Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 63 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8402 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 109 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы ережелер";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының шетел валютасымен және тазартылған бағалы металдарымен операцияларын 1858, 1859, 1873, 1874, 2858, 2859, 2872 және 2873-шоттарын пайдаланбастан бухгалтерлік есепте көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған қосалқы есеп болған кезде, шетел валютасындағы операциялардың сомаларын жоғарыда көрсетілген шоттарды пайдаланбастан көрсетуге жол беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Меншікті капитал" үшінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

3000

Жарғылық капитал

3100

Қосымша капитал

3200

Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)

3400

Динамикалық резервтер

3500

Резервтік капитал және қайта бағалау резервтері.";


      2-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шоттар";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Активтер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Міндеттемелер";

      3-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Меншікті капитал";

      3200-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

"3400

Динамикалық резервтер";


      3300 "Резервтерді (провизияларды) түзету шоты" шотының нөмірі және аты алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Кірістер";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Шығыстар";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер";

      7-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Балансқа меморандумның шоттары";

      7130 "Зиянға есептен шығарылған борыштар" шотының нөмірі және аты алып тасталсын;

      3-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шоттардың сипаттамасы";

      8-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Балансқа меморандумның шоттары";

      3200-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3400-шоттың нөмірімен, атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3400. Динамикалық резервтер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қалыптастырылған динамикалық резервтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша құрылатын резервтер сомасы № 3599 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің азаюы № 3599 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.";

      3300-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;

      5999-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5999. Корпоративтік табыс салығы (актив-пассив).

      Шоттың мақсаты: Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бюджетке төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомасы, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомасын тану, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотпен сальдолау кезінде оларды есептен шығару, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тану, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.";

      9-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Баланстан тыс шоттар";

      7130-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын.

      3. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші – отыз тоғызыншы, қырық бесінші – қырық сегізінші, жүз төртінші – жүз сегізінші және жүз он жетінші – жүз жиырма жетінші, 2-тармағының отыз жетінші және елу жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 1-тармағының елу бірінші – елу сегізінші абзацтары, 2-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он үшінші, жиырма бесінші – жиырма жетінші, қырық жетінші – қырық тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко