Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 31 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20241 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "___" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 31 қаулысымен
бекітілді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.

      3. Мемлекетаралық банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері сол банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен айқындалады.

      4. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат, банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат не банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке (банк холдингіне) ескертулерді жою мерзімін көрсете отырып пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта арқылы және (немесе) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы ескертулер көрсетілген хатты жібереді.

      Банк (банк холдингі) (бұдан әрі - банк (банк холдингі) немесе көрсетілетін қызметті алушы) ескертулерді жояды және Қазақстан Республикасының банк заңнамасы талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды уәкілетті орган жіберген хатында белгілеген мерзімде ұсынады.

      Банк (банк холдингі) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймаған жағдайда уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартады.

2-тарау. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту тәртібі

      5. Банк (банк холдингі) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу (бұдан әрі – ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүгізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті портал арқылы уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Қайта ұйымдастыру стандарты) жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтіншхаты немесе өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтінішхаттарды немесе өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      жеке тұлға - Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екенін растайтын;

      заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      9. Мемлекеттің қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банк ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда банк акционерлердің жалпы жиналысы оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін:

      1) Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен оларды қайтару не басқа банкке аудару шараларын қабылдайды;

      2) банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк уәкілетті органға растайтын құжаттарды, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару туралы шартты және жеке тұлғалардың депозиттерін қадылдау-өткізу актісін қоса бере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты ұсынады.

      11. Ислам банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі 3 (үш) жылға бизнес-жоспары, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамы, мынадай көрсеткіштердің қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді талдауын қоса алғанда:

      айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін қаржылық есептіліктер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға рентабельділік (таза пайданың активтердің орташа мәніне және меншікті капиталдың орташа мәніне қатынасы);

      айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдер бойынша инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша болжам;

      2) банктің мақсаты мен міндеттерінің сипаттамасы және ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялар түрлері;

      3) банк қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      4) банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі үш қаржылық (операциялық) жылға банк қызметін дамыту стратегиясы және ауқымы;

      5) банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі 3 (үш) қаржылық (операциялық) жылға негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебін, бюджетті, бухгалтерлік балансты, пайда мен зиян туралы есепті, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздерін және көлемін қамтитын банктің толық жылдық қаржылық жоспары;

      6) тәуекелдерді басқару жоспары банктің қызметін және оның қаржылық жай-күйін директорлар кеңесінің, басқарманың тарапынан тиімді бақылауды, оның ішінде мыналарды:

      корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен мәдениеттің тиісті деңгейін;

      банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды;

      банк капиталының ол қабылдайтын тәуекелдердің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингі арқылы банктің тәуекелдерін тиімді басқаруды;

      банктің және оның қызметкерлерінің қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы анықтау мен жоюды;

      болжанбаған немесе төтенше жағдайларды шешу үшін банкте барабар тетіктер құруды;

      банкті қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (банктің меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қосымша қаржылық салымдар (ақша сомасын және ақша салу көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа да іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасын;

      банкті қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдерін сақтауды;

      қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжамды экономикалық нәтижесін алуды (пруденциялық нормативтердің өзгеру динамикасы, банктің меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, банктің қаржылық және басқа да көрсеткіштерінің өзгеруі) қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ақпаратты қамтиды.

      12. Банктер туралы заңның 52-14-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар банктің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен куәландырылады.

      13. Уәкілетті орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттар тізілімін жүргізеді.

3-тарау. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібі

      14. Банк банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алу (бұдан әрі – банкті ерікті түрде таратуға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты портал арқылы уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Тарату стандарты) жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтіншхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтінішхаттарды немесе өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екенін растайтын;

      заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      17. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      18. Мемлекеттің қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      19. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті органға жіберіледі.

      20. Банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған кезде банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе).

      21. Уәкілетті органның банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, беруден бас тарту туралы шешімі қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      22. Уәкілетті орган Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктерді ерікті түрде таратуға берілген рұқсаттар тізілімін жүргізеді.

4-тарау. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару тәртібі

      23. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылуы туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару шараларын қабылдайды.

      24. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:

      1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банк міндеттемелерінің сомасын айқындау;

      2) алда болатын жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару туралы хабарландыруды кем дегенде екі республикалық мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;

      3) алда болатын жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару туралы хабарландыруды банк клиенттерінің назарын аударатын қолжетімді орындарда орналастыру.

      25. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және банктің таңдауы бойынша оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару туралы өтініштерді қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозитордың депозитті аударуға келісімі ретінде қаралады.

      26. Банк Қағидалардың 25-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей депозитті аудару жөнінде өтініш берген, сондай-ақ депозитін алуға өтініш жасамаған не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозитін аудару жөнінде өтініш бермеген депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін, депозит сомасын, депозиторлардың депозит бойынша есептелген және алынған сыйақы сомаларын көрсете отырып қалыптастырады және банктерге жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жібереді.

      Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозиторлардың депозит бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары, сондай-ақ банктің филиалдары бойынша депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдірген банктер жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдіргені жөнінде еркін нысанда жасалған өтінішін ұсынады.

      27. Банк ұсыныс жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдіргені жөнінде өтініш берген банктер арасынан және мынадай талаптарға сай келетін банкті таңдайды:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;

      2) уәкілетті органның депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операциялар жүргізуге қолданыстағы лицензиясы бар;

      3) соңғы күнтізбелік үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың қабылданатын депозиттері сомасын ескере отырып сақтайды;

      4) уәкілетті орган өтініш берген күні және құжаттарды қарау кезеңінде банкке, ірі қатысушыға (банк холдингіне) және (немесе) банктің басшы қызметкеріне қолданған Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 47-1-тармағында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және (немесе) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалары жоқ;

      5) ерікті түрде таратылатын банктің депозиторларына қызмет көрсететін филиалдары бар.

      28. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банкті таңдау туралы шешім уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні жазбаша түрде банкке банк шешімін қарау қорытындысы туралы мәлімет жібереді.

      Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға қатысты ақпаратты ұсынады.

      29. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аудару ерікті түрде таратылатын банк пен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және 2 (екі) данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде банктің шешімін уәкілетті органмен келіскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      30. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) банктің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аудару күнінде міндеттемелерінің мөлшері;

      2) ерікті түрде таратылатын банктің филиалдары бойынша депозитор- жеке тұлғалардың тізімі, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банктік шоттың нөмірі);

      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;

      депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты орны;

      банктік шот және (немесе) банк салымы шарты жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;

      депозит бойынша сыйақы мөлшерлемелері;

      депозит сомасы, сондай-ақ депозит бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;

      3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.

      31. Ерікті түрде таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға байланысты барлық шығыстарға жауапкершілік атқарады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударған күнді қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.

      32. Ерікті түрде таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің және жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың көшірмесін жібереді.

      33. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударылған банк бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банк салымы шарттарын жасайды.

      34. Ерікті түрде таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аудару жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      35. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинеттен шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      36. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      37. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органның
Төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат

      _________________________________________________________________________

      (банктің (банк холдингінің) атауы)

      банк (банк холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      ___ жылғы "___" ______ жалпы жиналысының № ___ шешіміне сәйкес, банкті

      (банк холдингін) (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды

      тұлғалар атауы)

      __________________________________________________________________________

      (қажеттісінің астын сызу)

      __________________________________________________________________________

      арқылы ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк (банк холдингі) өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуіне толық жауап береді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      __________________________________________________________________________

      Банктің (банк холдингінің) акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _______________________

                        (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органның
Төрағасына

Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш

      __________________________________________________________________________

                              (банктің атауы)

      банк акционерлерінің жалпы жиналысының

      _________________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      "____"___________жылғы___________________________________________________

      № ______ шешіміне сәйкес

      банкті ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (банкті ислам банкіне айналдыру нәтижесінде құрылатын ислам банкінің атауы) ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

      Банк өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуін толық растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      __________________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      ______________________

                  қолы

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
3-қосымша

"Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап – 2 (екі) ай ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмелерін қоса бере отырып, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Ақысыз

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанған талаптарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін сипаттайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті алушының есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамының электрондық көшірмесі;
5) қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған қосу туралы шарттың электрондық көшірмесі (қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі).
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған банк акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 52-15-бабының талаптарына сәйкес келетін банкті ислам банкіне айналдыру бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі;
4) Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ислам банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі 3 (үш) жылға бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушылардың жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
2) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;
3) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттердің бұзылуы;
4) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылды.
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Банктер туралы заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) бизнес-жоспардың Қағидалардың11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және (немесе) банктің банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы;
6) банкті ислам банкіне болжанған айналдыру нәтижесінде банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылды.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттар тізілімі

Банктің (банк холдингінің) атауы

Банктер (банк холдингтері) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының күні мен нөмірі

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі

Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (құрылатын) заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) атауы

Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (құрылатын) заңды тұлға (заңды тұлғалар) қызметінің түрі

1

2

3

4

5

6







  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органның
Төрағасына

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат

      _________________________________________________________________________

                              (банктің атауы)

      банк акционерлерінің жалпы жиналысының ________ жылғы "____"____________

      №_____шешіміне сәйкес _______________ (өткізу орны) банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруді өтінеді.

      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді.

      Банк өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуіне толық жауап береді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      __________________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _____________________

                  (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
6-қосымша

"Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап – 2 (екі) ай ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмелерін қоса бере отырып, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Ақысыз

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алуға өтінішхат;
2) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі;
4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есептің электрондық көшірмесі;6) банктерге аудит өткізу құқығы бар тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есептің электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
2) банк өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару шараларын қабылдамауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылды .

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жек
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Банктерді ерікті түрде таратуға берілген рұқсаттар тізілімі

Банктің атауы

Банктер акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі

Банкті ерікті түрде таратуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында банкті ерікті түрде таратуды тіркеу туралы ақпарат

1

2

3

4

5






  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 31 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 болып тіркелген).

      2. "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына толықтырулар мен өзгерісті енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 1 жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 14-тармағы.

      4. "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7544 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 191 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9894 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      7. "Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13526 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14733 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      9. "Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 258 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16557 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.