Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 185 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 17439 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 185 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 109 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыра лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыра лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыра лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыра лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және:

      клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің инвестициялық портфельін басқарушылардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыра лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - ұйым);

      бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - брокер) брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.

      2. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.

      Клиенттердің сақтандыру ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және сақтандыру брокерлерiне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына сәйкес баланыстан тыс шоттар қолданылады.";

      2, 2-1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Инвестициялық басқаруға қабылданған активтерді есепке алу";

      "2-1-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны шетел валютасына орналастыру";

      "3-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны салымдарға орналастыру";

      "4-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру";

      "5-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны туынды қаржы құралдарына орналастыру";

      "6-тарау. Инвестициялық басқарудағы бағалы қағаздармен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу";

      "7-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастыру";

      "8-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастыру";

      "9-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастыру";

      "10-тарау. Инвестициялық басқарудан алынған активтерді есепке алу";

      "11-тарау. Ұйымның кірістерін есепке алу";

      "12-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша қабылданған активтерді есепке алу".

      3. "Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (2334) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі";

      3-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысу операцияларын есепке алу";

      49, 50, 51, 52 және 53-тармақтар алып тасталсын.

      4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және сақтандыру брокерлерiне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және сақтандыру брокерлерiне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шоттар жоспарының 2-тарауының 1, 2, 3, 4 және 5-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның бухгалтерлік балансында көрсетіледі.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 6 және 7-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның пайда және зиян туралы есебінде көрсетіледі.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 8-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатқызылады және ұйымның шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерін есепке алуға арналған.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 9-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатқызылады және меморандум шоттары болып табылады.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 10-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатқызылады және инвестициялық басқарудағы клиенттердің активтерін есепке алуға арналған.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 10-параграфпен толықтырылсын:

      "10-параграф. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтері

1800

Активтер

1800 01

Ақша

1800 02

Тазартылған бағалы металдар

1800 03

Бағалы қағаздар

1800 04

Орналастырылған салымдар

1800 05

Капиталға инвестициялар

1800 06

Материалдық емес активтер

1800 07

Негізгі құралдар

1800 08

Басқа да активтер

1800 09

Алуға арналған шоттар

1800 10

Дивидендтер

1800 11

Сыйақы

1800 12

Басқа да талаптар

1800 13

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша талаптар

1800 14

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары

1810

Капитал

1810 01

Капитал

1820

Міндеттемелер

1820 01

Төлеуге арналған шоттар

1820 02

Басқа да міндеттемелер

1820 03

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелер

1820 04

Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары

1830

Кірістер

1830 01

Клиенттен активтердің түсуі

1830 02

Сыйақы (дивиденд) түріндегі кірістер

1830 03

Сатып алу-сатудан болған кірістер

1830 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер

1830 05

Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер

1830 06

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістер

1830 07

Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер

1830 08

Басқа да кірістер

1830 09

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылған кіріс

1830 10

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кіріс

1840

Шығыстар

1840 01

Клиенттің активтерін алу

1840 02

Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар

1840 03

Сатып алу-сатудан болған шығыстар

1840 04

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар

1840 05

Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар

1840 06

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар

1840 07

Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар

1840 08

Басқа да шығыстар

1840 09

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыс

1840 10

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:

      "4-параграф. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтері

      1800 01 "Ақша" (актив).

      Мақсаты: клиенттердің инвестициялық басқарудағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ұлттық және шетел валютасында ашылған ағымдағы шоттарына келіп түскен ақша сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің инвестициялық басқарудағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ұлттық және шетел валютасында ашылған ағымдағы шоттарына келіп түскен ақша сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің екінші деңгейдегі банкте не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ұлттық және шетел валютасында ашылған ағымдағы шотынан өзге де активтерді сатып алған немесе оларды клиентке қайтарған кезде ақша сомасын есептен шығару жазылады.

      1800 02 "Тазартылған бағалы металдар" (актив).

      Мақсаты: ұйым клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру үшін сатып алған инвестициялық басқарудағы тазартылған бағалы металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ұйым клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру үшін сатып алған тазартылған бағалы металдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдардың құнын оларды клиентке қайтарған немесе сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      1800 03 "Бағалы металдар" (актив).

      Мақсаты: клиенттердің активтерін инвестициялық басқару үшін сатып алынған (алынған) бағалы қағаздардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің активтерін инвестициялық басқару үшін сатып алынған (алынған) бағалы қағаздардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздардың құнын оларды клиентке қайтарған немесе сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      1800 04 "Орналастырылған салымдар" (актив).

