Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10992 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 92 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 118 бұйрығымен бекітілген

Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу,
мәртебе беру мен мәртебесінен айыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру мен мәртебесінен айыру қағидалары (бұдан әрі - Ереже) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) есепке алу карточкасы - тарихи-мәдени мұра объектісінің алғашқы мәліметтерін, қысқаша сипаттамасы мен иллюстрациялық материалын қамтитын құжат;

      2) тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі - паспорт) – тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын құжат;

      3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.

      4) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау және есепке алу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтауды және есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау еліміздің айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығы бар тарихи-мәдени мұра объектісі табылған тарихи-мәдени мұра объектілерін табу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      5. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша табылған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын-ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуы тиіс.

      6. Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілен тарихи-мәдени мұра объектілеріне осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу карточкасын (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) толтырылады.

      Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілен тарихи-мәдени мұра объектілері туралы жаңа деректер есепке алу карточкасының қосымша ретінде тіркеледі.

3-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілен тарихи-мәдени мұра объектісіне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне (бұдан әрі – жергілікті маңызы бар тізім) енгізілген ескерткішке республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру үшін жергілікті атқарушы орган тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыныс хатпен қоса төмендегі құжаттарды жолдайды:

      1) тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу карточкасы немесе жергілікті маңызы бар төлқұжаттың көшірмесі;

      2) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті.

      8. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күн ішінде жергілікті атқарушы органға құжаттарды қараусыз қайтарады.

      9. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар толық болған жағдайда уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      10. Уәкілетті орган қарау барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл) бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Сараптама жүргізу ережесі) тарихи-мәдени сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тарихи-мәдени сараптама жүргізілгеннен кейін, осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген тарихи-мәдени мұра объектілері құжаттарына тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес құрылған уәкілетті органның арнайы комиссияның (бұдан әрі – арнайы комиссия) қаралуына ұсынылады.

      12. Арнайы комиссия осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды, тарихи-мәдени сараптама қорытындысымен қоса тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар ескерткішке республикалық маңызы бар мәртебесін беру мүмкіндігін қарайды.

      13. Арнайы комиссия қарау кезінде тарихи-мәдени мұра объектісінің немесе жергілікті маңызы бар ескерткіштің еліміздің тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңыздылығын, тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығын зерделейді.

      14. Арнайы комиссия қарау нәтижесіне бойынша тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар ескерткішке республикалық маңызы бар ескерткіш деп тану немесе танымау туралы ұсынымдық сипаттағы қорытынды шығарады.

      15. Уәкілетті орган арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін тану туралы қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік тізіміне (бұдан әрі – Республикалық маңызы бар тізім) енгізу арқылы республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

      Арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш деп танымау туралы қорытындысы негізінде уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап хат жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген, жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілеріне ескерткіш мәртебесін беру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жергілікті атқарушы орган тарихи мәдени мұра объектілері бойынша оларға жергілікті маңызы бар ескерткіші мәртебесін тану туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тізімге енгізу арқылы жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру туралы шешімін қабылдайды.

      Тарихи-мәдени мұра объектілеріне жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін танымау туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган оны алдын-ала есепке алу тізімінен шығарып тастайды.

      18. Археологиялық ескерткіштер анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған Тарихи-мәдени мұра объектілеріне жергілікті атқарушы орган осы Қағидаға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша паспортты ресімдейді. Тарих және мәдениет ескерткіші туралы жаңа дерек түскен кезде тарих және мәдениет ескерткішінің паспортына жаңа деректер қосымшасы тіркеледі.

4-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мәртебесін айыру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Заңның 5-бабының бесінші бөлігіне сәйкес тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесінен айыру және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.

      21. Республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру туралы ұсыныс хатты төмендегі құжаттармен қоса жолдайды:

      1) тарих және мәдениет ескерткішінің төлқұжаты, есеп карточкасы;

      2) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау міндеттемесі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган, осы Қағиданың 8-11 тармақтарда белгіленген тәртіпке сәйкес қарайды.

      23. Арнайы комиссия құжаттарды қарау нәтижесі бойынша республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру немесе айырмау туралы қорытынды шығарады.

      24. Уәкілетті орган арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру туралы қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік тізімінен (бұдан әрі – Республикалық маңызы бар тізім) шығару арқылы республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды.

      Арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айырмау туралы қорытындысы негізінде уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айырудан бас тарту туралы дәлелді жауап хат жолдайды.

      25. Жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Жергілікті атқарушы орган тарихи жергілікті маңызы бар ескерткіші мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тізінен шығару арқылы жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы шешімін қабылдайды.

      Жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін айырмау туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде оның мәртебесі сақталады.

  Тарих және мәдениет ескерткіштерін
анықтау, есепке алу, мәртебе беру
мен мәртебесінен айыру қағидаларына
1 қосымша
нысан

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІСІ
ОБЪЕКТ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
УЧЕТНАЯ КАРТОЧКА

Алғашқы деректер

Первичные сведения

1.

Объектінің атауы

Наименование объекта


2.

Типологиялық тиістілігі

Типологическая

принадлежность

Археология

Археология

Қала құрылысы және сәулет

Градостроительство и архитектура

Ансамбль

Ансамбль




3.

Объектінің мерзімделуі

Время (дата) создания объекта


4.

Техникалық жай-күйіне

сипаттама

Характеристика технического

состояния

Жақсы

Хорошее

Қанағаттанарлық

Удовлетворительная

Қанағаттанарлықсыз

Неудовлетворительная




Объектінің қысқаша сипаттамасы

Краткое описание объекта

Объектінің иллюстрациялық материалы

Иллюстративный материал объекта

Жалпы көрінісінің cуpeтi (қосымша) -

Фото общего вида (приложение)




Карточканың жасалған күні

Дата составления карточки





      Құрастырушы (тегі, әкесінің аты, қызметі) Мөрдің орны

      Составитель (фамилия, инициалы, должность) Место печати

      Есепке алу карточкасының қосымша

      Приложение к учетной карточке

Объектінің атауы

Наименование объекта


Объектінің жаңа деректер қысқаша сипаттамасы

Описание новых сведений объекта


Объектінің иллюстрациялық материалы

Иллюстративный материал объекта


Жалпы көрінісінің cуpeтi (қосымша) -

Фото общего вида (приложение)


Қосымшаның жасалған күні

Дата составления приложения



      Ескерту: есеп карточкасының қосымшасы жаңа деректер пайда болған жағдайда толтырылады.

      Примечание: приложение к учетной карточке заполняется при возникновении новых сведений.

  Тарих және мәдениет ескерткіштерін
анықтау, есепке алу, мәртебе беру
мен мәртебесінен айыру қағидаларына
2 қосымша
нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ
ПАМЯТНИК ИСТОРИИ И КУЛЬТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ПАСПОРТ
ПАСПОРТ

1.

Ескерткіштің

атауы

Наименование памятника


2.

Типологиялық тиіcтiлігi

Типологическая принадлежность

Археология

Археология

Қала құрылысы және сәулет

Градостроительства и архитектуры

Ансамбль

Ансамбль




3.

Ескерткіштің

мерзімделуі

Датировка памятника


4.

Ескерткіштің

тұрған жері

Местонахождение памятника

____________________________________________________

(облыс, қала, аудан, елді-мекен, село, көше)

____________________________________________________

(область, город, район, населенный пункт, улица)

5.

Қaзipгi кездегі пайдалану сипаты

Характер современного использования

Бастапқы

белгілеу

ойынша

По первоначальному назначению

Мәдени

ағартушылық

Культурно-

просветильское

Туристік-

экскурсиялық

Туристско-

экскурсионное

Емдеу-

сауықтыру

Лечебно-

оздоровительное

Үй-жайлар

Жилые помещения

Шаруашылық

Хозяйственное

Қолданылмайды

Не используется








6.

Қосымша

Приложение

Жалпы көрінісінің cуpeтi -

Фото общего вида -

Бас жоспар -

Генеральный план -

Өлшемдер -

Обмеры -

Қорғау аймағының схемалық жоспары -

Схематический план охранной зоны -

7.

Тарихи мәліметтер:

Исторические сведения:

а) ескерткіштің бастапқы келбетін өзгерткен қайта құрулар мен жойылулар:

а) перестройки и утраты, изменившие первоначальный облик памятника:

б) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары (жалпы сипаттамасы, уақыты, авторы, құжаттаманы сақтау орны):

б) научно-реставрационные работы (общая характеристика, время, автор, место хранения документации):

8.

Ескерткіштің сипаттамасы:

Описание памятника:

_____________________________________________________________________________

9.

Негізгі библиография, мұрағаттық түпнұсқалар, иконографиялық материал:

Основная библиография, архивные источники, иконографический материал:

_____________________________________________________________________________

10.

Техникалық жай-күйі:

Техническое состояние:

жақсы

хорошее

қанағаттанарлық

удовлетворительная

қанағаттанарлықсыз

неудовлетворительная

авариялық

аварийное






11.

Техникалық жай-күйіне сипаттама:

Характеристика технического состояния:

_____________________________________________________________________________

12.

а) ескерткіш мәртебесі:

а) статус памятника:



б) қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының шекарасы:

б) границы охранной зоны и зоны регулирования застройки:



в) меншік түpi:

в) вид собственности:



г) қорғау міндеттемесінің берілген күнi және нөмipi

г) дата выдачи и номер охранного обязательства


13.

Паспорттың толтырылған күні:

Дата составления паспорта:

20__жыл "___" _____________

"___" ____________ 20___год.


      Құрастырушы: (тегі, әкесінің аты, қызметі) Мөрдің орны

      Составитель: (фамилия, инициалы, должность) Место печати

      Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы

      органының өкілі:

      Представитель местного исполнительного органа области (города

      республиканского значения, столицы):

      ________________________________________

      (тегі, әкесінің аты, қызметі, қолы)

      (фамилия, инициалы, должность, подпись)