Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 21219 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 14 қыркүйегі
№ 197-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 01.07.2021 № 440-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18110 тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағидалары;";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өлшемдерді орындау әдістемелерін (бұдан әрі – ӨОӘ) және референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ӨОӘ және референтті ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      43. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      44. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу туралы мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      45. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтердің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      46. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      47. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      48. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат түрінде жіберілетін және сақталатын ӨОӘ ҚР МӨЖ тізіліміне тіркеу нөмірін беру мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі болып табылады.

      49. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      50. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

      51. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      52. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады;

      осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;

      осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18106 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.";

      Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидалары осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
2-қосымша

Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) сарапшы-аудиторларды аттестаттау (бұдан әрі – аттесттау) – сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар дайындығының теориялық және практикалық деңгейінің техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар саласындағы белгіленген Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

      2) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Уәкілетті орган аттестаттау үшін сәйкестікті растау жөніндегі, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі комиссия құрылады.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі аттестатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мына құжаттарды жолдайды:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінім (бұдан әрі – өтінім) ;

      осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәлімет нысаны);

      мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелер саны мынадай:

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      кемінде жиырма жұмыс күн жалпы ұзақтығымен менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

      6. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) кемінде бес адамнан тұрады. Комиссияның құрамына уәкілетті органның өкілдері кіреді.

      7. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау аттестатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке тұлғаның өтініші және мәліметтер нысаны;

      мынадай сандағы есеп:

      тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оның қатысуын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы бес есептердің (тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) электрондық көшірмелері немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп белгіленген нысандағы бес сараптама актілерінің көшірмелерімен қоса.

      8. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамы кемінде бес адамнан тұрады (бұдан әрі – Комиссия). Комиссияның құрамына уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және өзге де ұйымдардың өкiлдерi кіреді. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады.

      9. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, "сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау үшін сарапшы-аудитордың сертификаты," Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының немесе шетелдік тауарлардың мәртебесі туралы" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және әрекет ету мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 7-тармқтарына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Заңның 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде порталда өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуды рәсімдейді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жолданады.

      14. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

      15. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын беру туралы шешім Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының және Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі комиссиясының оң шешімдері негізінде қызмет берушінің бұйрығымен рәсімделеді.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

      17. Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) Осы Бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі, сонымен бірге сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      18. Аттестаттарынан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімдері тоқтатыла тұрған немесе өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар есептердің орнына мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша есеп ұсынады.

      Аттестаттарынан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімдері тоқтата тұрған немесе өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сарапшы-аудитор атағы бар, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар есептердің орнына мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады.

      Сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.

      19. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      20. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды қайта аттестаттау аттестаттан айырылған күнінен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      22. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      24. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      _________________________________________________________________________

                              (аттестаттау органының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

                                    (аттестаттау бағыты)

      бойынша сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғадан ____________________________

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,

      жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)

      Өтінім

      __________________________________________________________________________

                              (аттестаттау бағыты)

      бойынша мені сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауды өтінемін.

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толығымен орындауға міндеттенемін. _______________ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы).

      20___жыл "___" ___________ (қолы)

      Қоса берілетін құжаттар:

      Қолы, күні

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Тағылымдамадан өткені туралы есеп

      ___________________________________________________________________

                  (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      _____________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

                                    (есептің мәтіні)

      Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (тағылымдамашы)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                        (тегі және аты-жөні) (қолы)

      Тағылымдама басшысының пікір-мінездемесі:

Бағалау саласы

Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)

Білімі:


Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізі


Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі негізін қалайтын нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары


Жұмыстар мен тексерістер жүргізу әдістері мен рәсімдері, тексерілетін нысандар сипаттамалары, оларды бағалау, есептер, қажетті құжаттар және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау


Білімді іс жүзінде қолдана білу


Жеке қасиеттерін іске асыру


Жалпы баға


      Тағылымдама жетекшісі

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), аттестаттың тіркеу нөмірі