      Мақсаты: екінші деңгейдегі банктерде не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша екінші деңгейдегі банкте не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда орналастырылған салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар сомаларын оларды ұйымға қайтарған кезде есептен шығару жазылады.

      1800 05 "Капиталға инвестициялар" (актив).

      Мақсаты: ұйым айтарлықтай ықпал етуді немесе бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қатысу үлесін өзгерту мақсатында басқа заңды тұлғаның капиталына салған инвестициялар сомаларын сатып алу құны бойынша есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ұйым басқа заңды тұлғаның капиталына салған сатып алу құны бойынша инвестициялардың сомалары, сондай-ақ қатысу үлесін өзгерту жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша салынған инвестициялардың сомаларын оларды заңды тұлға сатып алған немесе оларды сатқан кезде есептен шығару жазылады.

      1800 06 "Материалдық емес активтер" (актив).

      Мақсаты: материалдық емес активтерді сатып алу құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған материалдық емес активтерді сатып алу құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің құнын оларды өткізу немесе өзгеше шығынға жазу кезінде есептен шығару жазылады.

      1800 07 "Негізгі құралдар" (актив).

      Мақсаты: негізгі құралдарды сатып алу құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған негізгі құралдардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі құралдардың құнын оларды өткізу немесе өзгеше шығынға жазу кезінде есептен шығару жазылады.

      1800 08 "Басқа да активтер" (актив).

      Мақсаты: басқа да активтерді сатып алу құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған басқа да активтердің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да активтерді өткізген немесе өзгеше шығынға жазған кезде олардың құнын есептен шығару жазылады.

      1800 09 "Алуға арналған шоттар" (актив).

      Мақсаты: ұйымның клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру процесінде туындайтын жеке және заңды тұлғаларға талаптары сомаларын (дебиторлық берешек) есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ұйымның клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру процесінде туындайтын жеке және заңды тұлғаларға талаптары сомасы (дебиторлық берешек) жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ұйымның клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру процесінде туындайтын жеке және заңды тұлғаларға талаптары сомаларын (дебиторлық берешек) есептен шығару жазылады.

      1800 10 "Дивидендтер" (актив).

      Мақсаты: басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивидендтер түрінде есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивидендтер түрінде есептелген кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар бойынша дивидендтер түрінде есептелген кірістер сомаларын оларды төлеген кезде есептен шығару жазылады.

      1800 11 "Сыйақы" (актив).

      Мақсаты: бағалы қағаздар (купондар), салымдар және басқа да операциялар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар (купондар), салымдар және басқа да операциялар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар (купондар), салымдар және басқа да операциялар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер сомаларын оларды төлеген кезде есептен шығару жазылады.

      1800 12 "Басқа да талаптар" (актив).

      Мақсаты: клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырумен байланысты операциялар бойынша басқа да талаптардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырумен байланысты операциялар бойынша басқа да талаптардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырумен байланысты операциялар бойынша басқа да талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      1800 13 "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша талаптар" (актив).

      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың сомаларын оларды контр әріптес төлеген немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелердің күші жойылған кезде, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      1800 14 "Бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары" (актив).

      Мақсаты: операцияны ашу күніне бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары бойынша талаптар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша операцияны ашу күніне бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары бойынша талаптар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша операцияны ашу күніне бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары бойынша талаптар сомаларын есептен шығару жазылады.

      1810 01 "Капитал" (пассив).

      Мақсаты: клиенттердің есепті кезеңдегі таза активтерінің сомаларын есепке алу (түпкі қаржылық нәтиже).

      Шоттың кредиті бойынша № 1830 тобының тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде ұйымның есепті кезеңдегі кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша № 1830 тобының тиісті баланстан тыс шоттарын жабу кезінде ұйымның есепті кезеңдегі шығыстарының сомасы жазылады.

      1820 01 "Төлеуге арналған шоттар" (пассив).

      Мақсаты: ұйымның клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру процесінде пайда болатын жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелердің (кредиторлық берешек) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ұйымның клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру процесінде пайда болатын жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелерінің (кредиторлық берешек) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша ұйымның жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы басқа да міндеттемелерінің (кредиторлық берешек) сомалары оларды өтеу немесе басқа да есептен шығару кезінде жазылады.

      1820 02 "Басқа да міндеттемелер" (пассив).

