Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.07.2024 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурызы № 168 бұйрығына қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) таралады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) - объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу сатысында және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөлу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;
2) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік объектілері) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
3) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі - адрестеу) - жеке реттік нөмірді бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;
4) мекенжай - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);
5) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мекенжай тіркелімі" АЖ) - Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы мәліметтерді қалыптастыруға, жинақтауғ, өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
6) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - "Мекенжай тіркелімі" АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;
7) тұрақты адрестеу - осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі
5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электронного үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
6. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;
3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама;
4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын жою туралы анықтама қалыптасады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтінімді қалыптастырады, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҚШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылданғаны туралы мәртебе "жеке кабинетке" жолданады.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға сұрау келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.
8. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде мәліметтер жоқ екені туралы ескерту қалыптасады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
9. Тәсілдері, мерзімдері, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген мәліметтер қамтылған мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдау кезінде электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімді қалыптастырады және "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға өтінім келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушы беріледі.
"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" үшін ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - "ХҚО" АЖ) және ЭҮШ интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
11. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады.
Құжаттарды қарау мен көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудің жалпы мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барады және МТК көрсете отырып оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру туралы анықтама беру;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тарату туралы анықтама беру;
3) не осы Қағидаларға 14-тармаққа сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауапты, ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорацияға нәтижені бере отырып жолдау.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы беру жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе уәкілетті өкіл уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға жеке тұлғаға нотариальдық расталған сенім хатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:
1) объектіні өз бетімен тұрғызу;
2) объетілер жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдік павильондар, дүңгіршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларға 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күні, Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуынан оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларға 2-қосымша Нысан (тарихынсыз) |
____________________________ | |
____________________________ | |
____________________________ |
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
Тұрақты тіркеу адресі: | Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері | Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
1 | 2 | 3 |
Мекенжайдың тiркеу коды: | ||
Объектінің сипаттамасы: | ||
Объектінің санаты: | ||
Кадастрлық нөмiрі: | ||
Тiркеу күнi: | ||
Негіздеме құжат: | ||
Берілген күні: |
(тарихымен) ____________________________ ____________________________ ____________________________ |
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
Мұрағаттық мекенжай: | Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері | Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
Өзгертілді: | Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері | Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
1 | 2 | 3 |
Мекенжай тiркеу коды: | ||
Объектінің сипаттамасы: | ||
Объектінің санаты: | ||
Кадастрлық нөмiрі: | ||
Тiркеу күнi: | ||
Негіздеме құжат: | ||
Берілген күні: |
____________________________ ____________________________ ____________________________ |
Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру туралы анықтама
Справка о присвоении адреса объекту недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)
Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы: | Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері | Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
1 | 2 | 3 |
Мекенжайды тiркеу коды: | ||
Объектінің сипаттамасы: | ||
Объектінің санаты: | ||
Кадастрлық нөмiрі: | ||
Тiркеу күнi: | ||
Негіздеме құжат: | ||
Берілген күні: |
____________________________ ____________________________ ____________________________ |
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы анықтама
Справка об упразднении адреса объекту недвижимости
Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)
Тұрақты / алдынала тiркеу мекенжайы: | Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері | Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса |
Мекенжайды тiркеу коды: | ||
Объектінің сипаттамасы: | ||
Объектінің санаты: | ||
Кадастрлық нөмiрі: | ||
Жойылу күні: | ||
Негіздеме құжат: | ||
Берілген күні: |
Өтініш
________________________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан: ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
________________________________________________________________________________
мекенжай (ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді,
(тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" ____________
_____________________
(Қолы)
_____________________________
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________
Телефоны:___________________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" ________
_________________________