Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20174 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі депртаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
қосымша

Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.04.2020 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - қор) әлеуметтік төлем жүзеге асыралады.

      3. Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі - әлеуметтік төлем) келесі санаттарға жүзеге асырылады:

      1) дара кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлеріне;

      2) карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері;

      3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - БЖТ төлеуші);

      6) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар (бұдан әрі - АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      7) мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - коммерциялық емес ұйымдар) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының қолданысы акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне таралмайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 161 (18.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе жеке кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін жұмыспен қамтудың аудандық (қалалық) басқармасы (бұдан әрі – аудандық (қалалық) штаб) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Әлеуметтік төлемді ұйымдастыру тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.

      6. Әлеуметтік төлем:

      1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;

      2) өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;

      3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;

      4) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;

      5) егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;

      6) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;

      7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға тағайындалмайды.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған, аудандық (қалалық) штабтың оң қорытындысы бар адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау үшін осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының қолданысы таралмайды. БЖТ төлеушілер үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін айқындаған кезде бірыңғай жиынтық төлем төлеу кезеңдері ескеріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (18.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе жеке кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген қорытынды негізінде айқындалады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті жұмыскердің немесе дара кәсіпкердің өзі берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылуға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш беру әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі

      8. Әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер жұмыскерлердің жалақы сақталмайтын демалыста жүргені туралы мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті аудандық (қалалық) штабқа жібереді.

      9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) бөлімшесіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті жұмыскер немесе жеке кәсіпкер өзі үшін берген жағдайда береді.

      Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдермен осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға өтінім беру арқылы кері қайтарады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (18.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірі арқылы:

      1) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы.

      Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген ақпарат диалог форматында ұсынылады;

      3) Enbek.kz. порталы арқылы;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы беріледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап етілмейді.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес берілген өтінішке SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше шарттар болған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш берген жағдайда жұмыскерлер мен дара кәсіпкерлерге уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған режимде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламалар қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі аяқталған жеке басын куәландыратын құжаттарын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда олар әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      10-1. Өтініште төлемдер жүргізу үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер болмаған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар төтенше жағдай мерзімі аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдер арқылы жетіспейтін мәліметтерді ұсынады.

      Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұдан бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі, ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Бұл ретте өтініш берушіде банк шотының нөмірі болмаған жағдайда өтініш беруші әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке шотына аудару үшін өзіне тіркелген абоненттік нөмірді ұсынады.

      Өтініш беруші әлеуметтік төлем сомасын есептеу үшін абоненттік нөмір ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мобильді телефон нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді ұялы байланыс операторына жібереді.

      Ұялы байланыс операторы өтініш берушіні және оның абоненттік нөмірінің оператор желісіне тиесілігін сәйкестендіруді жүзеге асырады және нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

      Бұл ретте ұялы байланыс операторы өтініш берушіні және ол өтініште көрсеткен абонеттік нөмірдің оған тиесілі екенін сәйкестендірудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      11. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.

      Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш Мемлекеттік корпорацияның филиалына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      12. Қорытынды беруден бас тартуды аудандық (қалалық) штаб келесі жағдайларда шығарады:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мәліметтер болмаған кезде;

      2) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісіне немесе карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектісіне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жатпайтын болса;

      3) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлға, екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылса

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (18.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

      Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдай ұзартылған кезде әлеуметтік төлем алушыларға әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім төтенше жағдай кезеңіне ұзартылады және төтенше жағдай орын алған әр айға төленеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік корпорацияның филиалы осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініштерді, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші берген жағдайда аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық іс макетін (бұдан әрі - ЭІМ) жасайды, онда осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген өтініштен тағайындау үшін қажетті мәліметтер, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші ұсынған жағдайда аудандық (қалалық) штаб қорытындысынан мәліметтер, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама, осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 3-тармақта көрсетілген әр адамға жеке әлеуметтік төлемдерді тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасы автоматты түрде енгізіледі.

      Қалыптастырылған ЭІМ қордың филиалына жіберіледі.

      14-1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қор филиалының осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатады.

      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қордың филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасы бар ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі - шешім) қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйелерде осы Қағидалардың 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардың төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті жұмыскердің өзі немесе дара кәсіпкер өзі үшін берген жағдайда қордың филиалы аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын алу үшін ЭІМ-ні жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз) бұйрығымен.

      15-1. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеген жағдайда, төтенше жағдай аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап бір ай өткен соң әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасы автоматты түрде жасалады.

      Қордың филиалы 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жобасымен ІЭМ-ді қарап, шешім қабылдайды және мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияға береді.

      Ескерту. Қағидалар 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      16. Мемлекеттік корпорация қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімдердің негізінде бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеген алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасын қоспағанда, тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасын әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.

      Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеген алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасын Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген ақпаратты алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін күн сайын қалыптастырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қор график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін күн сайын Мемлекеттік корпорацияны қаржыландыруды жүргізеді.

      18. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, бір жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдер төлеуге төлем тапсырмаларын қалыптастырады және өтініште көрсетілген тәсілмен қаражат аудару арқылы алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

      Ұялы байланыс операторы бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер сомасының ұялы байланыс операторы абонентінің өзіне тіркелген жеке шотына түсуін қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей әлеуметтік төлемдердің жүргізілген сомалары, сондай-ақ артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезеңінде күн сайын жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек демалысында жүрген жұмыскерлердің тізімінде бар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама болған кезде осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көрсетілген адамдарға қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік төлем тағайындалған адамдарды қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді немесе ұялы байланыс операторы абонентінің оған тіркелген жеке шотына әлеуметтік төлемдер сомасын аудару үшін абонеттік нөмірді бермеуіне байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы шешім жөнінде смс-хабар жіберу арқылы автоматты режимде хабардар етеді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      21. Мыналар:

      1) әлеуметтік төлем алушының жоғалған кірісінің қалпына келтірілуі;

      2) әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы;

      2-1) бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға арналған өтінім;

      3) әлеуметтік төлемдерді алушының осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тәсілдермен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару туралы өтініші әлеуметтік төлемдерді тоқтатуға негіз болып табылады.

      Бұл ретте, осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Ескерту. Қағидалар 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (18.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы __ _________ № __ қорытындысы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге ________________________________________________________ (ұйымның атауы/өтінім берушінің (Т.А.Ә. (бар болса)

      өтінішін қарап, Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

      қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып

      табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері

      олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді

      жүзеге асыру қағидаларының 4-тармағы негізінде ұсынылған тізім бойынша жалақысы

      сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне

      байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау жолымен

      төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған

      адамдардың тізімін анықтау туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: ________________________________

      Комиссия мүшелері*: ______________________________

      _______________________________

      _______________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      * ескертпе: тек қағаз жеткізгіште

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

      ЖСН _____________________________________________________________________

      Әлеуметтік төлем алу тәсілі: банк шоты/ әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс

      операторы абонентінің жеке шотына аударуға арналған абоненттік нөмір

      Банктің атауы (бар болса) ____________________________________________________

      Банк шотының нөмірі (бар болса)______________________________________________

      Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      Телефон ____________________ E-mail ________________________________________

      Жұмыс берушінің БСН/ЖСН _________________________________________________

      (бірнеше жұмыс беруші болған кезде барлық жұмыс берушілердің БСН/ЖСН көрсетіледі)

      Маған төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу

      жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.

      Осы арқылы қоса атқарылатын жұмыстан (кәсіпкерлік қызметтен) алынатын кірісті

      қоса алғанда, төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу фактісін растаймын.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан

      Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға

      және пайдалануға келісім беремін.

      Банк және банк шотының нөмірі туралы немесе әлеуметтік төлем сомасын ұялы

      байланыс операторы абонентінің жеке шотына аударуға арналған абоненттік нөмір туралы

      мәліметтер ұсынбаған жағдайда, төтенше жағдай аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап

      бір ай өткен соң әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы,

      сондай-ақ жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды беру үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің қолы ______________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)


  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Өтініш

      ________________________________________________________ аудандық (қалалық) штабқа

      (аудан, қала)

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы:______________________________________________

      (аудан, қала)

      E-mail __________________________ Телефон ________________________________________

      Жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде

      қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер

      тағайындау жолымен төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісімнен

      айырылу себебінен әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Мобильді телефон нөмірі







      Жалған ақпарат немесе дәйексіз құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Ұйымның басшысы _______________________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

Өтінім

      Ескерту. 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (18.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ЖСН ___________________________________

      Телефон ______________ E-mail ____________

      төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу бойынша

      әлеуметтік төлем тағайындауға бұдан бұрын берген өтінішімді кері қайтарып алуды

      (не тағайындаудан бас тартуды) сұраймын.

      Өтініш берушінің қолы ____________________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)

      Жеке шоттың № __________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________________

Төлеушінің атауы

Әлеуметтік аударымдар/міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні

Төлеушінің БСН немесе ЖСН

Әлеуметтік аударымдар

Міндетті зейнетақы жарналары

Кезең (ай және жыл)

Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге)

Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

1

2

3

4

5

6







      Жиыны:

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі

      ________________________________________________________________________________

      (4-бағаннан күнтізбелік айлардың саны)

      Соңғы 24 айдағы әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, қайта есептеу үшін орташа

      айлық кіріс______________________________________________________________________

      Жауапты орындаушы:_______________________________________________________

      Үзіндінің күні мен уақыты:___________________________________________________

      Шығарылған күні:__________________________________________________________

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Коды _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы
20____ жылғы "___" ___________
№ ___ ШЕШІМІ

      1. Тағайындалсын (бас тартылсын):

      Істің № _________________________________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________________________

      Туған күні ______________________ жынысы ________________________________________

      (күні, айы, жылы)                              (әйел, ер)

      Жүгінген күні: 20___ жылғы _______________________________________________________.

      20___ жылғы " "________________ жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру

      жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі _____ ай.

      20___ жылғы " "_______________ мен 20___ жылғы " "_____________ аралығындағы төтенше

      жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемнің мөлшері _____________________________ сомасында.

      (сомасы санмен және сөзбен көрсету қажет)

      2. _________(себебі көрсетілсін) әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылсын

      Филиал басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Шешім жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Код _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің күшін жою туралы 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ

      Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күші жойылсын

      Шешімнің №___________________ бекітілген күні_____________________

      Істің №___________________________________________________________

      Тегі__________________________________________________________

      Аты______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________

      Туған күні __________________ жынысы _________________________________

      (күні, айы, жылы)                   (әйел, ер)

      Жүгінген күні: _________________________________________ 20___ ж.

      Төлемдер жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер

      ұсынбауына байланысты.

      Филиал басшысы___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты) ___________________________________________

      ЖСН _____________________________________________________________________

      Қайтару мерзімі ____________________________________________________________

      Қайтарылатын сома_________________________________________________________

      Менің банк шотыма/ әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің

      жеке шотына аударуға арналған абоненттік нөміріме аударылған әлеуметтік төлемдердің

      сомасын қайтаруды сұраймын.

      Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы) _______

      Телефон ____________________ E-mail ________________________________________

      Өтініш берушінің қолы ______________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

      Код _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ

      Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" ________ бастап

      __________________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылу

      жағдайына әлеуметтік төлем тоқтатылсын.

      Тегі ______________________________________________________________________

      Аты ______________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________________

      Туған күні _________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      Негіз: ____________________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Филиал басшысы ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Шешім жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))