Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17583 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.09.2020 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15452 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16735 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары −
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 4 қазандағы
№ 408 бұйрығымен
бекітілген

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.09.2020 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін жасанды жолмен молайту және өсіру;

      2) балық азығы – балықтарға арналған отандық немесе шетелдік өндірістің теңгерімделген толық рационды құрамажемінің барлық түрі;

      3) балық өсіру шаруашылығы – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды жолмен молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

      4) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама – "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) сәйкес белгілеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;

      5) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалардың жиынтығы;

      6) тауар өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші (көрсетілетін қызметті алушы)) – акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) көрсетілетін қызметті жеткізуші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне иесі ретінде қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға, оны облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші)) айқындайды;

      8) субсидия алуға арналған өтінім – тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, сатып алынған балық азығына арналған субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

      9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, кредиторлар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      10) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялауға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырып, ретке келтірілген жиынтығы;

      11) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге мүнкіндік беретін интернет-ресурс;

      12) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      13) электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Субсидиялар бекіре, албырт балық және тұқы тұқымдас балық түрлері мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 (отыз)пайызын (бұдан әрі – %) өтеу жолымен акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін тауар өндірушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) арналады.

      4. Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстар (бұдан әрі - субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстар) екі данада жасалады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, ол болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қойған ілеспе хатпен тиісті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) мақұлдауға ұсынылады.

      Субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстар Министрлікке мақұлдауға ұсынылған кезде азық шығынының нормалары ескеріле отырып, субсидиялауға жататын азық түрлерінің көлемдері бойынша есептемені негіздейтін құжаттар қоса беріледі.

      Оң шешім қабылданған жағдайда, Министрлік субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстың бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей қайтарады. Теріс шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстың екі данасын уәжді негіздемесі бар хатпен тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей пысықтауға жібереді.

      Субсидиялау көлемдері бойынша пысықталған ұсыныстар екі данада Министрлікке тиісті жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей қайта мақұлдауға беріледі.

      Министрлік мақұлданған субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстың бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей қайтарады.

      Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері Министрлікпен мақұлданғаннан кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      5. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялауға арналған мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) тауар өндіруші (көрсетілетін қызметті алушы) субсидия алуға арналған өтінімді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмді "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық форматта беруі.

      Субсидияларды алу процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтiнiмнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;

      3) тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) азық сатып алуының расталуы (азық жеткізушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алдыңғы жылдың төртінші тоқсанындағы және/немесе ағымдағы жылғы балық өніміне тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) өндіріс көлемінің расталуы;

      6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ ) өзара іс-қимылы нәтижесінде "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 1-3-тармағына сәйкес жасанды жағдайларда өсірілген балықтардың қайдан ауланғаны туралы мәліметтердің расталуы;

      7) бекіре балықтары мен олардың будандары үшін азықты субсидиялау кезінде Заңның 19-бабы 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарлардың қолдан өсірілгені туралы мәліметтердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ өзара іс-қимылы нәтижесінде расталуы.

3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      7. Балық азығына арналған тиесілі субсидиялар сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      1)

= Vр * Nрк

      2) ∑=

*Ск

      3) Сс=( ∑*30)/100,

      мұнда:


– балық өсіру үшін жұмсалған азықтың жалпы массасы, килограмм;

      Vp – осы Қағидалардың 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес расталған, өндірілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің көлемі, килограммен;

      Nрк – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің бір килограмын өндіруге жұмсалатын азық шығысының нормасы;

      ∑ – балық азығына жұмсалған қаражаттың жалпы соммасы, теңге;

      Ск – бір килограмм балық азығының құны, теңге;

      Сс – субсидиялар сомасы, теңге.

      Балық азығының құнына қосылған құн салығының сомасы ескерілмейді.

      8. 1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығысының нормасы: албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 1,2 (бір бүтін оннан екі) килограмнан, бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 1,5 (бір жарым) килограмнан, тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 4,0 (төрт) килограмнан аспайды.

      1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалған нақты шығындар көрсетілген нормалардан төмен болған жағдайда субсидиялар нақты азық шығысы бойынша есептеледі.

      9. Бір килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы:

      1) албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 270 (екі жүз жетпіс) теңгеден;

      2) бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 285 (екі жүз сексен бес) теңгеден;

      3) тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 105 (жүз бес) теңгеден аспайды.

4-тарау. Субсидиялар төлеу тәртібі

      10. Субсидиялауға өтінімдерді қабылдау тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      11. Тізілім деректеріне веб-портал арқылы қолжетімділікті ұсыну (бұдан әрі – жеке кабинет) үшін жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті жылдың 10 ақпанына дейін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар қызметкерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      12. Жеке кабинетке қолжетімділікті ұсыну үшін тауарөндірушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне дербес тіркелу үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс.

      13. Веб-порталда тіркелу кезінде жеке кабинет ашу үшін тауар өндіруші (көрсетілетін қызметті алушы) мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

      2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкелік нысанындағы жеке кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі; толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелері.

      Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда тауар өндіруші (көрсетілетін қызметті алушы) бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      14. Жеке кабинетте өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) өтінім оған осы Қағидалардың 6-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті беруші) электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Тауар өндіруші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаса, тауар өндірушінің (көрсетілген қызмет алушының) қайтарып алу себебін көрсете отырып, субсидиялау өтінімін қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

      15. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою арқылы оның қабылданғанын тиісті хабарлама арқылы растайды. Бұл хабарлама тауа өндірушінің (көрсетілген қызметті алушы) "жеке кабинетінде" қол жетімді болады.

      16. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес субсидиялауға өтінім қабылдауды растағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шоттарын қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама, не осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) жеке кабинетіне жіберіледі.

      Субсидиялардың көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      17. Субсидиялар беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша қабылданады:

      1) субсидия алу үшін тауар өндіруші (көрсетілетін қызметті алушы) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      2) тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген субсидияларды алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.

      18. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне субсидияларды алу сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымы:

      жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      21. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген тауар өндірушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4 бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімділігі мен
өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Субсидия алуға арналған өтінім (кімге)_____________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)

      (кімнен)________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған мынадай балық түрлеріне:__________________________________

      ______________________ килограмм көлемінде сатып алынған азық үшiн

      ________________________теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

      (сомасы санмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәлімет.

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)____________________;

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________;

      мекенжайы: _________________________________________________________;

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________;

      жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _____________________________;

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ______________________________________________________________;

      кім берді ____________________________________________________________;

      берілген күні ________________________________________________________;

      мекенжайы: _________________________________________________________;

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________;

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ______________________________________________________;

      хабардар етілген күн _________________________________________________;

      2. Екінші деңгейдегі банктегі жеке немесе заңды тұлғаның ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН __________________________________________________________;

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе)______________________________________;

      банктің деректері_____________________________________________________;

      банктің атауы________________________________________________________;

      банк бизнес-сәйкестендіру номері_______________________________________;

      жеке сәйкестендіру коды_____________________________________________;

      БСН _______________________________________________________________;

      Кбе ________________________________________________________________;

      3. Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтамадан мәліметтер:

      нөмірі және берілген күні _____________________________________________;

      балықтың түрі _______________________________________________________;

      өсірілген балықтың көлемі ____________________________________________;

      4. Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен

      халықаралық сауда туралы конвенцияның І және (немесе) ІІ қосымшаларына

      енгізілген балықтардың бекіре тұқымдас түрлерін қолдан өсіру жөніндегі қызмет

      туралы әкімшілік органда тіркелуді растау:

      нөмірі және берілген күні ______________________________________________;

      хабарлама нөмірі _____________________________________________________;

      5. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізуге арналған шот-фактуралар

      туралы мәліметтер:

Шот- фактураның нөмірі

Шот- фактураның күні

Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

Сатып алушының ЖСН/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6







      6. Жеке/заңды тұлға мен азық сатушы арасындағы сату-сатып алу шарттары туралы мәліметтер:

Азық сатушының ЖСН/БСН-сы

Азық сатушының атауы

Шарт нөмірі

Шарт жасалған күн

Азық атауы

Құны, теңге

Азықтың көлемі, килограмм

1

2

3

4

5

6

7

8









      7. Азық сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер:

Шот-фактураның нөмірі

Шот-фактураның күні

Азықтың атауы

Сатып алынған азық көлемі, килограмм

Сатып алынған азықтың құны, теңге

1

2

3

4

5

6







      8. Тиесілі субсидияларды есептеу:

Субсидияла-натын балық түрі

Өндірілген өнім көлемі, килограмм

Азық атауы және түрі

1 (бір) килограмм азықтың құны, теңге

1 (бір) килограмм азық өндіруге арналған шығыс нормасы

Азық сатып алуға жұмсалған барлық шығыс, теңге

Бюджеттік субсидиялар-дың тиесілі сомасы, теңге

1

2

3

4

5

7

8








      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ________ сағат ______ жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім қарауға 20____ жылғы "____" ________ сағат ______ қабылданды

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімділігі мен
өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

"Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидияны аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске және Заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) https://beta.egov.kz мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидиялауға өтінімді ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) субсидияларды алуға қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17583 тіркелген) бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

  Акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімділігі мен
өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Субсидияны аудару туралы хабарлама

      Құрметті _________________________________________________________________

                                          (тауар өндіруші)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілгенін және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  Акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімділігі мен
өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Құрметті _________________________________________________________________

                                    (тауар өндіруші)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.