Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі депртаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына қосымша |
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) жүзеге асыралады.
3. Әлеуметтік төлем (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмыскері немесе дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адам, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші) болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлік субъектілері қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына жүзеге асырылады.
4. Төтенше жағдай кезеңінде қызметі шектелген, жұмыскерлерге, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, БЖТ төлеушілерге осы Қағидаларға сәйкес әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтар (бұдан әрі – аудандық (қалалық) штабтар) әлеуметтік аударымдар төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды, оның құрамына Қазақстан Республикасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
2-тарау. Әлеуметтік төлемді ұйымдастыру тәртібі
5. Әлеуметтік төлемді тағайындау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатарынан әлеуметтік аударымдар төлеушілер әлеуметтік аударымдар жүргізген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтік төлем:
1) жыл сайынғы еңбек демалысындағы;
2) тоқтап тұруға байланысты жұмыстан босатылған;
3) еңбек қызметін жалғастырған (оның ішінде қашықтықтан) немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыстардың біреуіндегі тоқтап тұру жағдайында екі және одан да көп жұмыстарды қоса атқаратын;
4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде 3 айдан аз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жүргізілмейді.
7. Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты жұмыскерлерге, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, БЖТ төлеушілерге әлеуметтік төлемдер түрінде кірісінен айырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген әлеуметтік қолдау туралы қорытындының негізінде көрсетіледі.
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
8. Әлеуметтік қолдау алу үшін әлеуметтк аударымдар төлеушілер жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті келесі құжаттарды қоса бере отырып жібереді:
1) әлеуметтік аударымдар төлеушінің төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын құжаттар (қаржылық және өзге де есептілік, оның ішінде банк шоттарынан үзінділер, бухгалтерлік баланс және жұмыскерлерге жыл сайынғы ақылы демалыс беруге қаржылай мүмкіндіктің болмауын растайтын не ұйымның қызметі және еңбек ерекшеліктері жұмыскерлерді қашықтықтан орындалатын жұмыстарға ауыстыруға мүмкіндік бермейтіні фактісін растайтын басқа да құжаттар);
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің тізімі;
3) жұмыскерге (жұмыскерлерге) жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтан үзінді.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшалары БЖТ төлеушілерге қолданылмайды.
9. "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "Электрондық өтініш" сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш. Өтінішке осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген версияларын қамтитын электрондық файлдар қоса беріледі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.
10. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган әлеуметтік аударымдар төлеушінің өтінішін тіркеген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде оны аудандық (қалалық) штабтың қарауына шығарады.
11. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 1 жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацисының бөлімшесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып жібереді.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттардың болуы және 8-тармақта көзделген құжаттардың болмауы қорытынды беруден бас тартуға негіз болып табылады.
12. Әлеуметтік төлем "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшерінде айқындалады және төтенше жағдай болған кезеңдегі және мынадай:
1) жұмыскер жалақысы сақталмайтын демалыста болған,
2) дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, БЖТ төлеушінің қызметі уақытша тоқтатылған кезеңдегі жұмыс күндерінің санына пропорционалды түрде тағайындалады.
БЖТ төлеуші үшін жазбаша өтініші қызметінің тоқтатыла тұруын растайтын құжат болып табылады.
13. Әлеуметтік төлем:
1) жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрыққа сәйкес жұмыскер жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан күннен бастап, бірақ төтенше жағдай енгізілген күннен ерте емес;
2) салық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның қызметі уақытша тоқтатылған күннен бастап, бірақ төтенше жағдай енгізілген күннен ерте емес;
3) БЖТ тқлеуші үшін өтініш тіркелген күннен бастап, бірақ төтенше жағдай енгізілген күннен ерте емес тағайындалады.
14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган қорытынды мен осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әрбір міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша жеке электрондық іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ), міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтаманы, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын қалыптастырады.
ЭІМ-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың сканерленген көшірмелері енгізіледі. Қалыптастырылған ЭІМ-ні бөлімше Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
15. Мемлекеттік корпорацияның филиалы 1 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, ЭІМ-ні ресімдеудің дұрыстығын тексереді және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Қордың филиалына жібереді.
16. Қор филиалы 1 жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген шарт болған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген шартқа сәйкес келмеуі әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.
