Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17583 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15452 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16735 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары −
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 4 қазандағы
№ 408 бұйрығымен
бекітілген

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын тауар өндірушілерге акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығының) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін жасанды жолмен молайту және өсіру;

      2) балық азығы – балықтарға арналған отандық немесе шетелдік өндірістің теңгерімделген толық рационды құрамажемінің барлық түрі;

      3) балық өсіру шаруашылығы – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды жолмен молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

      4) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама – "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) сәйкес белгілеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;

      5) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалардың жиынтығы;

      6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігінің Балық шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін адам;

      7) өтінім – тауар өндірушінің сатып алынған балық азығы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

      8) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      9) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялауға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырып, ретке келтірілген жиынтығы;

      10) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге мүнкіндік беретін интернет-ресурс;

      11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      12) тауар өндіруші – акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығымен) айналысатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдері;

      13) электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Субсидиялар бекіре, албырт балық және тұқы тұқымдас балық түрлері мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 %-ын өтеу жолымен акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендету үшін тауар өндірушілерге арналады.

      4. Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстар (бұдан әрі - субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстар) екі данада жасалады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, ол болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қойған ілеспе хатпен тиісті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) мақұлдауға ұсынылады.

      Субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстар Министрлікке мақұлдауға ұсынылған кезде азық шығынының нормалары ескеріле отырып, субсидиялауға жататын азық түрлерінің көлемдері бойынша есептемені негіздейтін құжаттар қоса беріледі.

      Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстың бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей қайтарады. Теріс шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстың екі данасын уәжді негіздемесі бар хатпен тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей пысықтауға жібереді.

      Субсидиялау көлемдері бойынша пысықталған ұсыныстар екі данада Министрлікке тиісті жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей қайта мақұлдауға беріледі.

      Министрлік мақұлданған субсидиялау көлемдері бойынша ұсыныстың бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей қайтарады.

      Субсидиялау көлемдері бойынша мақұлданған ұсыныстар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітіледі.

      5. Басқарма субсидиялауға арналған мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталға субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) тауар өндірушінің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмді "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық форматта беруі.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтiнiмнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;

      3) тауар өндірушіде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы.

      Тауар өндірушіде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді дербес жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде тауар өндірушінің азық сатып алуының расталуы (азық жеткізушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алдыңғы жылдың төртінші тоқсанындағы және/немесе ағымдағы жылғы балық өнімін өндірушінің өндірісінің расталуы;

      6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорының ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабы 1-3-тармағына сәйкес жасанды жағдайларда өсірілген балықтардың қайдан ауланғаны туралы мәліметтердің расталуы;

      7) бекіре балықтары мен олардың будандары үшін азықты субсидиялау кезінде Заңның 19-бабы 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарлардың қолдан өсірілгені туралы мәліметтердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорының ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталуы.

3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      7. Балық азығына арналған тиесілі субсидиялар сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      1)


      2)


      3)

, мұнда:

      ℳ – балық өсіру үшін жұмсалған азықтың жалпы массасы, килограмм;

      Vp – осы Қағидалардың 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес расталған, өндірілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің көлемі, килограммен;

      Nрк – осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің бір килограмын өндіруге жұмсалатын азық шығысының нормасы;

      ∑ – балық азығына жұмсалған қаражаттың жалпы соммасы, теңге;

      Ск – бір килограмм балық азығының құны, теңге;

      Сс – субсидиялар сомасы, теңге.

      Балық азығының құнында қосылған құн салығының сомасы ескерілмейді.

      8. 1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығысының нормасы: албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 1,2 килограмнан, бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 1,5 килограмнан, тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 4,0 килограмнан аспайды.

      1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалған нақты шығындар көрсетілген нормалардан төмен болған жағдайда субсидиялар нақты азық шығысы бойынша есептеледі.

      9. 1 (бір) килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы: албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 270 теңгеден: бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 285 теңгеден: тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін 105 теңгеден аспайды.

4-тарау. Субсидиялар төлеу тәртібі

      10. Өтінімдерді қабылдау тауар өндірушінің тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      11. Тізілім деректеріне веб-портал арқылы қолжетімділікті ұсыну үшін басқарма тиісті жылдың 10 ақпанына дейін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар қызметкерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.

