Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.10.2018 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15452 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
3) балық өсіру – кәсіпкерлік қызмет мақсатында акваөсірудің балықтардың өсімін жасанды жолмен молайту және өсіру бағыты.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қабылдау тиісті жылдың 1 наурызынан басталып, 10 желтоқсанында аяқталады.
Өтінімдерді қарау мерзімі оларды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.
14. Субсидиялар алу үшін тауар өндірушілер азықтар сатып алуға жұмсалған шығындардың нәтижелері бойынша Басқармаға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде өтінім (бұдан әрі – Өтінім) ұсынады.";
16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Өтінімді қабылдау кезінде Басқарма немесе Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтінімде көрсетілген құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған Өтінімді қайта енгізе алады.
17. Тауар өндірушіге Өтінімді қабылдау кезінде күні және уақыты, Өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
18. Басқарма Өтінімдерді олар келіп түскен күні тігілген, нөмірленген және мөрмен бекемделген бөлек журналда тіркейді.
19. Басқарма Комиссия отырысы өткізілгенге дейін екі күн бұрын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жиынтық акт қалыптастырады және оны Комиссияның қарауына жібереді.
20. Комиссия екі жұмыс күн ішінде тауар өндірушінің Өтінімін осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
21. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша тауар өндірушіге субсидия беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, Басқарма бір жұмыс күн ішінде хаттама жобасын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша оң шешім қабылданған тауар өндірушілердің тізбесін жасайды.
Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Басқарма тауар өндірушінің банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттарының тізілімін қалыптастырады және оны аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беру туралы хабарлама жібереді.
22. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша тауар өндірушіге субсидия беру туралы теріс шешім қабылданған жағдайда, Басқарма бір жұмыс күні ішінде хаттама жобасын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша оларды ұсынбау себептерін көрсете отырып, теріс шешім қабылданған тауар өндірушілердің тізбесін жасайды.
Субсидиялар берудегі теріс шешім "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша қабылданады.
23. Хаттамаға Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде қол қояды.
24. Басқарма Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кейіннен бір жұмыс күні ішінде тауар өндірушіге (өтінім берушіге) беру үшін қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанмен әрбір тауар өндіруші (өтінім беруші) бойынша Өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама қалыптастырады.
Өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда, Өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама Мемлекеттік корпорацияға жолданады.
Мемлекеттік корпорация филиалына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалған кезде Мемлекеттік корпорацияға береді.";
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________ Д. Абаев
2018 жылғы "__"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "__"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "__"____________
Ауыл шаруашылығы басқармасына Өтінім
1. Тауар өндіруші: _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ тауар өндірушінің атауы)
2. БСН/ЖСН _____________________________________________________________
(жеке/заңды тұлға үшін)
3.Тауар өндірушінің мекенжайы: _________________________________________
________________________________________________________________________
(өңірдің, елді мекеннің атауы)
4. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі (бар болған жағдайда) _______________
№ | Деректер көзі | Қажетті мәліметтер | Деректер |
1. | Алдыңғы жыл үшін өсірілген және өткізілген тауарлы өнім туралы мәліметтер көрсетілген балық аулау және акваөсіру туралы статистикалық есептіліктің "1-балық" нысанынан үзінді-көшірме | Құжат(тар) атауы | |
Күні және кезеңі | |||
Алдыңғы жыл үшін өткізілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің нақты көлемі, тонна | |||
Тіркеу нөмірі және статистика органдарының есепті қабылдаған күні (бар болған жағдайда) | |||
2. | Кәсіпорындардың жобалық қуатын растайтын құжаттар | Ағымдағы кезең үшін өткізілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің нақты көлемі, тонна | |
Ағымдағы жыл үшін акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірудің болжамды көлемі, тонна | |||
3. | Азық немесе ингредиенттер* сатып алуға арналған шарт немесе сатып алынғанын растайтын құжаттар | Шарттың немесе кассалық чектін/кіріс ордерінің нөмірі (әрбір чек/ордер бойынша көрсетіледі) | |
Жасалған күні | |||
Сатып алынған азықтың немесе ингредиенттердің* атауы және түрі | |||
Азық немесе ингредиенттер* өткізген ұйымның атауы | |||
Сатып алынған жемнің немесе ингредиенттердің* көлемі, тонна | |||
Өсірілген балықты өткізудің мәлімделген көлеміне жұмсалатын азық немесе ингредиенттер* шығысының көлемі | |||
4. | Өнімнің өткізілгенін растайтын құжаттар | Құжат(тар) атауы | |
Нөмірі(лері) (бар болған жағдайда) | |||
Құжатта(тарда) көрсетілген күн | |||
Өткізілген өнім көлемі | |||
Контрагент (алушы) | |||
5. | Өнім өткізілгенін растайтын құжаттар (өнім дербес өткізілген жағдайда толтырылады) | Кассалық чектің нөмірі мен күні (әрбір чек бойынша көрсетіледі) | |
Өткізілген өнім көлемі, килограмм (әрбір чек бойынша көрсетіледі) | |||
6. | Ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы | ЖСН/БСН | |
Кбе | |||
Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: | |||
БСК | |||
ЖСК | |||
БСН | |||
Кбе |
Ескертпе:
* өзі өндірген азық пайдаланылған жағдайда, пайдаланылған ингредиенттерді
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер бергенім
үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында
хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы
______________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер (бар болса)
______________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Мөр (бар болса) орны
20__ жылғы "___" _______________
Өтінім қаралуға 20__ жылғы "__" _______ ___сағат ___ минутта қабылданды.
______________________________________________________ ____________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (барған жағдайда)
---------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Талон
№ _______________________
Өтінім қаралуға 20__ жылғы "__" _______ ___сағат ___ минутта қабылданды.
______________________________________________________ ____________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болған жағдайда))
_______________________________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жиынтық акт 20 __ жылғы ___________ үшін (ай)
№ | Тауар өндірушінің (өтінім берушінің) атауы | Жеке сәйкестен-дiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Тауар өндірушінің өтінімі қабылданған күн | Субсидияланатын балық түрі | Субсидияланатын балық көлемі, тонна | Азықтың немесе ингредиенттің атауы және түрі | Пайдаланылған азықтық немесе ингредиенттің көлемі, тонна | Азықтың немесе ингредиенттің құны, теңге | Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | ||||||||||
2 | ||||||||||
Жиыны |
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
___________________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (мөр) (қолы)
Қаржы басқармасының басшысы
___________________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (мөр) (қолы)
Субсидиялар беруде оң шешім қабылданған тауар өндірушілер тізбесі ______________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша 20__ жылғы ___________ үшін (ай)
№ | Тауар өндірушінің (өтінім берушінің) атауы | Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Тауар өндірушінің өтінімі қабылданған күн | Субсидияланатын балық түрі | Субсидияланатын балық көлемі, тонна | Азықтың немесе ингредиенттің атауы және түрі | Пайдаланылған азықтың немесе ингредиенттің көлемі, тонна | Азықтың немесе ингредиенттің құны, теңге | Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | |||||||||
2 | |||||||||
Жиыны |
Комиссия мүшелері:
_________________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
_________________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
2-нысан "Бекітемін" ____________________________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, мөр) |
|
20__ жылғы "___" _______________ |
Субсидиялар беруде теріс шешім
қабылданған тауар өндірушілер тізбесі
__________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
бойынша 20__ жылғы ___________ үшін
(ай)
№ | Аудандардың атауы | Тауар өндірушінің (өтінім берушінің) атауы | Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi | Тауар өндірушінің өтінімі қабылданған күн | Субсидияның берілмеу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | |||||
2 | |||||
Жиыны |
Комиссия мүшелері: _________________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
_________________________________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Өтінімді қарау нәтижелері туралы
№_____ хабарлама | |
20 ____ жылғы "___" _________ |
Тауар өндіруші _________________________________________________________
________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Жүгіну мақсаты _________________________________________________________
(субсидияланатын бағыт)
Жүгінген күні 20 __ жылғы "___" __________________
Комиссияның шешімі _____________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_________________________________________________________________ облысы
(республикалық маңызы бар қала, астана)
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы _____________________________________
___________________________________________________ ____________________
___________________________________________________ ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (мөр) (қолы)