"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20291 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 168 бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) таралады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) - объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу сатысында және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөлу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;

      2) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік объектілері) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

      3) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі - адрестеу) - жеке реттік нөмірді бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;

      4) мекенжай - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);

      5) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мекенжай тіркелімі" АЖ) - Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы мәліметтерді қалыптастыруға, жинақтауғ, өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      6) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - "Мекенжай тіркелімі" АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;

      7) тұрақты адрестеу - осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электронного үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.

      6. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;

      3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын жою туралы анықтама қалыптасады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтінімді қалыптастырады, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҚШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылданғаны туралы мәртебе "жеке кабинетке" жолданады.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға сұрау келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

      8. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде мәліметтер жоқ екені туралы ескерту қалыптасады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      9. Тәсілдері, мерзімдері, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген мәліметтер қамтылған мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдау кезінде электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімді қалыптастырады және "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға өтінім келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушы беріледі.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" үшін ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - "ХҚО" АЖ) және ЭҮШ интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      11. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеуді ол келіп түскен күні жүзеге асырады.

      Құжаттарды қарау мен көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудің жалпы мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барады және МТК көрсете отырып оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру туралы анықтама беру;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тарату туралы анықтама беру;

      3) не осы Қағидаларға 14-тармаққа сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауапты, ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорацияға нәтижені бере отырып жолдау.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы беру жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе уәкілетті өкіл уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға жеке тұлғаға нотариальдық расталған сенім хатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:

      1) объектіні өз бетімен тұрғызу;

      2) объетілер жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдік павильондар, дүңгіршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

      16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы:

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күні, Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) "электрондық үкімет" веб-порталына:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шотының электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады.
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуынан оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан
(тарихынсыз)



  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама

Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

1

2

3

Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Тiркеу күнi:
Дата регистрации:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:





  (тарихымен)
____________________________
____________________________
____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама

Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Өзгертілді:
Изменен на:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

1

2

3

Мекенжай тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Тiркеу күнi:
Дата регистрации:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:





  ____________________________
____________________________
____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру туралы анықтама

Справка о присвоении адреса объекту недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

1

2

3

Мекенжайды тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Тiркеу күнi:
Дата регистрации:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:



  ____________________________
____________________________
____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы анықтама

Справка об упразднении адреса объекту недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)

Тұрақты / алдынала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Жойылу күні:
Дата упразднения:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:



  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан: ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)

      ________________________________________________________________________________

      мекенжай (ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді,

      (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" ____________

      _____________________

      (Қолы)

      _____________________________

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
  (тегі, аты, бар болған жағдайда
әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
  ____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) ....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (қолы)

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________

      Телефоны:___________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" ________

      _________________________