      12. Тізілім деректеріне веб-портал арқылы қол жетімділікті ұсыну үшін тауар өндiрушiлерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне дербес тіркелу үшін ЭЦҚ болуы тиіс.

      Веб-порталда тіркелу кезінде Жеке кабинет ашу үшін (бұдан әрі – Жеке кабинет) тауар өндiрушi мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН); аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН); толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      3) шетелдік заңды тұлғалар үшін: БСН, не филиалдың (өкілдік) БСН-сы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      5) екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелері.

      Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда тауар өндіруші бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      13. Жеке кабинетте өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) өтінім оған осы Қағидалардың 6-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған тауар өндірушінің ЭЦҚ-мен қол қою арқылы тіркеледі және басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген басқарманың электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Тауар өндіруші басқарма төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаса, тауар өндірушінің қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

      14. Басқарма өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тауар өндірушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      15. Субсидияларды беруден бас тартуға:

      1) тауар өндіруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      16. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидияларды төлеуге төлем тапсырмаларын қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтінімнің қабылдануы расталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктеледі.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

  "Акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімділігі мен
өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
қосымша
  Нысан

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар алуға арналған өтінім

      _______________________________________________________ басқармасына

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      (кімнен)________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы,

      жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған мынадай балық түрлеріне:__________________________________

      ______________________ килограмм көлемінде сатып алынған азық үшiн

      ____________________________теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

      (сома санмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәлімет.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________________;

      БСН (оның ішінде шетелдік заңды тұлға, ол жоқ болған жағдайда филиалдың

      (өкілдіктің) БСН-сы) ___________________________________________________;

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________;

      мекенжайы: _________________________________________________________;

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________;

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________;

      ЖСН _______________________________________________________________;

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ______________________________________________________________;

      кім берді ____________________________________________________________;

      берілген күні ________________________________________________________;

      мекенжайы: _________________________________________________________;

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________;

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері______________________________________________________;

      хабардар етілген күн _________________________________________________;

      2. Екінші деңгейдегі банктегі тауар өндірушінің ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН __________________________________________________________;

      Кбе ________________________________________________________________;

      Банктің деректері_____________________________________________________;

      Банктің атауы________________________________________________________;

      БСК _______________________________________________________________;

      ЖСК _______________________________________________________________;

      БСН _______________________________________________________________;

      Кбе ________________________________________________________________;

      3. Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтамадан мәліметтер:

      нөмері және берілген күні_____________________________________________;

      балықтың түрі _______________________________________________________;

      өсірілген балықтың көлемі ____________________________________________;

      4. Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және (немесе) ІІ қосымшаларына енгізілген балықтардың бекіре тұқымдас түрлерін қолдан өсіру жөніндегі қызмет туралы әкімшілік органда тіркелуді растау:

      нөмірі және берілген күні_______________________________________________;

      хабарлама нөмірі _____________________________________________________;

      5. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізуге арналған шот-фактуралар туралы мәліметтер:

Шот- фактураның нөмірі

шот- фактураның күні

акваөсіру (балық өсіру) өнімінің атауы

өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

сатып алушының ЖСН/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6

1






2






3






      6. Тауар өндіруші мен азық сатушы арасындағы сату-сатып алу шарттары туралы мәліметтер:

Азық сатушының ЖСН/БСН-сы

азық сатушының атауы

шарт нөмірі

шарт жасалған күн

азық атауы

құны, теңге

азықтың көлемі, килограмм

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3








      7. Азық сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер:

шот-фактураның нөмірі

шот-фактураның күні

азықтың атауы

сатып алынған азық көлемі, килограмм

сатып алынған азықтың құны, теңге

1

2

3

4

5

6

1






2






3






      8. Тиесілі субсидияларды есептеу:

Субсидияла-натын балық түрі

өндірілген өнім көлемі, килограмм

азық атауы және түрі

1 (бір) килограмм азықтың құны, теңге

1 (бір) килограмм азық өндіруге арналған шығыс нормасы

азық сатып алуға жұмсалған барлық шығыс, теңге

бюджеттік субсидиялар-дың тиесілі сомасы, теңге

1

2

3

4

5

7

8















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер*_______________________________________

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты*___________________________________

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Басқарма 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер*_______________________________________

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты*___________________________________

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе – бенефициар коды;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.