу шеңберінде аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру кезінде келтірілген шығындарды елу пайыз мөлшерінде, бірақ бір аумақтық кластерге он бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделген.

      50. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыруға арналған шығындарды өтеу:

      1) кластер қатысушыларының кооперациясы мен ынтымақтастығын қолдау және дамытуға;

      2) кластердің адами ресурстарын дамытуға (тренингтер, оқыту, біліктілікті арттыру);

      3) кластерді кеңейту бойынша іс-шаралар (жобалар үшін бизнес-инкубатор құру; шетелдік инвесторларды тарту; кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін ауқымды іс-шараларда ақпараттық-жарнама науқанын өткізу);

      4) инновациялар мен технологияларды дамыту (мамандандырылған инжинирингтік ұйымдар құру; жаңа өнімдер (тәжірибелік үлгілер мен партиялар) әзірлеу үшін технологиялық алаңдар жасау, кәсіпорындарда қолданылатын технологиялар кластерін жетілдіру және әлемдік озық технологияларды жұмыс істейтін кәсіпорындар жағдайларына бейімдеу; кластер қатысушыларының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық бірлескен жобаларын әзірлеуін қамтамасыз етуге (ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта отырып); өнертабыстарды патенттеу;

      5) бизнес-ахуалды және инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жағдайында құру бойынша іс-шаралар;

      6) кластер кәсіпорындары шығаратын өнімнің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (сынақ, оның ішінде сертификаттау базалары және/немесе зертханалары);

      7) кластерді жалпы дамытуға арналған басқа да ерекше нақты іс-шаралар қолданылады.

      51. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша өтемақы алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа жыл қорытындысы мен растаушы құжаттар бойынша Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша өтініш берушінің есебін қоса бере отырып, аумақтық кластерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға берілетін өтінішті осы Қағидаларға 6–қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мыналар (бірақ шектеліп қалмай):

      1) Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарының көшірмесін;

      2) өтініш беруші мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын (жұмыстарды орындайтын) орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесін;

      3) орындаушы көрсеткен қызметтер/орындаған жұмыстар актілерінің көшірмелерін;

      4) орындаушы көрсеткен қызметтердің/орындаған жұмыстардың жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;

      5) орындаушы көрсеткен қызметтердің/орындаған жұмыстардың жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері қамтылған растау құжаттарын ұсынады.

      Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қолдау шарасын алуға берілген өтініштің материалдары бірыңғай папкаға жинақталады, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді, құжаттардың көшірмелерінің әрбір парағын бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде) немесе оның уәкілетті тұлғасы (сенімхаты бар болатын кезде) және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) куәландырылады.

      52. Ұлттық институт өтінішті қоса берілген құжаттардың топтамасымен тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толық болуы тұрғысынан сараптама жүргізеді.

      53. Құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ұлттық институт толықтығын тексеру күні аяқталған соң бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге поштамен және/немесе өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық пошта (бар болса) мекенжайына сәйкессіздігін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      54. Өтініш беруші сәйкессіздігі туралы хабарламаны алғаннан кейін оларды жояды және өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды ұлттық институтқа қайта енгізеді.

      55. Ұлттық институт өтінішке қоса берілген құжаттардың топтамасымен олардың толықтығын тексеру өткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

      56. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке сараптама өткізгеннен кейін Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыруға берілген өтініш бойынша ұлттық институт үш жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      57. Ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жолдайды.

      58. Ұлттық институт өтініштің және қоса берілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтауға байланысты шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге белгіленген талаптарға сәйкессіздігін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      59. Конкурс жеңімпазы етіп тану туралы уәкілетті органның шешімі негізінде ұлттық институт Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтніш берушіге мемлекеттік қолдау шарасы бойынша өтеу шарттары мен көлемдеріне сәйкес шығындарды төлеуді жүзеге асырады, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіп кешені

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.07

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы көрсетілетін техникалық қызметтер

09.1

Мұнай және табиғи газ өндіру саласындағы көрсетілетін техникалық қызметтер

09.10

Мұнай және табиғи газ өндіру техникалық қолдау

09.9

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салаларын және жерасты әзірлемесін техникалық қолдау

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

13

Текстиль бұйымдарын өндіру

14

Киім-кешек өндірісі

15

Тері және оған қатысты бұйымдар өндіру

16

Ағаш және тығын бұйымдарын өндіру, жиһаздан басқа, сабаннан бұйымдар жасау және өруге арналған материалдар

