Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12655 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына, 189-бабының 6-тармағына, 190-бабының 1, 4, 12-тармақтарына және 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жазатайым оқиғаны көргендер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан сұрау хаттамасының нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірісте денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тіркеу журналының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарына жеткізсін және оның мүлтіксіз орындалуы бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б.Нұрымбетовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т.Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1055 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы
хабарлама

      1.Ұйымның атауы______________________________________________________

      (ұйымның мекенжайы мен деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      2. Жазатайым оқиға___________________________________________________

      (күні, уақыты және болған орны)

      ________________________________________________________________болды

      3. Зардап шегушінің (лердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      кезде), кәсібі, лауазымы және жарақат ауыртпалығы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Жазатайым оқиға мән-жайының қысқаша сипаттамасы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Хабарлаған________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, күні, уақыты)

      6. Қабылдаған________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, күні, уақыты)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1055 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
АКТІСІ

      Құрамында төрағасы___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

      және комиссия мүшелері_______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

      бар жұмыс беруші_____________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      тағайындаған комиссия 20 __ жылғы "___"_______ сағат___минутта_______

      _____________________________________________ жұмыскеркермен (лермен)

      (ұйымның атауы, зардап шеккен адамның тегі,

      аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      болған жазатайым оқиғаны "___"_________ "___"________ дейінгі кезеңде

      тергеп-тексеруді жүргізіп, осы актіні жасады.

      1. Зардап шегуші (лер) туралы мәліметтер:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Лауазымы, еңбек өтілі

Нұсқау беру күндері

Жарақат ауыртпалығының дәрежесі

Зардап шегушінің қамқорлығындағы отбасы мүшелері туралы мәліметтер









      2. Кәсіпорынның, учаскенің, жұмыс орнының сипаттамасы:

      Жазатайым оқиға болған өндірістік объектіні, орынды қысқаша

      сипаттап, зардап шегушіге қандай қауіпті және зиянды өндірістік

      факторлар әсер етуі мүмкін екендігін корсету керек.

      3. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары:

      Жазатайым оқиға алдында болған жағдайды, еңбек процесінің

      жүргізілу жайын, бұл процеске кім басшылық жасағанын көрсету, зардап

      шегушінің (лердің) және жазатайым оқиғаға қатысы бар басқа да

      адамдардың іс-әрекетін сипаттау, оқиғаларды ретімен баяндау қажет.

      Жарақаттанудың себепшісі болған қауіпті (зиянды) өндірістік

      факторды, машинаны, құралды немесе жабдықты атау.

      4. Жазатайым оқиғаның себептері:

      Жазатайым оқиғаның негізгі техникалық және ұйымдастыру

      себептерін атап көрсету қажет, еңбек туралы заңнаманың, лауазымдық

      нұсқаулықтардың, еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, жұмыстарды

      қауіпсіз жүргізу жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтардың нақты қандай

      талаптары бұзылғанын көрсету (тиісті баптарға, параграфтарға,

      тармақтарға сілтеме жасау) керек.

      5. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі комиссия ұсынған

      іс-шаралар:

      Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шаралар

      жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі шаралар мен осындай

      оқиға қайталануының алдын алудан тұруға тиіс.

      Олар қоса беріліп отырған нысан бойынша кесте түрінде берілуі

      мүмкін:

Р/с

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Орындаушы






      6. Жазатайым оқиға туралы комиссияның қорытындылары:

      Бұл бөлімде осы жазатайым оқиға туралы комиссияның

      қорытындылары тіркеледі:

      Комиссия төрағасы______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

      Комиссия мүшелері______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

      ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1055 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы
тергеп-тексеру
АКТІСІ

      _________________________________________________________тағайындаған

      (еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе Қазақстан

      Республикасының Үкіметі)

      құрамында төрағасы___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

      және комиссия мүшелері_______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), атқаратын лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      бар комиссия 20 __ жылғы "___"_______ сағат___минутта________________

      (ұйымның атауы,

      _________________________________________________жұмыскермен (лермен)

      зардап шеккен адамның (дардың) тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      болған жазатайым оқиғаны 20__ жылдың "___"_________ "___"____________

      дейінгі кезеңде арнайы тергеп-тексеруді жүргізіп, осы актіні жасады.

      1. Зардап шегуші (лер) туралы мәліметтер:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Лауазымы, еңбек өтілі

Нұсқау беру күндері

Жарақат ауыртпалығының дәрежесі

Зардап шегушінің қамқорлығындағы отбасы мүшелері туралы мәліметтер









      2. Кәсіпорынның, учаскенің, жұмыс орнының сипаттамасы:

      Жазатайым оқиға болған өндірістік объектіні, орынды қысқаша

      сипаттап, зардап шегушіге қандай қауіпті және зиянды өндірістік

      факторлар әсер етуі мүмкін екендігін көрсету керек.