      және берілген күні)

      _________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор ретіндегі лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)

      _________________________________________________________________________

      (тағылымдама басшысының қолы) (тағылымдама басшысының тегі және аты-жөні)

      Ұйым басшысы

      __________________________________________________________________________

                  (ұйым басшысының қолы) (ұйым басшысының тегі және аты-жөні)

      Мөрдің орны

      Ескертпе:

      Есеп мәтінінде:

      1) тағылымдамадан өткен күнді, тағылымдамадан өткен ұйымның атуын және мекежайын (Қазақстан Республикасының Аккредиттеу субъектілері тізбесінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі);

      2) жұмыстың қағидалары мен рәсімдерін айқындайтын қандай құжаттарға сәйкес жүргізілгенін;

      3) тексерілетін тексеру нысанының сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы шешімнің негізінде қабылданғаны туралы құжаттар көрсетілген жұмыстарды жүргізу тәртібі (сертификаттау/декларация рәсімдерінің қорытындысы, сынақ хаттамаларының және өзге құжаттардың нөмірлері);

      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешімді (тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы) көрсетеді.

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп

      _________________________________________________________________________

                              (аттестаттау бағыты)

      Тегі _____________________________________________________________________

      Аты __________________ Әкесінің аты (бар болған кезде) ________________________

      Аттестаты _________________________________________________________________

                              (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)

      20___ ж. "____" ______________ берілген № ____________________________________

      20___ ж. "____" ________ бастап 20__ ж. "___" __________ дейінгі есептік кезең

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар нәтижесі



      __________________________________________________________________________

                              (негізгі жұмыс орны)

      __________________________________________________________________________

                  (аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, жою туралы мәліметтер)

      ____________________________________ ______________________________________

                  (сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      ______________________________________ ___________________________________

                  (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

"Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі– портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтінімді тіркеген сәттен бастап − 6 (алты) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері электрондық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Сәйкестікті растау жөніндегі аттестатты алу үшін сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мына құжаттарды жолдайды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі – өтінім);
осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген сарапшы-аудиторларға өтініш берген жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – ақпарат нысаны);
мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелер саны мынадай:
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) - кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
кемінде жиырма жұмыс күн жалпы ұзақтығымен менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау аттестатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мыналарды ұсынады:
Өтініш;
жеке тұлғаның және мәліметтер нысаны;
саны мынадай есеп:
тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оның қатысуын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы бес есептердің (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайтын Қағидаларға сәйкес әртүрлі нысандар бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) электрондық көшірмелері аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі, сонымен бірге сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Сәйкестіктікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты

      _____________________________________________ сарапшы-аудиторлар тізілімінде

      20__ жылғы "___" _____________ № ____ болып тіркелген

      20__ жылғы "___" ______________ дейін жарамды

      Осы аттестат _________________________________________ сарапшы-аудиторларға

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама

      талаптарына сәйкестігін және ________________________________________________

      бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғанын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылғы "___" _______________________________ жөніндегі сарапшы-

      аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      _____________________________ ______________________________________

      (электронды цифрлық қолтаңба)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты

      ___________________________________________ сарапшы-аудиторлар тізілімінде

      20__ жылғы "___" _____________ № ____ болып тіркелген

      20__ жылғы "___" ___________ дейін жарамды

      Осы аттестат _______________________________________ сарапшы-аудиторларға

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама

      талаптарына сәйкестігін және ________________________________________________

      бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғанын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылғы "___" ____________________________ жөніндегі сарапшы-

      аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      ______________________________ _____________________________________

      (электронды цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

Сарапшы -аудиторларды аттестаттау бағыттары

      1. Өнімнің сәйкестігін растау:

      1) машина жасау;

      2) автокөлік құралдары;

      3) металлургия;

      4) радиотехника, электртехникалық және кабельдік өнімдер;

      5) электрондық және байланыс құралдары;

      6) бағдарламалық құралдар және деректер базасы;

      7) жеңіл өнеркәсіп;

      8) құрылыс материалдары, құрастырылымдар мен бұйымдар, ағаш өңдеу;

      9) жиһаз;

      10) тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісі;

      11) химия және тұрмыстық химия;

      12) парфюмериялық-косметикалық және санитариялық-гигиеналық мақсаттар;

      13) мұнай және оның тазартылған өнімдері;

      14) газ және оны қайта өңдеу өнімдері;

      15) қатты отын және оны қайта өңдеу өнімдері;

      16) қару-жарақ (қызметтік персонал, азаматтық) және оның патрондары;

      17) жарылғыш заттар мен олардан жасалған бұйымдар және олардың негізінде жасалған өзге де өнімдер;

      18) пиротехникалық;

      19) өрт қауіпсіздігі.

      2. Қызметтердің сәйкестігін растау:

      1) жанармай бекеттері мен мұнай өнімдері базалары;

      2) қонақ үй;

      3) тамақтану;

      4) шаштараздар;

      5) автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      6) туристік және көрікті жерлер;

      7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;

      8) құрғақ тазалау;

      9) жүк экспедициясы;

      3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.

      4. Қызметкерлердің сәйкестігін растау.

      5. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының немесе шетелдік тауарлардың мәртебесін айқындау.

      6. Процестің сәйкестігін растау:

      1) органикалық өнімдер өндірісі;

      2) халал өнідіріс.

      Ескертпе:

      1. Біртекті өнімдер тобын аттестаттау саласында сарапшы-аудиторлыққа үміткерлерге тағылымдамадан кем дегенде бес есеп, ал бұдан бұрын сертификатталған сарапшы-аудиторлар үшін ұсынылған тағылымдаманы немесе қызмет туралы есепті ескере отырып, кейіннен бағытты сертификаттаумен бірге өнім тобының бір аймағында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынылады.

      2. Аттестаттаудың жаңа бағыттары енгізілген кезде аттестаттаудың жаңа бағыты енгізілгенге дейін осы өнімнің сәйкестігін растауды жүзеге асырған, бұрын аттестатталған сарапшы-аудитордың практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі.

      3. Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттарды енгізу кезінде жаңадан аттестатталатын кандидаттар үшін жаңа стандарт енгізілгенге дейін қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асырған сарапшы-аудитордың практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі (егер сарапшы-аудитордың оқу (қайта даярлау) курстарынан өткендігі) немесе аттестаттау бағыты бойынша біліктілікті арттыру туралы құжаты болса).

      Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттарды енгізу кезінде бұрын ұсынылған бағытта аттестатталған сарапшы-аудиторлар үшін кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өту талап етіледі.

      Алғашқы қабылданған стандарттарды енгізген кезде (қолданысқа енгізу мерзімі 2 жылдан кем) енгізіліп жатқан стандарт бойынша оқудан өтуі және соңғы 5 жыл ішінде сарапшы-аудитор ретінде мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
1-қосымша

Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) айналымға шығару – өнімнің дайындаушыдан (импорттаушыдан) сатушыға және (немесе) тұтынушыға бастапқы ауысуы;

      2) ақпараттық-өлшеу жүйесі – қажетті түрде тұтынушыға ұсыну мақсатында өлшеу ақпаратын алу, оның түрленуі, өңдеу үшін функционалдық біріктірілген өлшеу, есептеу және басқа қосалқы техникалық құралдардың (оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізу) не бақылаудың, диагностиканың, сәйкестендірудің логикалық функцияларын автоматты жүзеге асыру жиынтығы;

      3) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау – айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);

      4) өлшем құралының типін бекіту – уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;

      5) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

      6) өлшем құралдарын сынау – сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы;

      7) өлшем құралының типі – өлшем құралдарын әзірлеу кезінде олардың жиынтығына тағайындалатын және өлшем құралдарының типін бекіту кезінде бекітілетін жалпылама анықтама;

      8) модификация – өлшем құралының кейбір метрологиялық немесе техникалық сипаттамаларын өзгертетін өндірушінің өлшем құралына енгізетін өзгерісі;

      9) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, метрологиялық аттестаттау тәртібі

      3. Заңның 17-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығар алдында типін бекiтуге жатады.

      Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелерінің негізінде қабылдайды және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.

      4. Сериялық өндірілетін өлшем құралдары типін бекітуге жатады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе партиялармен әкелінетін өлшем құралдары партияның типін бекітуге жатады.

      6. Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын бір данада айналымға шығарылған өлшеу құралдары үшін метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.

      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады.

      7. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, партияның типін бекіту және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО), оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.

      8. Сериялы өндірілетін өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау өндірілетін өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігіне жауапты өндірушінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдарын айналымға шығару кезінде іс-қимылды осы өндірушінің атынан құжаттамалық растау негізінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті өндірушісінің өтінімі бойынша жүргізіледі.

      9. Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынақ типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайларда:

      1) мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде жүзеге асырылған тексерулердің теріс нәтижелерінде;

      2) бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациясында.

      3) өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігінде.

      Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынау жүргізу кезінде, өлшем құралдарын модификациялау жағдайында уәкілетті орган МҒМО жүргізген өлшем құралдарын сынаудың оң нәтижелері негізінде сертификаттың бұрын берілген нөмірін, тіркеу нөмірін және сертификаттың қолданылу мерзімін сақтай отырып, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат береді.

      Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда өтініш беруші өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарына сынау жүргізу үшін МҒМО-ға өтінім жібереді.

      Белгіленген мерзімнен кейін өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім берген жағдайда өтініш беруші МҒМО-ға осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес типті бекіту мақсатында қайтадан сынақ өткізу үшін құжаттарды ұсынады.

      10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жүргізілген өлшем құралдарының сынақ нәтижелері мен типін бекітуді тану Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген "Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісім" шеңберінде өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификатпен куәландырылады.

      12. Өлшем құралдарының бекітілген типі, оның ішінде осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес тану рәсімі бойынша және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.

      13. Типін бекіту мақсатында сынақтар, метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде өлшем құралдарының метрологиялық маңызды бөлігін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету ҚР СТ 2.46 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Бағдарламалық қамтылым. Аттестаттау тәртібі. Жалпы ережелер" сәйкес аттестаттауға жатады.

      14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген).

      15. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде бекіту және тіркеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 тіркелген).

      16. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында, бекітілген типіне сәйкестігіне сынау ҚР СТ 2.21 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.21) сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақ жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға ҚР СТ 2.21 А қосымшасының нысаны бойынша өтінімді мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      2) ҚР СТ 2.21 және МСҰ 67 "Өлшем құралдарының ұлттық тізілімі үшін өлшем құралдарының типін сипаттау. Құрылуы, баяндалуы, ресімделуі және мазмұны" сәйкес нысан бойынша типтің сипаттама жобасы

      3) өтініш беруішінің ашық баспада типін сипаттауды жариялауға рұқсат ету туралы хаты;

      4) Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процесінде өлшем құралдарының салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтерді;

      5) ұсынылатын мерзімді салыстырып тексерудің негізділігін растайтын құжаттарды;

      6) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда) ұсынады.

      Жүргізілген сынақтардың қорытындылары бойынша МҒМО өтініш берушіге оң сынақ нәтижелері туралы актісін және өлшем құралдары типінің сипаттамасын жібереді.

      18. Өлшем құралдарының бекітілген типіне сәйкестігіне сынақ жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға ҚР СТ 2.21 А қосымшасы нысаны бойынша өтінімді мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) өлшем құралдарының типін сипаттауымен қоса типін бекіту туралы сертификат көшірмесі;

      2) типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау актісінің көшірмесі және егер олар жүргізілген болса, бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарын соңғы сынау актісі;

      3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      4) бағдарламалық қамтылымды аттестаттауды жүргізуге өтінім (қажет болған жағдайда).

