Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 маусымда № 17039 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1)"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.11.2020 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.11.2020 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімі нарықтары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2018 жылғы 6 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 17 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 31 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
4 мамырдағы № 185 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;

      3) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға.

2-тарау. Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау тәртібі

      3. Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен және дайындаушы ұйымдар мен дара кәсіпкерлерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесіне (бұдан әрі – өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындары субсидиялауға жатады.

      5. Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.

      6. Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулысымен бекітілетін өнімдер тізбесіне сәйкес бағыттар бойынша сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін (бұдан әрі – субсидиялар нормативтері) ескере отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес өндірілген өнім бірлігіне төленеді.

      7. Субсидиялар нормативтері ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидиялар нормативі бойынша негіздемелерді қоса бере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына беріледі.

      Министрліктің субсидиялар нормативтерін қарастыру мерзімі хат түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.

      Оң нәтиже кезінде Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидиялар нормативтерінің бір данасын кері қайтарады.

      Теріс нәтиже кезінде Министрлік қарастырудан уәжді бас тарта отырып, хатпен субсидиялар нормативтерінің екі данасын да кері қайтарады. Бұл ретте, пысықталған субсидиялар нормативтері Министрлікке жеті жұмыс күн ішінде қайта қарауға жолданады.

      Субсидиялар нормативтері облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Субсидиялар нормативтеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) субсидиялар нормативтері бекітілгеннен кейін жыл сайын тиісті жылдың бірінші ақпанына дейін облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурсында субсидия алуға өтініштер қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      9. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес субсидиялар алуға арналған тиісті құжаттар қоса берілген өтініштерді қабылдау тоқсандық негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте өткен жылдың төртінші тоқсаны үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына арналған өтініштер шеңберінде жүзеге асырылады.

      10. Өңдеуші кәсіпорындар субсидия алу үшін Мемлекеттік корпорацияға бірінші басшы немесе нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі не өтінішке қол қою құқығына өкілеттігін растайтын құжат бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған, өңдеуші кәсіпорынның мөрімен (бар болса) бекемделген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) статистика органының құжатты қабылдағаны туралы белгісі бар, кәсіпорынның статистика органдарына тереңдете өңдеп өнім өндіргені және тиеп-жөнелткені туралы есептерінің көшірмелері немесе тереңдете өндеп өнім өндірілгенін растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттардың (өнімнің қоймаға қабылданғаны туралы қоймалық жүкқұжаттар, аталған өнімнің кіріске алынғаны көрсетілген, бухгалтерлік теңгерім) көшірмелері;

      2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алғаш рет тапсырған кезде немесе заңды тұлғаның банктік деректемелері, дербес деректері немесе деректері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 189-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.

      3) есепті кезеңде бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігі туралы ақпарат.

      11. Өңдеуші кәсіпорындар ұсынылған құжаттардағы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді және ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өңдеуші кәсіпорындардан келіп түскен өтініштерді Басқармаға жолдайды.

      12. Басқарма өтініштерді тігілген, нөмірленген және мөрмен (бар болса) бекемделген арнайы журналға тіркейді.

      13. Өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Басқарма құжаттардың осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкестігін қарайды және Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес субсидия беруде оң шешім қабылданғаны немесе уәжді бас тартылғаны туралы хабарлама жолдайды.

      Өңдеуші кәсіпорындар осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Басқарма құжаттарды қараған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде тиесілі субсидияларды өңдеуші кәсіпорындардың шотына аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шотын ұсынады.

3-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      14. Басқарма есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші қаңтарына дейінгі мерзімде Министрлікке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаның (өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бойынша) іске асырылу тиімділігі туралы жиынтық ақпарат ұсынады.

      15. Басқарма осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бюджеттік қаражаттың игерілуі жөніндегі есепті тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20 күніне дейінгі мерзімде және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Министрлікке жолдайды.

  "Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау"
қағидаларына
1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Қайта есептеу коэффициенті

1

2

3

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

7,3

  "Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау"
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Кімге:____________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның толық атауы)

      Кімнен:___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өтініш

      Маған ____ тонна көлемінде сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт* өнімін өндіруім үшін

      ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға ______________ теңге мөлшерінде субсидия

      төлеуіңізді сұраймын.

Р/с

Деректер көзі**

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін –мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама

тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


мекенжайы


телефон (факс) нөмірі


2.

Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама (жеке тұлға үшін)

тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


жеке тұлғаның, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


жүзеге асырылатын қызмет түрі


Телефон (факс) нөмірі


орналасқан жері


3.

Екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасы

ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)


Кбе (бенефициар коды)


Банктің немесе почта операторының деректемелері:
Банктің немесе почта операторының атауы:


БСК (банктік сәйкестендіру коды)


ЖСК (жеке сәйкестендіру коды)


БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)


Кбе (бенефициар коды)


4.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдар, дара кәсіпкерлер мен өңдеуші кәсіпорындар арасындағы сатып алу-сату шарты

шарт нөмірі

шарт жасалу күні

өнімді сатушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , атауы

ауыл шаруашылығы өнімін сатушының орналасқан жерінің мекенжайы

ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, тонна (килограмм, литр)

төлеу мерзімі











































5.

Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға кеткен шығындарды (өтініш берілген сәтке) растайтын төлем құжаттары (шот-фактура, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары, сатып алу актісі)

Өнім берушінің атауы

шот-фактураның нөмірі

берілген күні

ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

өлшем бірлігі

ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

ҚҚС-мен (қосылған құн салығы) бірге бағасы (теңге)

өткізу бағасы, барлығы

кіріс және шығыс кассалық ордердің, төлем тапсырмаларының нөмірі

төлеу күні

төлем мақсаты

сомасы, теңге















































































Өнім берушінің атауы

шот-фактураның нөмірі

берілген күні

ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

өлшем бірлігі

ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

ҚҚС-мен (қосылған құн салығы) бірге бағасы (теңге)

өткізу бағасы, барлығы

кіріс және шығыс кассалық ордердің , төлем тапсырмаларының нөмірі

төлеу күні

төлем мақсаты

сомасы, теңге













































6.

Субсидия алушының өтініші

Мен басшылық ететін өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын растаймын

___________
(қолы)

7.

Өтініш берушінің өз есептемесі

Субсидиялар нормативі, теңге/тонна (теңге/килограмм, теңге/литр)


Субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі (килограмм)


Тиесілі субсидия мөлшері, теңге


      Ескертпе:

      *Бір өңдеуші кәсіпорын тереңдетіп өңделетін өнімдердің бірнеше түрін өндіретін

      жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.

      ** Өтініш берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін талап

      етуге жол берілмейді.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатыным

      туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге,

      сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

  "Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау"
қағидаларына
3-қосымша
  Әкімшілік деректер
жинауға арналған нысан

Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігі туралы ақпарат 20___ жыл үшін есепті кезең

      Индексі: АШҚ-1

      Мерзімділігі: тоқсандық негізде, жыл сайын

      Ұсынатын тұлғалар аясы:

      1. Өңдеуші кәсіпорындар облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті

      атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармаларына тоқсандық негізде есепті

      тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін.

      2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының ауыл

      шаруашылығы басқармалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші қаңтарына дейінгі мерзімде.

Кәсіпорындардың атауы, мекенжайлары, телефондары

Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Кәсіпорынның дайын өнім бойынша жобалық қуаты, жылына тонна

Бөлінген субсидиялар, мың теңге*

Өткен жылы тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі, тонна

Есепті кезең ішінде тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі, тонна

Өткен жылы жүктелгені, % (7=5х100/3)

Есепті кезеңде жүктелгені, % (8=6х100/3)

1

2

3

4

5

6

7

8

















































      Өңдеуші кәсіпорындардың бірінші басшысы/Ауыл шаруашылығы басқармасының

      басшысы_________________________                              ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                              (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

      Ескертпе: * өңдеуші кәсіпорындар алғаш рет өтініш берген жағдайда, 4-баған толтырылмайды.

  Әкімшілік деректер жинауға
арналған "Бюджеттік
бағдарламаның іске асырылу
тиімділігі туралы ақпарат"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған "Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректер жинауға арналған "Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Аталған Нысанды жүргізудің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытуға бағытталған Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігіне мониторинг жүргізу болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.

      4. Көрсеткіштер өңдеуші кәсіпорындардың ұсынылған деректері бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға Өңдеуші кәсіпорындардың бірінші басшысы/ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында кәсіпорындардың атауы, мекенжайлары, телефондары көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында кәсіпорынның дайын өнім бойынша жобалық қуаты көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында бөлінген субсидиялар көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында өткен жылы тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында есепті кезең ішінде тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында өткен жылы жүктелгені көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңде жүктелгені көрсетіледі.

  "Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау"
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Субсидия тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізге тереңдете өңдеп өндірілген өнімнің мынадай көлемі бойынша субсидия

      тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны (есепті кезең үшін) туралы ескертеміз:

      1.________________________ - _____ килограмм.

      2.________________________ - _____ килограмм.

      3.________________________ - _____ килограмм.

      (субсидияланатын бағыт)

      Сұрақтар туындаған жағдайда ______________________________________________________

      ________________________________________________________________ жүгінуді өтінеміз.

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      Орындаушы: __________________________________________ __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                        (қолы))

      Байланыс телефондары: ___________________________________________________________

  "Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау"
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Субсидия тағайындамау туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізге тереңдете өңдеп өндірілген өнімнің мынадай көлемі бойынша субсидия

      тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны (есепті кезең үшін) туралы ескертеміз:

      Бас тарту себебі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда ______________________________________________________

      ________________________________________________________________ жүгінуді өтінеміз.

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      Орындаушы: __________________________________________ __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                        (қолы))

      Байланыс телефондары: ___________________________________________________________

  "Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау"
қағидаларына
6-қосымша
Әкімшілік деректер
жинауға арналған нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған субсидияларды игеруі туралы есеп 20___ жылғы _______________ үшін есепті кезең (тоқсан)

      Индексі: АШҚ-2

      Мерзімділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Ұсынатын тұлғалар аясы: облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті

      атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сына дейінгі мерзімде

      және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде

Аудан атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Субсидияланатын бағыт

Берілген өтініштер бойынша өндірілген өнімнің көлемі, килограмм

Өндірілген өнімнің субсидияланған көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Пайдаланылған шикізат көлемі, килограмм (8=6х7)

Төленген субсидия сомасы, тенге

Өтініш келіп түскен күн/субсидия төленген күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















Жиыны:









      Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы_____________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))      (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  Әкімшілік деректер жинауға
арналған "Өңдеуші
кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алуға арналған
субсидияларды игеруі туралы
есеп" нысанына қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған субсидияларды игеруі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған субсидияларды игеруі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Аталған Нысанды жүргізудің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға бағытталған субсидиялардың төленуіне мониторинг жүргізу болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сына дейінгі мерзімде және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.

      4. Көрсеткіштер тоқсан және жыл қорытындысы бойынша қаражат төлеудің нақты деректері бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында аудан атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында өңдеуші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын бағыт көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында берілген өтініштер бойынша өндірілген өнімнің көлемі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында өндірілген өнімнің субсидияланған көлемі көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффи-циенті көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында пайдаланылған шикізат көлемі көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында төленген субсидия сомасы көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында өтініш келіп түскен күн/субсидия төленген күн көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 185 бұйрығына 2-қосымша

"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.11.2020 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.