Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20296 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 13.11.2020 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларыбекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа 1-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әр - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      6. Теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайларда теле -, радиоарна қайта есепке алуға жатады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілгенін растайтын берілген құжаттардың деректерін тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасына өтініш берген кезде (егер бұрын берілген отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған кезде құрылымдық бөлімшенің қызметкері куәлікті береді немесе уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      9. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлік беруі;

      2) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 4-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;

      4) меншік иесінің ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке алу туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;

      6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің(үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу,
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
(отандық теле-,
радиоарнаны есепке қою
туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)

Өтініш

      Сізден отандық теле-, радиоарна ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      есепке қоюды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы ______________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН ______________________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ___________________________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ___________________________________

      Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) атауы)

      Ақпарат жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мөрдің орны (бар болған кезде)

      20___ жылғы "____" ________ _____________________________________________________

      _________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу

      қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу,
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысаны
  ____________________________
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық атауы)

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________________ себебі бойынша

      (себебін көрсету)

      отандық теле-, радиоарна __________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      қайта есепке алуды жүзеге асыруды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ________________________________________________________________________________

      (бар болған жағдайда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны меншік иесінің)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы ______________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН ______________________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ___________________________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ___________________________________

      Ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі: _______________________

      Меншік иесінің ауысуын/меншік құқықтарды беруді растайтын құжаттардың деректері:

      (құқықтар өтетін адамның құжатының деректері, құжатының нөмірі мен күні, ЖСН/БСН және

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны (меншік

      иесі ауысқан жағдайда толтырылады))

      Р/с № құжаттың деректері

      1

      2

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      __________                              20 __ жылғы "____" __________

      (қолы) _________________________________ ________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) атауы)

      Мөрдің орны                              20 __ жылғы "____" _________

      (бар болған жағдайда)

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу,
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________
(отандық теле-,
радиоарнаны есепке қою
туралы куәлік беретін
органның толық атауы)

Өтініш

      Сізден _______________________________________________________________ байланысты

      (себебін көрсету)

      отандық теле-, радиоарна __________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы

      ________________________________________________________________________________

      (Меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы ______________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН __________________________________________________________________

      Өтінішке:

      1._________________________

      2._________________________ қоса беріледі.

      _______________________________________ _____________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) атауы) (қолы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________                                    20 __ жылғы "____" __________

      (қолы)

      Мөрдің орны                                    20 __ жылғы "____" _________

      (бар болған кезде)

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке алу,
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының ставкалары:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткішті;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатыны төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке алу тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған..

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) ұсынады ;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) ұсынады ;
3) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) ұсынады.

9

Қазақстант Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) өтініштің мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына байланысты теле-, радиоарнаны қайта есепке алу туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқығын басқа тұлғаға беру туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуы бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
2-қосымша

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әр - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес құжаттар жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына, біліктілік талаптарына сәйкестігіне және мәліметтер нысанына құжаттарды қарайды, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      6. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы, заңды тұлғаның лицензиясы өзгерген жағдайларда теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия қайта рәсімделуге жатады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған кезде құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензия беру не уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қызметін көрсетеді және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;

      2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________ қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондар _____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банктік шот _____________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ____________ парақ қоса беріледі.

      Осы өтінішпен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      ___________ 20 __ жылғы "____" _______

      (қолы)

      Басшы ______________ _______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" _________

      (бар болған кезде)

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін жеке тұлғаның өтініші

      _______________________________________________________________________________-

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету) ___________________________

      қызметін_жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты

      мекенжайы ______________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондар _____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банктік шот _____________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ____________ парақ қоса беріледі

      Осы өтінішпен:

      Осы өтінішпен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      ___________ 20 __ жылғы "____" _______

      (қолы)

      Жеке тұлға _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" _________

      (бар болған кезде)

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары

      1. Қызметкерлер саны _____________________________________;

      Инженерлік-техникалық мамандардың саны _________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылға дейін _________________;

      бір жылдан астам________________.

Маманның тегі

Маманның аты

Маманның әкесінің аты

Мамандығы

Жоғары білімі туралы дипломның №

Диплом берілген күн

Жоғары оқу орнының атауы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Лауазымы



















      2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:

      телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын:

      иә / жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру:

      иә / жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік / спутниктік / телекоммуникациялар желісі бойынша;

      2) хабар таратумен қамту аумағы ________________;

      3) желі типі ________________;

      стандарт атауы ________________;

      стандарт нөмірі ________________;

      4) таратылатын теле-, радиоарналарының тізімі _____________;

      даму кезеңдері бойынша тізбе ________________;

      қысқаша сипаттамасы ________________;

      5) шартты қол жеткізу жүйесі пайдаланған жағдайда _______;

      6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

      _____________________________________;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе жазылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдер бойынша:

      көлемі МГц ________________;

      жазылушылар саны ________________;

      8) телерадио хабарларын таратудың және байланыстың басқа да желілерінің өзара іс-қимылы:

      шарттың нөмірі ________________;

      шарт жасалған күн ________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) адамның)________;

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі;

      меншікті техникалық құралдар бойынша ________________;

      басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ________________;

      шарттың нөмірі ________________;

      шарт жасалған күн ________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________________________;

      10) өтініш беруші желісінің басқа операторлар желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _______________;

      шарт жасалған күн _______________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)_______________________________________________;

      11) жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтың атауы

      _________________________________________;

      12) бас станцияға таратылатын телерадиоканалдарды жеткізу көзі мен тәсілі:

      студияның орналасқан жері _______________;

      пайдаланылатын желінің типі _______________;

      13) жиілікті иемдену жабдықтарының санитариялық паспортының болуы (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарын таратқан жағдайда):

      нөмірі және берілген күні _______________;

      паспортты берген органның атауы _______________;

      паспорттың қолданылу мерзімі _______________;

      14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):

      атауы _______________;

      тиесілігін _______________;

      орналасқан жері _______________;

      қызмет көрсету аумағы _______________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі _______________;

      арнаның жылдамдығы _______________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы____________.

      4. Құқық иеленуші теле-, радиоарналармен теле -, радиоарналарды ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар, (көп бағдарламалы хабарларды тарату үшін):

      шарттың нөмірі _______________;

      қорытындының күні _______________;

      шарт кіммен жасалған (заңды және жеке тұлғаның

      атауы)__________________________________________________________________________

      Шартта көрсетілген арналардың тізбесі________________________.

      5. Техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын үй-жайдың және алаңның болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.

      6. Әкімшілік-басқару персоналын арналған үй-жайы мен алаңының болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.

      7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ________________.

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz, www.elicense.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады:

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі - 13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі - лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін мөлшерлеме:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ды құрайды.
Ақы төлеу екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

7

Жұмыс графигі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу);
 осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген ақпарат нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспардың электрондық көшірмесі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтары тізбесінің электрондық көшірмесі;
өлшем құралдарын және сынақ жабдықтарын тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын сертификаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін (жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда құжаттарды ауыстырған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (сұрау салу).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) субъектілердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың мемлекеттік қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;
5) қағидалардағы сияқты 2015 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10357 болып тіркелген "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығында белгіленген, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.gov.kz Интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге кеңсе және (немесе) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы , осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіне қойылған белгі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде құрылымдық бөлімшенің қызметкері басшы қол қойған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді, ал көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты "жеке кабинетіне" жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, шетелдік теле -, радиоарналардың өнімдеріне сараптама жүргізеді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      6. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке алу меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, теле-, радиоарнаның аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті және өтінішке қоса берілетін құжаттарды мазмұнына қатысты қарайды, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасына өтініш берген кезде (егер бұрын берілген шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұнына қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған кезде құрылымдық бөлімшенің қызметкері куәлікті береді немесе уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      9. Мыналар:

      1) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 2-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;

      3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;

      4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;

      5) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      7) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың ұсынылмауы;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта
есепке қою, куәлігінің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның
толық атауы)
____________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін орган басшысының
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________________________

      (қайта есепке алуды және телнұсқаны беруді жүзеге асырған жағдайда, себебі көрсетіледі)

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке алуды, телнұсқасын беруді

      жүзеге асыруды) сұраймын.Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы____________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері/орналасқан жері, ұйымдық-

      құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері) ____________________________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату торы ________________________________________

      (кейінгі айға)

      Теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты _______________________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы __________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы

      міндеттемесі ____________________________________________________________________

      Өтінішке:

      1._________________________

      2._________________________ қоса беріледі

      _________________________________________ ___________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы) (қолы)

      Мөрдің орны 20 ___ жылғы "__" _____________

      (бар болған жағдайда)