      19. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау ҚР СТ 2.30 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі" (бұдан әр – ҚР СТ 2.30) өлшем құралдары үшін бірлі-жарым данада, оның ішінде нормаланғаннан ерекшеленетін жағдайлар мен режимдерде қолданылатын, не конструкциясына метрологиялық сипаттамаларға әсер ететін немесе жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленетін өзгерістер енгізілген сериялық шығарылымдардың бірлі-жарым даналарында жүзеге асырылады.

      20. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған өтінімді;

      2) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда);

      3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      4) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасын;

      5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасын (тізілімінде тіркелген салыстырып тексеру әдістемесі жоқ болған жағдайда).

      Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеу арналары үшін қосымша:

      1) жүйеге (кешенге) арналған техникалық құжаттар;

      2) метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеу арналарының тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеу арнасының құрамдас элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар ұсынылады.

      Жүргізілген метрологиялық аттестаттау қорытындысы бойынша өтініш берушіге эксперименттік зерттеулер хаттамасы және эксперименттік зерттеулер нәтижелері туралы хат жіберіледі.

      МҒМО өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелері ҚР СТ 2.30 сәйкес өлшем құралдарының қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.

      21. Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшеу құралдары бастапқы салыстырып тексеруге жатпайды. Кезекті салыстырып тексеру эксперименттік зерттеулер хаттамасы күнінен бастап салыстырып тексеру аралық интервалының өтуі бойынша жүргізіледі.

      22. Өлшем құралдарына арналған құжаттар, оның ішінде толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттары, сондай-ақ таңбалаудағы мәтін мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аударманың теңтүпнұсқалығымен ұсынылады.

      23. Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.81 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Типін бекіту мақсатындағы сынақтардың типтік бағдарламасы" сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Ақпараттық-өлшеу жүйелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.82 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі" сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

1-параграф. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      25. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуші ) көрсетеді.

      26. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы анықтама алу үшін мәліметтер толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне, процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      27. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      28. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      29. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты беру болып табылады.

2-параграф. "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      30. "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      31. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында 6-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      32. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      33. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      34. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру болып табылады.

3-параграф. Қорытынды ережелер

      35. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      37. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      38. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      39. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау сертификаты _______________________________________________________________________________ уәкілетті органның атауы ________________________________________________________________________________ МҒМО атауы Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы № СЕРТИФИКАТ

  Қазақстан Республикасының
өлшем бірлігін қамтамасыз
етудің мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде
20__ " ___"____________
№______________ тіркелген

      Осы сертификат метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері негізінде

      __________________________________________________________________________

      аттестатталған өлшем құралдарының атауы және түрі

      __________________________________________________________________________

      өндірушінің атауы

      _________________________________________________________________________

      өндірістің аумақтық орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      зауыттық нөмірі

      Қазақстан Республикасында айналымға шығаруға жіберілгенін куәландырады .

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі ________________

      Салыстырып тексеру мерзімділігі ____________________________________

      Зерттеу нәтижелері осы сертификатқа қосымшада келтірілген

      (20____ жылғы "____"_______________ ____хаттама).

      ______________________ ________________________ _________________________

      мемлекеттік ғылыми метрологиялық       қолы                   тегі,аты-жөні

      орталық басшысының лауазымы

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификат ________________________________________________________________________________ уәкілетті органның атауы Өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы № СЕРТИФИКАТ

  Қазақстан Республикасының
өлшем ірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде
20__ " ___"____________
№______________ тіркелген
20__ жылғы "__"___ дейін
жарамды

      Осы сертификат

      ________________________________________________________________________

      аумақтық орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      өндірушінің атауы

      өндірген

      ________________________________________________________________________

      өлшем құралдарының атауы

      __________________________________________________________________________

      типтің белгіленуі

      типі ______________________________________________________________________

      импорттаушы елдің метрология жөніндегі ұлттық органының атауы

      сынақ нәтижелерін тану және осы типті бекіту негізінде Қазақстан Республикасында

      айналымға шығаруға рұқсат берілгендігін куәландырады.

