"Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22975 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2022 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұлттық институт ағымдағы шоттағы қаражатты пайдалану кезінде, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары арасында соманы қайта бөледі.

      Өтініш беруші Ұлттық институттың ағымдағы шотына қайтарған мемлекеттік қолдау шарасының сомасы индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қолдау шарасын ұсынуға жұмсалады.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу үшін;";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес (индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін - отыз алты айдан ерте емес) шеккен шығындар сомасының 40% мөлшерінде индустриялық – инновациялық қызмет субъектісіне негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасы бойынша күнтізбелік жылда алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.

      15. Кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес шеккен негізделген және құжатпен расталған шығындар келтірілген шығындар сомасының 40% мөлшерінде өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік қолдаудың осы шарасы бойынша күнтізбелік жылы отыз миллион теңгеден аспауға тиіс. Осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек шарты бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде төлемдерге жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы негізгі жалақы (лауазымдық айлықақы) бойынша шығындарды өтеу сомасынан аспауға тиіс.";

      33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Индустриялды-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеуге өтінім осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес және осы Қағидаларға 8-қосымшаларға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат "Индустриялды-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш берушінің таңдауы "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.

      34. Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды және/немесе технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеуге және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуге берілетін өтінім оған қоса берілетін құжаттармен қоса, өтініш берушінің қалауы бойынша "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы акционерлік қоғамы немесе Портал арқылы беріледі, – осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Кәсіпорын құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына немесе осы Қағидаларға 11- қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Мемлекеттік корпорация өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды екі күн мерзімде "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы акционерлік қоғамы жібереді.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу", "Кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу", "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу", "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 1-параграфтың атауымен толықтырылсын:

      "1-параграф. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)" QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Мемлекеттік корпорацияға;

      3) Порталға.";

      65 және 67-тармақтар алып тасталсын;

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық пакетін қоса береді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптамаға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.";

      69, 70, 71 және 72-тармақтар алып тасталсын;

      4-тарау мынадай мазмұндағы 2, 3, 4 және 5-параграфтармен толықтырылсын:

      "2-параграф. "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      73. "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Порталға.

      74. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      75. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.

      76. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы тағайындалатын басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.

      77. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

      78. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      3-параграф. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу"

      79. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Порталға.

      80. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      81. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.

      82. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы тағайындалатын басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.

      83. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және кодексіне сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

      84. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      4-параграф. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу"

      85. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Порталға.

      86. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      87. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.

      88. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы тағайындалатын басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.

      89. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және кодексіне сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

      90. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      5-параграф. Қорытынды ережелер

      91. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      92. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      93. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      Мемлекеттік корпорация, уәкілетті орган - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      94. Уәкілетті органның, мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      95. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 9, 10 және 11-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрінің 2021 жылғы
  7 маусымдағы № 280 бұйрығына
  1-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
  және аумақтық кластерлерді
  дамытуға бағытталған индустриялық
  -инновациялық қызмет субъектілеріне
  мемлекеттік қолдау шараларын
  ұсыну қағидаларына
  7-қосымша

"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе оған сараптама жасауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12:30-дан 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8:30 –дан 18:30-ға дейін дүйсенбіден жұманы қоса алғанда өз кезегінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз;
2) Мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9:00-ден 20:00-ге дейін дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда.
Мемлекеттік қызмет "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны байынша жедел қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтініш;
2) өтініш берушінің Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары туралы есебі;
3) төлем шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген қызметтерді қөрсетуге (жұмыстарды орындауға) шарттың көшірмесі, сондай-ақ осындай шартқа барлық қосымшалар және/немесе толықтырулар, келісімдер;
4) өтелетін шығыстар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (-лерінің) көшірмесі;
5) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына шот-фактуралардың көшірмелері;
6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардан басқа индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың түріне қарай қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
7) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалған шығындар бойынша:
- лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын Қазақстан Даму Банкінің еншілес ұйымының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру туралы оң шешімінің көшірмесі;
8) Өнірдің кәсіпкерлерін қолдау картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген жоба үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындар бойынша:
- Картаға жобаның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- тиісті аттестаты бар аккредиттелген сараптама ұйымы немесе сарапшы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (егер осы қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.qazindustry.gov.kz;
4) порталдың - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің 20201 жылғы
"____" _____________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және
аумақтық кластерлерді дамытуға
бағытталған индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
9-қосымша

"Кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз түрінде

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 18:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе олардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде шетелде кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері
6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері қоса беріледі;
7) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
8) сертификаттың көшірмесі (Кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартында тиісті сілтеме болған кезде);
9) темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың "Турист" және "Бизнес" кластық купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, эконом класс тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір рет іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген адамға тиісті жүріп-тұру көлігін ұсынатын жағдайлардан басқа), жол жүру билеттері мен қонақүйден орын брондап қою, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде төсек-орын жабдығын пайдалану құны, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде;
10) инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындарды қоспағанда, жіктелімі бойынша нөмір құны – нақты шығындары бойынша стандарт, оның ішінде броньдау шығыстары бойынша жұмыскердің тұрған орнының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде.
Шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкердің арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) жылжыту мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде-еңбек шартының немесе ақылы қызмет көрсету шартының көшірмесі);
4) тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбек төлемін растайтын төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостарының, төлем ведомостарының (бар болса), заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) (ақылы қызмет көрсету шартын жасасқан кезде – төлем құжаттардың, тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен қызмет актісінің(тарының) көшірмелері);
5) осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) экономикалық сынып тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызметтер көрсету орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттары бар болатын кезде; жол жүру билеттерін брондау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезіндегі жол жүрулерде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар бар болатын кезде;
7) өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі ұсынылатын салық кезеңі үшін 200-02 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" (Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға 2-қосымша) нысанының, уәкілетті органның құжатты қабылдағандығы туралы белгісі бар барлық толықтыруларымен бірге көшірмесі;
8) тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www. gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі";
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.​qaz​indu​stry.​gov.​kz;
4) порталдың - www.​egov.​kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің 2021 жылғы
"____" __________
№ ____ бұйрығына
3-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және
аумақтық кластерлерді дамытуға
бағытталған индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
10-қосымша

"Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "электрондық үкіметтің" Веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады)
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 18:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері;
6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы шығындардың түріне байланысты мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:
7) жабдықтың шеф-монтажы жөніндегі шығындар бойынша:
- жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері;
- жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т. б.);
- жабдықты пайдалану жөніндегі басшылықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);
- жабдық фотосуреттері;
8) жабдықты монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары және оларға техникалық қызмет көрсету, тәжірибелік үлгілерді дайындау жөніндегі шығындар бойынша:
- жабдықты/ тәжірибелік үлгіні қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т. б.);
- жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);
- жабдықтың/тәжірибелік үлгінің фотосуреттері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі";
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.qazindustry.gov.kz;
4) порталдың – www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің 2021 жылғы
"____" _____________
№ ____ бұйрығына
4-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және
аумақтық кластерлерді дамытуға
бағытталған индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
11-қосымша

"Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "электрондық үкіметтің" Веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады)
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 18:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін;
3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;
6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелерін.