Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 115 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31096 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктік емес ұйымдарды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының елу тоғызыншы – сексен алтыншы абзацтарын, 2-тармағын, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыста енгізілетін Тізбенің 6-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 115 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге, болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге.".

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (жүз миллион) теңге, мына жағдайларды қоспағанда:

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымы үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (жүз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 шілдеден бастап - 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан ломбард үшін - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан ломбард үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

      5. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жектіліктілігі k1 коэффициентімен сипатталады және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына (бұдан әрі – Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес қалыптастырылған меншікті капиталдың:

      баланс бойынша активтердің,

      провизияларды (резервтерді) шегергенде, кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің сомасына Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегергенде, Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген микрокредиттердің үш еселенген сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      Кепілсіз тұтынушылық микрокредит сомасын айқындау мақсатында жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредит бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасы ескеріледі.

      Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген микрокредит сомасын айқындау мақсатында Заңның 4-бабының 3-1-тармағының талаптарында жеке тұлғаға берілген микрокредит бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасы ескеріледі.

      k 1 коэффициентінің мәні кемінде 0,1 құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. K1 нормативін орындаудың міндетті шарты несие портфелінің жалпы сомасында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің үлесіне лимиттің (бұдан әрі – лимит) сақталуы болып табылады.

      Лимитті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Л =


      мұнда:

      Л – лимит,

      ММ90 – микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда ескеретін және баланстан тыс есепке есептен шығарылған негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар есепті кезең соңындағы микрокредиттер.

      ММ90 көрсеткіші Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есептемегенде, мерзімі өткен берешек бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтиды.

      НП – есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша несие портфелі.

      НП көрсеткіші микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын және баланстан тыс есепке есептен шығарылған Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есептемегенде, негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтиды.

      Лимиттің мәні 20 (жиырма) пайыздан аспайды.

      Есепті күнгі лимиттен асып кету k1 нормативін бұзуға әкеп соғады.

      Микроқаржы ұйымы лимиттен асып кету орын алған есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей негізгі борыш, есептелген сыйақы, бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешекті реттеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) әзірлейді және оны мақұлдау үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Іс-шаралар жоспары кемінде 3 (үш) ай мерзімге әзірленеді және төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:

      негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешекті несие портфелінің 20%-нан кем немесе оған тең деңгейге дейін төмендету жөніндегі шаралар;

      Іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды іске асыру тәртібі және мерзімдері;

      Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (Іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).

      Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы ұсынған Іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қарау нәтижелерін микроқаржы ұйымына Іс-шаралар жоспары уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

      Уәкілетті орган Іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды. Іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған кезде, жазбаша нысанда ескертулер ұсынады.

      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып Іс-шаралар жоспарын мақұлдайда немесе олармен келіспеген жағдайда, наразылық танытады.

      Бұл ретте уәкілетті органның Іс-шаралар жоспарын мақұлдауы үшін мерзім есепті күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер бойынша берешек несие портфелінің 20%-нан кем немесе оған тең деңгейге дейін төмендетілген кезде, микроқаржы ұйымы мерзімі өткен берешектің нақты төмендеуі орын алған есепті кезеңнен кейінгі 1 (бір) күннен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлама жібереді.".

      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.08.2024 № 64 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қарыз алушы – микроқаржы ұйымының микрокредит беру бойынша қызметін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидалардың 3-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген, микрокредиттерге қолданылады, бұған мыналар кірмейді:

      автокөлік құралы кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер;

      берілетін микрокредит сомасын толық өтейтін жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттерді;

      берілетін қарыз сомасын толық өтейтін, банктік шоттарда жатқан ақша кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер.

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы кезеңде Қағидалардың 3-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген және берілетін микрокредиттің барлық сомасына олармен жасалатын мәмілелер міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктер кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттерге қолданылмайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

      ҚК ≥ ЕТКДШ + 0,5 * ЕТКДШ * Сктом,

      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы";

      СКТОМ – отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың біреуі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі ресми кірісі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде дебеттік картаны толтырудың орташа айлық сомасы;

      4) микрокредит ресімдеуге өтініш берген күні депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдық сомасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) борыш жүктемесі коэффициентінің (0,5) рұқсат етілген шекті мәніне дейін кідіріссіз жасаған қарыз алушының өтініш жсаған күнінің алдындағы күннің қатарынан соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде өтелген және (немесе) өтелмеген банктік қарыздар бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемдері (кемінде алты) сомасының орташа мәніне қатынасы ретінде айқындалатын қарыз алушының есептелген кірісі;

      8) "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының азық-түлікке жатпайтын бөлігінің мәнінен асатын, қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде коммуналдық қызметтер бойынша, телекоммуникациялық қызметтер бойынша, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың орташа айлық сомасы;

      9) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде интернет-дүкеннен сатып алудың орташа айлық сомасы;

      10) меншігінде орташа нарықтық құны микрокредит құнынан асатын жылжымалы (автокөлік құралы, малдар, ауыл шаруашылығы және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты құрал-жабдық) және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы негізінде айқындалады. Мүліктің орташа нарықтық құны тәуелсіз бағалау немесе банктің Халықаралық қаржылық есептіліктің № 13 "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бағалауы негізінде айқындалады. Қарыз алушының меншігінде бір уақытта автокөлік құралының және жылжымайтын мүліктің болуы, шығарылу сәтінен бастап 15 (он бес) жыл өтпеген автокөлік құралы және жалпы алаңы 30 (отыз) шаршы метрлік жылжымайтын мүлік бойынша орташа нарықтық құнын анықтау талап етілмейді;

      11) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдаудан түскен орташа айлық кірісі (мұндай кірісті делдал компания арқылы растаған кезде);

      12) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 12 (он екі) айлық кезеңдегі бірыңғай жиынтық төлем төленгенін растайтын құжаттың болуы негізінде айқындалады. Әр айдағы кіріс "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады;

      13) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде жұмыс орнынан кірістері туралы анықтама және (немесе) оқу орнынан алатын стипендия мөлшері туралы анықтама негізінде есептелген орташа айлық кірісі.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы ұсынады және (немесе) микроқаржы ұйымы қарыз алушының жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не қарыз алушының сәйкестендіру құралы арқылы сұратады.

      Осы тармақтың 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген ақпарат қарыз алушының тиісті құжаттары ұсыныла отырып расталады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 5-10-тармақтарының талаптарына сәйкес қарыз алушының борыш жүктемесін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін өздігінен айқындайды.".

      4. "Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Микрокредит беру туралы шарт жасасу, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасында электрондық тәсілмен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасы және (немесе) парольдарды жинақтау және енгізу немесе аутентификаттау белгілерінің (токендер, смарт-карталар, біржолғы парольдар) кемінде біреуін пайдалану арқылы жүзеге асырылады).

      Микрокредитті электрондық тәсілмен беру микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік шотынан клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) ақша аудару жолымен, сондай-ақ клиентке терминал арқылы қолма-қол ақшаны беру және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды қарыз алушы сатып алатын тауарларға немесе орындаған жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, оны заңсыз өзгерту, үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді не өзге де микрокредиттермен заңсыз (алаяқтық) әрекеттерді жүзеге асыру анықталған жағдайда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мұндай әрекеттердің себептері мен салдарын жою үшін екі жұмыс күні ішінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұл туралы бір жұмыс күні ішінде клиентті және уәкілетті органды хабардар етеді.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым енгізген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымның не құқық қорғау органдары ұсынған қарыз алушыны жәбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік үш күннен кешіктірмей:

      клиенттің микрокредиті бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;

      микрокредит бойынша берешектің болуы туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым құқық қорғау органдарының ұйғарымы және (немесе) қаулысы және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтініші бойынша қабылданған, заңды күшіне енген сот шешімі бар микрокредит бойынша клиенттің берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды.".

      5. "Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23101 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін мынадай мөлшерде белгіленсін:

      банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 100 000 000 (жүз миллион) теңге;

      тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге.

      Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы міндеттемелерді шегергенде коллекторлық агенттіктің активтері ретінде есептелетін соманы құрайды.

      Құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне ақы төлеуді растау мақсатында коллекторлық агенттік оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтіне қарай мынадай құжаттарды ұсынады: коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына аударылғанын растайтын және есептік тіркеуден өту үшін өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме) және бар болса, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімі не одан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы берген үзінді көшірме.".

      6. "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29734 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сенімгерлік басқару шарты негізінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттік мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының мөлшері кемінде 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге құрайды;

      2) коллекторлық агенттік қызметін коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген сәттен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыруы;

      3) коллекторлық агенттік сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге дейін соңғы он екі ай ішінде қолданылған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болмауы;

      4) коллекторлық агенттіктің бірінші басшысында алынбаған және өтелмеген соттылығының болмауы;

      5) борышкердің тұрғылықты жері бойынша не орналасқан жері бойынша не тіркелген жері бойынша не борышкердің тұрғылықты жерінде не орналасқан жерінде немесе тіркелген жерінде елді мекен орналасқан облыстардың әкімшілік орталықтарында банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген филиалдардың немесе өкілдіктердің болуы;

      6) Банктер туралы заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде не Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардан коллекторлық агенттіктің сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөніндегі мәліметтерді (деректерді) алуын, сондай-ақ коллекторлық агенттік сенімгерлік басқаруға алған банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) туралы және (немесе) микрокредит беру туралы мәліметтерді (деректерді) коллекторлық агенттік өзге тұлғалардан сатып алған және (немесе) нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай-ақ Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша кредиторға қызметтер көрсету болып табылатын шарттар шеңберінде алынған құқықтар (талаптар) жөніндегі мәліметтерден (деректерден) жеке көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылымның болуы.".