РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа қосымшаға өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілді |
Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 20) тармақшаларына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Салыстырып тексеруге Заңның 6-2- бабаның 18) тармақшасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру және оларға қойылатын метрологиялық талаптардың қағидаларына сәйкес метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдары жатады.
3. Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдарына, олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан және айналымға шығарылу алдында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі), жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалану кезеңінде салыстырып тексеру жасалады.
4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар ҚР СТ 2.4 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібінде" белгіленген.
5. Өлшем құралдары мынадай салыстырып тексеру түрлеріне жатады: бастапқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық және сарапшы.
6. Бастапқы салыстырып тексеруге ҚР СТ 2.21 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібіне" сәйкес типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтан немесе ҚР СТ 2.30 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібіне" сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай-ақ өндірістен және жөндеуден кейін шығарылатын өлшем құралдары жатады.
7. Мерзімді салыстырып текеруге пайдаланудағы өлшем құралдары жатады.
8. Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралдарын пайдалану (сақтау) кезінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін, мынадай:
кезеңділігін түзету қажеттілігі;
өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі;
салыстырып тексеру таңбасының бедері, өздігінен желімделетін лейблдің, пластикалық пломбаның зақымдануы немесе өлшем құралдарының бастапқы немесе мерзімді салыстырып тексеруден өткендігін растайтын, соның ішінде оларды сақтау кезінде құжаттың жоғалуы;
өлшем құралдарын немесе құрамында өлшем құралдары бар бұйымдарды консервациялауға қойылатын талаптарға байланысты, сақталғаннан кейін мерзімді салыстырып тексеруді жүргізу мүмкін болмайтын өлшем құралдарын пайдалануға енгізу;
өлшем құралдарын, сондай-ақ жиынтығында өлшем құралдары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялау жағдайларында жүргізеді.
9. Өлшем құралдарын инспекциялық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының жарамдылығын, соңғы салыстырып тексеру нәтижелерінің дұрыстығын, қабылданған кезеңділікті нақтылау мен пайдаланудың дұрыстығын белгілеу үшін мемлекеттік метрологиялық бақылауды және метрологиялық бақылауды жүзеге асырған кезде жүргізеді.
10. Сараптамалық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары, дұрыстығы және олардың пайдалануға жарамдылығы бойынша даулы мәселелер туындағанда жүргізеді.
11. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін белгілеу осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.
12. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеру үшін қолданылатын шама бірліктері эталондарын, салыстырып тексерілетін өлшем құралдарын бекітетін Заңның 6-2-бабының 22) тармақшасына сәйкес Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шама бірліктерінің эталондарына дейін, ал олар болмаған жағдайда баламалық дәрежесі 1875 жылғы 20 мамырдағы Метрлік конвенциямен бекітілген, "Метрлік Конвенцияға қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы № 557 қаулысымен қабылданған Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының негізгі салғастырулар дерекқорында расталған өзге мемлекеттердің ұлттық шама бірліктерінің эталондарына бақылап тексеру қамтамасыз етілуі тиіс.
2-тарау. Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу тәртібі
13. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді шарттық талаптарда өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың аттестатталған салыстырып тексерушілері (бұдан әрі – салыстырып тексеру зертханасы) жүзеге асырады. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстардың құнын белгілеу кезінде ҚР СТ 2.48 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Салыстырып тексеру жұмыстарының құнын анықтау тәртібі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге типтік уақыт нормаларында" келтірілген талаптар мен нормалар қолданылады.
