Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20174 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі депртаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
қосымша

Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.03.2020 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) әлеуметтік төлем жүзеге асыралады.

      3. Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) келесі санаттарға жүзеге асырылады:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмыскерлері.

      Карантин енгізілген елді мекендерде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері;

      2) дара кәсіпкерлер;

      3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – БЖТ төлеуші);

      5) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар (бұдан әрі – АҚШ бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар).

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың тізімін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтар (бұдан әрі – аудандық (қалалық) штабтар) әлеуметтік аударымдар төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды, олардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

2-тарау. Әлеуметтік төлемді ұйымдастыру тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.

      6. Әлеуметтік төлем:

      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі өтініш берген күніне дейін он екі ай ішінде ескерілетін БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі жоқ адамдарға;

      2) АҚШ бойынша кіріс алатын, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ жеке тұлғаларға тағайындалмайды.

      7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген адамдарға төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген қорытынды негізінде тағайындалады.

3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі

      8. Әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтк аударымдар төлеушілер не осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін қоса бере отырып жібереді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдар өз бетінше өтініш берген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімде осы өтініш берушілер көрсетіледі.

      9. "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "Электрондық өтініш" сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш беріледі. Өтінішке осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген версиясын қамтитын электрондық файл қоса беріледі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      10. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өтінішті тіркеген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде:

      1) оны аудандық (қалалық) штабтың қарауына шығарады;

      2) аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжатты қоса бере отырып жібереді.

      11. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттардың болмауы қорытынды беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      12. Әлеуметтік төлем "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшерінде айқындалады және төтенше жағдай кезеңінде және мынадай:

      1) жұмыскер жалақысы сақталмайтын демалыста болған,

      2) дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, БЖТ төлеушінің, АҚШ бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қызметі уақытша тоқтатылған жағдайларда тағайындалады.

      Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, БЖТ төлеуші, АҚШ бойынша кіріс алатын жеке тұлға үшін қызметінің тоқтатыла тұруын растайтын құжат – оның осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған жазбаша өтініші.

      "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдай ұзартылған жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім төтенше жағдай кезеңіне ұзартылады.

      13. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай енгiзiлген күннен бастап тағайындалады.

      14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган қорытынды мен осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 3-тармақта көрсетілген әрбір адам бойынша жеке электрондық іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ), міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтаманы, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын қалыптастырады.

      ЭІМ-ге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттың сканерленген көшірмесі енгізіледі.

      Қалыптастырылған ЭІМ-ні бөлімше қордың филиалына жібереді.

      15. Қор филиалы 1 жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарт болған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік корпорация Қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімдер негізінде 1 жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын әлеуметтік төлемдерге қажеттілікке енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті күн сайын қалыптастырады.

      17. Қор график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін күн сайын Мемлекеттік корпорацияны қаржыландыруды жүргізеді.

      18. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, 1 жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдерге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына қаражат аудару жолымен алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация және Қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей әлеуметтік төлемдердің жүргізілген сомалары, сондай-ақ артық төленген әлеуметтік төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

      19. Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезеңі бойы күн сайын жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімінде мобильді телефон нөмірлері болған кезде Қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.

      21. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік төлемді тағайындау немесе әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бекіткен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тізімдерді қалыптастырып, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға хабарлама жібереді.

      22. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган Мемлекеттік корпорацияның хабарламасын алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы әлеуметтік аударымдарды төлеушіні хабардар етеді.

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы __ _________№ __ қорытындысы

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб әлеуметтік аударымдарды төлеушінің өтініші мен оған қоса берген құжаттарын қарап,

      1. ________________________________________________________________;

      2. _______________________________________________________________;

      3. ________________________________________________________________;

                  (ұйымның атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса))

      Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының 7 және 1-тармақтары мен ұсынылған құжаттардың негізінде төтенше жағдай кезеңінде қызметінің тоқтатылуына байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізбесін айқындау туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: _______________________________

      Комиссия мүшелері: ____________________________________

      _____________________________________

      _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Жұмыспен қамту жөніндегі

      жергілікті органға_____________________________

      (аудан, қала)

      кімнен _________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса))

      Ұйымның/өтініш берушінің мекенжайы: ______________________________________

                                                (аудан, қала)

      E-mail ______________________ Телефон ____________________

      Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруларыңызды сұраймын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      Жалған ақпарат және дәйексіз құжаттар беру үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Ұйымның басшысы/өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса)) ________ ________________

      Ұйымның мөрі М.О. (бар болса)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің тоқтатылуына байланысты кірісінен айырылған адамдардың

      ____________________________________________________ бойынша тізімі

      (атауы, БСН/ЖСН, өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса), орналасқан жері, телефоны)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Мобильді телефон нөмірі

Жалақы сақталмай тын демалыстың басталу және аяқталу күні (__бастап__қоса алғанға дейін деп көрсету қажет)








      Ұйым басшысы/өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса) _______________

      (қолы)

      Ұйымның мөрі (бар болса)

      М.О.

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)

      Жеке шоттың № ______________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________________

      Тегі_________________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________

Төлеушінің атауы

Әлеуметтік аударымдар/міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні

Төлеушінің БСН немесе ЖСН

Әлеуметтік аударымдар

Міндетті зейнетақы жарналары

Кезең (ай және жыл)

Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге)

Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

1

2

3

4

5

6







      Барлығы:

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне/ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі

      __________________________________________________________________

      (4-бағаннан күнтізбелік айлардың саны)

      Жауапты орындаушы:_______________________________________________

      Үзіндінің күні мен уақыты:___________________________________________

      Шығарылған күні:__________________________________________________

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Коды _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ

      1. Тағайындалсын (бас тартылсын):

      Істің № ______________________

      Тегі ____________________________________________________________

      Аты____________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________

      Туған күні __________________ жынысы ____________________________

      (күні, айы, жылы)                   (әйел, ер)

      Жүгінген күні: 20___ жылғы _________________________________________.

      20___ жылғы " "________________жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру

      жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі _____ай.

      20___ жылғы " "_______________ мен 20___ жылғы " "_____________ аралығындағы

      төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемнің мөлшері

      ___________________________________________ сомасында.

      (сомасы санмен және сөзбен көрсету қажет)

      2. _________(себебі көрсетілсін) әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылсын

      Филиал басшысы

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Шешім жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))