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

31

Жиһаз жасау

Химия және фармацевтика өнеркәсібі

19.20

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтика өнімдері мен препараттарын өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де бейметалл минерал өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минерал өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Дайын металл бұйымдар өндірісі, машиналар мен жабдықтардан басқа

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

27

Электрлік жабдықтар өндірісі

28

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

30

Өзге көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарды, машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіп техникасы мен жабдықтарының монтажы

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдарды өндіру

35.11

Электр энергиясын өндіру

38.21

Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою

38.22

Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою

38.32

Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату

82.92

Буып-түю

Көлік және қоймалау

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

Ақпарат және байланыс

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық дамыту
институты
_______________________
(ұлттық институттың атауы)
_______________________
(өтініш берушінің атауы)

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім

      (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      1. Өтініш берушінің атауы

      2. Заңды мекенжайы немесе орналасқан орны (индекс, облыс, аудан/қала, елді мекен, көше, телефон) (бар болса)

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы);

      4. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі);

      5. Орындаушының БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жағдайда);

      6. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі (болған кезде) мен күні;

      7. Орындаушының мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі (болған кезде) мен күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жағдайда)

      8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып);

      9. Шығарылатын өнімнің атауы;

      10. Ағымдағы еңбек өнімділігі (адам/мың теңге және адам/мың АҚШ доллары)*

      11. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламалардың қатысушысы болып табылды (табылады) ма? (егер "иә" деп жауап берілсе, онда мемлекеттік қолдауды алған жылын, қандай Бағдарламалардың шеңберінде және мемлекеттік қолдаудың қандай шараларын алғанын көрсетіңіз)

      12. Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік қолдаудың қандай шарасын пайдалану жоспарланып отыр (қажеттісін белгілеңіз

):

Кәсіпорынның құзыретін арттыру:

Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау;

Өндірістерді ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

Технологиялық процестерді жетілдіру;

      13. Өтініш берушінің банк деректемелерін көрсету керек.

      Өтініш беруші аталған өтінішпен ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береді және ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуы мен түпнұсқалығы үшін жауапкершілікті өзіне алады.

      Өтініш беруші мемлекеттік қолдаудың сұралатын шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындардың Қазақстан Респубикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылмайтындығын растайды.

      Мемлекеттік қолдау шараларын алуға берілетін өтінішті толтырған байланысу тұлғасы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмір, электрондық мекенжайы):

      Осы Өтінішке мынадай құжаттар мен құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1)________________;

      2)________________;

      3)________________;

      4)________________;

      5)________________.

      Өтінішті толтырған күні ___________

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде), жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхаты болған кезде) немесе жеке тұлға

      __________ ________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Ескертпе:

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындысы бойынша өтініш берушінің есебі

      (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      1. Өтініш берушінің және Орындаушының

      2. Өтініш берушінің экономиканың басым секторларындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы

      3. Көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) шартының немесе еңбек шартының деректемелері және сомасы

      4. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің қажеттілігін сипаттау

      5. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) нәтижелері (күтілетін нәтиже).

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде), жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхаты бар болса) немесе жеке тұлға

      __________                               ______________________________________

      (қолы)                               (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

                                                куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

      Мөрдің орны (бар болса)

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім

      ____________                               20 ___жылғы "___"_________ (қала)

      Бұдан әрі "ұлттық институт" деп атала отырып, ____________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________ атынан "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы бір тараптан және бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын, ____________________ негізінде әрекет ететін _________________________________ атынан (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

      _________________________________________________________,

      (Өтініш берушінің толық атауы)

      бірлесіп, "Тараптар", ал әрқайсысы жеке "Тарап" деп аталатындар Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде төмендегілер туралы осы Шығындарды өтеу туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні

      1. Ұлттық институт өтінішке сәйкес толықтай көлемде ___________ (сомасы жазумен) теңге сомасында ________________________________________________________ шығындарды өтеу (шығындар түрі) түрінде Қағидалар шеңберінде "____________________________________________________" мемлекеттік қолдау шарасын (мемлекеттік қолдау шарасының атауы) ұсынуға, ал Өтініш беруші осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторына қол жеткізуге міндеттенеді.

      2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығындарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюта бағамына байланысты өтініш берушінің көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күніне немесе шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде жалақыны төлеу күніне есептеледі.

      3. Ағымдағы шотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда, ұлттық институт шығындарды өтеуді ағымдағы шотқа бюджеттік бағдарлама әкімшісінен қаражат келіп түскенге дейін тоқтата тұрады.

