РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Е. Қожағапанов |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген |
Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын берудің тәртібі";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Халықтық" (үлгілі) атағын алу үшін көркемөнерпаздар ұжымдары мәдениет саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ЖАО) мына құжаттарды жібереді:";
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Халықтық" (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, ЖАО құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
6. ЖАО құжаттарды түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралды. ЖАО өтініштерді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органды Комиссия мәжілісінің өткізілетіні туралы хабардар етеді.
7. Комиссияның құрамын ЖАО бекітеді.
8. Комиссия отырыстары ЖАО-ға құжаттардың түсуіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.".
2. "Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қамтамасыз етеді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің тәртібі".
3. "Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстармен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Фестивальдерді және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана деңгейлеріндегі конкурстардың және (немесе) фестивальдердің жеңімпазы болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ұйымдастыру комитеті";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Конкурстың және (немесе) фестивальдің қазылар алқасы".
4. "Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10688 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10619 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттарында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. "Академиялық" мәртебесін беру тәртібі";
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) "Академиялық" мәртебесін беру туралы қолдаухат (бұдан әрі - қолдаухат) ұсынады. Қолдаухатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:".
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. "Академиялық" мәртебесін беру шарттары".
6. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10992 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау және есепке алу";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтауды және есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қамтамасыз етеді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мәртебесін айыру тәртібі".
7. "Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11447 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 14шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"құжаттар толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – келісуші органдар) келісімге жолданады;".
8. "Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12405 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемориалдық тақталарды орнатудың қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемориалдық тақталарды орнатудың тәртібі";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемориалдық тақта орнату үшін жеке және заңды тұлғалар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мына құжаттарды ұсынады:";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұсынылған құжаттар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қаралады.".
9. "Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12500 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарының жүргізілу тәртібі";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ғылыми-жобалау құжаттаманы тапсырыс беруші бекітеді, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді - уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және келесі бір немесе бірнеше жұмыстарды жүргізу мердігерге тапсырады:".
10. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 369 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібі";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Пайдалануға (мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген ескерткіштерді пайдаланудың жай-күйін және олардың күтіп-ұсталу тәртібін бақылауды "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-1-бабына сәйкес уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асырылады.".
Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі
№ п/п | Жалдау ақысының ставкаларына әсер ететін факторлар классификаторы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атаулары | |||||||
Астанақаласы, | Алматы қаласы | Шымкент қаласы | Ақмола облысы | Ақтөбе облысы | Алматы облысы | Атырау облысы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
1. |
1 шаршы метр үшін айлық есептік көрсеткішпен жалдау | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | |
2. | объектінің құрылыс түрі | 2.1 кеңселік | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
2.2 өндірістік | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | ||
2.3 қоймалық | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атаулары | |||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | Жамбыл облысы | Батыс Қазақстан облысы | Қарағанды облысы | Қостанай облысы | Қызылорда облысы | Маңғыстау облысы | Павлодар облысы | Солтүстік Қазақстан облысы | Түркістан облысы |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 |
0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
кестенің жалғасы:
3. | Тұрғын емес үй - жай | 3.1 бөлек тұрған құрылыс | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
3.2 кіріктірілген жапсарлас бөлік | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | |||
3.3 цокольдік (жартылай жертөле) бөлігі | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | |||
3.4. жертөле бөлігі | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||
4. | объектінің жайлылық дәрежесі | 4.1. барлық инженерлік –техникалық құрылғылар бар үй – жайлар үшін | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | |
4.2. коммуникацияның қандай-да бір түрі болмаған жағдайда әрбір түріне азайтылады: | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | |||
5. | объектінің аймақтық орналасуы | 5.1. Алматы ,Астана және Шымкент қалалары үшін: | қаланың орталығы | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 |
қаланың шеті | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | |||
қаланың қалған бөлігі города | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | |||
5.2. облыс орталықтары үшін: | қаланың орталығы | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | ||
қаланың шеті | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | |||
қаланың қалған бөлігі города | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | |||
5.3. облыстық маңызы бар қалалар үшін: | қаланың орталығы | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | ||
қаланың шеті | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | |||
қаланың басқа бөлігі | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | |||
4.4. аудан орталықтары үшін | орталығы | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | ||
шеті | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | |||
5.5 кенттер және ауылдық елді мекендер | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
кестенің жалғасы:
1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 |
0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 |
0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 | 0,6 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 |
3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 | 3,0 |
1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 |
2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 |
1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 |
1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 |
1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 |
1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 | 0,7 |
0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Ескерту:
Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесінің есебі 1 шаршы метр үшін айлық есептік көрсеткішпен жалдау ақысының мөлшерлемесі жалдау ақысының мөлшерлемелеріне және жалға берілетін алаң санына әсер ететін факторлар ескеріле отырып, көбейту жолымен есептеледі.