"Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 25.02.2022 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 Бұйрыққа 1-қосымша |
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
2. "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік, оның телнұсқасын береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
6. Теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайларда теле -, радиоарна қайта есепке алуға жатады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншіктің ауысуын/меншік құқығының берілгенін растайтын берілген құжаттардың деректерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке алу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
8. Көрсетілетін қызметті алушы отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасына өтініш берген кезде (егер бұрын берілген отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші куәліктің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
9. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлік беруі;
2) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 4-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке алу туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің(үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Сізден отандық теле-, радиоарна ___________________________________
_________________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы ____________________________
_________________________________________________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/атауы және
ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы _______________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН ________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ____________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _______________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _____________
____________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) атауы)
Ақпарат жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Мөрдің орны (бар болған кезде) 20___ жылғы "____" ________
__________________________________________________________________
__________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз
жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.
Өтініш
Сізден _________________________________________________________ себебі бойынша
(себебін көрсету)
отандық теле-, радиоарна _________________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
қайта есепке алуды жүзеге асыруды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы
_______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
(бар болған жағдайда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны меншік иесінің)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН ______________________________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ___________________________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ___________________________________
Ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі: _______________________
Меншік иесінің ауысуын/меншік құқықтарды беруді растайтын құжаттардың деректері:
(құқықтар өтетін адамның құжатының деректері, құжатының нөмірі мен күні, ЖСН/БСН
және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны
(меншік иесі ауысқан жағдайда толтырылады))
Р/с № құжаттың деректері
1.______________
2.______________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ жылғы "____" __________
(қолы)
_________________________________ _____________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
атауы)
Мөрдің орны 20 __ жылғы "____" _________ (бар болған жағдайда)
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
____________________________ (отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік беретін органның толық атауы) |
Өтініш
Сізден ___________________________________________________________ байланысты
(себебін көрсету)
отандық теле-, радиоарна ______________________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы)
есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы
_____________________________________________________________________________
(Меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ атауы және ұйымдық-
құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы
_____________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________________
Өтінішке:
1._________________________
2._________________________ қоса беріледі.
_______________________________________ _____________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) атауы) (қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________ 20 __ жылғы "____" __________
(қолы)
Мөрдің орны 20 __ жылғы "____" _________
(бар болған кезде)
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Мәліметтер нысаны
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар үй-жайларға және алаңға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары: (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы көрсетіледі) (алаң шаршы метрде, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері)
Р/с № | Үй-жайдың типі | Мекенжайы | Сипаттамасы |
1 | Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы) | ||
2 | Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін | ||
3 | Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________ 20__ жылғы "__" _________
(қолы)
_________________________________________________ __________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
М.О. 20__ жылғы "___" ___________
(мөр болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 Бұйрыққа 2-қосымша |
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
2. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғым қолданылады:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер стандартында көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдаған күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімге орындауға ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкер ретінде тіркеу құжаттары туралы мәліметті, төлемді растау құжатын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
5. Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттар мен мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
6. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы, заңды тұлғаның лицензиясы өзгерген жағдайларда теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия қайта рәсімделуге жатады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
8. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлғаның өтініші
_____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)
_____________________________________________________________
________________________ қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________
_____________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефондар ____________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Банктік шот ___________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі.
Осы өтінішпен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "____" _______
(қолы)
Басшы ______________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" _________
(бар болған кезде)
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін жеке тұлғаның өтініші
____________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)
__________________________ қызметін_жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
___________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта_____________________________________________________________
Телефондар ____________________________________________________________________
Факс __________________________________________________________________________
Банктік шот ____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _______________________________________________
_______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі
Осы өтінішпен:
Осы өтінішпен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға
лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға
сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "____" _______ (қолы)
Жеке тұлға _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" _________
(бар болған кезде)
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қызметкерлер саны _____________________________________;
Инженерлік-техникалық мамандардың саны _________________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1 жылға дейін _________________;
бір жылдан астам________________.
Маманның тегі | Маманның аты | Маманның әкесінің аты | Мамандығы | Жоғары білімі туралы дипломның № | Дипломның берілген күні | Жоғары оқу орнының атауы | Мамандығы бойынша жұмыс өтілі | Лауазымы |
2. Қамтамасыз ету міндеттері: теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын
телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: бар/жоқ. иә / жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру: иә / жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік / спутниктік / телекоммуникациялар желісі бойынша;
2) хабар таратумен қамту аумағы ________________;
3) желі типі ________________;
стандарт атауы ________________;
стандарт нөмірі ________________;
4) таратылатын теле-, радиоарналарының тізімі _____________;
даму кезеңдері бойынша тізбе ________________;
қысқаша сипаттамасы ________________;
5) шартты қол жеткізу жүйесі пайдаланған жағдайда _______;
6) басқару жүйесі мен желі қолдануды ұйымдастыру қағидаты __________________;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе жазылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдер бойынша:
МГц көлемі ________________;
жазылушылар саны ________________;
8) телерадио хабарларын таратудың және байланыстың басқа да желілерінің өзара іс-қимылы:
шарттың нөмірі ________________;
шарт жасалған күн ________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі;
меншікті техникалық құралдар бойынша ________________;
басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ________________;
шарттың нөмірі ________________;
шарт жасалған күн ________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________________________________;
10) өтініш беруші желісінің басқа операторлар желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _______________;
шарт жасалған күн _______________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) ________________________________________;
11) жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтың атауы ______________________________;
12) бас станцияға таратылатын телерадиоарналарды жеткізу көзі мен тәсілі:
студияның орналасқан жері _______________;
пайдаланылатын желінің типі _______________;
13) жиілікті иемдену жабдықтарының санитариялық паспортының болуы (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарын таратқан жағдайда):
нөмірі және берілген күні _______________;
паспортты берген органның атауы _______________;
паспорттың қолданылу мерзімі _______________;
14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):
атауы _______________;
тиесілігі _______________;
орналасқан жері _______________;
қызмет көрсету аумағы _______________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _______________;
арнаның жылдамдығы _______________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы____________.
4. Құқық иеленуші теле-, радиоарналармен теле -, радиоарналарды ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар, (көп бағдарламалы хабарларды тарату үшін):
шарттың нөмірі _______________;
шарт жасалған күн _______________;
шарт кіммен жасалған (заңды және жеке тұлғаның атауы) _____________________________
Шартта көрсетілген арналардың тізбесі________________________.
5. Техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын үй-жайдың және алаңның болуы:
Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;
Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;
Жалға алу шартының нөмірі ______________;
Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;
Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.
6. Әкімшілік-басқару персоналын арналған үй-жайы мен алаңының болуы:
Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;
Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;
Жалға алу шартының нөмірі ______________;
Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;
Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.
7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы:
Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;
Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;
Жалға алу шартының нөмірі ______________;
Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;
Жалға алу шарты кіммен жасалған ________________.
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz, www.elicense.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін мөлшерлемелері: |
7 | Жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) субъектілердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу; |
10 | Көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 Бұйрыққа 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік, оның телнұсқасын береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушы тіркеу куәлігін алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, шетелдік теле-, радиоарналар өнімдеріне сараптама жасайды, сондай-ақ берілген түбіртек деректемелерінің толтырылуының дұрыстығын тексереді, қорындысы бойынша тіркеу туралы куәлік қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
6. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке алу меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, теле-, радиоарнаның аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың мазмұнына құжаттарды қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
8. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасына өтініш берген кезде (егер бұрын берілген шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұнына қарайды, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші куәліктің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
9. Мыналар:
1) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 2-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
7) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың ұсынылмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Сізден __________________________________________________________________________
(қайта есепке алуды және телнұсқаны беруді жүзеге асырған жағдайда, себебі көрсетіледі)
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке алуды, телнұсқасын беруді жүзеге
асыруды) сұраймын. Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы
______________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері/орналасқан жері, ұйымдық-
құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері) _________________________________________
Теле-, радиоарнаның хабар тарату торы ____________________________________________
(кейінгі айға)
Теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты _____________________________________
Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы _________________________________________
(индексі, қала, аудан, көше, үй, телефоны, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесі
________________________________________
Өтінішке:
1._________________________
2._________________________ қоса беріледі
_________________________________________ _______________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы) (қолы)
Мөрдің орны 20 ___ жылғы "__" _____________
(бар болған жағдайда)
"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту уәжді жауап көрсетілетңн қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері: |
7. | Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат; |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) өтініштің мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 Бұйрыққа 4-қосымша |
"Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.01.2022 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
2. "Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініш мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке алынған мерзімді басылымдардың, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
6. Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі ауысқан не оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға тиіс.
7. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді басылымдардың, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда, меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілуін растайтын құжаттардың деректерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
8. Мыналар:
1) бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспа басылымына, ақпарат агенттігіне немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәліктің берілуі;
2) өтініштің мазмұны осы Қағидалардың 4-қосымшасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына байланысты мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін немесе желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспа басылымына немесе ақпарат агенттігіне меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуы бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, ақпарат саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 9-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.08.2022 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Сізден мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылым
_____________________________________________________ есепке
(мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы, түрі)
қоюды немесе қайта есепке алуды сұраймын.
Меншік иесі _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
БСН/ЖСН _________________________________________________
Меншік иесінің мекенжайы ____________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы
_______________________________________________
Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі
_________________________________________________
Мерзімділігі ______________________________________________
Тақырыптық бағыты
Таралу аумағы ____________________________________________________________
Редакцияның мекенжайы _________________________________________________________
Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (болған жағдайда) __________________ (қолы) 20_ жылғы "___" ___________
Өтініш
_________________________________________________________________ өзгеруіне
байланысты Сізден мерзімді баспа басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым
_____________________________________________________________________________
(мерзімді баспа басылымының немесе ақпараттық агенттіктің және
____________________________________________________________ қайта есепке алуды
сұраймын.желілік басылымның атауы, түрі)
Меншік иесі__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
БСН/ЖСН_______________________________________________________________________
Меншік иесінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы
_______________________________________________________________
Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі
________________________________________________________________________________
Мерзімділігі _____________________________________________________________________
Тақырыптық бағыты
________________________________________________________________________________
Таралу аумағы
________________________________________________________________________________
Редакцияның мекенжайы
________________________________________________________________________________
Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
____________________ (қолы) 20_ жылғы "___" ____________
"Мерзімді баспа басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 30.12.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы мен қол электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады; |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспа басылымына, ақпарат агенттігіне немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәлікті беруі; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 Бұйрыққа 5-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 25.02.2022 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 Бұйрыққа 6-қосымша |
Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
1. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11580 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13347 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіменақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13477 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15124 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15329 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған)
7. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18022 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
8. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18563 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 мамырда ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
9. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18989 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 шілдеде ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
10. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 322 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19353 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қыркүйекте ҚР НҚА-ның эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).