Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына және "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 109 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21275 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 105 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 105 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 105 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілік элементтерін топтастыру және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.".

      3. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда "Заң газеті" газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды қаржы құралдарына, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.".

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      8. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 109 қаулысымен
бекітілді

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 105 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы "__" _______
№ __ қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5109 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 80 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5802 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 4 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6796 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында №11 жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 63 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8402 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 маусымдағы "Заң газеті" газетінде № 90 (2465) жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 279 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14738 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 252 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16262 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 185 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17439 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесінің 1-тармағы.