Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2016 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2015 жылғы  30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1121 қаулысымен    
бекітілген       

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2016 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2015 жылғы 19 қарашадағы шығ. № 20336/3дснг):
      1) 2016 – 2025 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық ғарыштық бағдарламасы, «2012 – 2020 жылдарға арналған ГЛОНАСС жүйесін ұстау, дамыту және пайдалану» федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалары шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2016 жылға арналған жоспарымен;
      2) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2016 жылға арналған жоспарымен келіседі.