      Мақсаты: клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырумен байланысты операциялар бойынша басқа да міндеттемелердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырумен байланысты операциялар бойынша басқа да міндеттемелердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да міндеттемелердің сомалары оларды ұйым төлеген кезде есептен шығару жазылады.

      1820 03 "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелер".

      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен міндеттемелер сомаларын оларды ұйым төлеген немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелердің күші жойылған кезде, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.

      1820 04 "Бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары" (пассив).

      Мақсаты: операцияны ашу күніне бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша операцияны ашу күніне бағалы қағаздармен "РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелер сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша "РЕПО" операциялары бойынша міндеттемелер сомаларын операцияны жабу немесе күшін жою кезінде есептен шығару жазылады.

      1830 01 "Клиенттен активтердің түсуі".

      Мақсаты: клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруға арналған клиенттерден түскен және ұйым қабылдаған активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруға арналған клиенттерден түскен және ұйым қабылдаған активтердің құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің активтерінің құнын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 02 "Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)".

      Мақсаты: бағалы қағаздар, салымдар және басқа да активтер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар, салымдар және басқа да активтер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 03 "Сатып алу-сатудан түскен кірістер".

      Мақсаты: ұйымның активтерді сатып алу-сатудан түскен кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ұйымның активтерді сатып алу-сатудан түскен кірістер сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 04 "Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан түскен іске асырылған кірістер".

      Мақсаты: ұйымның активтердің әділ құнының өзгеруі нәтижесінде алған іске асырылған кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ұйымның активтердің әділ құнының өзгеруі нәтижесінде алған іске асырылған кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылған кірістер сомалары № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 05 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер".

      Мақсаты: ұйымның бағамдық айырма нәтижесінде алған іске асырылған кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ұйымның бағамдық айырма нәтижесінде алған іске асырылған кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылған кірістердің сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 06 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістер".

      Мақсаты: активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылмаған кірістердің сомаларын № 1810 01 немесе № 1830 04 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1830 07 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер".

      Мақсаты: бағамдық айырма нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағамдық айырма нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылмаған кірістердің сомаларын № 1810 01 немесе № 1830 05 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1830 08 "Басқа да кірістер".

      Мақсаты: ұйым алған және № 1830 01, 1830 02, 1830 03, 1830 04,

      1830 05, 1830 06 және 1830 07 баланстан тыс шоттарда есепке алынбаған басқа да кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ұйымның басқа да кірістерінің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған кірістердің сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 09 "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан түскен іске асырылған кіріс".

      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан түскен іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылған кірістердің сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1830 10 "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс".

      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді оң қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді оң қайта бағалау нәтижесінде алынған іске асырылмаған кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша іске асырылмаған кірістердің сомаларын № 1810 01 немесе № 1830 09 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1840 01 "Клиенттердің активтерін алу".

      Мақсаты: клиенттердің активтерін инвестициялық басқару мақсатында клиенттер активтерінің құнын оларды ұйым алған және (немесе) орналастырған кезде есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттің активтері шығынға жазылған кезде олардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиент активтерінің құнын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 02 "Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар".

      Мақсаты: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызметтер үшін ұйымның комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары көрсеткен қызметтер үшін ұйымның комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 03 "Сатып алу-сатудан болған шығыстар".

      Мақсаты: ұйымның сатып алу-сатуға байланысты шығыстарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ұйымның сатып алу-сатуға байланысты шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 04 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар".

      Мақсаты: активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде ұйым алған іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде ұйым алған іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 05 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер".

      Мақсаты: шетел валютасын теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) нәтижесінде ұйым алған іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) нәтижесінде ұйым алған іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 06 "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар".

      Мақсаты: активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын № 1840 04 немесе 1810 01 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1840 07 "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер".

      Мақсаты: бағамдық айырма нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағамдық айырма нәтижесінде ұйым алған іске асырылмаған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын № 1840 05 немесе 1810 01 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.

      1840 08 "Басқа да шығыстар".

      Мақсаты: ұйымның қаржылық немесе қаржылық емес қызметте басқа да операцияларды жүзеге асыруға байланысты, Шоттар жоспарының 2-тарауының 10-параграфында көзделген басқа баланстан тыс шоттар бойынша жазылмайтын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ұйымның басқа да шығыстарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 09 "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыс".

      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 1810 01 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.

      1840 10 "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".

      Мақсаты: туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді қайта бағалау нәтижесінде келтірілген іске асырылмаған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша іске асырылмаған шығыстардың сомаларын № 1840 09 немесе 1810 01 баланстан тыс шоттарға есептен шығару жазылады.".