"Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18022 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.04.2020 № 101 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымының ставкалары мынаны құрайды:

      1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін алты ондық айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні ішінде лицензия беру;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін ставкалар мынаны құрайды:

      1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияны қайта рәсімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ы.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес (Салық кодексі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның ставкалары мынаны құрайды:

      1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін алты ондық айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшірмесі, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариат куәландырған кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруіне, атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлғаны немесе филиалын (өкілдіктерін) құрумен байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшірмесі, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариат куәландырған кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасы.

      Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшірмесі, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариат куәландырған кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін бюджетке алымның төленгенін растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне құжаттар пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда бекітілсін:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның ставкалары мынаны құрайды:

      1) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желелік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылым есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш.

      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүргізіледі.

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда бекітілсін:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңңамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев