Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.09.2023 № 377 (04.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі КЕЛІСІЛДІ |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі КЕЛІСІЛДІ |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамызы № 345 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12521 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"7. Кодекстің 133-бабы 4-тармағына сәйкес жәрдемақы:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
4) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынуы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;
5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін;
6) жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.
Егер еңбекке қабілетсіздік демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасатын болса, онда жәрдемақы жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап беріледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты жұмыс берушіге еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақта белгіленген жұмысқа шығатын күні немесе жұмысқа қабілетсіздігі аяқталғанға дейін ұсынады.".
2. "Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96731 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:
9-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Еңбек кодексіне сәйкес берілген сүттің және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киімнің және басқа да жеке қорғану құралдарының құны;".
3. "Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12601 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларында:
1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай мазмұнда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібі";
6 және 7-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:
"6. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтінім-декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға жібереді.";
7. "Еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган декларация қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде қабылданған шешім туралы хабарлама алады.";
10-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды қалыптастырған кезде ескеріледі.
Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қорытынды ережелер".
4. "Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12597 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай реакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормалары бекітілсін.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімі, әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шектi нормалары";
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімі".
5. "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12696 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурсты (бұдан әрі – конкурс) бос лауазымы және (немесе) уақытша бос лауазымы бар қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ұйым) ұйымдастырады және өткізеді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Азаматтық қызметке кіру";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілердің лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ұйым басшысы айқындайтын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға жүзеге асырылады.";
7-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ұйымда азаматтық қызметшінің бос лауазымы бар болған жағдайда, тиісті ұйым құжаттарды қабылдау уақыты аяқталғанға дейін 15 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында, тиісті саланың (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органының немесе ұйымның интернет ресурсында хабарландыру орналастырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұрады:
1) конкурс өткізетін ұйымның атауы, оның мекенжайын, поштаорналасқан орнын, телефон және факс нөмірлерін, электронды мекенжайын көрсете отырып;
2) негізгі функционалдық міндеттерін, еңбек ақы көлемі мен шарттарын белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;
5) қажетті құжаттардың тізімі;
6) әңгімелесуді өткізу орны.
Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізіліп жатса, бұл шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Тараптардың келісуі бойынша әңгімелесу бейнебайланыстың қашықтық құралдары арқылы өтеді.".
6. "Еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1018 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12634 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек төрелігі туралы үлгілік ережеде:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Еңбек төрелігінің міндеттері мен функциялары";
"3-тарау. Еңбек төрелігін құру тәртібі";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады.
Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұрады.
Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы қосылады.
Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша талаптарын қарау кезінде татуластыру комиссиясының мүшелері еңбек төрелігінің құрамына кірмейді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ұжымдық еңбек дауын қарау рәсімі".
7. "Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12747 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережеде:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Қызметтің негізгі міндеттері";
"3-тарау. Қызметтің құқықтары мен міндеттері";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және білімін тексеруді ұйымдастырады;";
4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қызмет жұмысын ұйымдастыру";
"5-тарау. Қызметтің функциялары".
8. "Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1035 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12739 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әзірлеуші – жұмыс берушілердің бірлестігі (қауымдастықтары, одақтары) немесе тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органдар;";
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) білім беру ұйымдары – техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары, сонымен қатар жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарының білім беру ұйымдары (салалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының);";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Уәкілетті ұйымға бекітуге немесе еңбек жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылатын кәсіптік стандарт жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді, әрбір парағы нөмірленеді және оған жұмыс берушілер бірлестігінің (ұйымның) немесе тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органның басшысы не ұйым (қауымдастықтар, одақтар) немесе мемлекеттік орган басшының жетекші орынбасары қол қояды.".
9. "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
4-қосымша Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
еңбекке байланысты жазатайым оқиға туралы актіні толтыру жөніндегі түсіндірмелерінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-тармақ Кәсіптік патологиялық сарапшы комиссияның қорытындысы негізінде толтырылады.
Өндірістегі жедел кәсіптік ауру және улану жағдайлары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген жұқпалы және паразитарлық, кәсіптік аурулар мен тұрғындардың улану жағдайларын тергеп-тексеру ережелеріне сәйкес жинақталған материалдар мен құжаттар негізінде осы нысандағы еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлар туралы актіде ресімделеді. 2018 жылғы 5 мамырдағы № 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17039 тіркелген).
Бұл жағдайларда Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіге Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі қол қояды.";
5-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
10. "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12743 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
10-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтайтын тәртіппен бекітілетін санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады.";
12-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек процесінің кернеулігін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) зияткерлік жүктемелер;
2) сенсорлық жүктемелер;
3) эмоционалдық жүктемелер;
4) жүктемелердің монотондылығы;
5) жұмыс тәртібі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жазбаша (қағаз және электрондық жеткізгіштерде) немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы осы Қағидаларға 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оның нәтижелері туралы есептерді, сондай-ақ 12-қосымшаға сәйкес соңғы 12 айға өндірістік бақылау нәтижелері туралы есепті ұсынады.";
11. "Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13922 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мына құжаттардың кез келгені:
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және (немесе) тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (бар болса);
6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
8) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болып табылады.
9) еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.".
Бекітемін:
Жұмыс беруші_______ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20___ жылғы ___ ________
Мөр орны (болған кезде)
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы
№____акт
Кодтар |
1. Жұмыс берушінің толық атауы, қызметінің түрі _______________ "___" ________________________________________________________________________________
1) жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___ не жеке сәйкестендіру нөмірі ________
2) жұмыс берушінің мекенжайы: облыс, аудан ______________________ қала, көше, үй № ___________________________________________ "___"
3) жазатайым оқиғаның болған күні және уақыты "___" "___" "___" "___"
(уақыты) (күні) (айы) (жылы)
4) жазатайым оқиға болған жер_____________________________________________________
________________________________________________________________________________
(цехты, учаскені, жолды, сондай-ақ жабдықты немесе машинаны көрсету)
5) жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі______________________________________
__________________________________________________________________________ "___"
2. Зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)____________________________ ________________________________________________________________________________
3. Жынысы (еркек, әйел)_____________________________________________________ "___"
4. Жасы (толық жасының саны көрсетілсін) ____________________________________ "___"
5. Кәсібі, лауазымы _________________________________________________________ "___"
6. Орындау кезінде жазатайым оқиға (кәсіптік ауру) болған осы кәсібі бойынша еңбек өтілі ___________________________________________ "___"
7. Нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізу күні:
1) кіріспе________________________________________________________________________
2) бастапқы (қайталама)___________________________________________________________
3) білімдерін тексеру______________________________________________________________
8. Медициналық тексеруден өткен күндері:
1) алдын ала_____________________________________________________________________
2) кезеңдік_______________________________________________________________________
9. Жұмыстың басталуынан бастап толық сағат саны _____________________________ "___"
10 Жазатайым оқиғаның мән-жайы__________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
11. Негізгі себептері:
1) ________________________________________________________________________ "___"
2) ________________________________________________________________________ "___"
(жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясының корытындыларына сәйкес)
12. Жазатайым оқиғаны көрген адамдар _____________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
13. Зардап шегушінің жазатайым оқиға кезіндегі хал-жайы _____________________________
________________________________________________________________________________
(медициналық-сот сараптамасы қорытындысына сәйкес)
14. Жарақат ауырпалығының дәрежесі ____________________________ "___"
(жеңіл, орташа, ауыр, қайтыс болды)
15. Диагнозы____________________________________________________________________
(қатты кәсіптік ауру мен улану диагнозын көрсету)
16. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі және жазатайым оқиғалардың алдын
алуға бағытталған іс-шаралар ______________________________________________________
(негізгі іс-шараларды орындау мерзімдерімен коса көрсету)
17. Кінә дәрежесі: жұмыс берушінің ___________, жұмыскердің ________________________
Актіні жасаған:
Жұмыс берушінің өкілі______ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
Жұмыскерлердің өкілі______ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
Мына адамның қатысуымен:
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі _______ _____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы аварияны тергеу үшін, еңбекке байланысты
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
авария болған жағдайда "____"________________20____ жылғы ____ сағат____ минут________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы және оқиға болған жер)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жәбірленуші (олар)
Комиссия жүргізген тергеу материалдары негізінде "___"__________ бастап "___"_________20___ жылға дейін және басқа материалдар (тізім), мен осындай қорытындыға келдім _____________________
Әрі қарай, мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу жүргізген комиссияның қорытындысымен келісе алмайтын негіздеме беруі керек.
Өз тұжырымында ол мыналарға сілтемелер жасайды:
оқиға куәгерлерінен алынған, комиссия не сұхбат бермеген, не ескермеген;
жәбірленушіге келтірілген зиянның сипаты, оның өлім себептері туралы медициналық қорытынды;
талаптары сақталмаған, аварияға алып келген жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар;
басқа сараптамалық комиссиялардың қорытындысы;
осы апатқа байланысты басқа құжаттар.
Дәлелденгеннен кейін мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу актісінің осы бөлімін (бөлімін) тұжырымдайды, оның пікірінше, осы жазатайым оқиғаға қатысты қосымша ақпаратты (құжаттарды) ескерусіз шығарылады.
Қорытынды тиісті органдарға жіберіледі.
Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы комиссияға немесе жұмыс берушіге қосымша тергеу жүргізу немесе еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні жасау (қайта жасау) қажеттілігі туралы талабына қатысты болған жағдайда, қорытынды құжаттың мазмұнын орындау немесе құжаттың мазмұнын сәйкес келтіру туралы талаппен аяқталады. қосымша жазатайым оқиғаны тергеуде белгіленген мәліметтер