2. Тараптардың міндеттемелері

      4. Ұлттық институт:

      1) Өтініш берушіні Қағидаларды іске асырумен байланысты, Келісімді орындауға елеулі ықпал етуге жарамды барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;

      2) осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 2 (екі) күннің ішінде мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.

      5. Өтініш беруші:

      1) Ұлттық институттың мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында Тараптар осы Келісімді жасаған күннен кейінгі 2 (екі) жылға дейінгі және 2 (екі) жыл ішіндегі деректерді қоса алғанда, индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға және ұлттық институтқа таратуға келісуге мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға одан әрі жолдау үшін Ұлттық институтқа бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндеттенеді. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің ұлттық институтқа келіп түскен күні Шығындарды өтеу туралы келісімнің жасалған күні болып саналады. Бастапқы статистикалық деректерді таратуға берілетін келісімнің нысаны осы Келісімге қосымшада берілген;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректер негізінде мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін алуы және/немесе өткізуі мүмкін болмаған жағдайда, ұлттық институттың жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде мониторинг өткізу үшін қажетті деректерді ұсынуға;

      3) мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторы – кәсіпорынның кірістер көлемін мемлекет салған 1 (бір) теңгеден осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес Қағидалар шеңберінде кемінде 2 (екі) теңгеге көбейтуге қол жеткізуге міндеттенеді.

      Бұл ретте, өндірілген өнімді ілгерілету жүйесінің тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу кезінде мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторы – кәсіпорын өткізетін өнімнің көлемін мемлекет салған 1 (бір) теңгеден Келісімнің 1-тармағына сәйкес Қағидалар шеңберінде кемінде 1 (бір) теңге 50 тиынға арттыруға қол жеткізу керек;

      4) ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына сәйкес, ұлттық институттан оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну керек;

      5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделгеннен басқа, Келісім шарттары бұзылатын жағдайда, ұлттық институт шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шарасы бойынша берген ақша қаражатын ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге;

      6) мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуын, уақтылы ұсынылуын және дұрыстығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Тараптардың құқықтары

      6. Ұлттық институт:

      1) Мемлекеттік қолдау шарасы (шаралары) бойынша нысаналы индикаторға қол жетпеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректер негізінде мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін алуы және/немесе өткізуі мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасының (шараларының) іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін өтініш берушіден ақпарат сұратуға;

      2) осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға және осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасымен көзделгендерді қоспағанда, осы Келісімнің шарттары бұзылатын жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасы бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақша қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Ұлттық институтқа:

      1) мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың толық болуы, уақтылы ұсынылуы және дұрыстығы;

      2) мемлекеттік қолдау шарасының уақтылы ұсынылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

      8. Өтініш берушіге:

      1) мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылатын ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуы, уақтылы ұсынылуы және дұрыстығы;

      2) осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторына қол жеткізу;

      3) осы Келісімнің шарттары бұзылатын жағдайда мемлекеттік қолдау шарасы бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақша қаражатының уақтылы қайтарылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

5. Құпиялылық

      9. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктің құпиясы, сондай-ақ Тараптар осы Келісімді жасасу және орындау барысында алатын қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жарияланбауға тиіс.

      Өтініш берушінің атауына қатысты ақпарат және мемлекеттік қолдау шаралары құпия ақпаратқа жатпайды.

      10. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауына не үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

      11. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялауы не таратуы жағдайында, кінәлі Тарапқа осындай ақпаратты жариялау салдарынан екінші Тарапқа келтірілген ықтимал зияндарды өтеумен қоса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.

6. Форс-мажор

      12. Тараптар, егер бұл орындамау осы Келісімді жасағаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің күтпеген жайттарының салдары болып табылатын, осындай төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде Тараптар болжай алмаған және орынды шаралармен алдын ала алмаған болып табылса, осы Келісім бойынша міндеттемелерін жартылай немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жайттарына Тараптар ықпал ете алмайтын, оларға туындағаны үшін жауапкершілік жүктелмейтін және Келісім бойынша міндеттемелерін орындауға тікелей әсер еткен оқиғалар жатады.

7. Даулы мәселелерді шешу

      13. Ұлттық институт және Өтініш беруші олардың арасында Шарт бойынша туындайтын немесе олармен байланысты барлық келіспеушіліктер немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешу үшін бар күшін салуға тиіс.

      14. Егер келіссөздер нәтижесінде ұлттық институт пен Өтініш беруші дауды шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сотының қарауына береді.

8. Қорытынды ережелер

      15. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл бойы қолданылады.

      16. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде ресімделетін және барлық Тараптың уәкілетті тұлғалары қолдарын қоятын кезде жарамды, одан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      17. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, шот нөмірлері) өзгеретін жағдайда, бірін-бірі кешіктірмей хабардар етеді.

      18. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін біреуден берілетін бірдей заңды күші болатын екі данада жасалған.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Ұлттық институт:
"Қазақстандық индустрияны дамыту институты"
акционерлік қоғамы
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)
Мөрдің орны (бар болса)
* Ескертпе:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі);
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;
БСК- банктік сәйкестендіру коды.

Өтініш беруші __________________
_______________________________
_______________________________
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН/ЖСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)
Мөрдің орны (бар болса)

  Шығындарды өтеу туралы
келісімге қосымша
  Нысан

Бастапқы статистикалық деректерді таратуға берілетін келісім

      (Өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

      ________________________________ индустриялық-инновациялық даму

      (Өтініш берушінің толық атауы) саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне) және ұлттық институтқа ("Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамына) келесі нысандар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ашуға келісімін береді: _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      кезең аралығында:________________________________

      көрсеткіштер бойынша:___________________________

      Өтініш берушінің

      басшысы_____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілген болса)

      Мөрдің орны (бар болса)

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
5-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған
нысан

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуы туралы есебі

      20___ жылдың ________ тоқсаны үшін есеп

      Индекс: 1- ҚИДИ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: ("Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.

      мың теңге

Р/с №

Кәсіпорынның атауы

Мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өтініштің келіп түскен күні

Мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Шығындар сомасы

Есептік күнге қаржы берілген сома

Ағымдағы жай-күй

өтініш берушінің өзінің қатысу сомасы

Мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың басшысы:

      ________________ / Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)/(қолы)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға әкімшілік деректерді жинауға арналған "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуы туралы есебіне" қосымшасында берілген.

  "Индустрияны дамыту
саласындағы
ұлттық институттың
мемлекеттік
қолдау шарасының іске
асырылуы
туралы есебі" атты әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме, "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуы туралы есебі"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нысан Қағидалармен көзделген мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

      2. Толтырылған Нысанды "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      3. Көрсеткіштер ағымдағы есептік кезеңнің бірінші күніндегі нақтылы деректер бойынша қалыптастырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлға.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шарасын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шарасының атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында өтініштің келіп түскен күні көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну туралы шешім қабылданған күн көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің өзінің қатысу сомасы көрсетіледі.

      11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік қолдау сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 8-бағанында есептік күні қаржы берілген сома көрсетіледі.

      13. Нысанның 9-бағанында мемлекеттік қолдаудың "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" шарасы бойынша ағымдағы жай-күй көрсетіледі.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
6-қосымша
  нысан
  Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық институт
_______________________
(дамыту институтының атауы)
_______________________
(өтініш берушінің атауы)

Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім

      1. Өтініш берушінің толық атауы

      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон)

      3. Бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)

      4. Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні

      5. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      6. Саланың, кіші саланың атауы

      7. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметінің жалпы жіктелімінің кодын көрсетумен)

      8. Шығарылатын өнім номенклатурасы

      9. Өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде)

      10. Қуаттардың ағымдағы жүктелуі (пайыз)

      11. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз)

      12. Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ доллары/адам)*

      13. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (болды ма) (егер болса, мемлекеттік қолдау шараларын алу жылын, қай Бағдарлама шеңберінде және қандай құрал алғанын көрсетіңіз)

      14. Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау тарту мақсаты (қысқаша сипаттамасы, қажеттіліктің негіздемесі, нәтижесі)

      15. Өтініш берілген құралдың шеңберінде жұмсалған шығындардың жалпы құны (теңге)

      16. Өтініш берілген құралдың шеңберінде шығындар жұмсалған кезең (бастап және дейін (айы, жылы))

      17. Қызметтерді көрсеткен орындаушының атауы

      18. Өтініш берушінің банк деректемелерін көрсету

      Осы өтінім арқылы өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапкершілік алады.

      Өтініш беруші сұралатын құрал(дар) шеңберінде жұмсалған іс-шаралар бойынша шығындардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылмағанын растайды.

      Құралды алу өтінішін толтырған тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы): _____________________

      Өтінімді толтыру күні ___________

      Өтініш берушінің басшысы (өтініш берушінің басшысы уәкілеттік еткен тұлға)

      ________             ___________________________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

                                    құжатта көрсетілген болса)

      М.О. (бар болса)

      Ескертпе:

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.