14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралы иесінің (пайдаланушының), өлшем құралдарын дайындаушының, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – өтініш берушілер) өтінімі негізінде жүргізіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 30.06.2021 № 438-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру:
заңды тұлғаның стационарлық немесе жылжымалы салыстырып тексеру зертханаларында;
тікелей өлшем құралдарының орналасқан жерлерінде (оларды дайындау, жөндеу немесе пайдалану орындарында) жүргізіледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді оларды пайдалану жерлерінде жүзеге асырған кезде өтінім беруші салыстырып тексеру үшін жағдай жасайды (салыстырып тексерушіге тиесілі мамандар мен салыстырып тексеру жабдықтарын салыстырып тексеру, жөндеу орнына және кері жеткізу, салыстырып тексеру жүргізу үшін қажетті үй-жайлар мен қосалқы қызметкер бөлінеді, қажет болған жағдайларда жабдықтар мен қосалқы құралдарды сақтау қамтамасыз етіледі, қауіпсіз жағдайлар, желілерге қосылу және қажетті техникалық құжаттама қамтамасыз етіледі).
16. Бастапқы салыстырып тексеруге өлшем құралдарының әрбір бірлігі жатады. Салыстырып тексеру әдістемелерінде көзделген жекелеген жағдайларда өлшем құралдарын іріктеп салыстырып тексеруге рұқсат етіледі. Өлшем құралдарын іріктеп салыстырып тексеру кезінде тиісті ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарын басшылыққа алады.
17. Өлшем құралдары салыстырып тексеруге іске қосылған, шаңнан тазартылған, өлшем құралдарының төлқұжатымен, техникалық сипаттамасымен, пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен, салыстырып тексеру әдістемесімен және салыстырып тексеру туралы сертификатымен (бар болса) бірге, сондай-ақ қажетті жиынтық құрылғыларымен ұсынылады.
18. Егер өлшем құралы шамалардың аз санын немесе ол арналғаннан өлшемдер ауқымдарының аз санында өлшеу үшін қолданылатын болса, онда өтініш берушінің талабы бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеруді шектеулі ауқымда немесе шамалар ауқымдарының қолданылатын саны үшін өткізуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда өтініш беруші өлшем құралына олардың қолданылу саласын айқындайтын айқын жазба немесе шартты белгіні басуы қажет.
19. Салыстырып тексеру зертханасы салыстырып тексеруді толық көлемде жүргізуі мүмкін болмайтын өлшем құралдарын күрделі салыстырып тексерулерде, ұлттық стандартта белгіленген талаптарға сәйкес басқа салыстырып тексеру зертханасын салыстырып тексеруге тартуға рұқсат етіледі.
20. Өлшем құралдарын бастапқы, мерзімді және кезектен тыс салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу өлшем құралдарының типін бекітуге арналған сынау және метрологиялық аттестаттау рәсімі кезінде ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасының тиісті бөліміне басылатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен, сондай-ақ осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты берумен куәландырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзімі өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін есепке алып көрсетіледі.
Егер өлшем құралы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жарамсыз деп танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексеру таңбасының бедері өшіріледі және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, қолданыстығы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың күші жойылады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданысқа жарамсыздығы туралы хабарлама жазылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 30.06.2021 № 438-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Салыстырып тексеру аяқталғаннан кейін аккредиттелген салыстырып тексеру зертханасына ресімделген сертификаты немесе жарамсыздығы туралы хабарламасы бар өлшем құралын өтініш берушіге береді, сонымен бірге Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі – МҒМО) Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 болып тіркелген) бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есепке алу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру қағидаларында белгіленген тәртіпте салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыру үшін салыстырып тексерілген өлшем құралы туралы мәліметтерді береді.
22. Өлшем құралдарының жарамдылығын, соңғы салыстырып тексеру нəтижелерінің дұрыстығын белгілеу, қабылданған мерзімділікті нақтылау және оларды пайдаланудың дұрыстығын белгілеу үшін мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізілген инспекциялық салыстырып тексеру нәтижелерін ерікті нысандағы актіде көрсетеді.