17. Мемлекеттік корпорация Қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімдер негізінде 1 жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын әлеуметтік төлемдерге қажеттілікке енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті күн сайын қалыптастырады.
18. Қор график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін күн сайын Мемлекеттік корпорацияны қаржыландыруды жүргізеді.
19. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, 1 жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдерге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына қаражат аудару жолымен алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация және Қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей әлеуметтік төлемдердің жүргізілген сомалары, сондай-ақ артық төленген әлеуметтік төлемдер мен олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.
20. Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезеңі бойы күн сайын жүзеге асырылады.
21. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жұмыскерлердің тізімінде мобильді телефон нөмірлері болған кезде Қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы жұмыскердің мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.
22. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік төлемді тағайындау немесе әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бекіткен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тізімдерді қалыптастырып, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға хабарлама жібереді.
23. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган Мемлекеттік корпорацияның хабарламасын алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы әлеуметтік аударымдарды төлеушіні хабардар етеді.
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сатандыру қоры" АҚ-дан әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы __ _________№ __ қорытындысы
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб әлеуметтік аударымдарды төлеушінің өтініші мен оған қоса берген құжаттарын қарап,
_______________________________________________________________________;
(ұйымның атауы)
ұсынылған құжаттардың негізінде_____________________________________________
әлеуметтік қолдау көрсету туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: ______________________
Комиссия мүшелері: ______________________________
________________________________
________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сатандыру қоры" АҚ-дан әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің өтініші
Жұмыспен қамту жөніндегі
жергілікті органға________________________________________________
(аудан, қала)
кімнен_________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Ұйымның мекенжайы: __________________________________________
(аудан, қала)
E-mail ______________________ Телефон ____________________
Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруларыңызды сұраймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
Жалған ақпарат және дәйексіз құжаттар беру үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Ұйымның басшысы_______ __________________
қолы Т.А.Ә. (бар болса)
Ұйымның мөрі М.О. (бар болса)
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сатандыру қоры" АҚ-дан әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың ____________________________________________________ бойынша тізімі (жұмыс берушінің атауы, БСН/ЖСН, орналасқан жері,телефон)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні (күні/айы/жылы) | ЖСН | Банктің атауы | Банк шотының нөмірі | Мобильді телефон нөмірі | Жалақы сақталмай тын демалыстың басталу және аяқталу күні (__бастап__қоса алғанға дейін деп көрсету қажет) | Әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген жолмен жинау мен өңдеуге және пайдалануға келісім беремін (қолы) |
Ұйым басшысы _______________ Т.А.Ә.
(қолы)
Ұйымның мөрі М.О.
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сатандыру қоры" АҚ-дан әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық кірісі туралы анықтама __________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)
Жеке шоттың № ___________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________
Тегі_____________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________
Төлеушінің атауы | Әлеуметтік аударымдар ды төлеу күні | Төлеушінің БСН немесе ЖСН | Әлеуметтік аударымдар | Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы | |
Кезең (ай немесе жыл) | Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы:
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілі
__________________________________________________________________
(4-бағаннан күнтізбелік айлардың саны)
Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, қайта есептеу үшін соңғы 24 айдағы орташа
айлық кіріс __________________________________________________
Жауапты орындаушы:________________________________________________
Үзіндінің күні мен уақыты:___________________________________________
Шығарылған күні:__________________________________________________
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сатандыру қоры" АҚ-дан әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Коды _______________________
Облыс (қала) _______________
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ
1. Тағайындалсын (бас тартылсын):
Істің № ______________________
Тегі_______________________________________________________
Аты____________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)________________________________________
Туған күні __________________ жынысы ____________________________
(күні, айы, жылы) (әйел, ер)
Жүгінген күні: 20___ жылғы _________________________________________.
20___ жылғы " "________________жағдай бойынша міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілі _____ай.
20___ жылғы " "_______________ мен 20___ жылғы " "_____________
аралығындағы ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері
__________________________________сомасында.
(сомасы санмен және сөзбен көрсету қажет)
2. _________(себебі көрсетілсін) әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылсын
Филиал басшысы
____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Филиал маманы
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Шешім жобасын дайындаған:
Мемлекеттік корпорация филиалының директоры
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік корпорация филиалының маманы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))