      Егер жазатайым оқиға объектідегі аварияның салдарынан болса,

      актіге мыналар қосымша енгізіледі:

      өндірістік объектілер мен көтерме құрылыстардың сипаттамасы -

      объектінің атауы мен үлгісі, оның негізгі өлшемдері, зауыттағы

      нөмірі, жасап шығарушы зауыт, жасалған және орнатылған жылы, соңғы

      куәландырылған және тексерілген күні, сондай-ақ белгіленген

      куәландыру мерзімі;

      аварияның санаты мен сипаты туралы деректер.

      3. Жазатайым оқиғаның мән-жайлары:

      Жазатайым оқиға алдында болған жағдайды, еңбек процесінің

      жүргізілу жайын, бұл процеске кім басшылық жасағанын көрсету, зардап

      шегушінің (лердің) және жазатайым оқиғаға қатысы бар басқа да

      адамдардың іс-әрекетін сипаттау, оқиғаларды ретімен баяндау қажет.

      Жарақаттанудың себепшісі болған қауіпті (зиянды) өндірістік

      факторды, машинаны, құралды немесе жабдықты атау.

      4. Жазатайым оқиғаның себептері:

      Жазатайым оқиғаның негізгі техникалық және ұйымдастыру

      себептерін атап көрсету қажет, еңбек туралы заңнаманың, лауазымдық

      нұсқаулықтардың, еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, жұмыстарды

      қауіпсіз жүргізу жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтардың нақты қандай

      талаптары бұзылғанын көрсету (тиісті баптарға, параграфтарға,

      тармақтарға сілтеме жасау) керек.

      5. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі комиссия ұсынған

      іс-шаралар:

      Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шаралар

      жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі шаралар мен осындай

      оқиға қайталануының алдын алудан тұрады.

      Олар қоса беріліп отырған нысан бойынша кесте түрінде берілуі

      мүмкін:

р/с

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Орындаушы






      6. Жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы және еңбек

      заңнамасының бұзылуына жол берген адамдар туралы комиссияның

      қорытындылары:

      Бұл бөлімде комиссияның қорытындылары тіркеледі:

      1) осы жазатайым оқиғаның өндіріспен байланысы туралы және

      бекітілген нысан бойынша еңбек қызметімен байланысты өндірістегі

      жазатайым оқиға туралы актіні жасау қажеттілігі туралы;

      2) жазатайым оқиға себептерін ескере отырып, зардап шегуші

      қызметкер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесі туралы;

      3) жазатайым оқиғаға әкеп соққан әрекеттер немесе

      әрекетсіздікке жауапты адамдар сақтамаған белгіленген тәртіппен

      бекітілген заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің,

      сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтардың баптарын, параграфтарын,

      тармақтарын көрсете отырып, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол

      болған кезде), лауазымы, кәсіптері;

      4) комиссия мүшелерінің зардап шегушілермен немесе олардың

      отбасы мүшелерімен олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік

      қорғауға заңды құқықтарын түсіндіру үшін кездескендігі туралы

      мәліметтер.

      Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы

      тергеп-тексеру актісінің қорытынды бөлігінде қоса беріліп отырған

      материалдардың тізбесі беріледі.

      Комиссия төрағасы______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

      Комиссия мүшелері______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

      ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні)

  Еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру материалдарын
ресімдеу бойынша нысандарды
4-қосымша
  Нысан

      Бекітемін:

      Жұмыс беруші_______       ____________________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20___ жылғы ___ ________

      Мөр орны (болған кезде)