23. Метрологиялық сипаттамалар бойынша, өлшем құралдарының жарамдылығы және өлшем құралдарының пайдалануға жарамдылығы және өлшем құралдарын пайдаланудың дұрыстығы туралы даулы мәселелер туындаған кезде мемлекеттік органдардың немесе заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша өткізілетін сараптамалық салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша үш данада қорытынды жасалады, оны салыстырып тексеру зертханасының басшысы бекітеді.
24. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жүргізілген өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін тану 2016 жылғы 18 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген "Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімге" мүше мемлекетінде жүргізілген өлшем құралдарын салыстырып тексеруді тану.
26. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді (калибрлеуді) жүзеге асыратын шетелдік фирмалардың зертханалары немесе өзге де бөлімшелері жүргізетін өлшем құралдарын бастапқы тексеруді тану ҚР СТ 2.40 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Шетелдік метрологиялық ұйымдармен өткізілетін өлшем құралдарын алғашқы салыстырып тексеру (калибрлеу) нəтижелерін тану тəртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатта қателер (жаңылыстар) анықталған жағдайда, алмастырылатын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, оны ауыстыруға рұқсат етіледі.
3-тарау. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібі
27. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігі (алғашқы мән) типін бекіту мақсатына арналған сынақтар жүргізу немесе метрологиялық аттестаттау кезінде белгіленеді.
28. Бір типті өлшем құралдарының топтары үшін салыстырып тексеру кезеңділігін айқындаған кезде осы топтың барлық өлшем құралдарына арналған салыстырып тексерулер арасындағы бірыңғай аралықтар (салыстырып тексеру арасындағы аралық) тағайындалады.
29. Бірыңғай салыстырып тексеру арасындағы аралық ҚР СТ 2.44 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеру арасындағы аралықтарды анықтау" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.44) сәйкес белгіленеді.
30. Салыстырып тексерудің мерзімділігін тағайындау кезінде екі түрдің өлшемшарттары – өлшем құралдарының метрологиялық сенімділігінің (тұрақсыздығының) нормаланатын көрсеткіштері және өлшем құралдарын пайдаланудың ең жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін салыстырып тексеру кезеңділігі оңтайлылығының экономикалық өлшемшарттары қолданылады.
Салыстырып тексерудің мерзімділігін айқындауға арналған өлшемшарттар ҚР СТ 2.44 стандартында келтірілген.
31. Өлшем құралдарын пайдалану кезінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін ескере отырып, МҒМО-ның, мүдделі заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарының негізінде уәкілетті орган түзетуі мүмкін салыстырып тексеру мерзімділігіне өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
32. Салыстырып тексеру мерзімділігінің мәнін метрологиялық сипаттамаларының өзгеруі ескіруіне байланысты негізделетін (өлшем құралдарын пайдалану қарқындылығына байланысты емес) өлшем құралдары үшін күнтізбелік уақытта және метрологиялық сипаттамаларының өзгеруі өлшем құралдары элементтерінің тозу салдарынан болып табылатын (пайдалану қарқындылығына байланысты) өлшем құралдары үшін атқарылған жұмыс мәндерінде белгілейді.
Салыстырып тексеру мерзімділігінің мәні:
1 жылға дейін – айларда (пайдалану немесе атқарым) 0,25; 0,5; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12 қатарынан;
12 айдан жоғары – жылдарда белгіленеді.
33. Салыстырып тексерудің мерзімділігін тағайындау соңғы салыстырып тексеру сәтінен бастап өткен уақытқа (атқарымға) өлшем құралдарының дәлдік немесе метрологиялық сенімділік көрсеткіштерінің тәуелділігін үлгілеу негізінде жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының өзгерістерін үлгілеу кезінде заңды тұлға ҚР СТ 2.44 ережелерін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 30.06.2021 № 438-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аккредиттеу белгісі*
____________________________________________________________
(заңды тұлғаның салыстырып тексеру зертханасы бөлімшесінің атауы)
_______________________________________________________________________
(аккредиттеу аттестататының нөмірі)
№**______ сертификат
Салыстырып тексеру туралы ______________________________________
(өлшем құралының атауы)
Типі ___________________________________________________________
зауыттық нөмірі _________________________________________________
_______________________________________________________________
(өлшем құралының өлшеу диапазоны)
Дайындаушы _________________________
Дайындау күні ________________________
Пайдаланушы ____________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
заңды тұлғалар үшін атауы және мекенжайы)
Салыстырып тексеру _____________________________________________
_________________________________________________________ сәйкес
(салыстырып тексеру әдістемесінің белгіленуі мен атауы)
________________________________________________________________
(шама бірлігі эталонының белгіленуі, зауыттық нөмірі, метрологиялық сипаттамалары)
шама бірліктерінің эталондарын пайдалана отырып жүргізілді.
Салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде өлшем құралы жарамды деп
танылды және _____________________________________ сыныбы бойынша
_____________________________________ ретінде қолданысқа жіберілді.
Динамикалық бақылап тексеру коды (ДБК): __________________________
Салыстырып тексеру күні 20__жылғы "___"_______
20 __ жылғы "___"___________ дейін қолданылады.
Бөлім (зертхана) басшысы _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Салыстырып тексеруші _____________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Салыстырып тексеру таңбасының бедері ***
Ескертпе:
* Аккредиттеу белгісін аккредиттеу жөніндегі орган ұсынады;
**Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген, Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) берілген салыстырып тексеру зартханаларының шифрін, 2.42-2002 "ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу" ұлттық стандартына және сәйкес өлшем түрлерінің нөмірін және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың реттік нөмірін қамтиды;
*** Қағидаларға сәйкес екі еселік QR-коды.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге өтінім
Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 30.06.2021 № 438-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш берушінің заңды мәртебесі*:
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Толық атауы | Есеп айырысу шоты | Банктік сәйкестендіру коды | Телефон нөмірі | Веб-сайт | Электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басшы туралы мәліметтер*:
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Лауазымы | Ұялы телефон | Электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өтініш беруші туралы мәліметтер**:
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Ұялы телефон | Электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өлшеу құралы туралы мәліметтер:
Өлшеу құралының атауы | Өлшеу құралының түрі | Өлшем құралдарын пайдаланушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Өлшем құралын пайдаланушының атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Өлшеу құралы пайдаланушысының мекен-жайы | Дайындалған ел | Дайындалған жылы | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қосымша: пайдалану құжаттамасы
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің қолтаңбасы:_______
Өтініш берушінің қолтаңбасы қол қойылған күні мен уақыты: ___.
Ескертпе:
* деректерді заңды тұлғалар ұсынады;
** деректерді жеке тұлғалар ұсынады.
Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарының салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат | |
нысанына 2-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 30.06.2021 № 438-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________ (заңды тұлғаның салыстырып тексеру зертханасы бөлімшесінің атауы) ____________________________________________________________ (аккредиттеу аттестатының нөмірі) Қолданысқа жарамсыздығы туралы ХАБАРЛАМА № 1 ______
Өлшем құралы (шама бірлігінің эталоны) _____________________________________
(атауы, типі, белгіленуі)
Зауыттық нөмірі __________________________________________________________
___________________________________________________________________ тиісті
(заңды (жеке) тұлғаның атауы)
________________________________________________________________________
салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде қолданысқа жарамсыз деп танылды.
Жарамсыздық себебі:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Бөлім (зертхана) басшысы ___________ ____________________________________
(қолы) (аты, тегі)
"Жарамсыз" белгісі бар мөртабан:
Салыстырып тексеруші __________ ___________________________________
(қолы) (аты, тегі)
"___"______________ 20__ж.
___________________________________
1Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің - орынбасары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 нөмірмен тіркелген), Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелеріне сәйкес берілген салыстырып тексеру зартханаларының шифрін қамтиды, 2.42-2002 "ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу" ұлттық стандартына және Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың реттік нөміріне сәйкес өлшем түрлеінің нөмірі.