"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20291 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 168 бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) таралады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) береді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) - объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу сатысында және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөлу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;

      2) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік объектілері) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

      3) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі - адрестеу) - жеке реттік нөмірді бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;

      4) мекенжай - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);

      5) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мекенжай тіркелімі" АЖ) - Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы мәліметтерді қалыптастыруға, жинақтауғ, өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      6) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - "Мекенжай тіркелімі" АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;

      7) тұрақты адрестеу - осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электронного үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.

      6. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;

      3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын жою туралы анықтама қалыптасады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтінімді қалыптастырады, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҚШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылданғаны туралы мәртебе "жеке кабинетке" жолданады.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға сұрау келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

      8. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде мәліметтер жоқ екені туралы ескерту қалыптасады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      9. Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      10. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдау кезінде электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімді қалыптастырады және "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға өтінім келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушы беріледі.

      "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" үшін ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - "ХҚО" АЖ) және ЭҮШ интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      11. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудің жалпы мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шішім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барады және МТК көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;

      3) не осы Қағидаларға 14-тармаққа сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты, ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорацияға нәтижені бере отырып жолдайды.

      13. Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы беру жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе уәкілетті өкіл уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға жеке тұлғаға нотариальдық расталған сенім хатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:

      1) объектіні өз бетімен тұрғызу;

      2) объетілер жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдік павильондар, дүңгіршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - уәкілетті орган) не уәкілетті органның басшысының блогында "Уәкілетті орган басшысының блогы" беті) беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға қосымша хатта беріледі).

      Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгінуі туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. көрсетіледі

      Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол шығарылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация;
2) "электрондық үкімет" веб-портал www.egov.kz, www.elicense.kz және ұялы байланыстың абоненттік қондырғылары арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

портал арқылы:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорация арқылы:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және МТК көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркей отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;
3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;
4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама;
5) осы Қағидаларға 14-тармақта көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз тасығышпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады.

6

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсеткен алынатын кездегі төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.

8

Құжаттар тізбесі

1) порталға:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру үшін:
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру:
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларының 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың алыстан қол жеткізу режимінде "жеке кабинеті", қызмет көрсетушінің анықтама қызметі, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8 800 080 7777 арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және статусы туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольді пайдалана алады.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан
(тарихынсыз)



  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама

Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

1

2

3

Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Тiркеу күнi:
Дата регистрации:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:





  (тарихымен)
____________________________
____________________________
____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама

Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Өзгертілді:
Изменен на:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

1

2

3

Мекенжай тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Тiркеу күнi:
Дата регистрации:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:





  ____________________________
____________________________
____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру туралы анықтама

Справка о присвоении адреса объекту недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

1

2

3

Мекенжайды тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Тiркеу күнi:
Дата регистрации:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:



  ____________________________
____________________________
____________________________

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы анықтама

Справка об упразднении адреса объекту недвижимости

      Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр

      ___________________________________________________________

      (жылжымайтын мүлiк нысаны / объект недвижимости)

Тұрақты / алдынала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бар қаланың /облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:



Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:



Объектінің санаты:
Категория объекта:



Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:



Жойылу күні:
Дата упразднения:



Негіздеме құжат:
Документ основание:



Берілген күні:
Дата выдачи:



  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан: ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)

      ________________________________________________________________________________

      мекенжай (ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді,

      (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" ____________

      _____________________

      (Қолы)

      _____________________________

  "Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
  (тегі, аты, бар болған жағдайда
әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
  ____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) ....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (қолы)

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________

      Телефоны:___________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" ________

      _________________________