Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда 12405 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемориалдық тақталарды орнатудың қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың гербтық мөрмен расталған электрондық тасымалдаушыдағы көшірмелерін қағаз нұсқаларының көшірмесімен қоса "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралар орындалған күннен бастап он күннің ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 356 бұйрығына 1-қосымша

Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары

      Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары:

      Қазақстан Республикасы алдында еңбегі бар аса көрнекті тұлға және Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңызы бар айрықша оқиға;

      аса көрнекті тұлғаның қайтыс болған күнінен бастап және айрықша оқиғаның болған күнінен бастап кемінде бес жыл;

      ғимаратта немесе құрылыс жайларында аса көрнекті тұлғаның өмір сүру, қызмет жасау, болу және өткен айрықша оқиғаның фактілері.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 356 бұйрығына 2-қосымша

Мемориалдық тақталарды орнатудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемориалдық тақталарды орнатудың қағидалары мемориалдық тақталарды орнатудың тәртібін анықтайды.

      2. Мемориалдық тақталар Қазақстан Республикасының аса көрнекті тұлғаларын, айрықша оқиғаларын мәңгі есте сақтау мақсатында орнатылады.

      3. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлға өмір сүрген, қызмет жасаған немесе болған, айрықша оқиға болған ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.

      4. Мемориалдық тақталар мәрмәр, гранит, темір немесе басқа да материалдардан жасалады және екі метрден төмен емес биіктікте 50 х 80 сантиметрден аспайтын көлемде орнатылады.

      5. Мемориалдық тақтаның мәтіні аса көрнекті тұлға туралы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өмір сүру кезеңі, қызмет саласы, сіңірген еңбегі) мәліметтерді және айрықша оқиға туралы (күні, орны, сипаттама) мәліметтерді, сонымен қатар қажеттілік болған жағдайда тұлғаның портреттік бейнесін және декоративтік элементтерді құрайды.

2-Тарау. Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат берудің тәртібі

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат алу үшін жеке және заңды тұлғалар облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және айрықша оқиғаның маңыздылығын растайтын архивтік және өзге де құжаттардың көшірмелері;

      3) осы бұйрықтың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;

      4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыс жайының меншік немесе заңды иесінің жазбаша келісімі;

      5) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.

      Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру тегін жүзеге асырылады.

      7. Ұсынылған құжаттар ЖАО-да 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      8. ЖАО-ы мемориалдық тақта орнату жөніндегі құжаттарды қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілетті органдарымен келісім бойынша құрамына ғылым, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сәулетшілер мен басқа да мамандар енетін комиссия құрады.

      9. ЖАО комиссия құрамын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілетті органдарымен келісім бойынша белгілейді.

      10. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, мүшелерінен және хатшыдан тұрады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.

      Комиссия хатшысы комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамаларын дайындайды. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      11. Әрбір ұсыныс ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер, комиссияның қатысушы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауысы шешуші болып табылады.

      12. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша хаттама түрінде қорытынды рәсімделеді.

      13. Комиссия құжаттарды:

      1) мемориалдық тақталарды орнатуды осы бұйрықпен бекітілген мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттарына сәйкестігіне;

      2) аса көрнекті тұлғаның еңбегін, айрықша оқиғаның маңыздылығын дәлелдейтін деректердің дұрыстығына;

      3) осы Қағиданың 4 және 5 тармақтарында көрсетілген мәліметтердің сәйкестігіне қарайды.

      14. Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беруден бас тартудың негіздері:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілгендей, ұсынылған құжаттардың толық еместігі;

      2) комиссияның теріс қорытындысы болып табылады.

      15. ЖАО өтініш берушіге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссияның оң қорытындысы негізінде мемориалдық тақта орнатуға рұқсат береді немесе осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес комиссияның теріс қорытындысы негізінде мемориалдық тақта орнатудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.

  Мемориалдық тақталарды
орнату қағидаларына 1-қосымша
  ____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органы)

Өтініш

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

      мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын

      ____________________________________________________________________

      (атауы, сипаттама)

      Орнату мақсаты:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жері (мекенжай)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтініш беруші туралы мәліметтер: __________________________________________

      (туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері,

      ____________________________________________________________________

      Берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе заңды тұғаның реквизиттері)

      Қосымша: _____ бетте.

      (өтінішке Мемориалдық тақталарды орнату қағидаларының 6-тармағына сәйкес құжаттар тіркеледі)

      Өтініш берушінің қолы ___________________             Мерзімі__________________

      Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)

      (болған жағдайда)

  Мемориалдық тақталарды
орнату қағидаларына 2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
өтініш беруші туралы
мәліметтер
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы)

Мемориалдық тақта орнатуға руқсат беру

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______ қаласы 20___ жылғы "___" _______ № _____

      1. Өтініш беруші ____________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (өтініш беруші туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      немесе заңды тұлғаның атауы)

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер: __________________________________________

      (азаматтығы, паспорттың немесе жеке куәліктің номері

      __________________________________________________________________________

      берілген уақыты немесе заңды тұғаның реквизиттері)

      __________________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші қызметінің түрі ______________________________________________

      4. комиссия қорытындысы негізінде ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы)

      ___________________________ 20____жылғы "___" __________ № ____

      орнатуға рұқсат етіледі

      _______________________________________________________________________________

                  (мемориалдық тақтаның атауы)

      _______________________________________________________________________________,

      _____________________________________________________________ мекенжайы бойынша

      _______________________________________________________________________________,

                  (орналасқан жерінің мекенжайы)

      облыстардың, Нұр-Сұлтан,

      Алматы және Шымкент қалаларының

      жергілікті атқарушы органдарының

      уәкілетті лауазымды тұлғасы                         Мөр үшін орын

      _____________________                               ___________________

      (тегі, атауы, әкесінің аты,                               (бар болған жағдайда)

      (бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл

  Мемориалдық тақталарды
орнату қағидаларына 3 қосымша
  Нысан
  ____________________________
өтініш беруші туралы мәліметтер
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы)

Мемориалдық тақта орнатудан бас тарту туралы уәжді жауап

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, жергілікті атқарушы органының атауы

      _____________________________________________________________,

      Сіздің өтінішіңіз 20 жылғы " " № қаралып, келесі негіздер бойынша

      мемориалдық тақта орнатудан бас тартылады:

      1) (бас тартудың негізі көрсетіледі);

      2) (бас тартудың негізі көрсетіледі);

      3) (бас тартудың негізі көрсетіледі)

      Осы жауап әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.

      облыстардың, Нұр-Сұлтан,

      Алматы және Шымкент қалаларының

      жергілікті атқарушы органдарының

      уәкілетті лауазымды тұлғасы Мөр үшін орын

      _____________________ ___________________

      (тегі, атауы, әкесінің аты, (бар болған жағдайда)

      (бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл