Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20174 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі депртаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
қосымша

Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.04.2020 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - қор) әлеуметтік төлем жүзеге асыралады.

      3. Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі - әлеуметтік төлем) келесі санаттарға жүзеге асырылады:

      1) дара кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлеріне;

      2) карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері;

      3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - БЖТ төлеуші);

      6) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар (бұдан әрі - АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      7) мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - коммерциялық емес ұйымдар) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының күші ұлттық басқарушы холдингтердің, басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе жеке кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін жұмыспен қамтудың аудандық (қалалық) басқармасы (бұдан әрі – аудандық (қалалық) штаб) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Әлеуметтік төлемді ұйымдастыру тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.

      6. Әлеуметтік төлем:

      1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;

      2) өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілері;

      3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;

      4) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;

      5) егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға,

      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға тағайындалмайды.

      Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін айқындау кезінде "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдардың бірыңғай жиынтық төлем төлеу кезеңдері ескеріледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      7. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе жеке кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген қорытынды негізінде айқындалады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті жұмыскердің немесе дара кәсіпкердің өзі берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылуға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш беру әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі

      8. Әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер жұмыскерлердің жалақы сақталмайтын демалыста жүргені туралы мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті аудандық (қалалық) штабқа жібереді.

      9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) бөлімшесіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті жұмыскер немесе жеке кәсіпкер өзі үшін берген жағдайда береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      10. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірі арқылы:

      1) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы.

      Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген ақпарат диалог форматында ұсынылады;

      3) Enbek.kz. порталы арқылы;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы беріледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап етілмейді.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес берілген өтінішке SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше шарттар болған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш берген жағдайда жұмыскерлер мен дара кәсіпкерлерге уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған режимде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламалар қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі аяқталған жеке басын куәландыратын құжаттарын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда олар әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      10-1. Егер өтініште төлемдер жүргізу үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер болмаса, осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар төтенше жағдай немесе оның жойылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдер арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынады.

      Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі, ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      11. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.

      Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш Мемлекеттік корпорацияның филиалына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      12. Қорытынды беруден бас тартуды аудандық (қалалық) штаб келесі жағдайларда шығарады:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мәліметтер болмаған кезде;

      2) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісіне немесе карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектісіне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жатпайтын болса;

      3) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші мемлекеттік коммерциялық емес ұйым болып табылса.

      13. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

      "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайдың әрекет ету мерзімі ұзартылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім төтенше жағдайдың әрекет ету мерзіміне дейін ұзартылады.

      14. Мемлекеттік корпорацияның филиалы осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініштерді, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші берген жағдайда аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық іс макетін (бұдан әрі - ЭІМ) жасайды, онда осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген өтініштен тағайындау үшін қажетті мәліметтер, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші ұсынған жағдайда аудандық (қалалық) штаб қорытындысынан мәліметтер, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама, осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 3-тармақта көрсетілген әр адамға жеке әлеуметтік төлемдерді тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасы автоматты түрде енгізіледі.

      Қалыптастырылған ЭІМ қордың филиалына жіберіледі.

      15. Қор филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі - шешім) қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарт болған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.

      15-1. Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынылмаған жағдайда, төтенше жағдай немесе оның жойылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткеннен кейін әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасы жасалады.

      Қордың филиалы 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасымен ІЭМ-ді қарап, шешім қабылдайды және мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияға береді.

      Ескерту. Қағидалар 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      16. Өтініште төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынбаған алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын қоспағанда, Мемлекеттік корпорация қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімдердің негізінде 1 жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомасын әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.

      Өтініште төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынбаған алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген ақпаратты алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосады.

      Әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін Мемлекеттік корпорация күн сайын қалыптастырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      17. Қор график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін күн сайын Мемлекеттік корпорацияны қаржыландыруды жүргізеді.

      18. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, бір жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдерге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына қаражат аудару жолымен алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомалары бойынша, сондай-ақ артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

      19. Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезеңінде күн сайын жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек демалысында жүрген жұмыскерлердің тізімінде бар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама болған кезде осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көрсетілген адамдарға қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік төлем тағайындалған адамдардың ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама жолдау арқылы оларға банк шоты туралы мәліметтер ұсынбауына байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің күшін жою жөнінде қабылданған шешім туралы автоматты режимде хабарлайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      21. Мыналар:

      1) әлеуметтік төлем алушының жоғалған кірісінің қалпына келтірілуі;

      2) әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы;

      3) әлеуметтік төлемдерді алушының осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тәсілдермен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару туралы өтініші әлеуметтік төлемдерді тоқтатуға негіз болып табылады.

      Бұл ретте, осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Ескерту. Қағидалар 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы __ _________ № __ қорытындысы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге ________________________________________________________ (ұйымның атауы/өтінім берушінің (Т.А.Ә. (бар болса)

      өтінішін қарап, Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

      қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып

      табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері

      олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді

      жүзеге асыру қағидаларының 4-тармағы негізінде ұсынылған тізім бойынша жалақысы

      сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне

      байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау жолымен

      төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған

      адамдардың тізімін анықтау туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: ________________________________

      Комиссия мүшелері*: ______________________________

      _______________________________

      _______________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      * ескертпе: тек қағаз жеткізгіште

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      ЖСН _______________________

      Банктің атауы (бар болса) ______________________________________

      Банк шотының нөмірі (бар болса)__________________________________

      Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы)

      _____________________________________

      Телефон ____________________ E-mail ________________________________

      Маған төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.

      Осы арқылы қоса атқарылатын жұмыстан (кәсіпкерлік қызметтен) алынатын кірісті қоса алғанда, төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу фактісін растаймын.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынбаған жағдайда, төтенше жағдай немесе оның жойылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы, сондай-ақ жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды беру үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтінім берушінің қолы____________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Өтініш

      ________________________________________________________ аудандық (қалалық) штабқа

      (аудан, қала)

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы:______________________________________________

      (аудан, қала)

      E-mail __________________________ Телефон ________________________________________

      Жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде

      қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер

      тағайындау жолымен төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісімнен

      айырылу себебінен әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Мобильді телефон нөмірі







      Жалған ақпарат немесе дәйексіз құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Ұйымның басшысы _______________________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)

      Жеке шоттың № __________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________________

Төлеушінің атауы

Әлеуметтік аударымдар/міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні

Төлеушінің БСН немесе ЖСН

Әлеуметтік аударымдар

Міндетті зейнетақы жарналары

Кезең (ай және жыл)

Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге)

Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

1

2

3

4

5

6







      Жиыны:

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі

      ________________________________________________________________________________

      (4-бағаннан күнтізбелік айлардың саны)

      Соңғы 24 айдағы әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, қайта есептеу үшін орташа

      айлық кіріс______________________________________________________________________

      Жауапты орындаушы:_______________________________________________________

      Үзіндінің күні мен уақыты:___________________________________________________

      Шығарылған күні:__________________________________________________________

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Коды _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы
20____ жылғы "___" ___________
№ ___ ШЕШІМІ

      1. Тағайындалсын (бас тартылсын):

      Істің № _________________________________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________________________

      Туған күні ______________________ жынысы ________________________________________

      (күні, айы, жылы)                              (әйел, ер)

      Жүгінген күні: 20___ жылғы _______________________________________________________.

      20___ жылғы " "________________ жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру

      жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі _____ ай.

      20___ жылғы " "_______________ мен 20___ жылғы " "_____________ аралығындағы төтенше

      жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемнің мөлшері _____________________________ сомасында.

      (сомасы санмен және сөзбен көрсету қажет)

      2. _________(себебі көрсетілсін) әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылсын

      Филиал басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Шешім жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Код _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ

      Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күші жойылсын

      Шешімнің №___________________ бекітілген күні_____________________

      Істің №___________________________________________________________

      Тегі__________________________________________________________

      Аты______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________

      Туған күні __________________ жынысы _________________________________

      (күні, айы, жылы)                   (әйел, ер)

      Жүгінген күні: _________________________________________ 20___ ж.

      Төлемдер жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер

      ұсынбауына байланысты.

      Филиал басшысы___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты) ________________________________

      ЖСН _______________________

      Қайтару мерзімі _________________________

      Қайтару сомасы ___________________________

      Менің банк шотыма аударылған әлеуметтік төлемдердің сомасын қайтарып беруіңізді сұраймын Пошта мекен-жайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      Телефон ____________________ E-mail ________________________________

      Өтініш берушінің қолы _______________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)