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы
№____акт

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кодтар

      1. Жұмыс берушінің толық атауы, қызметінің түрі _______________ "___" ________________________________________________________________________________
      1) жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___ не жеке сәйкестендіру нөмірі ________
      2) жұмыс берушінің мекенжайы: облыс, аудан ______________________ қала, көше, үй № ___________________________________________ "___"
      3) жазатайым оқиғаның болған күні және уақыты "___" "___" "___" "___"
      (уақыты) (күні) (айы) (жылы)
      4) жазатайым оқиға болған жер_____________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (цехты, учаскені, жолды, сондай-ақ жабдықты немесе машинаны көрсету)
      5) жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі______________________________________
      __________________________________________________________________________ "___"
      2. Зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)____________________________ ________________________________________________________________________________
      3. Жынысы (еркек, әйел)_____________________________________________________ "___"
      4. Жасы (толық жасының саны көрсетілсін) ____________________________________ "___"
      5. Кәсібі, лауазымы _________________________________________________________ "___"
      6. Орындау кезінде жазатайым оқиға (кәсіптік ауру) болған осы кәсібі бойынша еңбек өтілі ___________________________________________ "___"
      7. Нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізу күні:
      1) кіріспе________________________________________________________________________
      2) бастапқы (қайталама)___________________________________________________________
      3) білімдерін тексеру______________________________________________________________
      8. Медициналық тексеруден өткен күндері:
      1) алдын ала_____________________________________________________________________
      2) кезеңдік_______________________________________________________________________
      9. Жұмыстың басталуынан бастап толық сағат саны _____________________________ "___"
      10 Жазатайым оқиғаның мән-жайы__________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      11. Негізгі себептері:
      1) ________________________________________________________________________ "___"
      2) ________________________________________________________________________ "___"
      (жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясының корытындыларына сәйкес)
      12. Жазатайым оқиғаны көрген адамдар _____________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
      13. Зардап шегушінің жазатайым оқиға кезіндегі хал-жайы _____________________________
      ________________________________________________________________________________
      (медициналық-сот сараптамасы қорытындысына сәйкес)
      14. Жарақат ауырпалығының дәрежесі ____________________________ "___"
      (жеңіл, орташа, ауыр, қайтыс болды)
      15. Диагнозы____________________________________________________________________
      (қатты кәсіптік ауру мен улану диагнозын көрсету)
      16. Жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі және жазатайым оқиғалардың алдын
      алуға бағытталған іс-шаралар ______________________________________________________
      (негізгі іс-шараларды орындау мерзімдерімен коса көрсету)
      17. Кінә дәрежесі: жұмыс берушінің ___________, жұмыскердің ________________________
      Актіні жасаған:
      Жұмыс берушінің өкілі______ _____________________________________________________
      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
      Жұмыскерлердің өкілі______ __________________________________________
      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
      Мына адамның қатысуымен:
      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі       _______       _____________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

Еңбек қызметіне байланысты өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтыруға түсіндірмелер

      Ескерту. Түсіндірмелерге өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Акт жалпы қабылданған (белгіленген) терминдерге және осы актіге қосымша арнайы әзірленген жіктемелерге сәйкес толтырылатын мәтін және кодтар бөліктерінен тұрады.

      Кодтауды жұмыс беруші жүргізеді.

      1-тармақ. Ұжымның толық атауы көрсетіледі, ал қызметінің түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуіші. Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуішіне сәйкес кодталады.

      1-тармақтың 2) тармақшасы. Аумағы әкімшілік-аумақтық органдарды белгілеу жүйесі бойынша кодталады.

      1-тармақтың 3) тармақшасы. Уақыты, күні мен айы олардың реттік нөмірімен, жылы соңғы екі санмен кодталады. Мысалы: 11 сағат 45 минут, 22 маусым 2000 жыл - "11" "22" "06" "00".

      1-тармақтың 5) тармақшасы. Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі қоса беріліп отырған жіктеуішке сәйкес көрсетіледі және кодталады.

Жіктеуіштер
Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі

      1. Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы;

      2. Қоғамдық көлікте болған жол-көлік оқиғасы;

      3. Жеке меншік көлікте болған жол-көлік оқиғасы;

      4. Теміржол көлік оқиғасы;

      5. Әуежол көлігі оқиғасы;

      6. Сужол көлігі оқиғасы;

      7. Зардап шегушінің құлауы;

      8. Зардап шегушінің биіктен құлауы;

      9. Заттардың, материалдардың, жердің және т.б. құлауы, қирауы, опырылуы;

      10. Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері;

      11. Электр тоғымен зақымдану;

      12. Шектен тыс температуралардың әсері (өрт);

      13. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар мен заттардың әсері;

      14. Иондаушы сәулелердің әсері;

      15. Шамадан тыс жүктемелер;

      16. Жануарлармен және жәндіктермен жанасу нәтижесіндегі зақымдану;

      17. Суға бату;

      18. Кісі өлтіру немесе денесіне зақым келтіру;

      19. Сұрапыл зілзала кезінде зақымдану;

      20. Кәсіптік ауру және улану;

      21. Оқиғалардың басқа түрі.

      3-тармақ. Жынысы кодталады: 1-еркек; 2-әйел.

      4-тармақ. Жазатайым оқиғаға душар болған сәтінде зардап шегушінің толық жасының саны көрсетіледі және кодталады. Мысалы: 35 жас 3 ай - "35".

