Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19670 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мына:

      1) Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары;

      2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні 0,5 мөлшерінде, ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы үшін 0,25 (нөл бүтін оннан жиырма бес) мөлшерінде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.12.2023 № 101 (01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қызметін Заңның 3-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – микроқаржы ұйымы) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Заңда көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кредиттік желі – микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредит алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ микрокредиттер беру қағидаларында және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома мен уақыт шегінде қарыз алушыға микрокредит беру міндеттемесі;

      2) кредиттік лимит – кредиттік желінің шекті сомасы;

      3) қарыз алушы – Заңның 3-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес микроқаржы ұйымының микрокредит беру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;

      4) ресми кіріс – мына құжаттардың:

      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттiк корпорациясының дерекқорынан алынған ақпараттың немесе орталық атқарушы органдар және оларға тиесілі не оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың дерекқорынан жеке тұлғалардың кірісі туралы ақпараттың;

      зейнетақы төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірменің;

      жұмыс берушіден жалақы және басқа да кірістер түсетін банк шотынан үзінді-көшірменің;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірменің;

      мынадай салықтық аударымдар:

      патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;

      жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;

      тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимінің салық салынатын кірісінің 20 (жиырма) пайызы негізінде есептелген жеке кәсіпкер-жеке тұлғаның кірістері туралы ақпараттың біреуінің және (немесе) бірнешеуінің негізінде есептелген орташа ай сайынғы кіріс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 39 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Микроқаржы ұйымы:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға микрокредит беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған микрокредит беру туралы шарты (шарттары) шеңберінде қосымша микрокредит беру;

      микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредит талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қағидалардың 3-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттерге қолданылады.

      Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін, осы автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит берілген кезде жүргізілмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібі

      5. Микроқаржы ұйымы қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін екі кезеңмен есептейді:

      1) бірінші кезең – қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау;

      2) екінші кезең – қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу.

      6. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

      ҚК ≥ ЕТКДШ + 0,5 * ЕТКДШ * Сктом,

      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Бюджет туралы заң) тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы";

      СКТОМ – отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың біреуі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы ресми кірісі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік картаны толықтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың орташа айлық сомасының айларда көрсетілген берілетін кредит мерзіміне қатынасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік соңғы 6 (алты) айдағы борыш жүктемесі коэффициентінің (0,5) рұқсат етілген ең жоғары мәніне төлем мерзімін өткізусіз жасаған өтелген және (немесе) өтелмеген банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемдері сомасының орташа мәніне қатынасы ретінде айқындалатын қарыз алушының кірісі;

      8) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдаудан орташа айлық кірісі (мұндай кірістер делдал компания арқылы расталған кезде);

      9) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 12 (он екі) ай кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлемнің төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әрбір ай үшін кіріс Бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшері деңгейінде қабылданады;

      10) қарыз алушының өтініш жасаған күнінің алдындағы 6 (алты) айдағы жұмыс орнынан түсетін кірістер туралы анықтаманың және (немесе) оқу орнынан алынатын стипендияның мөлшері туралы анықтаманың негізінде есептелген орташа айлық кірісі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсына отырып растайды және (немесе) микроқаржы ұйымы қарыз алушының жазбаша нысанда не қарыз алушының идентификаттау құралы арқылы берген келісімі негізінде сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде көрсетілген өлшемшарттардың тек біреуі ғана қолданылады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз аушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз алушы деп соңғы аяқталған 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға 6 (алты) және одан көп төлемдер жасаған жеке тұлға түсініледі.

      Қарыз алушының ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жүргізген төлемдердің күні мен сомасы туралы ақпаратты микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан алынған қарыз алушының кредиттік есебінің негізінде айқындайды.

      Жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген кірістер негізінде айқындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыз алушының микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:



      мұндағы:

      БЖК - борыш жүктемесінің коэффициенті;

      ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi – қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n – қарыз алушының өтелмеген микрокредиттерінің, банктік қарыздарының саны;

      К – қарыз алушының Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа кірісі.

      Қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер бойынша борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының микрокредит бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері өтімділік коэффициентіне түзетілген, автокөлік түріндегі кепіл құнына азайтылған өтелуге тиіс берешек сомасының (негізгі борыш сомасынан және кредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыдан тұратын) берілетін микрокредиттің айлармен көрсетілген мерзіміне 0,7-ге тең қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады.

      Автокөлік құралының орташа нарықтық құны Халықаралық қаржылық есептіліктің № 13 "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалау немесе микроқаржы ұйымының бағалауы негізінде айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.06.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша ай сайынғы төлемі өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша ай сайынғы мәніне келтірілген мерзімді төлемге (өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша мерзімді төлемдердің сомасына) тең болып қабылданады.

      Ай сайынғы мәніне келтірілген өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша мерзімді төлем микрокредитті, банктік қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша мерзімді төлемді микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша мерзімді төлемдер санының жылдық мәндегі он екіге қатынасына көбейтіндісі ретінде есептеледі:




– өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша аймен көрсетілген мерзімді төлем;

– микрокредитті, қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша мерзімді төлем;

– жылмен көрсетілген өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша мерзімді төлемдердің саны.

      Өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша жылмен көрсетілген мерзімді төлемдердің саны өтеу кестесіне сәйкес микрокредит, банктік қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күндер санына үш жүз алпыс күннің қатынасы ретінде есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігін есептеу мақсаттары үшін бір айдағы күндер саны отызға тең деп қабылданады.

      Микрокредитті өтеу кестесіне, банктік қарызға және (немесе) төлемдерді жүзеге асырудың күндермен көрсетілген мерзімділігіне сәйкес мерзімді төлем туралы деректер болмаған кезде өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша ай сайынғы төлем микрокредит, банктік қарыз бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша қалдық сомасының осы микрокредиттің қалған мерзіміне, айлармен көрсетілген банктік қарызға қатынасы ретінде есептеледі.

      Өтелмеген микрокредит, банктік қарыз (өтелмеген микрокредиттер, банктік қарыздар) бойынша ай сайынғы төлемге кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін бағалау, кредиттік карта бойынша, сондай-ақ талаптарында қарыз алушыны кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кіреді.

      Кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі ретінде қарыз алушының ашық кредиттік желі шеңберінде алған қарызы (траншы) бойынша борыштың қалдығы түсініледі.

      Кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін бағалау кредиттік бюроның деректері негізінде айқындалады немесе кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, айлармен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Кредиттік карта бойынша, сондай-ақ талаптарында қарыз алушыны кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кредиттік карта, талаптарында қарыз алушыны кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген төлем картасы бойынша пайдаланылған кредиттік лимиттің тиісінше он пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы мерзімі өткен негізгі борыштың, мерзімі өткен сыйақының сомасын және микроқаржы ұйымының, екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның теңгеріміне есептен шығарылған берешек сомасын, сондай- ақ тізбесі "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат берушілерді (бұдан әрі-ақпарат берушілер) қамтиды.

      Микрокредит, банктік қарыз беру туралы бұрын жасалған шартты (шарттарды), банктік қарызды қайта қаржыландыру мақсатында қарыз алушыға микрокредит беру жүзеге асырылған жағдайда, қайта қаржыландыруға жататын өтелмеген микрокредит (микрокредиттер), банктік қарыз (банктік қарыздар) бойынша берешек сомасы ай сайынғы төлемнің есебінде және өтелмеген микрокредит (микрокредиттер), банктік қарыз (банктік қарыздар) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасында есепке алынбайды.

      Микрокредит беру туралы бұрын жасалған шартты (шарттарды) қайта құрылымдау мақсатында жүзеге асырылатын, микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға әкелетін және ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін және (немесе) микрокредиттің мөлшерін ұлғайтуды көздемейтін ашық кредиттік желінің және қарыз алушының микрокредитінің талаптары өзгерген жағдайда, қарыз алушының өтелмеген микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы нөлге тең деп қабылданады.

      Микрокредитті, банктік қарызды өтеу кестесіне сәйкес мерзімді төлем, өтелмеген микрокредиттер, банктік қарыздар бойынша негізгі борыштың қалдығы, сыйақы қалдығы, кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі, қарыз алушының өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомалары туралы ақпаратты микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан сұратады.

      Өтелмеген микрокредиттер, банктік қарыздар бойынша мерзімді төлемдердің, негізгі борыш қалдығының, сыйақы қалдығының, кредиттік карта бойынша, сондай-ақ төлем картасы бойынша ай сайынғы төлемнің есебіне, кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін және қарыз алушының өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын бағалауға барлық ақпарат берушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер енгізіледі.

      Қарыз алушының өтелмеген микрокредиттерінде Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген микрокредиттерді, сондай-ақ қарыз алушының Қағидалардың 4-тармағында көрсетілмеген қарыздары, өтелмеген микрокредиттері қамтылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген, негізгі борыш бойынша төлемдер мен сыйақы сомасының айлармен көрсетілген осы микрокредит мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Қарыз алушының талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредит желісі бойынша міндеттеме болып табылатын жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемді есептеу Қағидалардың 8-тармағының жетінші және сегізінші бөліктеріне сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісі Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттар негізінде айқындалған кіріс мөлшерінің алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

      Микроқаржы ұйымы қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісінің есебіне алатын кірістер түрлері қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішіндегі кем дегенде екі кез келген айға алынуға тиіс.

      Микроқаржы ұйымдары Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушының ресми кірісінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек алушы қарыз алушының және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.

      Микроқаржы ұйымдары Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 1), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген кірістері негізінде жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.12.2023 № 101 (01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Егер Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттардың негізінде айқындалатын кірістің мөлшері Бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленетін ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан және отбасының кәмелетке толмаған әрбір мүшесіне арналған ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасының жартысынан кем болса, сондай-ақ қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шекті мәннен жоғары болса немесе қарыз алушыда ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгісі болса және банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі болса, микроқаржы ұйымы туралы:

      қарыз алушыға микрокредит, сондай-ақ қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      микрокредит беру туралы жасалған шарт (шарттар) шеңберінде қосымша микрокредит беру;

      микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына әкелетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредиті талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.12.2023 № 101 (01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 5-10-тармақтарының талаптарына сәйкес қарыз алушының борыш жүктемесін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін өздігінен айқындайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.