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта
есепке қою, куәлігінің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - күнтізбелік 15 (он бес) күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық және қағаз түрінде (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі - Куәлік), куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының ставкалары:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыста болатын төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге (сенімхат бойынша өкілі өтініш жасаған жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшін - теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
2) қайта есепке алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшін - теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасы.
3) телнұсқаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшін - теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін - теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
2) қайта есепке алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін - теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
3) телнұсқаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін - теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
Шет тілінде берілетін құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылуға жатады және нотариалды куәландырылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініштің мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
7) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың ұсынылмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
4-қосымша

"Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес құжаттар жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді баспа басылымдары, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      6. Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі ауысқан не оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға тиіс.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына арналған құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді баспа басылымдарының, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілгенін растайтын берілген құжаттардың деректерін тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      8. Мыналар:

      1) бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспа басылымына, ақпарат агенттігіне немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәліктің берілуі;

      2) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 4-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою үшін алымның төленбеуі;

      4) меншік иесінің ауысуына байланысты мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін немесе желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспа басылымына немесе ақпарат агенттігіне меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуы бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
(мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)
__________________________
(Мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу туралы куәлікті беретін
орган басшысының тегі,
аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Өтініш

      Сізден мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылым

      __________________________________________________________________________ есепке

      (мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы, түрі)

      қоюды немесе қайта есепке алуды сұраймын.

      Меншік иесі _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-___________________________ құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН ______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы ________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімділігі _____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты

      Таралу аумағы ___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      __________________

      (қолы)                                                20_ жылғы "___" ____________

  "Мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
(мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)
__________________________
(Мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу туралы куәлікті беретін
орган басшысының тегі,
аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Өтініш

      _____________________________________________________________ өзгеруіне байланысты

      Сізден мерзімді баспа басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым

      ________________________________________________________________________________

      (мерзімді баспа басылымының немесе ақпараттық агенттіктің және

      ________________________________________ қайта есепке алуды сұраймын. желілік

      басылымның атауы, түрі)

      Меншік иесі _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН ______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы ________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімділігі _____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты ______________________________________________________________

      Таралу аумағы ___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы __________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      ______________________

      (қолы)                                          20_ жылғы "___" ____________

  "Мерзімді баспа басылымдарын,
ақпараттық агенттіктерді
және желілік басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке
алу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының ставкалары:
1) мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымын құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленетін күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті;
мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және өзге тақырыптағы желілік басылымды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленетін күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті;
2) мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленетін күні қолданыста болатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткішті;
мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және өзге тақырыптағы желілік басылымды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - алым төленген күні қолданыстағы төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке алу тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы,жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

 1) мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады;
2) мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, мерзімді баспасөз басылымының және ақпараттық агенттіктің атауын, негізгі тақырыптық бағыты мен шығару мерзімділігінің, сондай-ақ тарату аумағының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес)
мерзімді баспа басылымына, ақпараттық агенттікке және желілік басылымға меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың үзінді көшірмесі құжатының электрондық көшірмесін ұсынады;
3) куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспа басылымына, ақпарат агенттігіне немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәліктің берілуі;
2) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 4-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына байланысты мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін немесе желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспа басылымына немесе ақпарат агенттігіне меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуы бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
5-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою, қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою, қайта есепке алу" мемлекеттік қызметті(бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал)арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидалардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін өтінішті дұрыс толтырған жағдайда уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті ұсынған кезде құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде анықтаманы не уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, БАҚ саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
___________________________
(анықтаманы берген органның
толық атауы)

Өтініш

      Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын

      есепке қоюды сұраймын.

      Таратушының деректері: __________________________________________________________

      (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (ЖСН/БСН, Тіркеу құжатының нөмірі және берілген күні))

      ________________________________________________________________________________

      (тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық поштасы)


Р/с

Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын тарату аумағы

Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарының тілі (тілдері)

Негізгі тақырыптық бағыты

Мерзімділігі

Таратылатын даналардың болжамды саны

1







2







      Қосымша:

      1. __________________

      2. __________________ бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін __________ 20___ жылғы "____" ________ (қолы)

      Мөрдің орны___________ 20___ жылғы "____" ________

      (болған кезде)

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспа
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжат (бұдан әрі-құжат) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.gov.kz Интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 Бұйрыққа
6-қосымша

Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11580 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13347 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіменақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13477 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15124 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15329 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған)

      7. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18022 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      8. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18563 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      9. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18989 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      10. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19353 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қыркүйекте ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).