      5-тармақ. Кәсібі (лауазымы) жұмысшылар кәсіптерінің, қызметшілер лауазымдарының және тарифтік разрядтардың жалпы жіктеуіші бойынша кодталады.

      6-тармақ. Жазатайым оқиға болған кездегі жұмысындағы еңбек өтілінің толық саны көрсетіледі. Мысалы: 15 жыл 8 ай - "15".

      Егер өтілі бір жылдан кем болса, онда мәтіндік бөлігінде айлардың (күндердің) саны көрсетіледі, ал 00 болып кодталады. Мысалы: 9 ай 2 күн - "00".

      9-тармақ. Зардап шегушінің жұмысы (ауысымның) басталуынан жазатайым оқиға болған кезге дейінгі толық сағаттар саны көрсетіледі және кодталады.

      11-тармақ. Қоса беріліп отырған жіктеуішке сәйкес жазатайым оқиғаның екі себебіне дейін (жазатайым оқиғаның себептері) - негізгі (бірінші болып кодталады) және жанамасы көрсетіледі және кодталады.

Жіктеуіштер (жазатайым оқиғаның себептері)

      1. Жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозаңдануы мен газдануы;

      2. Шудың жоғары деңгейі;

      3. Тербелістің жоғары деңгейі;

      4. Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі;

      5. Жұқпалы ауру көздерімен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледі);

      6. Шамадан артық жүктемелердің адам организміне әсері;

      7. Машиналар, механизмдер және жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер;

      8. Ақаулы машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайдалану;

      9. Технологиялық процестердің бұзылуы;

      10. Көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуы;

      11. Автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

      12. Теміржол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

      13. Әуежол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

      14. Сужол қозғалысы ережелерінің бұзылуы;

      15. Авариялар;

      16. Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы;

      17. Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі аумақтардың ұсталуы, жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер;

      18. Еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер;

      19. Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі немесе қолданбауы;

      20. Ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі;

      21. Еңбек және өндіріс тәртіптерін бұзу;

      22. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу;

      23. Белгіленген еңбек режимін бұзу;

      24. Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы.

      12-тармақ. Жазатайым оқиғаны тікелей көргендердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      13-тармақ. Медициналық сот сараптамасының қорытындысы болған кезде зардап шегушінің дене жай-күйі, алкогольді немесе есірткілі мас күйде болуы көрсетіледі. Егер медсотсараптама өткізілмесе, "медсотсараптама өткізілмеді" деп көрсетіледі.

      14-тармақ. Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі медициналық ұйымның жазатайым оқиға сәтіндегі қорытындысы негізінде толтырылады.

Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі

      01. Жеңіл жарақат

      02. Орташа жарақат

      03. Ауыр жарақат

      04. Қайтыс болды

      15-тармақ Кәсіптік патологиялық сарапшы комиссияның қорытындысы негізінде толтырылады.

      Өндірістегі жедел кәсіптік ауру және улану жағдайлары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген жұқпалы және паразитарлық, кәсіптік аурулар мен тұрғындардың улану жағдайларын тергеп-тексеру ережелеріне сәйкес жинақталған материалдар мен құжаттар негізінде осы нысандағы еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлар туралы актіде ресімделеді. 2018 жылғы 5 мамырдағы № 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17039 тіркелген).

      Бұл жағдайларда Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіге Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі қол қояды.

      17-тармақ. Егер зардап шегушінің өзінің өрескел абайсыздығы оның денсаулығына келетін зиянның пайда болуына немесе артуына әсер етсе, бұл жағдайда жұмыс беруші мен зардап шеккен қызметкер кінәсінің дәрежесін осы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясы пайызбен айқындайды. Егер қызметкер тарапынан өрескел абайсыздық болмаса, онда 17-тармақ жұмыс берушінің кінәсі - 100 %, ал жұмыскердің кінәсі - 0% болып толтырылады.

      17-тармақта үшінші жақтардың (зардап шеккен жұмыскер еңбек қатынастарында болмаған) кінәсі көрсетілмейді.

      Ескерту:

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 190-бабының 9-тармағына сәйкес тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жазатайым оқиға туралы актінің бір данасы зардап шеккен адамға немесе оның сенім білдірген адамына беріледі, бұдан баска мыналарға:

      1) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым окиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына;

      2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде;

      3) улану жағдайында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберіледі.

Осы Актіде қолданылатын кейбір сөз тіркестерінің,
терминдер мен белгілердің жазылуы

      1. Кәсіптік ауру мен улану - қауіпті және зиянды өндіріс факторлары мен заттардың әсер етуі нәтижесінде туындаған қатты және созылмалы кәсіптік ауру мен улану.

