"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
2. "Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9570 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 15 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 1 тамыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығымен бекiтiлген |
________________________________________________________
(уәкілетті органның ведомствосы)
_________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)
Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама
____________________________________________________________________
тегі, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
берілді (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Табиғи мекендеу ортасынан ауланған/жасанды жағдайларда өсірілген балықтар/басқа да су жануарлары үшін/мелиоративтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек)
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2020 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Аулану орнының (су айдынының, учаскенің) атауы | Балықтардың және (немесе) басқа су жануарларының түрлері | 20_ жылғы 1 шілдесінен 20_ жылғы 1 шілдесіне дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балықтар және (немесе) басқа су жануарлары үшін) | Жасанды өсірумен айналыса тын ұйымның жобалық қуаты (тонна) | Мелиоративтік ауланым шеңберінде (тонна) | 20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна) | 20__ жылғы "__" ______ жағдай бойынша қалған қалдық (тонна) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі балықтардың/басқа су жануарларының табиғи ортадан ауланғанын/жасанды жағдайларда өсірілгенін растайды/мелиортивтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек):
№ | Балықтардың және (немесе) басқа су жануарларының түрі | Балықтардың және (немесе) басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна) |
1 | 2 | 3 |
Жиыны: |
*Ескертпе: Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады (ащы-тұзды су айдындарын қоспағанда).
Берілген күні 20 ___ жылғы "____"_______________
________________________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), қолы)