"Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20296 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 бұйрыққа қосымша

      Ескерту. Қағиданың оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.

      2. "Теле, радиоарналарды таратумен байланысты қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында масс-медиа саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші теле-, радиоарнаны тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттар мен мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      6. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы, заңды тұлғаның лицензиясы өзгерген жағдайларда теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия қайта рәсімделуге жатады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағымды қарауды лауазымды адам, масс-медиа саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаға беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мониторингі жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлғаның өтініші
_____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)
_____________________________________________________________
________________________ қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефондар ____________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Банктік шот ___________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі.
Осы өтінішпен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "____" _______
(қолы)
Басшы ______________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" _________
(бар болған кезде)

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
 
Нысан

      Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін жеке тұлғаның өтініші
____________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)
__________________________ қызметін_жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
___________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта_____________________________________________________________
Телефондар ____________________________________________________________________
Факс __________________________________________________________________________
Банктік шот ____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _______________________________________________
_______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі
Осы өтінішпен:
Осы өтінішпен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "____" _______ (қолы)
Жеке тұлға _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" _________
(бар болған кезде)

  "Теле-, радиоарналарды
тарату жөніндегі қызметпен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
 
нысан

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қызметкерлер саны _____________________________________;

      Инженерлік-техникалық мамандардың саны _________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылға дейін _________________;

      бір жылдан астам________________.

Маманның тегі

Маманның аты

Маманның әкесінің аты

Мамандығы

Жоғары білімі туралы дипломның №

Дипломның берілген күні

Жоғары оқу орнының атауы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Лауазымы



















      2. Қамтамасыз ету міндеттері: теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын

      телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес: иә/жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: бар/жоқ. иә / жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру: иә / жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік / спутниктік / телекоммуникациялар желісі бойынша;

      2) хабар таратумен қамту аумағы ________________;

      3) желі типі ________________;

      стандарт атауы ________________;

      стандарт нөмірі ________________;

      4) таратылатын теле-, радиоарналарының тізімі _____________;

      даму кезеңдері бойынша тізбе ________________;

      қысқаша сипаттамасы ________________;

      5) шартты қол жеткізу жүйесі пайдаланған жағдайда _______;

      6) басқару жүйесі мен желі қолдануды ұйымдастыру қағидаты __________________;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе жазылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдер бойынша:

      МГц көлемі ________________;

      жазылушылар саны ________________;

      8) телерадио хабарларын таратудың және байланыстың басқа да желілерінің өзара іс-қимылы:

      шарттың нөмірі ________________;

      шарт жасалған күн ________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі;

      меншікті техникалық құралдар бойынша ________________;

      басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ________________;

      шарттың нөмірі ________________;

      шарт жасалған күн ________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________________________________;

      10) өтініш беруші желісінің басқа операторлар желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _______________;

      шарт жасалған күн _______________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) ________________________________________;

      11) жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтың атауы ______________________________;

      12) бас станцияға таратылатын телерадиоарналарды жеткізу көзі мен тәсілі:

      студияның орналасқан жері _______________;

      пайдаланылатын желінің типі _______________;

      13) жиілікті иемдену жабдықтарының санитариялық паспортының болуы (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарын таратқан жағдайда):

      нөмірі және берілген күні _______________;

      паспортты берген органның атауы _______________;

      паспорттың қолданылу мерзімі _______________;

      14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):

      атауы _______________;

      тиесілігі _______________;

      орналасқан жері _______________;

      қызмет көрсету аумағы _______________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі _______________;

      арнаның жылдамдығы _______________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы____________.

      4. Құқық иеленуші теле-, радиоарналармен теле -, радиоарналарды ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар, (көп бағдарламалы хабарларды тарату үшін):

      шарттың нөмірі _______________;

      шарт жасалған күн _______________;

      шарт кіммен жасалған (заңды және жеке тұлғаның атауы) _____________________________

      Шартта көрсетілген арналардың тізбесі________________________.

      5. Техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын үй-жайдың және алаңның болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.

      6. Әкімшілік-басқару персоналын арналған үй-жайы мен алаңының болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.

      7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ________________.

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.10.2024 № 502-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz, www.elicense.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін мөлшерлемелері:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10-ын құрайды. Ақы төлеу екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеуді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мекенжайлар Министрліктің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.".

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу); осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
телерадио хабарларын тарату желісін (эфирлік, кәбілдік, спутниктік желілер үшін) ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспардың электрондық көшірмесі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтары тізбесінің электрондық көшірмесі;
өлшем құралдарын және сынақ жабдықтарын (телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып қызметтер көрсеткен жағдайда сынақ жабдықтарын өлшеу құралдары талап етілмейді) тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын сертификаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін (жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда құжаттарды ауыстырған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (сұрау салу).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) аталған субъектілер санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) масс-медиа саласында қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты масс-медиа жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) масс-медиа саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
6-қосымша

Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11580 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13347 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіменақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13477 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15124 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15329 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған)

      7. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18022 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      8. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18563 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      9. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18989 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      10. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19353 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қыркүйекте ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).