      2. Қатты кәсіптік аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлар бір рет (бір ауысым ішінде) әсер еткеннен кейін кенеттен шекті рұқсат етілген қоспалардан не шектерден едәуір асып кеткен кезде дамыған аурулар жатады.

      3. Созылмалы кәсіптік ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) қатты, сондай-ақ созылмалы кәсіптік аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке, жүрек қан тамырлары, гепатобилиарлы жүйелерінің және басқа да жүйелердің өндірістік улармен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты организм өзгерістері) жатады. Есте сақтайтын бір жағдай, кәсіптік аурулар зиянды және қауіпті затпен, өндірістік фактормен жұмысты тоқтатқаннан кейін, ұзақ уақыт өткен соң пайда болуы мүмкін (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоз, қуықтың папилломасы, қатерлі ісіктер). Кәсіптік ауруларға, сондай-ақ дамуында кәсіптік ауру оның аясы немесе қатер факторы болған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитінің негізінде пайда болған өкпе обыры) да жатады.

  Еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру материалдарын
ресімдеу бойынша нысандарды
5-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы аварияны тергеу үшін, еңбекке байланысты

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      авария болған жағдайда "____"________________20____ жылғы ____ сағат____ минут
      ________________________________________________________________________________
      (ұйымның атауы және оқиға болған жер)
      ________________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жәбірленуші (олар)
      Комиссия жүргізген тергеу материалдары негізінде "___"__________ бастап "___"_________20___ жылға дейін және басқа материалдар (тізім), мен осындай қорытындыға келдім _____________________

      Әрі қарай, мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу жүргізген комиссияның қорытындысымен келісе алмайтын негіздеме беруі керек.

      Өз тұжырымында ол мыналарға сілтемелер жасайды:

      оқиға куәгерлерінен алынған, комиссия не сұхбат бермеген, не ескермеген;

      жәбірленушіге келтірілген зиянның сипаты, оның өлім себептері туралы медициналық қорытынды;

      талаптары сақталмаған, аварияға алып келген жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар;

      басқа сараптамалық комиссиялардың қорытындысы;

      осы апатқа байланысты басқа құжаттар.

      Дәлелденгеннен кейін мемлекеттік еңбек инспекторы тергеу актісінің осы бөлімін (бөлімін) тұжырымдайды, оның пікірінше, осы жазатайым оқиғаға қатысты қосымша ақпаратты (құжаттарды) ескерусіз шығарылады.

      Қорытынды тиісті органдарға жіберіледі.

      Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы комиссияға немесе жұмыс берушіге қосымша тергеу жүргізу немесе еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні жасау (қайта жасау) қажеттілігі туралы талабына қатысты болған жағдайда, қорытынды құжаттың мазмұнын орындау немесе құжаттың мазмұнын сәйкес келтіру туралы талаппен аяқталады. қосымша жазатайым оқиғаны тергеуде белгіленген мәліметтер

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1055 бұйрығына
6-қосымша

      Нысан

Жазатайым оқиғаны көргендер мен еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты
лауазымды адамдардан сұрау хаттамасы

      20 ___ жылғы "____" _________ "____" сағат "____" минутта

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы және оқиғаның болған орны)

      _______________________________________________________________болған

      (зардап шегушінің (лердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      кезде), мамандығы (лауазымы)

      Тегі __________ Аты _________ Әкесінің аты (ол болған кезде) ________

      Туған жылы ____________________________ Білімі ______________________

      Лауазымы мен жұмыс орны ____________________ Еңбек өтілі ____________

      Үйінің мекенжайы мен телефоны _______________________________________

      Сұрақ: ________________________________________________________

      Жауап: ________________________________________________________

      Сұрау 20 __ жылғы "___"_________ жүргізілді

      Комиссия (шағын комиссия) мүшелерінің немесе сұрауды жүргізген

      адамның (дардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолдары

      __________________________________

      __________________________________

      __________________________________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1055 бұйрығына
7-қосымша

      Нысан

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды
және өндірісте денсаулығына келтірілген өзге де
зақымдарды тіркеу журналы_____________________

      (ұйымның атауы)

р/с

Жазатайым оқиғаның болған күні

Зардап шегушінің тегі аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Жұмыс өтілі

Кәсібі, лауазымы

Жазатайым оқиғаның болған орны

1

2

3

4

5

6

7









      кестенің жалғасы

Жазатайым оқиға мән-жайының қысқаша сипаттамасы

Жарақат ауырпалығының дәрежесі

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің жасалған күні және реттік нөмірі

Кінә дәрежесі

Лауазымды тұлғаның қолы

8

9

10

11

12