      ______________________ _______________________ ________________________

      Уәкілетті орган             электрондық цифрлық қолтаңба аты-жөні, тегі

      басшысының қолы

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алу үшін мәліметтер

      Сертификат түрі*: Қарапайым / Партия үшін

      Өлшем құралдарының атауы (орыс тілінде)*:_______________________________

      Өлшем құралдарының атауы (қазақ тілінде)*:______________________________

      Өлшем құралдарының типін белгілеу (орыс тілінде)*:_______________________

      Өлшем құралдары типін белгілеу (қазақ тілінде)*:__________________________

      Зауыттық нөмірлер (зауыттық нөмірлер диапазоны)**: ______________________

      Өндірушінің атауы (орыс тілінде)*:_______________________________________

      Өндірушінің атауы (қазақ тілінде)*:_______________________________________

      Шығарылған елі*:______________________________________________________

      Аумақтық орналасқан жері (орыс тілінде)*:________________________________

      Аумақтық орналасқан жері (қазақ тілінде)*:________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________

      Үлгі сипаттамасын ашық баспада жариялауға рұқсат ету*:___________________

      Ескертпе:

      * – міндетті толтыруға арналған жол

      ** – өлшем құралдары партиясының түрін бекіту туралы сертификатты алу үшін толтырылады

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
4-қосымша

"Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін мәліметтер

      Аттестатталған өлшем құралдарының атауы және түрі

      (орыс тілінде)*:___________________________________________________________

      Аттестатталған өлшем құралдарының атауы мен түрі

      (қазақ тілінде)*:___________________________________________________________

      Зауыттық нөмірі (орыс тілінде)*:________________________________________

      Зауыттық нөмірі (қазақ тілінде)*:________________________________________

      Өндірушінің атауы (орыс тілінде)*:______________________________________

      Өндірушінің атауы (қазақ тілінде)*:______________________________________

      Аумақтық орналасқан жері (орыс тілінде)*:_______________________________

      Аумақтық орналасқан жері (қазақ тілінде)*:_______________________________

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі (орыс тілінде)*:______

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі (қазақ тілінде)*:_____

      Тексеру кезеңділігі (орыс тілінде)*:______________________________________

      Тексеру кезеңділігі (қазақ тілінде)*:______________________________________

      Эксперименттік зерттеулер нәтижелері хаттамасының күні *: ________________

      Эксперименттік зерттеулер нәтижелері хаттамасының нөмірі *: ______________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID) *: ____________________________________________

      ҚР МӨЖ тізіліміндегі тіркеу нөмірі (сертификат жоғалған жағдайда толтырылады):

      _______________________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
6-қосымша

"Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚазМетрИн)" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекстің және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 28-29-99, 28-29-59.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
2-қосымша
  нысаны

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат ________________________________________________________________________________ уәкілетті органның атауы Өлшем құралдарының типін бекіту туралы № СЕРТИФИКАТ

  Қазақстан Республикасының
өлшембірлігін қамтамасыз
етудің мемлекеттікжүйесінің
тізілімінде
20__ " ___" ____________
№ ______________ тіркелген
20__ жылғы "__"___ дейін
жарамды

      Осы сертификат сынақтардың оң нәтижелері негізінде

      __________________________________________________________________________

      өндірістің аумақтық орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      өндірушінің атауы

      өндірген

      __________________________________________________________________________

      типінің белгіленуі

      _________________________________________________________________________

      өлшем құралының атауы

      __________________________________________________________________________

      зауыттық нөмірлер (зауыттық нөмірлер диапазоны)**

      тип бекітілгенін куәландырады және Қазақстан Республикасында айналымға

      шығарылғанын куәландырады.

      _______________________                   ___________________________

      уәкілетті органның басшысы                         қолы

      Ескертпе:

      * – өлшем құралдарының типін бекіту кезінде толтырылады

      ** – өлшем құралдары партиясының типін бекіту кезінде толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Өлшемдерді орындау
әдістемелерін және өлшемдерді
орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу,
метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркеу
және
"Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының
елдерінде әзірленген және
аттестатталған өлшемдерді
орындау әдістемесін тіркеу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысаны

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу" мемлекеттік қызметін алу үшін мәліметтер

      Өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы (орыс тілінде)*:________________________

      Өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы (қазақ тілінде)*:_______________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:__________________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Өлшемдерді орындау
әдістемелерін және өлшемдерді
орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу,
метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркеу
және
"Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік өлшемдер жүйесі
тізілімінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының
елдерінде әзірленген және
аттестатталған өлшемдерді
орындау әдістемесін тіркеу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу" мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесі тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) өлшемді орындау әдістемесіне (бұдан әрі – ӨОӘ) тіркеу нөмірін беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу" мемлекеттік қызметті алу үшін порталда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 933 бұйрығымен
бекітілген

Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 23) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандартты үлгінің типін бекіту және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) мемлекетаралық стандартты үлгі – сипаттамалары мемлекетаралық стандартты үлгі ретінде танылған 2006 жылы 24 маусымда Қазан қаласында қабылданған Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілерін құру және қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің ұлттық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік береді;

      2) стандартты үлгі – өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);

      3) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3. Заңның 11-2-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатады.

2-тарау. Стандартты үлгінің типін бекіту және стандартты үлгінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін тіркеу тәртібі

      4. Стандартты үлгінің типін бекіту туралы шешімді Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізетін метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде уәкілетті орган қабылдайды және "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер" МЕМСТ 8.315 (бұдан әрі – МЕМСТ 8.315) белгіленген нысан бойынша стандартты үлгінің типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.

      5. Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) стандартты үлгінің атауын, мақсатын және қолдану саласын көрсете отырып өтінішті;

      2) стандартты үлгіні әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы (бұдан әрі - ТТ);

      3) ТТ барлық тармақтары бойынша жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ғылыми-техникалық есепті;

      4) өлшем құралдарын салыстырып тексеруді және/немесе аттестатталған мәндерді анықтау үшін пайдаланылған өлшемдерді орындау әдістемесін аттестаттауды растайтын құжаттардың көшірмелері немесе деректемелері;

      5) МЕМСТ 8.315 сәйкес стандартты үлгінің типін сипаттау жобаларының екі данасы, стандартты үлгінің паспорты, стандарты үлгінің затбелгісі;

      6) стандартты үлгінің бір данасы немесе оның фотосуреті.

      6. Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама кезінде МҒМО:

      1) стандартты үлгінің техникалық және метрологиялық сипаттамаларының ТТ талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      2) МЕМСТ 8.315 талаптарына сәйкес стандартты үлгіге арналған ТТ ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын бағалауды;

      3) "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары" МЕМСТ 8.009 және "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Шама бірліктері" МЕМСТ 8.417 сәйкес метрологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын тексеруді;

      4) Халықаралық бірліктер жүйесіне, ұлттық эталондарға және (немесе) шама бірліктерінің халықаралық эталондарына не өлшемдерді орындаудың бастапқы референттік әдістемелеріне метрологиялық бақылап тексеру қамтамасыз етілетін шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын, бекітілген типтердің стандартты үлгілерін, өлшемдерді орындау әдістемелерін зерттеу кезінде әзірлеу барысында тексеруді;

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған басқа елдердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына дейін бақылап тексеруді қамтамасыз етуге рұқсат етіледі;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 тіркелген) бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіпте аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелерін пайдалануды тексеруді;

      6) МЕМСТ 8.315 – талаптарына сәйкес зертханааралық аттестаттау нәтижелерін қарауды;

      7) стандартты үлгіні дайындаудың есептік-эксперименттік рәсімін қарауды жүзеге асырады.

      7. МҒМО стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттардың метрологиялық сараптамасының оң нәтижелері кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде сараптамалық қорытындыны және стандартты үлгі типінің бекітілген сипаттамасын өтініш берушіге жібереді.

      МҒМО метрологиялық сараптаманың теріс нәтижелері кезінде ескертулерді жою туралы ұсынымдарымен сараптамалық қорытындыны жібереді және құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.

      8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте өндірілген стандартты үлгілер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.

      9. Мемлекетаралық стандартты үлгілер Келісімге және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 9 хаттамасымен қабылданған мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.

      10. Шетелде шығарған стандартты үлгілер ҚР СТ 2.79 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Шетелде шығарылған заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Қолдануға жіберу тәртібі. Негізгі ережелер" сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.

      11. Бекітілген типтің стандартты үлгісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 тіркелген) бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі.

3-тарау. "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

1-параграф. "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызметті беріші) көрсетеді.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушімен "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға сертификат алу үшін мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадаға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға арналған куәлікті беру болып табылады.

2-параграф. "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      17. "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ) көрсетеді.

      18. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту сертификатын алу үшін мәліметтер толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" нысанында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      19. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық мәліметтер түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадаға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын мемлекеттік стандарт үлгісін бекіту туралы сертификаттын беру болып табылады.

3-параграф. Қорытынды ережелер

      22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      23. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      24. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Стандартты үлгінің типін бекіту
және өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және
"Шетелде шығарылған
стандарттық үлгіні қолдануға
рұқсат ету" және "Мемлекеттік
стандарттық үлгісін бекіту"
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға куәлік алу үшін мәліметтер

      Дайындаушы фирманың атауы (орыс тілінде)*:____________________________

      Дайындаушыфирманың атауы (қазақ тілінде)*:____________________________

      Стандарттық үлгінің атауы, типі (орыс тілінде)*:____________________________

      Стандарттық үлгінің атауы, типі (қазақ тілінде)*:___________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Стандартты үлгінің типін бекіту
және өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және
"Шетелде шығарылған
стандарттық үлгіні қолдануға
рұқсат ету" және "Мемлекеттік
стандарттық үлгісін бекіту"
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 215 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Стандартты үлгінің типін бекіту
және өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және
"Шетелде шығарылған
стандарттық үлгіні қолдануға
рұқсат ету" және "Мемлекеттік
стандарттық үлгісін бекіту"
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификатты алу үшін мәліметтер

      Әзірлеуші ұйымның БСН*:______________________________________________

      Әзірлеуші ұйымның атауы *:____________________________________________

      Стандарттық үлгінің атауы (орыс тілінде)*:________________________________

      Стандарттық үлгінің атауы (қазақ тілінде)*:________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Стандартты үлгінің типін бекіту
және өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және
"Шетелде шығарылған
стандарттық үлгіні қолдануға
рұқсат ету" және "Мемлекеттік
стандарттық үлгіні бекіту"
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
4-қосымша

"Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Типін бекіту туралы сертификат алу үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаладың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 14 қыркүйегі
№ 197-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11764 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қыркүйекте № 174 (28050) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);

      2. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12120 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1151 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12899 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 100 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13243 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 212 бұйрығы (Қазақстан Республикасы құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13528 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпапаттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрықтың (Қазақстан Республикасы құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15774 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 11-тармағы;

      7. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 945 бұйрығы (Қазақстан Республикасы құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18104 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 14 қаңтарда жарияланған);

      8. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18752 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 11 маусымда жарияланған);

      9. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму м.а. атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 391 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18842 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 24 маусымда жарияланған);

      10. "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19468 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 15 қазанда жарияланған).