"Техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 мамырда № 18752 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 197-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12120 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "Электрондық үкімет" (бұдан әрі – Портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе сертификаттың телнұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11764 болып тіркелген) "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінішті ұсынуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті отыз минут ішінде қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір сағат ішінде өтінішті тіркеп, оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін айқындайтын, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына (басшы болмаған жағдайда) береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне екі сағат ішінде жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және оған өтінішті отыз минут ішінде береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішке метрологиялық сараптама жүргізеді:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді;

      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, сертификат жобасын ресімдейді, сертификатқа бес сағат ішінде сертификаттың телнұсқасының жобасын ресімдеуді қоспағанда, жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі тізілімінің (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу нөмірін береді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы төрт сағат ішінде метрологиялық сараптама нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысымен келіседі;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда) сертификат жобасына немесе сертификаттың телнұсқасына қол қояды;

      8) құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері сертификатты немесе сертификаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорация қызметкеріне бір жұмыс күні ішінде қолма-қол береді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті отыз минут ішінде қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір сағат ішінде өтінішті тіркеп, оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін айқындайтын, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына (басшы болмаған жағдайда) береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне екі сағат ішінде жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және оған өтінішті отыз минут ішінде береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішке метрологиялық сараптама жүргізеді:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді;

      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, сертификат жобасын ресімдейді, сертификатқа бес сағат ішінде сертификаттың телнұсқасының жобасын ресімдеуді қоспағанда, жеті жұмыс күні ішінде ҚР МӨЖ тізілімінің тіркеу нөмірін береді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы төрт сағат ішінде метрологиялық сараптама нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысымен келіседі;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда) сертификат жобасына немесе сертификаттың телнұсқасына қол қояды;

      8) құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері сертификатты немесе сертификаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорация қызметкеріне бір жұмыс күні ішінде қолма-қол береді.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" (бұдан әрі – Портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір сағат ішінде өтінішті тіркеп, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің құжаттардың толықтығын тексеретін жауапты орындаушысын айқындайды және оған өтінішті бір сағат ішінде береді;

      4) жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде лицензияны ресімдейді немесе лицензияны қайта ресімдейді;

      бас тартуға негіз болған жағдайда, жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден негізделген бас тартуға дайындықты қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен бір сағат ішінде келіседі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) үш сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті Порталда тіркеуі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) Порталдағы қарары;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қарары;

      4) жауапты орындаушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келіседі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір сағат ішінде өтінішті тіркеп, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысынның орынбасары (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) келіп түскен өтінімді екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы келіп түскен өтінімді жауапты орындаушыға бір сағат ішінде береді;

      4) жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде лицензияны ресімдейді немесе лицензияны қайта ресімдейді;

      бас тарту үшін негіз болған жағдайда жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келісу;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары (қызмет бағыттары бойынша жетекшілік ететін) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны үш сағат ішінде Порталға жібереді.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 және 3-қосымшалар алып тасталсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одақ тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау
1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одақ тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша";

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 329 бұйрығына
1-қосымша
  "Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде "Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 329 бұйрығына
2-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын жасау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 329 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 880 бұйрығына
7-қосымша

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және портал арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі –Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ) өлшемдерді орындау әдістемесін (бұдан әрі – ӨОӘ) тіркеу нөмірін беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің (іс-қимылның) басталуына негіз "Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11764 болып тіркелді), "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) қоса берілген құжаттары бар өтінішінің (бұдан әрі – құжат) болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері отыз минут ішінде өтінішті қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір сағат ішінде өтінішті порталда тіркейді, оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтайтын, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына (басшы болмаған жағдайда) береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда) екі сағат ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы отыз минут ішінде жауапты орындаушыға өтінішті береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішке метрологиялық сараптама жүргізеді:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді;

      ұсынылған құжаттар Стандарттың талаптарына сәйкес болған жағдайда, сегіз жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарау және ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ-сін тіркеу нөмірін беру;

      6) метрологиялық сараптама нәтижелерін төрт сағат ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;

      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының (басшы болмаған жағдайда) бір жұмыс күні ішінде ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеуге қол қоюы.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) өтініштерді қабылдау, порталда тіркеу және оны көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе (басшы болмаған жағдайда) оның орынбасарына беру;

      2) өтінішке көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның орынбасарының (басшы болмаған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесіне қарауға беру үшін қарары;

      3) өтінішке көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесі басшысының көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарауға беруге қарары;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының өтінішке метрологиялық сараптама жүргізуі:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді;

      ұсынылған құжаттар стандарт талаптарына сәйкес болған жағдайда, алынған құжаттарды қарайды және ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеу нөмірін беру;

      5) жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысымен метрологиялық сараптама нәтижесін келіседі және оны төрт сағат ішінде порталға жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының (басшы болмаған жағдайда) ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеуге қол қоюы.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері отыз минут ішінде өтінішті қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір сағат ішінде өтінішті порталда тіркейді, оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін айқындайтын, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына (басшы болмаған жағдайда) береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары (басшы болмаған жағдайда) екі сағат ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы өтінішті отыз минут ішінде жауапты орындаушыға береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішке метрологиялық сараптама жүргізеді:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді;

      ұсынылған құжаттар Стандарттың талаптарына сәйкес болған жағдайда, сегіз жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ-сін тіркеу нөмірін береді;

      6) метрологиялық сараптама нәтижелерін төрт сағат ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;

      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының (басшы болмаған жағдайда) бір жұмыс күні ішінде ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеуге қол қоюы.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында келтірілген.

  "Қазақстан Республикасы
өлшемдердің мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы
елдерінде әзірленген және
аттестатталған өлшемдерді
орындау әдістемелерін тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы