Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11084 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген |
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.11.2017 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
3) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
6) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
8) жұмыскерлердiң өкiлдерi – жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтар және олардың бiрлестiктерi, ал олар болмаған кезде Еңбек кодексінің 20-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;
9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
11) өндірістік объектілер – өндірістік қызмет жүзеге асырылатын цехтар, учаскелер, жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелері;
12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;
13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 тарау. Аттестаттауды жүргізу тәртібі
3. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар 5 жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
4. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.
Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) интернет-ресурста орналастырады.
6. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
7. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.
8. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды айқындайды және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін соңғы 12 айға өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру-сырқаудың себептерін, сондай-ақ өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау жүргізеді;
8) өндірістік жарақаттануды және өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;
10) өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
11) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қатысады;
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Аттестаттау ұйымның өндірістік объектілері еңбек жағдайларының нақты жай-күйін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды және мынадан тұратын:
1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалауды;
2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;
3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін бағалауды;
4) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтайтын тәртіппен бекітілетін санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалау зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және технологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері өндірістік және технологиялық процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды болған кезде орындалады.
Жерасты көмір шахталарындағы жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
12. Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы ағзаның функционалдық күш түсіру дәрежесімен сипатталады.
Еңбек процесінің ауырлығы осы процеске қатысатын адамның жеке ерекшеліктеріне қарамастан еңбек процесін сиаттайтын эргонометриялық шамаларда көрсетілген көрсеткіштер бойынша бағаланады.
Еңбек процесінің ауырлығының негізгі көрсеткіштері:
1) физикалық динамикалық жүктеме;
2) қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің массасы;
3) стереотипті жұмыс қозғалысы;
4) статикалық жүктеме;
5) жұмыс қалпы;
6) корпустық еңкеюлері;
7) кеңістікте орын ауыстыру болып табылады.
Жұмыскерлердің кәсіби тобының еңбек процесінің қауырттылығын бағалау еңбек қызметі және оның құрылымын талдауға негізделеді, олар бүкіл жұмыс күні ауқымында хронометраждық бақылау арқылы кем дегенде бір апта кезеңде зерделенеді.
Еңбек процесінің кернеулігін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) зияткерлік жүктемелер;
2) сенсорлық жүктемелер;
3) эмоционалдық жүктемелер;
4) жүктемелердің монотондылығы;
5) жұмыс тәртібі.
Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамаларымен ресімделеді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлеріне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.
Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:
1) өндірістік жабдық;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады.
Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды.
Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.
Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.
14. Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.
Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа ЖҚҚ берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады.
Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.
"Қамтамасыз етілді" деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады.
Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.
15. Өлшеулер мен бағалаулар хаттамаларының негізінде еңбек жағдайларының нақты жай-күйін жалпы бағалау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау жөніндегі қорытынды есеп дайындалады.
Ескерту. 15-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мына мақсаттарда:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау кезде еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау және беру үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;
8) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін пайдаланылады.
17. Жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормаларға анықталған көрсеткіштердің сәйкессіздігі кезде еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
18. Жұмыс орындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, оны жұмыс беруші бекітеді олар зиянды өндірістік факторларының әсер ету деңгейін төмендетуге, не олардың әсер ету уақытын азайтуға бағытталған шараларды, сондай-ақ жарақатқауіпсіздігі мен ЖҚҚ бойынша талаптарды қамтамасыз ету бойынша талаптар, оның ішінде ескірген техника мен жабдықты ауыстыру және өндірістік процесс технологиясын жетілдіруге бағытталған шараларды көздейді.
3 тарау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
19. Аттестаттау нәтижелері төмендегілерді қамтитын есеп түрде мамандандырылған ұйымдармен ресімделеді:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттауды жүргізу негіздемесі, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтың және процестердің тізбесі);
3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бағалау және өлшеулер хаттамалары;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп.
20. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық жеткізгіштерде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы есепті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
21. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аккредиттеу белгісі үшін орын
______________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, _______ қаласы, ________ көшесі, _________,
индекс үй № телефон.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ______ дейін
Зиянды өндірістік факторларды өлшеу № _____ ХАТТАМАСЫ
__ бет
барлығы ___ бет
1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________
2. Өлшеуді жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ________________
3. Өлшеуді жүргізу күні: ________________________________________
4. Үй-жайдың сипаттамасы:
- ауданы: __________
- ұжымдық қорғаныш жүйесі: ________________
- жабдықтардың түрі және олардың саны: __________________________
- кәсіптердің, лауазымдардың атауы: _____________________________
5. Өлшеу құралдары:
Р/с | Атауы | Зауыт нөмірі | Тексеру күні |
6. Өнімге (объектіге) нормативтік құжат:
7. Қоршаған ортаның жағдайлары: температура - ___0С, салыстырмалы ылғалдылық - ____%, атм. қысым – сынап бағанасының ____ миллиметрі
8. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:
Жұмыс орнының коды | Кәсіптер, лауазымдар атауы | Жұмыс орындарының саны | Өндірістік орта факторларының атауы, өлшем бірлігі | Өлшеу әдісіне нормативтік құжат | Рұқсат етілген шекті концентрация/ рұқсат етілген шекті деңгейі нормасы | Нақты деңгейі | Еңбек жағдайларының сыныптары | |||||
рұқсат етілген | зиянды | Қауіпті (экстремалды) | ||||||||||
2 | 3.1 | 3.2 | 3.3 | 3.4 | 4 | |||||||
Бағалауды жүргізген:
__________________ ______________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі:
__________________ ______________________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Құжаттың соңы
Өлшеу нәтижелері өлшеуден өткен объектілерге ғана таралады.
Өлшеу хаттамасы сынақ зертханасының рұқсатынсыз ішінара қайта шығарылмайды
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
|
| нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________көшесі, _________,
индекс үй №
тел.: ________________; e-mail: _______________
Аккредиттеу аттестаты № _________ ____________ бастап _____________ дейін
Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау
№ _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет
1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы:
_____________________________________________________
2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске):
_____________________________________________________
3. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________ _______________
жынысы ____________
4. Бағалауды жүргізу күні: ___________
5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:
_____________________________________________________
6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:
Жұмыс орнының коды | Кәсіптердің, лауазымдардың атауы | Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері | Нақты мәндері | Еңбек жағдайларының сыныптары | |||
оңтайлы | рұқсат етілген | зиянды | |||||
1 | 2 | 3.1 | 3.2 | ||||
Бағалауды жүргізген: ______________ _______________________________
қолы / тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: ___________ _______________________
қолы / (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
|
| нысан |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, ______ көшесі, _______, тел.:_____;
e-mail:_____
индекс үй №
Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ___________ дейін
Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек
жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет
1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________
2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _______________________________
3. Бағалауды жүргізу күні: _________________________________________________
4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:
Жұмыс орнының коды | Кәсіптердің, лауазымдардың атауы | Жұмыс орындарының саны | Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныш құралдарының тізбесі | ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген) | Ескертпе | ||
қолданыстағы нормаларға сәйкес |
нақты берілгені | МЕМСТ, сертификаты | |||||
Бағалауды жүргізген: __________ _______________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ____________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына |
|
| 4-қосымша | |
| нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, _____ көшесі, ______, индекс үй №
телефон.:____; e-mail:____
Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ___________ дейін
Жарақат қауіпсіздігін бағалау
№ ____ ХАТТАМАСЫ
__ бет
__ бет
барлығы ___ бет
1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________
2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _______________________________
3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________________
4. Бағалауды жүргізу күні: ___________________________________________________
5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: ______________________________
6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:
Жұмыс орнының коды | Кәсіптер, лауазымдар атауы | Жұмыс орындарының саны | Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың, ұжымдық қорғаныш құралдарының атауы | Техникалық құжаттамасы (паспорт, сертификат және т.б.) | Бағалау нәтижелері (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді) | Сәйкес келмеу себептері |
Бағалауды жүргізген: ___________ ____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 5-қосымша |
|
| нысан |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________ көшесі, _________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін
Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш
құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет
1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы:
_________________________________________________
2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске):
_________________________________________________
3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_________________________________________________
4. Бағалауды жүргізу күні:
_________________________________________________
жынысы__________
5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:
_________________________________________________
6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:
Жұмыс орнының коды | Кәсіптердің, лауазымдардың атауы | Жұмыс орындарының саны | Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныш құралдарының тізбесі | ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген) | Ескертпе | ||
қолданыстағы нормаларға сәйкес |
нақты берілгені | МЕМСТ, сертификаты | |||||
Бағалауды жүргізген: __________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ___________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына |
|
| 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, __________ көшесі, _________,
индекс үй №
тел.: __________; e-mail: _________
Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ____________ дейін
Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп
___бет
барлығы___бет
1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________
2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ______________________________
3. Жұмыс орнының коды ___, жұмыс орнының саны ___ оның ішінде: ерлер ___ әйелдер ___
4. Бағалауды жүргізу күні: __________________________________________________
5. Еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:
Фактор | Еңбек жағдайларының сыныптары | |||||
Рұқсат етілген | Зиянды, ауыр және қауыртты | Қауіпті (экстремалды) | ||||
2 | 3.1 | 3.2 | 3.3 | 3.4 | 4 | |
Химиялық | ||||||
Биологиялық | ||||||
Басым фиброгенді әрекет ететін аэрозольдар | ||||||
Шу | ||||||
Вибрация | ||||||
Иондаушы сәулелену | ||||||
Иондаушы емес сәулелену | ||||||
Жарықтандыру | ||||||
Инфрадыбыс | ||||||
Ультрадыбыс | ||||||
Микроклимат | ||||||
Жалпы вибрация | ||||||
Жергілікті вибрация | ||||||
Электростатикалық өріс | ||||||
Тұрақты магнит өрісі | ||||||
Өнеркәсіптік жиіліліктің электр өрістері (50 герц) | ||||||
Өнеркәсіптік жиіліліктің магнит өрістері (50 герц) | ||||||
Бейнедисплей терминалы мен дербес компьютермен құрылатын электромагниттік өріс | ||||||
Радиожиілікті диапазонның электромагниттік сәулеленулері | ||||||
Лазерлік сәулелену | ||||||
Ультракүлгін сәулелену | ||||||
Еңбектің ауырлығы: | ||||||
ерлер | ||||||
әйелдер | ||||||
Еңбектің қауырттылығы | ||||||
ерлер | ||||||
әйелдер | ||||||
Еңбек жағдайларын жалпы бағалау: | ||||||
ерлер | ||||||
әйелдер | ||||||
Бағалауды жүргізген: ________ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: _______ ____________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына |
|
| 7-қосымша | |
| Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27.04.2026 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынылады
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): Т-07
Кезеңділік: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестациялау.
Есепті кезең: 20__ - 20__ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мамандандырылған ұйымның өндірістік объектілерде аттестаттауды жүргізу.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде ұсыну.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде.
| Бекітемін _________________________ Мамандандырылған ұйымның басшысы ______ ____________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20___ жылғы _____ ________ |
Жалпы мәліметтер
Аттестатталған жұмыс орындарының саны | ||||||||||||||
Барлығы | Олардың ішінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіндер | Белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді | ||||||||||||
Өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша | Беру нормасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі бойынша | Жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша | Еңбек процесінің ауырлығын бағалау | Еңбек процесінің қауырттылығын бағалау | Оқу және нұсқау құралдарымен қамтылуын бағалау | |||||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________________
Мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________________
Аттестаттау жүргізген ұйымныңатауы ______________________________________________
Аттестаттау жүргізген ұйымның мекенжайы ________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ___________________________________________________
Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы ________________
қолы
__________________
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөрдің орны
Ескертпе: "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме.
| Жинауға арналған әкімшілік деректер өтеусіз негізде нысанға қосымша "Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп" |
"Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: Т-07, кезеңділігі: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестаттау)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2.Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар толтырады.
3. Нысанға мамандандырылған ұйымның басшысы және аттестаттауды өткізген зертхана басшысы қол қояды.
4. Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. Нысанның 1-бағанында аттестаттауды өткізу күні көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
16. Нысанның 11-бағанында еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
17. Нысанның 12-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
18. Нысанның 13-бағанында оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
19. Нысанның 14-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
20. Нысанның 15-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келетін аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша жүргізілген аттестаттау нәтижелері жөніндегі кәсіпорынның есебі
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі есеп
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша есеп
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша есеп
Ескерту. 11-қосымша алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 12-қосымша |
|
| нысан |
Өндірістік бақылау нәтижелері туралы есеп
Ескерту. 12-қосымша алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.